Құқықты мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3
1.ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ............................................5
1.1 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде................6
1.2 Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.................................................7
2. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.......................................9
2.1 Азаматтық қоғамның институттары.......................................................................11
2.2 Азаматтық қоғамның негізгі функциялары...........................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық мемлекет.docx

— 36.73 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3

1.ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ  ТҮСІНІГІ  МЕН МАЗМҰНЫ............................................5

1.1 Биліктің тармақтарға  бөлінуі құқықтық мемлекеттің  қағидасы ретінде................6

1.2  Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.................................................7

2. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ  ТҮСІНІГІ  ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.......................................9

2.1 Азаматтық қоғамның  институттары.......................................................................11

2.2  Азаматтық қоғамның негізгі функциялары...........................................................12

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................13

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................................14

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Адам қоғамының барлық дәуірінде  құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда  абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған  кезде құқықтық мемлекет орнату —  деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция  феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси  ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!»  «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар  әкелді.

       Бірақ көп елде  реакцияшыл буржуазияның кертартпа  саясаты демократиялық реформаны  толық аяқтауға мүмкіншілік бермеді.

       Ірі буржуазия  саяси билікке қолы жеткеннен  кейін құқықтық мемлекет орнату  бағытынан алшақтай бастады. Бұл  елдерде буржуазияның үстемдігін  қорғайтын мемлекет пен құқық  орнап көп уақыт өмір сүрді. 

       XX ғ. қоғамды  басқару тәжірибесін шынықтырып  капиталистік елдер жаңа экономикалық  саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік  жағдайын жақсартып, бостандықтың  шеңберін кеңітіп, демократиялық  мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың  мазмұны: 

1) Қазіргі заманда халықтың рухани  сана-сезімі қоғамдық басқаруға,  қоғамдық меншік орнатуға жетілген  жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін  шектемей нарықтық экономикаға  толық бостандық беру. Осы жерде  «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім  бар...» деген мақал дұрыс келеді.

2) Нарықтық экономика арқылы  халықтың еңбекке деген ынтасын  көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің  барлық саласында бизнесмендердің  бәсекесін дамыту.

3) Халыққа өздерінің әлеуметтік  экономикалық мүддесін-мақсатын  орындаудағы іс-әрекетіне толық  бостандық беріп, мемлекет тек  көмек көрсетуге тиіс. Мемлекет  нарықтық экономика туралы заңды,  құжаттарды дер кезінде қабылдап  олардың орындалуын қатаң түрде  бақылап отыруы керек. Әсіресе  жеке меншікті қорғауды, адамдардың  бостандығын сақтауды бірінші  бағытқа алу керек. 

       Осы жаңа экономикалық  саясат капталистік елдердің  соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын  дамытып, халықтың әлеуметтік  жағдайын жақсартып демократиялық  қоғам құруына мүмкіншілік беріп  отыр.

      Қазіргі заманда  дүние жүзінің барлық мемлекеттері  капитализмнің жаңа экономикалық  саясатын қабылдап нарықтық экономиканы  дамытып жатыр. Кеңес Одағы  ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік  республикадар да осы жолға  бет бұрып отыр.

Әлемдік стандарт жолына Қазақстан  да бет бұрып, нарықтық экономиканы  дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы  да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ  Кеңес Одағының жетістіктерінен  гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан  Одақ ыдырады...

      Енді капиталистік  елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға  бет бұрып, дамуының себептеріне  қысқаша түсінік берейік. 

      Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік  экономикалық дағдарыстан Кеңес  Одағының бір орталықтан жоспарлау  тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып  экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік  жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға  мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді  капиталистік мемлекеттер үздіксіз  пайдаланып келеді.

Екінші себебі - Ресейде, Қытайда  тағы басқа Европа - Азия елдерінде  социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия  сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына  көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық  қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры  мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен  тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн  қoғaм. Оны iшкi мемлекеттiк қaтынacтapдың  дамуына ықпал жасайтын адамдар  топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде  де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама  азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық  мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк  топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады  және оны жетiлдiре түceдi. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын  елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен  шығып кeтyiнe байланысты азаматтық  бастамаларға күдікпен қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ  МЕН МАЗМҰНЫ.

 Құқықты мемлекет - бұл  адам  мен азаматтың  құқықтар мен  бостандықтарының толық түрде  қамтамасыз етілуіне және құқық  бұзушылықтарды болдырмау мақсатында  мемлекеттік билікті құқықпен  мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің мәнін  қарастыруда оның негізгі  екі  жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп  қарастыруға болады:

1) мазмұнды  жағы - адам  мен   азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын  мейлінше толық  көлемде   қамтамасыз  етуден тұлға үшін  құкықтық ынталандыру режимін  орнықтырудан  көрінеді;

2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік  билікті құқықпен байланыстырудан,  мемлекеттік құрылымдар үшін  құқықтық шектеу режимін орнықтырудан  көрінеді.

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің  кағидасына мыналар да жатады:

- билікті  заңсыз  пайдалануды  болдырмау  мақсатында оны  заңшығарушылық, атқарушылық және  сот тармақтарына бөлу;

- заңның үстемдігі, яғни, биліктің  жоғары органымен барлық конституциялық  тәртіптерді сақтай   отырып   қабылданған заң атқарушылық  билік актілерімен жоққа шығарылуы,  өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін  емес;

- мемлекет пен тұлғаның өзара  жауапкершілігі;

- қоғамдағы құқықтық сана мен  құқықтық мәдениеттің жоғары  деңгейі;

- азаматтық қоғамның болуы және  тарапынан құқық субъектілерінің  заңдарды орындауына бақылау  жүргізілуі.

Құқықтық мемлекеттің негізгі  белгілері:

- мемлекеттік билікті үш түрге  бөлу, олардың ара қатынасын қатаң  сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;

- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық  мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың  рухани сана-сезімінің жақсы дамуы; 

- мемлекеттік аппараттың, лауазымды  тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда  өзара жауаптылығы; 

- қоғамның экономикалық, әлеуметтік  бағытында әділеттікті, теңдікті  қамтамасыз ету үшін антимонополиялық  органның қызметін қатаң бақылау; 

- қоғамның ішкі құқық нормалары  мен халықаралық құқықтың өзара  қатынасын бақылап, жақсартып  отыру; 

- қоғамда заңның үстемділігін  орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша  құқықтық тәртіпте, демократия да  жақсы дамуға тиіс емес. Бұл  туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан  мынадай өсиет сөз бар: 

Заң — мемлекеттің ақылы.

Сот — мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.

      Міне осы үш  қағидалы өсиет өзара бірігіп  қалылтасып және мемлекеттің  ішкі заңдары көпшілік таныған  халықаралық құқықтық нормалар  мен принциптерге сәйкес келсе,  елімізде мемлекет орнайды. Құқықтық  мемлекеттің белгі-нышандары: 

1. Заңның үстемдік етуі.

2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі. 

3. Тұлға мен мемлекеттің өзара  жауаптылығы. 

4. Азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарының шын мәнділігі,  олардың құқықтық және әлеуметтік  қорғалатындығы.

5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің  болуы. 

6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған  халықаралық құкықтық нормалар  мен принциптерге сәйкес келуі. 

 

 

1.1 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.

 Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық  қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.

 Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

  

1.2  Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары.

Оларға мынылар жатады:

- мемлекеттік биліктің үш саласының  жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын  көтеру;

- нормативтік актілердің дұрыс  пайдалануын, орындалуын қамтамасыз  ету, халықтың рухани сана-сезімін,  мәдениетін жақсартып, көтеру;

- қоғамдағы қатынастарды дұрыс,  жақсы реттеу-басқару бағытындағы  мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың  жұмысын жақсарту;

- бостандықты, теңдікті, әділеттікті,  демократияны дамыту;

- заңдылықты, құқықтық тәртіпті  қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының  Конституциясы бойынша құқықтық  мемлекет қалыптастырудың негізгі  бағыттары демократиялық, зайырлы,  құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).

Демократиялық мемлекет — Қазақстанды  алдымен Конституция қабылдап, тікелей  басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық  билігі бар республикалық құрылыстағы  мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары  арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін  шынайы анықтауға және мүддесін барынша  жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік  қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі —  «Қоғамдық татулық пен саяси  тұрақтылық» (1-6. 2-т.).

Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында  діни мекемелер мен дін ұстау  мемлекеттен бөлістігін білдіреді  және бұл Қазақстандағы ислам  мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде  партия құруға жол берілмейді. Наным  немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау  бостандығы мен діни бірлестіктердің  жұмысы жөніндегі заңдылықтарды  мемлекет белгілеп, бақылайды.

Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды  адамдарының қызметі құқық нормаларына  байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін - «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын  халықаралық өлшем деңгейіне  жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы  азаматтарға дейін заңдардың  бүкіл халықтың мүддесі, игілігі  үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын  құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы  керек екенін түсінуі қажет.

Информация о работе Құқықты мемлекет