Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 16:04, курсовая работа

Краткое описание

Техникалық кедендік бақылау құралы - бұл, деректер объектілердің құрамындағылардың олардың декларациялаушы құжаттар деректеріне сәйкестігін белгілеу және олардың арасынан кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында, кеден органдары тікелей кеден шекарасы арқылы өткізілетін объектілердің барлық түрлерін жедел кедендік бақылау процесінде қолданатын арнайы техникалық құралдардың кешені.

Содержание

1.Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі
1.1.Техникалық кедендік бақылау құралдары
2. Техникалық кедендік бақылау құралдарын қолданудың тәртібі
2.1.Техникалық кедендік бақылау құралдарының пайдалану тәртібі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Султанова Дарина СРС.docx

— 40.91 Кб (Скачать документ)

4) Техникалық  бірдейлендіру құралдарын кеден органдарының қызметкерлері мынадай жағдайларда  қолданады: 

  • құжаттар мен ақша белгілерін тексеру кезінде микроскоптар, лупалар, криминалистикалық жиынтықтар, ультракүлгін шамдар қолданылады;   
  • қатты, сұйық және ұнтақ түріндегі заттарға талдау жасау үшін рентгенофлуорэсценттік анализаторлар қолданылады, аталған құралмен жұмыс бойынша қызметкерлерді дайындаушы зауыт қоса беретін техникалық паспорт пен нұсқаулыққа сәйкес арнайы оқыту қажет;
  • есірткі заттарын тексеру кезінде күдікті адамдардың алақанынан және күдікті заттардың беттерінен кейіннен талдауға арналған; детектордың компрессорын қосу арқылы күдікті учаскіден буларды талдауға арналған; арнайы мөлдір ыдыстардағы есірткі заттарының түсіне қарай айыру үшін ампулалар қолдану, детекторге орналастыра отырып салфеткалардың көмегімен микробөлшектер жинау әдісімен есірткі заттарының детекторлары мен экспресс-анализаторлары қолданылады; аталған құралдарды пайдалану жөніндегі барлық деректер дайындаушы зауыт қоса беретін техникалық паспорттар мен нұсқаулықтарда болады; 
  • жарылғыш заттарды тексеру кезінде микробөлшектерді салфеткалармен жинау және оны талдау жүргізуге арналған детекторға орналастыру жолымен; детектор компрессорының көмегімен күдікті учаскілерден булар жинау жолымен жарылғыш заттардың микробөлшектері мен буларын талдаудың детекторлары қолданылады; 
  • қымбат бағалы тастар мен металдардың сынамаларын бірдейлендіру үшін қымбат бағалы тастардағы сәулелердің сынуын талдау негізінде жұмыс істейтін құралдар мен қымбат бағалы металдардың электр өткізгіштігі әдісін пайдаланатын құралдар қолданылады; қымбат бағалы тастар мен металдарды ресімдеудің барлық жағдайларында қолданылады; 
  • тауарлар мен көлік құралдарды тексеру кезінде озонды бұзатын заттарды анықтау үшін бірдейлендіру құралдар, детекторлар және хладагенттер талдағыштар қолданады.
  • Техникалық бірдейлендіру құралдарын қолдана отырып тауарларды бірдейлендіру нәтижелері аталған тауарларды терең зерттеу үшін сараптамаға жіберу үшін негіздеме болып табылады;
  • уақыттың бірлік өлшемінде өтетін тауарлардың көлемін қашықтықтан өлшеу үшін кеден органдарымен деректерді алмасу желілерімен байланысты ақпараттық жүйеге өлшемдер нәтижелері жазылатын энергия ресурстарын есептеу құралдары қолданылады.  
     

 

     5) Анықтаудың техникалық құралдары кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың іздерін бекіту мақсатында жедел іс-шаралар жүргізу кезінде қолданылады.  
     Фотоаппараттар іздер мен оқиға болған жерді түсіру үшін қолданылады.  
     Бейне камералар қылмыс фактілері мен іздерін жедел түсіру үшін, күдікті адамдарының көрсетімдерін таспада бекіту үшін қолданылады.  
     Бейнемагнитафондар күдікті адамның қылмыс фактілерін дәлелдеу үшін бейнекассеталардағы бейнежазбаларды көрсету үшін қолданылады.  
       Диктофондар күдікті адамдардың ауызша көрсетімдерін жедел аудиожазу үшін және оны тергеу әрекеттерінде пайдалану үшін қолданылады.  
     

6) техникалық  көзбен көріп қадағалау құралдарын тұрақты түрде кеден органдарының қызметкерлері кедендік бақылау аймақтарындағы жедел жағдайды және кеден органдары әкімшілік ғимараттарының объектілерін түнгі және күндізгі уақытта қадағалау үшін қолданады.  
     

 7) аудио және бейне ақпарат тасығыштарын бақылаудың техникалық құралдары осы техникалық ақпарат тасығыштардың экспорты мен импорты кезінде магниттік тасығыштарға (бобиналардағы, пленкалардағы, компакт-кассеталардағы, дискілердегі, ЭЕМ дискеттеріндегі) жазылған аудиоақпараттар мен бейне ақпараттарды көру, тыңдау және өшіру үшін қолданылады. Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе оған әкелуге тыйым салынған аудио және бейне ақпараттар анықталған жағдайда тиісті анықтау органдарына хабарланады немесе ақпараттар техникалық тасығыштан өшіріледі. Шығарылған фотопленкалар мен кинопленкаларды, слайдтар мен микрофишаларды көзбен көріп бақылауды жүзеге асыру үшін де қолданылады.  
     

8) Жедел байланыстың техникалық құралдарын кеден органдары жұмылдырылған топтармен жүргізілетін далалық жағдайларда жедел байланысты қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде қолданылады. 

      Қазіргі кезде ҚР кеден органдарында жұмылындырылған топтар мен бір жиілікте жұмыс істейтін адамдардың өзара жедел іс-қимылына арналған өз кезегінде бірге алып жүретін, жылжымалы, автокөліктер тасымалданатын және стационарлық радиостанциялар болып бөлінетін ҚТ және УҚТ байланысының радиоқұралдары қолданылады.  
     

 9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салудың техникалық құралдары оларды рұқсатсыз ашудың алдын алу мақсатында тауарларды контейнерлерге, вагондарға, цистерналарға, көлік құралдарына және басқа да ыдыс түрлеріне қаттау процесі аяқталғаннан кейін қолданылады. Салынған атрибуттар кеден органдарының қызметкерлері тауардың кеден бекеттері мен өтпелері арқылы транзиті кезінде бірдейлендіру үшін жүк кедендік декларациясына енгізіледі. 
     

 

 

Қорытынды

      Қорыта  келсек, ҚР Кеден кодексінің 473-бабында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде техникалық құралдарды пайдалануда көрсетілген техникалық құралдар адамның өміріне, денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуі тиіс.

    Техникалық құралдар кедендік бақылаудың барлық мүмкін формаларында қолданылады:

  • кедендік мақсаттарға қажет мәліметтер мен құжаттарды тексеру;
  • тауарлар мен кедендік құралдардың кедендік тексерілуі;
  • жеке кедендік тексеру;
  • кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдарының кедендік аумақта және басқа да жерлерде тексерілуі.

        Техникалық кедендік бақылау құралын қолданудың негізгі ережесі, кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарын және олардың құрамындағыларды қашықтан, бұзбай бақылау жүргізу болып табылады. Техникалық құралдарды пайдалану кезінде дайындаушы зауыт ұсынған техникалық паспорттарда көрсетілген барлық нормалар мен ережелерді сақтау қажет.

        Кедендік бақылаудың техникалық  құралдарын қолданудың басты  міндеттері болып табылады:

  • Бақыланатын объектілер салмағының нақты өсуі, сәйкесінше кедендік бақылау мен кедендік статистика дәлдгінің жоғарылауы.
  • Кедендік бақылаудың контрабанда мен кедендік ережелерді бұзуды анықтау мен іздеудегі рөлінің өсуі.
  • Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу процедурасының мәдениеті, жеделдігі, ыңғайлылығы.

 

      


Информация о работе Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі