Баланың физикалық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 20:08, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

пед реферат.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

Төртіншіден, мектептің педагогикалық ұжымы (оның ішінде тек дене шынықтыру мұғалімдері ғана емес) мен ата–аналар бірлігі және оқушылардың өздері тарпынан ынта, қызығушылық, өзіндік басқару мен ұйымдастыру болмаған жағдайда дене тәрбиесінің кешенді мақсаттары мен міндеттерін толлыққанды шешу мүмкін емес. 
 
Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.

Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс  түрлері дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды: 
 
- Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде таңертеңгілік 9-10 жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.  
 
- Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді. 
 
- Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі іс-әрекет пен оқу күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады.  
 
- Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік талап пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын және ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерін дамытады.  
 
- Сабақ үстіндегі сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның тынығуына әсерін тигізеді.  
 
- Үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.  
 
- Күнделікті денсаулық сағаттары (материалдық жағдайы сәйкес келетін мектептерде жүргізіледі). Оқушыларға 40-60 минут бойы таңдауы бойынша дене жаттығулармен айналысуға мүмкіндік береді. Әсіресе, қозғалыс белсенділігі төмен оқушылар үшін өте пайдалы, аурудың алдын алу шаралары қызметін атқарады, денсаулыққа септігін тигізеді. 
 
- Спорттық сағаттар. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұзартылған күн топтарында ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрі сауықтыру қызметін атқарады, бастауыш класс оқушыларының түрлі сайыс, ойындарға қызығушылығын туғызып, шынықтырады. 
 
- Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді.  
 
- Жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс түріне денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы мектепішілік сайыстар жатады. Бұл шаралар барлық оқушының спорт пен дене тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызады.  
 
- Өз бетінше дене жаттығуларымен айналысу. Бұл жұмыс түрі қозғалыс тәртібінің маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең тиімді әдіс болып есептелінеді, себебі оқушының жеке тұлғалық қызығушылықтары мен қабілетіне сұранысына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді.  
 
Оқушылардың тәрбие жұмысы – мұғалімнің кәсіби қызметінің ажырағысыз және құрамдас бөлігі. Сондықтан жоғары педагогикалық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысына дайындау болып табылады. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқушылармен тәрбие жұмысына даярланудың маңызды құралы, тұтас педагогикалық процестің құрамдастарының бірі есебіндегі дене тәрбиесі болып табылады. Алайда, студенттердің көпшілігі дене тәрбиесін тек биологиялық тұрғыдан ғана қарастырып, оның қоғамдық маңыздылығын терең түсінбейді, ал шындығында, оқушының тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында айрықша орын алатын дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік қызметі де зор. 
 
Болашақ мұғалімдерді тәрбие жұмысына дене тәрбиесі құралдарымен дайындау қажеттілігі мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылықтың болуымен де байланысты, өйткені дене тәрбиесі мұғалімі оқушының апталық қозғалыс қажеттілігін (10-12сағат) аптасындағы 2 сабақ ішінде (2 сағат) қамтамасыз ете алмайды. 
 
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерін оқушылардың дене тәрбие жұмысына дайындау тиімділігі төмендегідей педагогикалық шарттарды орындаған кезде қамтамасыз етілмекші: 
 
Студенттердің дене тәрбиесі құралдарын оқушылармен тәрбие жұмысына пайдаланудағы білімдерін, шеберліктері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуі. 
 
Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағытталуы. 
 
Оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін, құралдары мен әдістерін қолданып, студенттердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іскер көзқарас таныту. 
 
Студенттердің жүйелі дене жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру, бұларды өзін-өзі физикалық жағынан тәрбиелеуге қосу. 
 
Оқушылармен тәрбие жұмысында дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөніндегі операциялық білімдерінің, икемділіктері мен дағдыларының қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуы. 
 
Берілген бағдарламаның жүзеге асырылуы, біздің ойымызша, оқушылардың дене тәрбиесі мұғалімінің кәсібіне бағдар ұстануын жақсартуға, жоғары оқу орындарына дарынды жастардың келіп түсуін қамтамасыз етуге, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша үздіксіз педагогикалық білім идеясын жүзеге асыру үшін алғышарттар құруға мүмкіндік береді. 
 
Физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды буыны есебінде, тұлғаның ішкі сенімі мен саналы еркі басым түсіп жататын бағыттылығын ескерген дұрыс. Міне, сондықтан да болашақ мамандардың жүйелі дене шынықтыру жаттығуларын қажетсінуі физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі іргетасы болып табылады, оны түрліше: ішкі сол сияқты, сыртқы да факторлармен айқындайды. Бұлардың ішінде – дәлелдер, мүдделер, құндылық бағыттары, студенттердің дене тәрбиесінің деңгейі мен даярлығы, сондай-ақ ұжымның қоғамдық пікірі, оқушы тұлғасы, оқыту мазмұны, сабақ беру әдістемесі және тағы басқалары бар. 
 
Өзін-өзі жетілдіру процесі дұрыс басшылықты қажет етеді, себебі анатомия, физиология, психология және әдістемелік тұрғысынан жеткілікті білімі жоқ адамның өз бетімен жаттығуы, денсаулығы мен мінез-құлқына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да жеткілікті түрде белсенді ұйымдық-әдістемелік тәсілдердің іздестірілуі мен пайдаланылуы қажет, бұлар студенттердің өз бетімен жетілуін, дербес жаттығуларға тұрақты дағдысын тәрбиелеуін қамтамасыз етеді. 
 
Сонымен қатар сабақтарды жеке және шағын топтық әдістермен өткізуге көбірек мән берілді, өйткені сыныптың дене даярлығы түрліше 5-10 адамнан толған кезінде, жекелеген оқушылар немесе 2-3 адамдық топтар үшін, қатар орындалатын, үйлесімділік күрделігі мен салмақ көлемі жөнінен ерекшеленетін бірнеше бағдарламаны іріктеу қажеттілігі туындайды. 
 
Сондай-ақ, оқушыларды олардың тек орындай алатын ғана емес, сонымен қоса, ұқсас варианттарын орындай отырып, ойдан құрастыратын және өз күшін тиімді жұмсай алатындай бұлардың жаттығулар багажын (гимнастикалық, жеңіл атлетикалық ойын) қалыптастыру жолымен берілген өз беттерімен орындау бейімділіктеріне үйретудің дидактикалық шеберлігі де қажет. Мысалы, секірген кезде секіргішті қолданып секіру икемділігі қалыптасады. 
 
Мектеп тәрбие жүйесінің маңызды міндеті баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы болып табылады. Сондықтан шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі қозғалыс белсенділігінің қалыптасуы болып табылады, өйткені оның жоқтығы тек ақыл-ой дамуын ғана кідіртіп қоймайды, балалардың қозғалыс белсенділігін де төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде баланың өзінің дағдылары мен икемділіктерін практикалық қызметінде пайдалану қажеттілігін болдырмайды, қозғалыс кестесінің бұзылуына апарып соқтырады. 
 
Алайда, практика көрсеткендей, педагогикалық практикада студенттердің басым бөлігі (96%), дене тәрбиесі-сауықтыру шараларын күн тәртібінде әдістемелік жағынан сауатты ұйымдастыра алмайды. Бұл студент-практиканттың белсенділігін ынталандыруға бағытталған педагогикалық міндеттер мен жағдайларды, қалыптан тыс, тың жолмен шешуінде қиналады. Қимыл белсенділігінің, сондай-ақ қозғалыс міндеттерін шешуге шығармашылықпен келудің қалыптасуында, тұтастай педагогикалық процестің негізгі құрамдастарының бірі әрі баланың қоғаммен және өмірмен байланыстырушы буыны болып табылатын дене тәрбиесі ерекше орын алады.  
 
Осыдан келіп, студенттердің шығармашылық белсенділігін тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан студенттердің балалардың белсенділігін қалыптастыруға әзірлігі психологиялық тәрізді, практикалық та даярлығы ретінде қарастырылуы керек. 
 
Психологиялық даярлығы, студенттердің дене тәрбиесі құралдарын балалардың белсенділігін тәрбиелеуде пайдалану бағытындағы білімдері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуін білдіреді.  
 
Практикалық даярлығы, дене тәрбиесі құралдарын пайдаланудағы операциялық білімдерінің қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуын айқындайды.  
 
Болашақ мұғалімнің оқушылардың белсенділігін дене тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру тиімділігі, төмендегі педагогикалық шарттарын сақтаған кезде қамтамасыз етіледі: 
 
1. Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағыттылығы. 
 
2. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесінің оқушылардың қозғалыс белсенділігін тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен толықтырылуы. 
 
3. Дене тәрбиесі құралдарымен балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда, қажетті білім мен шеберліктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу. 
 
4. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің құралдарын, белсенді түрлерін пайдалана отырып, балалардың жеке- психологиялық ерекшеліктерін, қозғалыс белсенділігінің деңгейін ескеріп, іскер көзқарас таныту. 
 
Зерттеу барысының 3 бөлімінде оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға арналған әдістер жүйесі қолданылды.  
 
Зерттеу барысында жүргізілген теориялық-әдіснамалық талдаулар барысында және анықтаушы эксперимент нәтижелері болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудағы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын мынадай кезеңдер бойынша жүргізуге мүмкіндік берді.  
 
1) айқындаушы кезең – анықтаушы эксперимент жұмыстарының нәтижелері сараланып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда кәсіби маңызды қасиеттері мен біліктілік сипаттамасы анықталды. 
 
2) ақпараттық-нақтылық кезең – тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарды жүргізу жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктеріне сай, зерттеліп отырған мәселелерге байланысты болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастырудың оңтайлы жолдары мен бағдарламасы жасалды.  
 
3) рефлексиялық-бағалау кезеңі – арнайы жұмыстар ұйымдастыру: «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» арнайы курс, «Педагогикалық шеберлік клубы» жұмысының жоспарларына сәйкес (Ж қосымшасы), педагогикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау педагогикалық тәжірибе барысындағы тапсырмалары арқылы дамытылды. 
 
Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңіне сәйкес, анықтаушы эксперимент барысында қол жеткізген тұжырымдарымыз бен теориялық талдауларымыз нәтижесінде болашақ педагог тұлғасының құзіреттілігі сипаттамасы, біліктілікті қалыптастыру мен принциптерін тұжырымдауға мүмкіндік туындады. 
 
Тәжірибелік - педагогикалық жұмыстың соңғы кезеңі әртүрлі формадағы жұмыстарды қамтыды.  
 
Семинар сабақтары тақырыпты жан-жақты талқылау, әңгіме-кеңес, дөңгелек үстел, диспут, КВН, интеллектуалдық жарыстар, іскерлік ойындары, дидактикалық ойындар, рефератты талқылау және тест, т.б. түрінде өткізілді. Ал тәжірибелік сабақтар негізінен дене дамуы мен дене қабілетін, дене сапаларын анықтауға байланысты өлшеу жұмыстары, тесттік бақылау мен тәжірибелік сараптау, физиологиялық анықтау карточкаларын толтыру, жеке студенттің физиологиялық, психологиялық, кәсіби даярлығы бойынша сипаттамалар дайындау, оқытушының сабағына талдау, даму күнделігін толтыру, өзара сабақ өткізу мен треннинг өткізумен сипатталады. 
 
Сонымен бірге, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызын, оның мәні мен мұғалім рөлінің құндылық сипаты жете түсіндірілді. Студенттер берілген тапсырма бойынша өздерінің және оқытушылардың педагогикалық процесті жүзеге асырудағы кәсіби іс-әрекетіне талдау жүргізді. Мұның бәрі сайып келгенде студенттердің арнайы кәсіби-педагогикалық білімін, іскерлік дағдыларын шыңдай түсті. Арнайы курс нәтижесінде мынадай компоненттерді қамтитын педагогикалық жұмыс жүйесі анықталды: 
 
- дәріс сабақтарында теориялық білімді меңгеру; 
 
- семинарда игерген теориялық білімді бекіту; 
 
- тәжірибелік сабақтарда біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; 
 
- педагогикалық тәжірибемен сабақтастыру.

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Диссертациялық зерттеу нәтижесі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: 
 
1. Зерттеу барысында оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың ғылыми - теориялық алғышарттары тұлғалық – бағдарлық, іс – әрекеттік тұрғыдан айқындалды. Теориялық әдіснамалық тарауларға сүйене отырып дене тәрбиесіндегі негізгі ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда шешуші роль атқаратындығы анықталды. 
 
2. Қазіргі қоғам дамуының қарыштап өрлеу кезеңінде философиялық көзқарастар мен психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әдістемелік еңбектерді талдау негізінде жеке тұлғаның жан–жақты дамып, жаңа қоғамға бейімделген, салауатты өмір салты негізінде дене мәдениеті қалыптасқан, білімді де білікті тұлғаға деген сұраныс арқылы зерттеу мәселесінің көкейкестілігінің бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі айқындалды. 
 
3. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау жаңа сипатта талдау жасалып, дене тәрбиесі мәнін ғылыми теориялық тұрғыдан ашуға негіз болатын «дене тәрбиесі жүйесі», «дене мәдениеті», «дене саламаттылығы», «дене мүмкіндіктері» т.б. ұғымдарын ғылыми – педагогикалық сабақтастық тұрғыда қарастырылды. 
 
4. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық негіздеріне сай тұлғалық-бағыттылықтың психологиялық, педагогикалық мәні ашылды. 
 
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға олардың дене мүмкіндіктері мен қимыл қозғалыстарын болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың мазмұндық сипаты арнайы тармақтарда берілді.  
 
6. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік жүйесі ұсынылды. 
 
7. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби-шығармашыл тұлғасын қалыптастыру моделі зерттеліп отырған өзекті мәселенің шешімін табуда маңызды болып табылады. «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» атты арнайы курсты оқыту үдерісіне енгізу оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындауда оң нәтижеге жетуге мүмкіндік берді. 
 
8. Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар нәтижелері арнайы жасалған педагогикалық – әдістемелік шаралар кешені және жаңа бағытта жүргізілген жүйелі жұмыстар болашақ мұғалімдерді дайындауда маңыздылығын көрсетті. 
 
9. Зерттеу жұмысының міндеттерінің орындалуы, ғылыми болжамның дұрыстығын айғақтап, зерттеу нәтижелерінің дәйектілігін көрсетті. 
 
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бірқатар ұсыныстар беруге мүмкіндік берді: 
 
- қоғамдағы әлеуметтік–экономикалық жаңару құрылымдарына лайықты жан–жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, бұл бағыттағы дене тәрбиесін үйлесімді, қазіргі қоғам талабына сай, жеке мүддесін қоғам мүддесімен үйлестіре алатын өрелі тұлғаны тәрбиелеуге бағыттау; 
 
- өз Отанын сүйетін белсенді, ұлтжанды азамат тәрбиелеуде дене тәрбиесі мен спорттық шараларды асыл мұралар, рухани қазыналарға, даңқты тұлғаларымыз бен мәдениетімізге, тарихи дәстүрлерге сабақтастықтағы жұмыс түрлерін таңдау; 
 
- болашақ маман жеке тұлғасын қалыптастыруда ұнамсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстап, ізгілікті сезімдерін, мәдениетті мінез–құлық сапаларын және өзінің кәсіби қызметінің қоғам игілігіне пайдалы тұсын ұғына біліп, оны болашақ ұрпақ тәрбиесіне ықпалдастыруға тәрбиелеу жұмыстарына баулу; 
 
- өзгермелі өмір жағдайында нақты, дұрыс бағытының болуы, салауаттылық өмір–сүру принциптеріне сай, педагогикалық жүйенің құрылымы, мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңа жағдайға орай тез бейімдеп, одан әрі сапалы, тиімді жолмен ұйымдастыруға, жасампаз тіршілік, өмір шеберлігі шыңына ұмтылуын қалыптастыру; 
 
- дене тәрбиесін беруде сабақта және одан тыс уақытта жеке тұлға дүниетанымын заман, қоғам талабына сай өзгертіп, оған субъект ретінде қарап, дербестігі мен шығармашылығын дамыта алатын кәсіби мамандар даярлануы керек; 
 
- дене тәрбиесін жүзеге асыруда рухани құндылықтармен сабақтастық принциптерін басшылыққа ала отырып, студенттердің оқу–зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру; 
 
- болашақ мұғалімдердің педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты оқу–әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдарын шығару; 
 
- дене тәрбиесі жүйесі бағыттары бойынша арнайы ғылыми–зерттеулер жүргізу; 
 
- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындауда «Педагогикалық ізденіс» клубын ұйымдастыру; 
 
- жоғары оқу орындары оқыту үдерісінде «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» атты арнайы курсты енгізу және тиімді пайдалану. 
 
Зертттеу мәселесі бойынша білім берудің жаңа мазмұнына сай, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіру; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясы: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастыру т.б. бағыттары арнайы зерттеуді қажет етеді.


Информация о работе Баланың физикалық дамуы