Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 16:04, курсовая работа

Краткое описание

Техникалық кедендік бақылау құралы - бұл, деректер объектілердің құрамындағылардың олардың декларациялаушы құжаттар деректеріне сәйкестігін белгілеу және олардың арасынан кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында, кеден органдары тікелей кеден шекарасы арқылы өткізілетін объектілердің барлық түрлерін жедел кедендік бақылау процесінде қолданатын арнайы техникалық құралдардың кешені.

Содержание

1.Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі
1.1.Техникалық кедендік бақылау құралдары
2. Техникалық кедендік бақылау құралдарын қолданудың тәртібі
2.1.Техникалық кедендік бақылау құралдарының пайдалану тәртібі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Султанова Дарина СРС.docx

— 40.91 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

Кіріспе

1.Техникалық  құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі

1.1.Техникалық кедендік бақылау құралдары

2. Техникалық кедендік  бақылау құралдарын қолданудың тәртібі

2.1.Техникалық кедендік  бақылау құралдарының пайдалану  тәртібі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 
 

  Техникалық кедендік бақылау құралы - бұл, деректер объектілердің құрамындағылардың олардың декларациялаушы құжаттар деректеріне сәйкестігін белгілеу және олардың арасынан кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында, кеден органдары тікелей кеден шекарасы арқылы өткізілетін объектілердің барлық түрлерін жедел кедендік бақылау процесінде қолданатын арнайы техникалық құралдардың кешені.

         Техникалық кедендік бақылау құралын қолданудың негізгі ережесі, кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарын және олардың құрамындағыларды қашықтан, бұзбай бақылау жүргізу болып табылады. Техникалық құралдарды пайдалану кезінде дайындаушы зауыт ұсынған техникалық паспорттарда көрсетілген барлық нормалар мен ережелерді сақтау қажет.    

   Техникалық құралдарды пайдалану адамның, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы және тауарлар мен көлік құралдарына және алып жүруші тұлғаларға залал келтірмеуі тиіс.

       Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданудың нәтижесі кедендік шекара арқылы өткізілетін түрлі объектілердің кедендік бақылауының кейінгі үдерістерінің барысын айқындайды. Бұл техника өткізілетін объектілерге ұсынылған құжаттардың дәлдігі мен туралығын белгілеуге, құжаттарда декларацияланған мәліметтерге тауарлар мен көлік құралдары сапасының сәйкестігін анықтауға, ЕурАзЭҚ-тің СЭҚТН-на сәйкес тауар сыныпталуының дұрыстығын растауға, соған сәйкес, дұрыс есептелген кедендік баждар, салықтар мен төлемдер алуды қамтамасыз етуге, кеден статистикасының дұрыстығы мен оңтайлы валюталық бақылауға мүмкіндік береді.

        Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының көмегі арқылы кедендік бақылау кезінде бақыланатын объектілерді жасырын жерлерді табу мүмкіншілігі қаматамасыз етіледі. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын жақсырақ тану үшін және дұрыс қолдану үшін кедендік бақылау объектілерінің сыныпталуы қажет, олардың мақсаты, габариттері, салмақтары, құрылымдық ерекшеліктері және т.б. қоса алағанда, объектілердің дәл осы өлшемдері, негізінен, жедел техникалық бақылаудың мазмұнын, олардың құрамы мен қасиетін анықтайды.

 

 

 

1. Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі    

 

1.1.Техникалық кедендік бақылау құралдары

   1) Рентгендік тексеру техникасы - кеден органдары жолаушылар алып жүретін және алып жүрмейтін жүктерінің халықаралық почта жөнелтімдері мен кіші және орташа көлемдегі ыдыстардағы тауарлардың құрамын оларды ашпастан, рентгенге түсіру әдісімен көзбен көріп тексеру үшін пайдаланатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Аталған жүйелерде түсі бойынша монитордан қарау кезінде материалдарды органикалық және органикалық емес бөлу функциялары пайдаланылады. Кеден органдары стационарлық және жылжымалы жүйені қолданады.  
   2) Техникалық радиациялық бақылау құралдары - өткізілетін радиоактивтік және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды табуға, таратпауға және бірдейлендіруге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі. Оларға дозиметрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды табудың стационарлық жүйелеріжатады.  
   3) Техникалық іздеу құралдары - жолаушылардың алып жүретін және бірге алып жүрмейтін жүктеріне, халықаралық почта жөнелтімдеріне, тауарларға және көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерге кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі.

Мұндай техникалық құралдарға:  
      металлодетекторлар - қара және түсті металдардан заттарды табуға мүмкіндік беретін электрондық приборлар; портативті, жылжымалы және стационарлық болады;  
   тексеру айналары - ауыстырылатын әртүрлі нысандар мен мөлшердегі айналар жиынтығы бар телескопиялық ұстағыштар автокөлік құралдарының түптерін тексеруге арналған жарық түсіру қол аспаптарымен, сондай-ақ көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерден заттарды алуға арналған арнайы ілмешектермен бірге қолданылады;  
     тексеру қуыс бұрғылары - әртүрлі диаметрдегі және ұзындықтағы ерекше шыңдалған металл стержендер, шаншып тесуге болатын объектілерден (жұмсақ және картон орамдардан, көлік құралдарының отырғыштарынан, төгілмелі жүктерден және т.б.) сынамалар алуға арналған арнайы нысандағы тесігі барлары болады;  
   эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлер мен әртүрлі оның ішінде агрессиялы сұйықтар толтырылған ыдыстарды тексеруге арналған оптикалық приборлар. Үш модификацияда дайындалады: қатты»(бараскоптар) - оптикалық қатты бекітілген элементтер мен жарық талшықты жарық түсіру жгуты орнықтырылған  әртүрлі ұзындықтағы және диамердегі металл түтіктер, талшықты оптика негізінде орындалған және жарықтандыру мен зерттелетін кеңістікті тікелей шолуға арналған екі жарық талшықты жгуты бар "иілгіш"»(флескоскоптар), сондай-ақ "жартылай қаттылар"; тексеру шамдарыжатады.  
 4) техникалық бірдейлендіру құралдарды - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі.

Оларға:  
    

  • кедендік және өзге де құжаттардың, пломбалардың, мөрлердің түпнұсқалылығын анықтау приборлары; 
  • қымбат бағалы металдар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
  • қымбат бағалы тастар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары; 
  • есірткі және жарылғыш заттарды бірдейлендіру приборлары; 
  • криминалистік кешендер; 
  • микроскоптар, лупалар, ультракүлгін шамдар; 
  • рентгенофлуорэсценттік талдағыштар; 
  • өлшеу приборлар жатады; 
  • энергия ресурстарын есептеу құралдары; 
  • озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.  
     

 

    5) Техникалық анықтау құралдары - олар бойынша анықтау жүргізу кеден органдарының құзыретіне кіретін қылмыстар туралы істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу процесінде құқық бұзушылықтардың іздерін анықтау мен бекіту үшін, сондай-ақ нақты істер бойынша қызығушылық  білдіретін адамдардың берген жауаптарының дыбыс- және бейнежазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі.  Бұл техникалық құралдарға: фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар мен диктофондар жатады.  
   6) Көзбен көріп бақылаудың техникалық құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі шұғыл жағдайларды бақылау үшін кеден органдары пайдаланады. Оларға: бақылаудың оптикалық аспаптары - дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру приборлары, сондай-ақ шолулық телевизияның жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады. 

      7) Аудио және бейнеақпараттар тасымалдаушыларды техникалық бақылау құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайдпроекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады.

      8) Техникалық жедел байланыс құралдары - жақын ультрақысқатолқынды радиобайланыс (УҚТ-радиобайланыс) аппаратуралары кешенінің көмегімен кедендік бақылау процесін жедел басқару үшін кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі. Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.  
   9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салу құралдары - контейнерлерді, вагондарды, цистерналарды, әртүрлі көліктер мен жүктерді рұқсатсыз ашудың алдын алу үшін қолданылатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі. Оларға - ілмекті пломбалау құрылғылары, мөрлер, пломбираторлар, пломбалар, акциздік маркалар, флуорэсценттік фломастерлер жатады. 

2. Техникалық кедендік бақылау құралдарын  
қолданудың тәртібі

 

    

  2.1.Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай тәртіпте пайдаланылады:  
     

 1) Интраскопиялық техниканы пайдалану кезінде барлық оның техникалық мүмкіндіктерін пайдалану тәртібін сақтау қажет: монитордағы рентгендік бейненің сапасы және оны үлкейту; қараған кезде монитордағы оларға тиісті түстер бойынша материалдар топтарын бөлу (есірткі заттары, жарылғыш және тауарлардың басқа контрабандасын); қайта зерттеу үшін алдыңғы рентгендік бейнені қайтару мүмкіндігі, магниттік таспаға рентгендік бейнені жазу; рентгендік бейнелердің деректер базасын орталықтандырылған бағалау; техника қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау, операторлар, жолаушылар және тексерілетін объектілер үшін рентгендік сәулелену қатерінің болмауы.  
     Интраскопиялық техника жолаушылардың бірге алып жүретін және жеке жүретін жол жүктерін, халықаралық почта жөнелтімдері мен шағын, орташа және ірі көлемдердегі ыдыстардағы жол жүгін тексеру үшін кедендік тексерудің барлық жағдайларында қолданылады.  
     Интраскопиялық техникамен жұмыс істейтін қызметкерлер олардың құрылысы, тағайындалуы және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша оқытудан өтуі тиіс. Адам организміне рентгендік сәуле бөлудің ықпалы бойынша оқудан қосымша өтуі тиіс.  
 

2) Радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану кезінде мынадай    кезеңдердің сақталуы тиіс:  
     бастапқы радиациялық бақылау;  
     қосымша радиациялық бақылау;  
     терең радиациялық бақылау;  
     сараптама. 

 
     Бастапқы радиациялық бақылауды тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау аймағына орналастыру кезінде иондаушы сәулелену деңгейі жоғары тауарлар мен көлік құралдарын жедел анықтау, тауарлар мен көлік құралдарының ағынына шығару мақсатында кеден органдарының кедендік тексеруді жүзеге асыратын қызметкерлері жүргізеді. Бұл кезеңде радиациялық бақылаудың стационарлық және жылжымалы аппараттары қолданылады. Бастапқы радиациялық бақылау нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады. 

      Қосымша радиациялық бақылау мақсаты аппараттардың іске қосылу себептерін анықтау, иондаушы сәулеленудің жоғары мөлшері бар объектілердің орналасқан жерін іздеу мен деңгейін өлшеу болып табылатын бастапқы радиациялық бақылау нәтижелерінің негізінде радиациялауды бақылаудың жылжымалы құралдарымен (дозиметрлермен, радиометрлермен, радиометр-спектрометрлермен) жүргізіледі. Иондаушы сәулеленудің жоғары мөлшері бар объектілер қауіпсіз қашықтыққа әкетілуі тиіс және кеден органдары қызметкерлерінің объектінің жанында болу уақыты шектелуі тиіс радиациялық қауіптілік белгілерін ілу қажет. Қосымша радиациялық бақылау нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады.  
     Терең радиациялық зерттеу жүргізу үшін мақсаты бөлінетін және радиоактивті материалдарды барынша локализациялау және бастапқы бірдейлендіру болып табылатын сенімді спектромертиялық аппаратура (радиометрлер-спектрометрлер, жылжымалы сцинциляциялық гамма-спектрометрлер, жартылай өткізуші гамма-спектрометрлер) пайдаланылады. Терең радиациялық бақылаудың нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады. 

      Радиациялық жүкті сараптау қызметтің тиісті саласына тіркелген мамандырылған ұйымдар жүргізеді.

     Радиациялық бақылау құралдарымен жұмыс істейтін қызметкерлер халықтың радиациялық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қоршау туралы барлық нормативтік актілерімен таныс болуы тиіс. 

      Жұмыста Орталық кеден зертханасы әзірлеген радиациялық бақылаудың техникалық құралдарының жекелеген түрлері үшін радиациялық бақылау жүргізудің әдістемелік ұсынымдары мен технологиялық сызбаларын ұдайы қолдануы қажет.  
     

 3) техникалық іздестіру құралдарын қолдана отырып кедендік тексеру жүргізген жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау, тауарлар мен көлік құралдарына механикалық зақымдар келтірмеу, жеке тұлғаларды тексеру әдебін сақтау қажет.  
     Шағын және көшпелі металлодетекторлар металл объектілерін табу мақсатында жеке тексеруді, объектілер мен хат-хабарларға бақылау жүргізу кезінде қолданылады.  
     Стационарлық металл іздегіштер әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ресімдеу залдарында және т.б. көпшілік адамдар жиналатын орындарда кедендік тексеруді жүргізу кезінде адамның киіміне жасырылған оқпен атылатын және суық қаруларды табу үшін қолданылады.Металл іздегіштерді қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді ар-найы оқыту талап етілмейді. 

     Тексеру айналары көлік құралдарының түптерін, қол жеткізу қиын және қараңғы орындарын көзбен көріп бақылау үшін кедендік тексеру кезінде қолданылады. Жиынтықтың құрамына телескопиялық өзек, ауыстырмалы айналар мен шамдардың жиынтығы кіреді. Ауыстырмалы айналар күдікті объектіге неғұрлым қолайлы қол жеткізу үшін қолданылады. Тексеру айналарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді. 

    Тексеру шұптары сынамалар алу мүмкіндігін қоса алғанда жұмсақ және төгілмелі ортадағы (төгілмелі жүктерді көлік құралдарының кузовтарында, қапшықтарда және т.б. тасымалдау кезінде) бөгде заттар мен орамдарды тексеру үшін тұрақты түрде қолданылады. Шұптарды қолдану кезінде зерттелетін заттарды механикалық бүлдіруге жол бермеуі керек. Тексеру шұптарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді. 

     Тексеру эндоскоптарын кеден органдарының қызметкерлері шағын тесіктері бар жабық қуыстардан: корпустар мен блоктардың ішкі жақтарынан, көлік құралдарының құрылымдық түптерінен, бәктерден, контейнерлер мен үй-жайлардан оларды бөлшектеместен контрабанда іздестіру үшін тұрақты түрде қолданады. Тексеру эндоскоптарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.  
     Тексеру шамдарын кеден органдарының қызметкерлері түнгі уақытта және әлсіз жарақтандырылған үй-жайларда кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар фактілерін анықтау мақсатында пайдаланады.  
     Барлық техникалық іздестіру құралдарының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдары берген гигиеналық сертификаты болуы тиіс.  
     

Информация о работе Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолданудың тәртібі