Отаншыл адам – өз елінің лайықты азаматы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 15:38, реферат

Краткое описание

Оқушыларды отансүйгіштік рухқа тәрбиелеуде өздерінің рөлi көрнектi орын алып отырғаны баршамызға аян. Себебi келешек ұрпақтың бiлiмдi, тәрбиелi және Отансүйгiш азамат болып шығуы ең бірінші өнегелi де өнерлi iсiне байланысты.
Бала дүниеге белгiлi бiр қалыптасқан сана-сезiммен келмейдi. Себебi сана ең алдымен – қоғамдық жемiс, сол адамның қоғамдық өмiрiнiң барысында пайда болып дамиды. Атап айтқанда, баланың және оның санасының қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған ортасы мен табиғатқа қатынасы арқылы пайда болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқтық тәрбие.doc

— 77.50 Кб (Скачать документ)

       «Тұрғын  үй қатынастары туралы» Заңның 13 бабы 3 тармағына орай, жалпы ортақ  бірлескен меншікті иеліктен  айыруға, тек барлық меншік  иелерінің келісімімен ғана жол  беріледі. Егер, мәміле меншік иесінің бірі болып танылатын жасөспірімнің мүддесіне қатысты болса, онда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі керек.

        Осыған орай, қорғаншылық және  қамқоршылық органының келісімі  сатуға, кепілге және соттан тыс  іске асыруға мынандай жағдайларда; тек егер жасөспірім меншіктің  немесе оның бөлігінің иесі болса ғана керек. Жасөспірімнің тұрғын үйде тұратын фактісі, оның меншік иесі болуын дәлелдемейді.

      

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 – тақырып. Кәмелетке  толмағандар сауда – саттықпен айналыса ала ма?

Қазақта «Бала – адамның бауыр  еті» деген нақыл сөз бар. Ендеше, қай ата-ана «іштен шыққан шұбар  жыланының» мойнына ауыртпалық арқалатқысы  келеді дейсің?! Шама келгенше небір  қиындықтан көзінің қарашығындай сақтап, балғын балалық бал дәуренін қызықты да шын мәнінде бақытты өткізгенін қалайды. Дегенмен күнкөрістің қамымен буыны қатпаған балаға табыс тапқызу, жекеменшік мекемелердің жасөспірімдерді арзан жұмысшы күші ретінде пайдалану фактілері бар. Әрине, бұл – бала еңбекке үйренбесін деген сөз емес, бірақ баланың еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау қажет.

 Алайда  кешегі қоғамымызға нарықтық  қатынастар дендеп ене бастаған 90-жылдардың басы мен ортасында  тұрмыс тауқыметін тартқан көптеген  ата-аналар тіршіліктің иін тірескен толқынына балаларын да араластыруға мәжбүр болды. Көшелердегі жайма базарлардағы мәліш саудамен айналысқан «қара кемпірлердің» қатарында өткен-кеткенге ұсақ-түйек «тауарларын» ұсынып бүлдіршіндер де тұрды. Өйткені ол уақытта отандық кәсіпорындар жұмысшы-қызметкерлерге бірнеше айлап, тіпті жылдап жалақыларын бермей сарғайтып қойған-ды. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, тоқыраудан еңсесін көтере алмай жатқан мемлекетіміз де бала жәрдемақысын төлей алмай, ел ертеңінің нәпақасына қарап отырған жұмыссыз жанұялардың жігерін жасытқаны анық. Сол себепті Үкіметке ауыз ашып отыруды күпірлік санаған көптеген ата-аналар отбасындағы шиеттей бала-шағасымен жеке кәсіпкерлікке бейімделе бастап еді. Оған нақты мысал ретінде өзім куә болған мына бір жайтты алға тартқым келіп отыр. 1999 жылдың аптапты шілде айының бір күні болатын. Атырау Қазақстан мұнайының 100 жылдығына қызу дайындық үстінде. Жайық үстімен өтетін қаланың қақ ортасындағы жалғыз көпірге күрделі жөндеу жүргізіліп, қалаішілік барлық бағыттағы маршруттар айналма жолмен қатынап, сыртқы көпір арқылы жолаушылар тасымалданып жүрген. Облыс орталығында жұмыс жасап жүрген мен сондай сәттердің бірінде «Газель» шағын автобусына отырдым. Міндім де, өз көзіме өзім сенбедім. Кондуктордың орнында жанары жәутеңдеген, шынашақтай, қазақтың тұлымшағы желбіреген қара қызы отыр. Қуыршақтай бүлдіршіннің жасы 7-8-дер шамасында десем, жалған айтқандық емес. Жолаушылар мініп-түскен сайын әлі келмесе де ысырмалы көлік есігін нәп-нәзік білегінің бар күшімен тартып-итеріп, отырып-тұрып ашып-жабады. Әлі келмей жатса, жақын отырған адамдар аяп көмектесіп те жібереді. Тіпті маршрут тоқтайтын айдаладағы аялдамалардың бәрін жатқа біледі екен. «Бәлен жерден түсетін бар ма?» деп тақ-тақ етеді. Өзі есепке де жүйрік болып шықты. Жұрт қаншама ірі купюралар ұсынса да қиналмай, бәрін дұп-дұрыс қайтарып беріп отыр. Мінген әр жолаушы оған қызыға қарайды…

 Әрине,  бірте-бірте халқымыздың әл-ауқаты  жақсарып, тәуелсіздіктің 10 жылдығы  қарсаңында екі аяғынан тік  тұра бастаған экономика балаларымыздың  балғын дәуренін өзіне қайтарып бере бастады. Көпбалалы отбасылар мен жартылай және тұлдыр жетімдерді асырап, бағып отырған жанұялар, мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекеттің қамқор қанатының астына шындап алынды. Сөйтіп, әлемдік қаржы дағдарысынан да аман-есен шыққан еліміздің бүгінгі ел ертеңі кешегі аға-апаларының көрген қиындықтарын көрген жоқ, құдайға шүкір.

 Дегенмен  қазіргі таңда да жазғы каникул  мезгілінде ата-анасына көмектесу  мақсатында әр жерде бір жұмыс  жасап жүрген бүлдіршіндеріміз  де аз емес екен. Бұл ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес үстіміздегі жылдың шілде айының 25-і мен 27-сі аралығында аудан аумағында да «Жұмыспен қамту» акциясы өткізілгенде белгілі болды. Аталған шарада аудандық прокуратурадан бастап, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының, денсаулық сақтау және білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің жұмылдырылуымен арнайы рейдтік тексеріс жұмыстары жүргізілген. Міне, сондағы үш күндік іс-шара барысында белгілі болғанындай, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер арасында кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдаланып отырғандар бар болып шықты. Аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі әкімшілік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Смадьяр Сыдықовтың хабарлауынша, аталған шара жасөспірімдер арасындағы түрлі қылмыстың алдын алу, соның ішінде құқық қорғау органының профилактикалық есебінде тұрған қолайсыз отбасыларда тәрбиеленетін балалардың қала сыртындағы жазғы және мектеп жанындағы лагерьлермен, спорт секцияларымен қамтылуын қадағалау, меншік нысандары тарапынан бала еңбегін заңсыз пайдалануды анықтау мақсатында жүзеге асырылған екен.


Информация о работе Отаншыл адам – өз елінің лайықты азаматы