Отаншыл адам
– өз елінің лайықты азаматы
Оқушыларды отансүйгіштік рухқа
тәрбиелеуде өздерінің рөлi көрнектi
орын алып отырғаны баршамызға аян. Себебi
келешек ұрпақтың бiлiмдi, тәрбиелi және
Отансүйгiш азамат болып шығуы
ең бірінші өнегелi де өнерлi iсiне
байланысты.
Бала дүниеге белгiлi
бiр қалыптасқан сана-сезiммен
келмейдi. Себебi сана ең алдымен
– қоғамдық жемiс, сол адамның
қоғамдық өмiрiнiң барысында пайда
болып дамиды. Атап айтқанда, баланың
және оның санасының қалыптасуы
өзi өмiр сүрiп отырған ортасы
мен табиғатқа қатынасы арқылы пайда болады.
Оқушының санасы
өздiгiнен пайда болмайды, ол тек
қана ата-анасы мен мұғалiмдердiң
тәрбиесi арқылы қалыптасады.
Сондықтан мұғалiм өз мамандығының
патриоты, ұйытқысы болу керек.
Мұғалiм шәкіртті тәрбиелеп,
бiлiм беруде сол оқушы жанының инженерi
де, оларға адамгершiлiк қасиеттi ендiруде
мүсiншi. Ол өз iсiнiң шеберi бола отырып,
жоғары мәдениеттiлiгiмен оқушы мен ата-анасының
сезiмтал досы болуы керек.
Қоғамды демократияландыру
және бiлiм берудегi реформаларды
тереңдету жеке адамның шығармашылық,
рухани және дене мүмкiндiктерiн дамытуда,
адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының
берiк негiздерiн қалыптастыруға, жеке
басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы
интеллект деңгейін көтеруге септiгiн
тигiзедi.
Қоғамдағы түбегейлi
өзгерiстер – бiлiм беру жүйесiнде,
соның iшiнде мектепте Қазақстан
тарихынан бiлiм беруде, жастарды
азаматтық пен елжандылыққа, өз
Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, жаңа
адамды қалыптастыру, дамыту және
кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу
қажеттiлiгiн жүзеге асыруды талап етедi.
Отан тарихын оқытуда оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, олардың бiлiктерi мен
шеберлiктерiн (iскерлiгiн) қалыптастыру,
өздiгiнше бiлiм алуға деген ынтасын арттыру,
оны өз тәжiрибесiнде жаңа жағдайларға
байланысты қолдана алу, ой-пiкiрiнiң дербестiгi
мен еркiндiгiн кеңейту – өте маңызды мәселелер
болып табылады. Тарихты оқытуда оқушылардың
белсендiлiгiн, өздiгiнше атқаратын ой-еңбегiн
арттыруда оқушылардың өздiк жұмысы ерекше
орын алады.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан тарихын оқып
үйрену, бұл – тәуелсiз Қазақстанның
азаматы ғасырлар тоғысында өзiнiң
арғы-бергi тарихи жолын ой елегiнен
өткiзiп, «Кеше кiм едiк? Бүгiн кiмбiз?
Ертең кiм боламыз?» деген
төңiректе ойлансын» деген болатын.
Бұл – әрбiр азамат туған елiнiң,
туған халқының тарихы ешкiмнен де олқы
еместiгiн түсiнсiн деген сөз.
Бұл – әрбiр
азамат тарих қойнауына ойша
тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары
қалдырған осындай кең-байтақ
жердiң лайықты мұрагерi болуға ұмтылсын
деген сөз.
Қазақстанда тұрақты
тұратын адамдардың Отаны –
Қазақстан Республикасы. Адамның
жақсы, бақытты өмiр сүруi көп
жағдайда Отанға деген сүйiспеншiлiгiне
байланысты. Отанын сүйе бiлген, Отанын
көркейту үшiн аянбай еңбек еткен
адамда бәрi де: үй-жай да, құрмет те, қызмет
те, алға жетелейтiн шексiз арман да болады.
Отан адамның туып-өскен жерiнен басталады.
Әркiмнiң туып-өскен ауылы, кентi, қаласы
– оның кiшi Отаны. Ол – үлкен Отанның,
Қазақстан Республикасының құрамдас бөлiгi.
Өйткенi әрбiр ауыл, қала бүкiл Республикамен
тығыз байланысты. Бүкiл елде болып жатқан
тыныс-тiршiлiк оның түкпiрiнде де жалғасын
табады.
Атамекен – халқымыздың
ерте заманнан берi мекендеп, суын
iшiп, өсiп-өнiп, өмiр сүрiп келе
жатқан кең байтақ жерi. Атамекен
дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi
мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай
аққан тасқынды өзендерi, алып таулары
мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар,
кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi.
Бұл жердiң тарихы – Қазақстан тарихы.
Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына
тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған
осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагерi
болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген.
Қазақ халқының өткен тарихы – ата-бабамыздың
бостандық пен бақытты болашақ жолындағы
ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы.
Қазіргі таңда
еліміздің егемендігін нығайту
мақсатында Отан қорғаушыларға
әскери-патриоттық тәрбие беру
ерекше мәнге ие болып отыр.
Қысқа мерзім ішінде өзінің
тәуелсіз демократиялық Отанының
сенімді қорғаушысы болу және қазіргі
заман қару-жарақтарын меңгеру – өте күрделі
іс, сондықтан мектеп партасынан бастап
жас жеткіншіктерді әскери қызметке, өзінің
Отаны – Қазақстан Республикасының және
өз халқының алдындағы азаматтық борышын
өтеуге даярлау қажет. Бұл жерде мектепте
оқытылатын алғашқы әскери даярлық курсының
атқаратын қызметі зор, осы пәнді оқыту
барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің
қатарында әскери қызмет өтеуге мүмкіндік
беретін теориялық, практикалық және психологиялық
даярлықтың негізі қаланады.
Отансүйгіштік – адамның өзінің
туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен
қоса, үлкен достық жанұя құрайтын
жүзден астам ұлттар мен ұлыстар
мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ
Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр
адамның Отанға деген сүйіспеншілігі
осы жерде тұратын барлық адамдарға
деген достық пен туысқандық сезімімен
біртұтас болып табылады. Оқушыларды қазақстандық
патриотизм рухында тәрбиелеу нәтижесінде
қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас
көп ұлтты мемлекеттің – Қазақстан Республикасының
азаматымын деп сезінеді, Қазақстан Республикасының
азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт
және үлкен жауапкершілік деп түсінеді.
Отанға деген сүйіспеншілік әрбір оқушының
белсенді өмірлік ұстанымымен ұласса
ғана іс-әрекетке айналады. Сондықтан
оқушылардың алғашқы әскери даярлық курсының
білімді жақсы меңгеруінің өзі Отанға
пайдалы талпынуының белгісі болып табылады.
Әрбiр мемлекеттiң
болмысын айқындайтын, сүйенетiн
рухани мұраты болуы тиiс. Бiздiң
қоғамдағы бұл мұраттар өзгермелi,
өтпелi сипат алуда. Дербес
тәуелсiз ел болып қалыптасудың алғашқы
жылдарында қазақ екенiмiздi өзгелерге
таныту мәселесi алға шыққандықтан ұлттық
идеология қанағаттандырады. Тәуелсiз
ел ретiнде өзгелердi мойындатып болған
соң, ұлттығымыздың өзiмiзге қажеттi мөлшерiн
алып болған соң, қоғамның даму ерекшелiгiне
сай, бұл күнде аса қажеттi болып отырған
рухани азықты iздестiру үстiнде. Бұл күнде
ел болып еңсе көтерген елiмiздiң қауiпсiздiгi,
бүтiндiгi мен дербестiгi өзектi болғандықтан
отансүйгiштiк мәселесi алға шығып отыр.
Қоғамның рухани жүгiн көтерушi үгiт-насихат
құралдары осы бағытта жұмыс жүргiзуде.
Отансүйгiштiк рух туралы «Бұрынғылардың
елiне деген сүйiспеншiлiгi бүгiнгiлерден
күштi едi» деген ел арасында кең тараған
түсiнiк төңiрегiнде пікір-талас пайда болады.
Отан, Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгiлiкке бақытсыз боп өтер ем
Өмiрден бұл өксуменен өтер ем.
Құс ұясыз, жыртқыш iнсiз болмайды,
Отаны жоқ өмiрiнде оңбайды.
… Өзiн-өзi қорлайды да, сорлайды.
Тiрi адамға – сол қайғы.
Қорыта айтар болсақ
Отансыз тiршiлiгiн елестете алмайтын
бақытсыздығы мен ащы өксiгiнiң себебi сол
ғана. Әкесiз, анасыз, жарсыз, перзентсiз
өмiр сүруге бейiл, ал Отансыз мүмкiн емес.
Қағидалары да халықтық тәлім-тәрбиеден
нәр алғанының айқын айғағы болмақ.
3 – тақырып. Отан
алдындағы борыш сезімі, оны қалай тәрбиелеуге
болады?
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие
беру мәселелерiндегi қазiргi проблемаларды
шешу үшiн тұтастай алғанда тәрбиеге
принциптi түрде жаңа тұрғы қажет.
Ел бейнесiн және Отанымен ажырағысыз
байланыс сезiмiн мемлекет пен қоғам
түрлi тетiктер мен институттар, ең алдымен,
бiлiм беру арқылы қалыптастырады.
Осыған орай, бiлiм алушыларды
қазақстандық патриотизм рухында
тәрбиелеу, елдiң мемлекеттiк нышандарын
танымал етудi қамтамасыз ету
жөнiндегi жұмысқа бiлiм беру мекемелерi
мен ұйымдарын белсендi түрде тарту қажет.
Бiлiм беру ұйымдарында қазiргi
заманғы қазақстандық қоғамдық
және мәдени шындықтарға негiзделген
және қазақстандықтардың дiлiмен
байланысты дүниетаным мәдениетi
мен төзiмдiлiгi жөнiндегi сапалы, мазмұны
жағынан тиiмдi ақпараттық-дидактикалық
материалдардың жеткiлiксiздiгiн, балалар
мен жастарға арналған, олардың санасында
патриоттық сезiмдi, өз Отанына деген сүйiспеншiлiктi
оятуға, өз Отанына пайда келтiру ұмтылысын
тудыруға ықпал ететiн кiтаптардың аздығын
атап өткен жөн. Балалар мен жастарға арналған
кiтаптар негiзiнен батыстық мұраттар мен
құндылықтарды насихаттауға бағдарланған
немесе таза технократиялық түсiнiктi қалыптастырады.
Қазақстандық азаматтылықты қалыптастыру
процесiнде мемлекеттiк билiк және мемлекеттiк
басқару органдарында, бiлiм беру мекемелерiнде,
түрлi ұйымдар мен кәсiпорындарда мемлекеттiк
тiлдi қолдану дәрежесi ерекше мәнге ие.
Осыған орай "Қазақстан Республикасындағы
тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан
Республикасы Заңының талаптарына сәйкес
мiндеттердi шешу қажет. Қазақ тiлiнiң рөлiн
ұғыну мемлекеттiгiмiздiң бүкiл ғимараты
тұрғызылатын iргетас болып табылады.
Бағдарламаны тиiмдi iске асыру
үшiн қазақстандық қоғамның барлық
сегменттерiн: бизнестi, отандық үкiметтiк
емес ұйымдарды, қоғамдық қозғалыстарды,
ардагерлер бiрлестiктерiн тарту қажет.
Оған қоса, жастардың әртүрлi өзiн-өзi
басқару нысандарын: жастар мәслихаттарын
және басқа да сайланып қойылатын
органдарын қалыптастыруға жәрдемдесу
қажет. Қазiргi уақытта жастар ұйымдарының
мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге
және iске асыруға қатысу дәрежесi жоғары
емес. Жастардың басқарушы шешiмдер қабылдауға
қатысуы үшiн мүмкiндiктер тудыру, қоғамдық-саяси,
әлеуметтiк маңызы бар жастар бастамаларын
көтермелеу қажет.
Қазiргi уақытта азаматтарға патриоттық
тәрбие беру жөнiндегi жұмысқа
адамдарға ықпал ете алатын
ең қуатты құралдың бiрi - БАҚ
қызметi әлсiз пайдаланылып отыр.
Бұл жағдай аталған бағдарламаға
БАҚ-ты белсендi және ерiктi тарту
үшiн тиiстi пысықтауларды талап етедi.
Бағдарламаны сәттi iске асыруға
қазақстандық қоғамда қалыптасқан:
қазақстандықтардың төзiмдi дiлi;
қазақстандықтар дiлiнiң басым
белгiсi ретiндегi рухани ашықтық
егемендiк алғаннан
кейiн Қазақстанда сәттi жүргiзiлген
түбегейлi экономикалық реформалар
бұған тарихи дәлел болған, тың
жаңалықтарға қатысы жағынан
батылдық
ұлтаралық келiсiм
мен татулық, саяси тұрақтылық
халықтың көпшiлiгi
үшiн болашаққа деген жақсы ниет
пен сенiм беретiн, кедейшiлiктi жеңудiң
кепiлдiктi шарты ретiнде елдiң тұрақты
және серпiндi экономикалық өрлеуi ықпал
ететiн болады. патриоттық тәрбие жүйесiн
нысаналы дамыту арқылы азаматтардың
бойында жоғары патриоттық сананы, өз
елi үшiн мақтаныш сезiмiн қалыптастыру,
Отанның мүдделерiн қорғау жөнiндегi азаматтық
борышы мен конституциялық мiндеттерiн
орындауға дайындығын тәрбиелеу болып
табылады.
4 – тақырып.
Кәмелетке толмағандардың мүліктік
құқықтары.
Нарықтық қатынастар дәуірінде халықтың белгілі
бір бөлігі қорғанышсыз қалуда. Жасөспірім
бала, пәтердің, үйдің, жер теліміне ие
немесе олардаң меншік құқығына үлесі
болатын жағдайлар бүгінгі таңда жиі кездеседі.
Сөйте тұра, меншік иесі өзінің жастығына
байланысты іс-әрекет қабылеттілігін
толық иелене алмай, іс-әрекеті қабылетті
ересек азаматтармен бірдей өз құқығын
іске асыра және мүддесін қорғай алмайды
Жетім-жасөспірімдер, қартайған
жалғыз азаматтар, емдейтін мекемелерде
немесе диспансерлік есепте тұратын жүйке ауруымен ауыратын тұлғалар,
жазасын бас бостандықтан айыратын жерлерде
өтеп жатқан сотталғандар, анығын айтқанда
олардың мүліктік құқықтары мен мүдделері,
әртүрлі жағдайларға және заңның жетілдірмеуіне
байланысты, деңгейлі дәрежеде қорғалмауда.
Осыған байланысты, мемлекеттік уәкілетті
органдардың негізгі мақсаты болып табылатын,
осы тұлғалардың мүлік құқығы аясында
жасалған қылмысты ашу және алдын алу
үшін, аталған санаттағы азаматтардың
конституциялық құқықтарын қорғау, келісілген
кешенді шараларды әзірлеу, оны іске асыру.
Жасөспірімдердің іс-әрекет қабылеттілігін
толық иеленбегенуіне, бірақ олар
өз мүліктік құқықтарын жүргізу
және іске асыруға міндетті
екеніне байланысты, қолданыстағы
заңнама жасалған мәмілелердің
келесі айрықшалығын көздейді.
-14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер
мәмілені ата-ананың және басқа
заңды өкілдердің (бала асырап
алушылар, қамқоршылар) келісімімен
жасайды. Шарт қолданылымда ол
былай болады. Жасөспірім қолды
өзі қояды, сосын ол қолдың
жанына ата-ананың біреуі жасалған мәмілеге келіскеніне
белгі жасай отыра өз қолын қояды.
-14 жасқа толмаған жасөспірімдердің
атынан мәмілені олардың заңды
өкілдері жасайды, олар – ата-аналары,
бала асырап алушылар, қамқоршылар.
Бұл жағдайда шарттта ата-ананың
қолы қойылады және олар жасөспірімнің атынан
әрекет жасағаны туралы белгі болады.
Өкінішке орай, іс жүзінде ата-аналар
жасөспірімдердің мүліктік мүдделерінің
қамын толық қамти алмайды.
Сондықтан мемлекет арнайы ереже
қабылдауға мәжбүр. Заң құжаттарында кәмелетке толмағандардың мәмiле жасауына
және кәмелетке толмағандар үшiн мәмiле
жасауға қорғаншылық және қамқоршылық
органының алдын ала келiсiмi талап етiледі
(«Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңның
13 бап 3 тармағы және ҚР АК 24 бабы).
Жасөспірімдердің жылжымайтын мүлікпен мәміле
жасау барысында, олардың оны билеуіне
қандай болса да қатысты мәмілелерге (жылжымайтын
мүліктің заңды мәртебесінің өзгеруі
болжамдары: сату, айырбастау, кепілге
беру және жалға беру) қорғаншылық және
қамқоршылық органының келісімі керек
болады.
Жасөспірімдердің иелігіне жататын
тұрғын үй және басқа мүліктерді
сатқан кезде олардың құқықтары
бұзылуы жиі кездеседі. Ондай
заң бұзушылықтардың мәні былай,
ата-аналар жасөспірімнің үлесінің
ақшасын алып, оны өзіміздікі
деп санайды. Сондықтан жасөспірімдердің
мүдделерін таптайтындар болып танылатын
ата-аналардың өздері. Бұны біле отыра
мәмілеге басқа да қатысушылар келіседі.
Байқасаңыздар, заңды айналып өте, қорғаншылық
және қамқоршылық органының келісімін
алып жасалған жеңіл мәміле жасөспірімнің
мүддесіне зияндық келтіреді, бұл ешкімге
пайдалы емес, сатушыға да, сатып алушыға
да. Мәміленің жарамсыздығынан туындайтын
заң бұзушылық анықталған кезде, соттың
жасөспірімнің мүддесін қорғауы әрқашан
ықтимал. Бұл мәмілені жарамсыз деп тануға
және екі жақтың алғашқы қалпына келуіне
әкеліп соғады.