Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 18:14, реферат
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Республикада мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұруы демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу мемлекеттің құқықтың жоғарылығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді. Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы олар заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот