Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 13:13, реферат
Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды.