Құқықты мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3
1.ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ............................................5
1.1 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде................6
1.2 Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.................................................7
2. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.......................................9
2.1 Азаматтық қоғамның институттары.......................................................................11
2.2 Азаматтық қоғамның негізгі функциялары...........................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық мемлекет.docx

— 36.73 Кб (Скачать документ)

Сонымен Қазақстанда реформаторлық  процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты  дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік  туды. Отандық кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір  құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет  бұрды.

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҮСІНІГІ  ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.

«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды.

Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.

Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.

Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық  болады және елдiң экономикалық, саяси  дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.

Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз  байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ  болады.

Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде  азаматтарда экономикалық дербестiктiң  пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып  табылады.

Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы  ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық  жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.

Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының  заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы  мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.

Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң  басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн  жариялылық болып табылады.

Демократия жағдайында азаматтық  қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара  тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.

Билiк пен азаматтық қоғам  арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм  негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл  ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.

Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн  бөлiседi.

Азаматтық қоғам демократиялық  саяси жүйе жағдайында ғана билiк  пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде  қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық  рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын  бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал  ету тетiктерiне негiзделедi.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен  заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн  азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып  табылады.

Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.

Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам  алдында бейiмдеу, билiк қызметiн  қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып  табылады.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар  кіреді:

1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық  қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің  жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);

3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

4) саяси партиялар мен қозғалыстар; 

5) тәрбиелеу мен мемлекеттік  емес білім беру саласы;

6) мемлекеттік емес бұқаралық  ақпарат құралдарының жүйесі;

7) отбасы;

8) шіркеу және т.б. 

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам мен азаматтың құқықтар  мен бостандықтарының мейлінше  толық қамтамасыз етілуі;

- өзін-өзі басқару; 

- оның құрылымдары мен адамдардың  әртүрлі топтарының бәсекелестігі; 

- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық  көзқарас пен плюрализм; 

- жалпы ақпараттану мен адамның  ақпаратпен танысу құқығының  шын мәнінде жүзеге асырылуы;

- өмір сүру координация қағидасына  негізделеді (мемлекеттік аппарат  кезінде субординация қағидасы  үстемдік құрады);

- экономиканың көпжақтылығы;

- биліктің заңды және демократиялық  сипаты;

- кұқықтық мемлекет;

- адамдардың жақсы өмір сүру  жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің  күшті әлеуметтік саясаты және  т.б. 

     

 

2.1 Азаматтық қоғамның институттары.

Азаматтық қоғам институттарына саяси  партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар  мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат  құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң  кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң  алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк  емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн  басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк  емес ұйымдар жатады.

1.Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi.

2.Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.

3.Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.

4.Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) 5.Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

6.Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).

7.Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.

8.Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны.

 

2.2  Азаматтық қоғамның негізгі функциялары.

Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;

2) Мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр мақсаттарға қол жеткiзу негiзiнде адамдарды одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысқа қатысу;

3) Азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;

4) Азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асыру;

5) Қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк негiздерiн бекiту;

6) Адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлiгi үшiн жағдай жасауға қатысу;

7) Әлеуметтiк қызметтер көрсету;

8) Билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестiруге жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту үшiн жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу жолымен шешу;

9) Мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен мөлдiрлiкке жәрдемдесу;

10) Әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау;

11) Сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

  

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының  даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде  де жоқ. Болашақта да барлық елдерде  бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

 

Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік  ерекшеліктері болады.

Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық  қоғамның объективтік даму процесіне  сәйкес ескіріп, жаңарып жататын  көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте  адамның толық егеменді болуы  қажет, олардың мемлекеттің билік  жүргізетін органдарын кұруға  қатысуы заңды түрде бекітілуі  керек. 

2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық  негізі - өндіргіш күш пен өндірістік  қатынас және көп меншіктік  шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық  мемлекетте меншіктің басым көпшілігі  - өндіруші мен тұтынушылық билігінде  болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың  жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз  ету үшін оларға толық бостандық  беруі керек. Сонда ғана қоғамның  әлеуметтік, экономикалық жағдайын  көтеруге, нытайтуға болады.

3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік  негізі — өзін-өзі басқаратын  азаматтық қоғамда адамдардың  бостандығын, теңдігін қамтамасыз  етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік  беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының  жақсаруы құқықтық мемлекеттің  нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен  тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет  сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

4) Құқықтық мемлекеттің моральдық  негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық,  теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары  дәрежедегі принциптер болса  құқықтық мемлекет болады. Өйткені  мұндай қоғамда адамдардың рухани  сана-сезімі де жоғары дәрежеде  болады.

5) Құқықтық мемлекеттің саяси  негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін  қалыптастырып қоғамдық билікті  жан-жақты дамытып, адамдардың  бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті,  демократияны орнату, қарым-қатынастарды  реттеп басқару. 

Міне қоғамның осы негіздеріне  сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1. Д. Жамбылов  .Саясаттану негізі. Алматы
    2. Сәкен Өзбекұлы және Өмірәлі Қопабаев “Мемлекет және құқық теориясы” Алматы, 2007ж.
    3. www. kitaphana.kz
    4. http://kaznamys.com
    5. Т. Ағдарбеков .Мемлекет және құқық теориясы. .Алматы,2001ж
    6. Д. Жоламанов  .Мемлекет және құқық теориясы.
    7. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 1998

Информация о работе Құқықты мемлекет