Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 20:08, реферат
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.
Қазіргі таңда
қоғамның салауаттылығы маңызды
сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді
дайындауда олардың салауатты өмір
сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін
өздері игермей тұрып, оларды білімді,
білікті маман ретінде
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан
- 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты
әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз
қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра
алмаймыз, демографиялық, экономикалық
және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз,
әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті
мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген
болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің
бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты
өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған
байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен:
Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты
мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру
жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау»
бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі
мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы
салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар
тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге
қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер
туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде
жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік
мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан
тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы
сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен
қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып
қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын
қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Болашақ мұғалімнің жеке басының маман
ретінде қалыптасуы үшін кәсіби сапасының
негізгі талаптарының бірі ретінде оның
жалпы ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше
атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде
студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту
міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің
дербестігі мен белсенділік дағдысын
тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге
артып отыр. Жоғары оқу орындарына болашақ
мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете
білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды
меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді
тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби
дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта
жоғары оқу орындарында болашақ маман
дайындаудың сапасын арттыруға ерекше
көңіл бөлінуде. Сондай-ақ тәрбиенің ықпал
жасау өрісі де орасан кеңейе түсті.
Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы
идея, озат тәжірибелер мазмұны түрлі
елдерде тарихи кезеңдерде философтар
мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына
негізделген.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің
қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін
сараласақ, олардың мынадай жағдайларға
байланысты пайда болатынын анықтауға
болады:
- дене дайындығы жетілген, денсаулығы
мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған
қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар
мен ағартушылардың жан-жақты жетілген
жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары
мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді
де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық
іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген
тұжырымдамалар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін
дамыту жөніндегі мемлекеттік сұраныстар.
Дене тәрбиесінің адам әрекетінің сан
– қилы сипатымен, өзіне тән ой-сана мен
даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен
өзара ықпалдастықта дамитын ерекшеліктері,
әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан.
Нәтижесінде дене тәрбиесі теориясы ғылым
ретінде қалыптасып, мәні мен мазмұнын
анықтауға мүмкіндік береді .
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат
қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру
кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп,
сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты
ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі
ұйымдасқан ойындар мен ойындық-қимыл
қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл
кезеңдегі ойындар мен денешынықтыру
жаттығулары қарапайым болғанымен, олардың
адамды қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы
зор болды.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен
сабақтастығы мәселесі Орта Азия және
Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше
аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға
Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар
бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар»
атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді
оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп,
мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп,
өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады.
Ол «дененің саламаттылығы»
ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде
мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді:
дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара
үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға
болатынын дәріптейді.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында
ұлттық психологиямыз бен ұлыстық ерекшеліктерімізге
тоқтала келе, «кемел адам»
ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында
мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық,
білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру,
ширақтық болу қажет дейді.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой
тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты
болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан
жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы,
«Сегіз аяқ» өлеңінде бойдағы, денедегі
күш - қуатты ойсыз, ақылсыз іс - әрекетке
жібермей, белсенді өмір сүре отырып, өзіңді
дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра
білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара
сөздер» адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар
беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми
негізге сүйенген, өмірлік жағдайлардан
алынған философиялық тұжырымдар мен
түйіндерден тұратын құнды дүние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру,
оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын
көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп
жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға
қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау,
тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық
арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады.
Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани
мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие
бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері
мен даналықтарынан іздеуді меңзейді.
Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты
мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз
жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің,
берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің,
берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда
мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын
таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б.
деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы
береді.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы
т.б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың
дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды
тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына
тоқталған.
Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне
байланысты бірқатар құжаттар, заңдар,
тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің
мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері
қайта қарастырылып, оларды түбегейлі
жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы
мақсат – ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік
тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған
қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру,
өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық
намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу,
басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың
өзара сыйластық, достық негізінде өмір
сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың
жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар
қазіргі таңда қазақ педагогикасында
тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі
болып саналады.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі
үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің
мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл
мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны
қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму
талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа,
жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің
жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін
бейнелейді; сонымен қатар субъекттің
жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға
бағытталған «болашақ жоспары» туралы
идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер
оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап
өлшемдерімен нақтыланады.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру
проблемасы зерттеліп, теориялық негізінің
жасалғанына қарамастан бүгінгі күні
ол көкейкесті және ашық мәселе болып
қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің
әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани
дамуындағы өзгерістермен байланысты.
Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық
қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан философиялық,
педагогикалық және психологиялық ғылымдардың
әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып,
мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің
жаңашыл - педагогикалық ұйымдастыру жобасын
жасау қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін
қалыптастыруға бағытталады және оның
көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық
жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін
жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік
белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек
етуге дайындық жасалады .
Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу
орны бағдарламаларын құрастыру тұжырымдамасы
өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп
оқушысы мен студенттің қайда оқитындығы
ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі
дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын
тапсыруға арналған шарттар көрсетілген.
Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының
деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен,
бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа
ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті
жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер
мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі,
жоғары оқу орындарындағы «Дене тәрбиесі»
пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды
қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген
тұжырымдамасын жасау қажеттігі туындайды.
Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі
дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып
табылады. Әрине, мәдениет теориясының
құбылыстары және олардың түрлеріне сай,
жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер,
тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу
үстінде.
Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын
анықтау үшін белсенді жұмыс атқарылып,
оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді
біреулері білім міндеттерін шешу құралы
деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды
спорттың бір түрімен дамыту және сауықтыру
деп ұсынса, төртіншілері, «ең басты мақсат
– бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында,
авторлардың бірқатары басты мақсаты
жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық
жетілдіру үдерісімен бірлестіруден деп
есептейді.
Қазіргі кезде жоғары оқу
орындарында мамандық пәндерінің әдістемесін
оқытуда педагогика мен психология
ғылымдары арасындағы өзара байланысты
күшейте отырып, білімді игеру
үшін оқушының танымдық ой-тәсілдері
мен тәрбиесі жүйесіне байланысты ұғынуын
дамыту қажеттігі айқын көрінеді. Жоғары
оқу орнын білімді игеру тәсілдерін ұсына
отырып, ойлау әрекеттері арқылы студенттердің
ұғынуына қажетті субъективті түрдегі
қабылдаудың нақты әдістерін қамтамасыз
ету қажет. Оқу бағдарламасы студенттердің
жеке тұлғалық, кәсіби дайындық, жалпы
танымын және ұстаздық еңбегіндегі кәсіби
өзгерістер мен қойылатын талаптарды
жете түсінуі керек. Педагогикалық білім
беруді дамыту – білім беру әдістері мен
тәсілдерін меңгеру, оқытумен қатар, болашақ
мұғалімнің оқушы белсенділігін дамытуды
жоспарлап, шәкірттерінің іскерлігін
қалыптастыруға дайындау. Оқу орындарында
оқу-тәрбие жұмысы теорияның тәжірибемен
байланысы принципінде құрылады. Ол студенттердің
теориялық білімдері мен тәжірибелік
іскерліктері, дағдылары жүйесінің арасындағы
қажетті байланысты білдіреді.
Осыдан жоғары оқу орындарындағы педагогикалық
тәжірибе ерекше, ал ол болашақ мұғалімдерді
дайындау уақытының үштен бір бөлігін
алады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде
педагогикалық тәжірибені жетілдіру мәселелері
көрсетілген. Педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттерді саралау арқылы педагогикалық
практиканың мүмкіндіктерін, ұйымдастырудың
өзекті әдістеріне талдау жасалынды. Педагогикалық
тәжірибе болашақ мұғалімдерге тәрбиелік
әсері аса зор, ол студенттің идеялық сенімін,
адамгершілік бейнесін қалыптастырады.
Студенттер педагогикалық тәжірибеге
дейін ғылыми - педагогикалық нақты білімдер
алады. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық
даярлықтар жүйесін жетілдірудің міндеттері,
олардың теориялық білімдерімен қаруландыру
ғана емес, олардың алған білімдерін мектепте,
педагогикалық тәжірибе кезінде қолдана
алуы. Педагогикалық тәжірибе болашақ
мұғалімдер мен сынып жетекшілерін дайындаудың
басты кезеңі. Олардың мұғалімдік және
сынып жетекшілік қызметтерін орындай
отырып, алған білімдерін сабақтарда,
сыныптан тыс жұмыстарда және ата-аналар
арасында насихаттауға толық мүмкіндіктері
бар. Студенттердің теориялық алған білімдерін
педагогикалық тәжірибе кезінде шығармашылықпен
қолдануы бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби
толысуына әсері зор.
Студенттердің дене тәрбиесі бойынша
теориялық білімдерінің, іскерліктері
мен дағдыларының терең, жүйелі және әсерлі
болуы олардың педагогикалық даярлықтарының
басты көрсеткіші. Болашақ мұғалімдердің
сабақ беруге даярлық көрсеткіштері олардың
білімдерінің нақты, терең, жүйелі болуы,
сол білімдер арқылы оқушыларды жаттықтыру
іскерліктерімен және дағдыларымен қарулануы
деп түсіну керек. Педагогикалық тәжірибе
кезінде істелген студенттердің жұмыстары
курстық және дипломдық жұмыстарда кеңінен
пайдаланылса тиімді. Дене тәрбиесі мамандығындағы
студенттер тәжірибелік дене тәрбие сабақтарында
әртүрлі жаттығуларды пайдаланып, қызықты
сабақтар өткізуді және пән бойынша сыныптан
тыс жұмыстардың, үйірмелердің жұмыс формаларын
анықтап, олардың тақырыптарын жоспарлары
мен мазмұндарын жасайды.
Ғылыми прогресс өркен жайған қазіргі
жағдайда жоғары оқу орындарында мектеп
үшін оқу тәрбие жұмыстарын шығармашылықпен
жүргізе алатын мұғалім - тәрбиешілер
дайындаудың теориялық деңгейін көтерудің
маңызы ерекше. Үнемі көбейетін ақпараттар
тасқыны жағдайында жастарды жан-жақты
дамыту мұғалімнің өзінің ғылыми теориялық
білімін күнделікті көтеруді талап етеді.
Қазіргі мектепке өз пәні бойынша сабақты
тартымды өткізуімен қатар, оқушыларды
ғылым мен техниканың жетістіктерімен
қызықтыра алатын мұғалім қажет. Соған
байланысты жоғары оқу орнының студенттері
бойында өздерінің болашақ қызметіне
зерттеуші ретінде қарауға деген ұмтылысты
қалыптастырудың ерекше маңызы бар. Бұл
міндетті үйірме мен курс жұмыстарына,
студенттердің ғылыми конференцияларына
қатысу арқылы, әсіресе, педагогикалық
тәжірибесінде нәтижелі шешуге болады.
Бұлар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына
араласып, өз бетімен жұмыс істеуге, дағдылануына
мүмкіндік береді. Ал мұның одан кейінгі
педагогтік қызметте ерекше маңызы бар.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы
студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары
олардың болашақ қызметіне байланысты
және пайдасы зор. Мектеп тәжрибесі кезіндегі
ғылыми - зерттеу жұмысында қалыптасқан
белгілі бір жүйенің болуы студенттің
оқу тәрбие қызметіндегі белсенділігінің
арта түсуіне педагогикалық тәжірибенің
тиімді өтуіне игі ықпалын тигізеді. Осыны
ескеріп, студенттерді ғылыми-зерттеу
жұмысына қатыстыруды алдымызға міндет
етіп қойып, онда мынадай мақсаттарға
жету көзделеді:
1. Студенттерді оқуға, сабақ беру мен тәрбие
жұмыстарын жүргізуге қызықтыру.
2. Болашақ мұғалімдерді өз бетінше жұмыс
істеуге дағдыландыру.
3. Студент - практиканттардың ғылыми -
зерттеу жұмыстарына қабілеттілігі мен
икемділігін арттыру.
4. Алған білімдерін тұрмыста шығармашылықпен
қолдана білуге үйрету.
5. Студенттерді ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен
жұмыс істеуге үйрету, курстық және дипломдық
жұмыстарын орындауға дайындау.
6. Студент - практиканттардың ғылыми -
зерттеу жұмысын мектептегі сыныптан
тыс тәрбие жұмысымен байланыстыру.
Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесі
мен құрылымы, білім берудің мазмұны, оқыту
әдістері мен тәсілдері, әсіресе дене
тәрбиесі мамандарын дайындауда жаңашылдық
көзқарас, соны ізденістер мен зерттеулерді
талап етуі қарастырылып отырған мәселенің
өзектілігін айғақтап берді. Зерттеу жұмысының
нәтижесі көрсеткендей, Республикада
жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуында
мұғалім кадрларын дайындау кеңестік
жүйе кезінде қалыптасқан тәжірибенің
аумағында жүргізіліп келді.
Соңғы кезде жоғары білімді реформалауда
біршама шаралар қолға алынуда. Педагогикалық
қызмет іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты
пәндік мазмұнмен анықталады, оған мотивация,
мақсат, пәні, тәсілдер нәтиже жатады.
Педагогикалық іс-әрекет пән ретінде,
дамудың шарты мен негізі ретінде, оқытушылардың
пәндік, әлеуметтік, мәдени тәжірибені
игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің
ұйымдастырылуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік
рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы
кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге
осы саладағы білім негізінің жүйесін
құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесі теориясы
мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық
ойлау жүйесінің дамуының басты шарты.
Әртүрлі деңгейлерде дене тәрбиесі мәселелерін
шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып
жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір
теориялық және іс-тәжірибелік жаңалыққа
сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі
міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми
пәндердің атқарар рөлін дұрыс бағалауға,
өзінің педагогикалық шығармашылық негізін
жасауда дене тәрбиесі мәселесі бойынша
жүргізілген зерттеудің маңызы зор.
Зерттеу жұмысында дене тәрбиесі білімінің
маңыздылығымен анықталатын, жалпы орта
білім берудегі және жоғары мектепте мұғалімдерді
дайындауда дене тәрбиесі білімінің рөлі
мен үлесін, онымен қоса орта мектепте
дене тәрбиесін берудің жаңа мақсаттарын
және дене тәрбиесінің мазмұндық меңгерудің
объективті қиындықтарын ескере отырып,
дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындауды
жеке мәселе ретінде тек тәжірибелік қана
емес, теориялық тұрғыдан да талданып
отыр. Түрлі әдебиеттерге жасалған теориялық
талдаулар дене тәрбиесін жүзеге асыруға
болашақ мұғалімдерді дайындаудағы негізгі
ұғымдарды анықтап, оларға берілген анықтамаларды
нақтылап, жаңа түсініктер мен ұғымдардың
пайда болуына негіз болды.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімін дайындау
жүйесін және оны психлогиялық-педагогикалық
білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты
ретінде дене тәрбиесі үрдісін жүзеге
асырудың және түрлендірудің жолдарын
түсіндіретін және көрсететін білім жүйесін
қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесін жүзеге асыруды сабақтастыру,
біздің көзқарасымыз бойынша, дене тәрбиесі
әдістемесін студенттерге үйрету жүзеге
асырылуы тиіс. Бұл дене тәрбиесі мазмұны
бойынша білім беруді жүзеге асыруда дұрыс
меңгеруге ықпал жасайтын дене тәрбиесі
әдістері мен технологияларына, оларды
логикалық түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне
ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін көрсетеді.
Оқытушы нақты оқыту ақпаратын беруші,
оны студенттердің меңгеруін ұйымдастырушы
және соның нәтжесін бағалаушы позициясын
ұстаушы адам ретінде болмауы керек, қайта
студентке көмектесетін, өзінің білім
беру қызметінің субъектісі болу керек.
Ол үшін оқытушы талдауға тиісті бағдарламаны
меңгерудегі және бағдарламаны оқуда
студенттердің өздері қабылдауына кеңесші,
сарапшы болуы тиіс. Оқытушының жаңа ұстанымы
үнемі студенттермен бірге кішігірім
зерттеулер орындау, студенттік топтармен
бірге оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі
формаларын бірге шығармашылық тұрғыда
іздестіру жаңашылдық бағытта кәсіби
біліктілігін жетілдіріп отыру өзекті
сипат береді деген тұжырым жасаймыз.
М.Я. Виленский пікірі бойынша, оқушылардың
жеке тұлғалық дене мәдениеті – бұл жеке
тұлғаның физикалық дамуы мен білімінің
деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін
түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық
іс-әрекетінің әр түрлі формалары мен
жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын
сапалық, жүйелілік, динамикалық білім.
Оның құрылымы өзара байланысты үш бірліктен
тұрады.:
- құндылық бірлік - жеке
тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын,
қызығушылығын білдіреді;
- нақты қызметтік
бірлік - жеке тұлғаның денсаулығын,
қозғалу қабілеті мен дағдысын анықтайтын
физикалық мінсіздік болып табылады;
- тәжірибелік - іс-әрекеттік
бірлік, дене тәрбиесі-спорттық белсенділік
өрісінен кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық,
нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).
Оқушылардың құндылық бағытын қалыптастыру
үдерісінің тетігін сызба түрінде төмендегідей
етіп көрсетуге болады. Жеке тұлға қабылдайтын
(сабақта, сабақтан және мектептен тыс
іс-әрекеттерде) құндылық бағыттары сананың
ерекше арналары арқылы өтіп, «маңызды»
немесе «жеке тұлғалық мән» деңгейімен
топтастырылады. Одан әрі оқушылардың
нақты өмірі мен тәжірибесі жағдайында
шыңдалады, олар бекітілген және бекітілмеген,
өз іс-әрекеттері мен тәртіптерінің шын
мәнінде басқара алатыны және санада сақталып,
мұғалім, ұжым, жанұя талап еткен жағдайда
ғана көрінетін дағдылар болып бөлінеді.
Құндылық бағыттары жеке іс-тәжірибеден
өтіп, жеке тұлғаның шынайы мінез-құлық
құндылығына айналған жағдайда, қалыптасу
үдерісін аяқталды деп есептеуге болады.
Дене мүмкіндігі мектеп оқушысының жеке
тұлғалық дене мәдениетінің маңызды құндылығы
және оған қажет қасиет ретінде жеке тұлғаның
дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекеттерде
жан-жақты толық дамуға ұмтылуын сипаттайтын,
жеке дене қабілеттерін ашуға жағдай туғызатын
қозғалысты жай-күйін анықтайды, оны жетілдіру
үдерісі – көбінесе жеке тұлғаның өзіндік
белсенділігімен байланысты, жеңілден
қиынға дейін қозғалу тәжірибесімен сипатталады.
Мектеп оқушыларында физикалық жетілдіру
мен өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыру
оқу-тәрбие үдерісінде дене тәрбие пәні
бойынша шешуші мән болып есептеледі.
Ең алдымен, мектеп оқушыларының жеке
тұлғалық дене мәдениетін қалыптастыру
тұжырымдамасын жүзеге асырмас бұрын,
жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының
дене тәрбиесі пәнінің қазіргі жағдайын
талдап алу қажет. Мамандардың дене тәрбиесі
жөніндегі байқауларды, зерттеулерді
және іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыта
талдауы мектеп оқушыларының дене дамуы
мен даярлығының қазіргі жағдайын шынайы
бағалауға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта мектептерде денсаулық
көрсеткіші мен дене тәрбиесін ұйымдастыру
және балалардаң жалпы қозғалыс белсенділігінің
деңгейі арасындағы байланыс айқын көрінеді.
1-сыныпқа балалардың 10%-ы ғана дені сау
болып келеді. Оқу жылдары ішінде мектеп
оқушыларының түрлі аурулармен ауыру
мөлшері 5 есеге өседі.
Егер дене мәдениетіндегі құндылық бағыттары
жеке тұлғаның өмірлік жоспарымен байланысты
болса, қалыптасу үдерісі тез жүреді.
Оқушылардың денсаулық жағдайы төмендегідей
деректерді келтіреді: әр түрлі жастағы
мектеп оқушысының 70%-ның тірек қозғалыс
мүшелерінің қызметі бұзылған.
Сонымен қатар, талдау барысы
көрсеткендей, дене тәрбиесі пәнінің
маңызды бірліктерінің бірқатары ескерілмейді.
Мұндай бірліктердің қатарына дене тәрбиесінің
теориясы мен әдістемесі, жеке гигиена,
қозғалыс іс-әрекетінің психологиясы
мен физиологиясы, дене тәрбиесі сабағына
белсенділікті қалыптастыру, оған ынталандыру,
оқушылардың жеке тұлғалық көрсеткіштері
туралы білімнің қолданылмауы толымсыз
жағдайда. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер
дене тәрбиесі үдерісін басқарудың негізгі
құралдары тобына жататындықтан өте маңызды.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы
білімін, қабілетін, дағдысын қалыптастыруға
ықпал ететін, педагог құзырында бар ықпалдар
арсеналы болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп
алу маңызды міндет болып табылады. Дене
тәрбиесін басқару қымтаулы жабық ортада
емес, құндылық бағыттары, мінез-құлық
стреотиптері, әр түрлі іс-әрекетке белсенділігі
қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді.
Сондықтан педагог осы құндылықтарды
білуі тиіс.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқушылардың
дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға
дайындау мәселесі бойынша жүргізілген
зерттеулеріміз “Оқушылардың дене тәрбиесі
жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің
дайындық моделін» жасауға мүмкіндік
берді .
Модельдің мазмұнын мотивтік, мазмұндық,
процессуалды-іс-әрекеттік, рефлексиялық
бақылау бірліктері құрайды.
Мотивтік компонент
– дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру
қажеттілігін сезінуі, педагогикалық
іс-әрекетке тұрақты бағдарының болуы,
оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс
қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге
деген қызығушылығы, дене тәрбиесі жүйесі
туралы өз бетінше білімін көтеруге деген
ұмтылысы.
Мазмұндық компонент
– оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін
жүзеге асыру туралы ілімі, оқушылардың
дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл
ерекшеліктерін білуі, оқушылармен дене
тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы
әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық,
кәсіби құзіреттілік.
Процессуальды-іс-әрекеттік
компоненттер – дене тәрбиесі жүйесін
жүзеге асыруда педагогикалық жағдаяттарды
шешу, оқушылармен мектепте, сыныптан
тыс жұмыстарда, мектептен тыс жұмыстардағы
дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктерін
меңгеруі. Оқушылардың дене мүмкіндіктері
мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып,
дене тәрбиесіндегі жаңаша әдіс-тәсілдерді
қолдана алуы.
Рефлексиялық –
бағалау компоненті – педагогикалық
рефлексияны меңгеру, дене тәрбиесі жүйесін
педагогикалық талдауы, шығармашылық
ізденімпаздық, дене тәрбиесінде дене
мүмкіндіктерін талдау білімділігі, дене
тәрбиесі жүйесі туралы білімі мен біліктілігін
жетілдіруге ұмтылуы.
Көрсетілген модель негізінде зерттеліп
отырған мәселеге байланысты болашақ
мұғалімдердің даярлығын қалыптастырудың
жоғары, орташа, төмен деңгейлерін анықтауға
мүмкіндік берді.
Жоғары деңгей: дене тәрбиесі теориясы мен
әдістемесі жөніндегі білім мазмұны бойынша
меңгерген білімі айтарлықтай терең; өз
жеке басының белсенділігімен ерекшеленеді;
білімін жетілдіруге ынталы; дене мүмкіндігі
мен рухани жан-дүниесінің біртұтас жүйе
екендігін сезіне біледі; дене жаттығуларының,
қозғалыс қимылдарының т.б. дамыту, білімдік,
сауықтыру міндеттерін шығармашылық тұрғыда
қабілетті. Даярлықтың жоғары деңгейінің
қалыптасуы, болашақ мұғалімдердің кәсіби
қызметінің оқушыларға бағытталуымен
сипатталады, олардың сабақ кезінде және
сабақтан тыс уақытта оқушыларды дене
тәрбиесін жүзеге асыру құралдарын пайдаланып,
жұмыс істеудегі шығармашылыққа және
өзін - өзі жетілдіруге деген тұрақты ынтасы
мен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Бұл
деңгейдегі студенттердің білімдері толыққандылығымен,
жүйелілігімен ерекшеленеді, олар бар
білімдерін нақтылы іс жүзіндегі жағдаят
пен оңай байланыстыра алады.
Орташа деңгей:
дене тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелерді,
педагогикалық жағдаяттарды, тәрбиелік
шараларды көңіл-күй тұрғыда дұрыс қабылдай
алады; оларға деген қызығушылығы бар,
бірақ оның оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудағы
мәніне терең мән бермейді; дене тәрбиесі
міндеттерінің әлеуметтік, педагогикалық
құбылыс ретінде жете түсінбейді; білімін
жетілдіруде қадағалауды, көмекті талап
етеді, оның қажеттігін сезінеді. Орташа
деңгейдегі студенттер сабақта және сабақтан
тыс уақытта дене тәрбиесін жүзеге асыру
жұмыстарын ұйымдастыруға ішінара қалыптасқан
даярлығымен ерекшеленеді. Олар мұғалімнің
кәсібіне оң қарайды, бірақ таңдауы дене
шынықтыру жұмысымен емес, көбінесе өзінің
спорттық қызметін жетілдіру мақсаты
мен байланысты. Бұл деңгейдегі студенттердің
білімі толымсыз.Бүтіндей алғанда, білімдері
жеткілікті түрде берік әрі жүйелі емес.
Олардың іс - әрекеттері толық көлемінде
тұжырымдалмаған, психологиялық – педагогикалық
заңдылықтармен жеткілікті байланыстырылмаған,
мәні мен мазмұнына сәйкес келмей жатады.
Төмен деңгей:
мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруға қызығушылығы болғанымен, бұл
бағыттағы жұмыстарға ат салыспайды; дене
тәрбиесі бағыттарының мәніне түсінеді,
бірақ ынтасы жоқ; мазмұндық-танымдық,
рефлексиялық-бағалау, шығармашылық бірліктерін
меңгермеген. Бұл деңгейге даярлықтың
барлық компоненттері құралмаған, не тек
біреуі байқалатын іс-әрекеттегі студенттерді
жатқызамыз. Дене тәрбиесі жүйесі туралы
түсініктері терең емес, әрі толымсыз.
Икемділіктері әлсіз дамыған. Бұл деңгей
студенттердің дене тәрбиесі жүйесін
жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға
даярлығы төмен екендігін сипаттайды.
Диссертацияның алғашқы бөлімдерінде
осылайша теориялық - әдіснамалық алғышарттар,
кейіннен теориялық негіздері арнайы
модель жасап, оның өлшемдері мен деңгейлерін
көрсетумен нақтыланды.
Зерттеуде алынған нәтижелер төмендегідей
міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- әдістемелік-нұсқаулық білім негіздерін
сапалы түрде меңгерту;
- тәжірибелік-әдістемелік даярлық жүргізу;
- өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру
әдістерін меңгерту;
- дене тәрбиесін жетілдіру мен спортқа
қызығушылық пен сұранысты күнделікті
өмірге белсенді енгізу арқылы дене тәрбиесі
саласындағы «міндеттеу» жүйесінен жалпыға
бірдей «еріктілік» жүйесіне көшу.
Оқушыларға берілетін
әдістемелік–нұсқаулық білім
Әдістемелік-нұсқаулық сабақтар оқушылардың
әдістемелік бағыттағы өз білімдерін
кеңейтіп (мысалы, арнайы әдебиеттерді
оқып-үйрену), өзіндік жоспары бойынша
жүйелі жұмыс жүргізгенде өз нәтижесін
береді.
Тәжірибелік-әдістемелік даярлыққа төмендегідей
жүйелі тәжірибелік тапсырмалар кешенін
орындаған жағдайда қол жеткізуге болады:
- таңертеңгі гигиеналық жаттығулар жүйесін
жасақтау және жүргізу;
- күн бойына жүргізілетін жаттығулар
жүйесін құру;
- сергіту жаттығулары мен қозғалмалы
ойындарды ұйымдастыру және өткізу;
- қозғалыс дағдысын қалыптастыру, арнайы
дене қабілеттерін жетілдіру жаттығуларын
жүргізу;
- бұқаралық сауықтыру спорттық шараларына
қатысу;
- спорттық сайыстарға қатысу және төрелік
ету.
Оқушылардың дене тәрбиесін
дамыту жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеу
мен өзін-өзі жетілдіру
- өзін-өзі жетілдіру үдерісінің жеке мүдделік
ерекшеліктерін нақтылау;
- оқушының дене тәрбиесі қызметі бойынша
қызығушылығы мен сұранысын есепке алу,
сұранысты қанағаттандыру жолдарын қарастыру;
- әр оқу сабағында оқушының өзіндік жұмысын
ұйымдастыруға қажетті ақпаратты таңдап
алу;
- дене жаттығулары барысында кездескен
қиындықтармен жүйелі күрес жүргізу, тұлғаның
жағымды қасиеттерін, ерігі мен жігерін
дамыту;
- дене тәрбиесі арқылы өз мінезін шыңдау,
өмірде кездескен қиындықтардың шешімін
таба білуге дағдылану;
- тіршілік сақтау, психология, анатомия,
дене тәрбиесі, физиология саласы бойынша
білімдерін тереңдету.
Сонымен, теориялық және әдістемелік-нұсқаулық
білім, білік, дағдыны және өзін-өзі жетілдіру
мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін меңгермейінше,
оқушының дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыру мүмкін емес.
Білім сапасына өзіндік бақылау жүргізу
үшін меңгерудің үш деңгейін білу қажет:
І деңгей. Оқу материалын саналы түрде
ұғыну, мазмұнын есте сақтау.
ІІ деңгейі. Педагог көрсеткен үлгі бойынша
меңгерілген білімді тәжірибеде қолдана
білу білігі.
ІІІ деңгей. Өзгермелі жағдайға сәйкес,
білім мазмұнын өз бетінше өзгерте алу
және өз бетінше іздене білу қабілеті.
Теориялық білім мазмұны өз бетінше меңгеру
қабілеті дене тәрбиесі жаттығуларын
«Өзімді өзім жаттықтырамын» тұжырымдамасына
сәйкес тиімді ұйымдастыруға, жүйелі жетілдіруге
бағытталды.
Өзін-өзі жетілдірудің мұндай тәсілі тәжірбиеде
оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері
мен өз ағзасының мүмкіндігін танып-білуіне
жол ашады, белсенді және мақсатты түрде
өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру үдерісі
дене жаттығуларының жекелеген сабақтарын
жүйелі түрде өткізу жолымен жүзеге асады.
Салыстырмалы түрде алғанда, осы процесстің
аяқталған бөлімі, кезекті және дербес
буыны бола отырып, әрбір жаттығу осы сипатта
алдыңғы және келесі буындармен байланысты
болуы, әрі дене тәрбиесі міндеттерінің
шешілуіне белгілі бір үлесін қосуы тиіс.
Бұл тек оларды міндеттер жүйесіне сәйкес
жүргізгенде және мазмұны мен түрі жағынан
мұқият ұйымдастырған кезде ғана мүмкін
болмақ.
Бұл сабақтың түрлері өз бетінше спорттық
шаралар мен оның ішінде отбасылық, аула
клубтарындағы дене тәрбиесі сабақтарымен
толықтырылып отырады. Олар: таңертеңгі
гимнастикалық жаттығу, шынығу, спорттық
және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі
бойынша үй тапсырмасын орындау, демалыс
кезеңдерінде ұйымдастырылатын туристік
саяхаттар, «Әкем, анам және мен» сипатындағы
жанұялық спорттық сайыстар т.б.
Дене тәрбиесінің сан түрлі әдістері олардың
оқушы дамуына әсері мен оқу күні бойынша
жаттығулар көлемін толықтырады деген
пікір қалыптасқан. Дене тәрбиесі түрлерін
жетілдіру маңызды, дегенмен мәселенің
екінші жағы- оқушылардың кешенді дене
тәрбиесін толық, әрі жан-жақты ұйымдастырмаған
жағдайда дене тәрбиесі міндеттерін сапалы
орындау мүмкін емес. Себебі жоғарыда
аталған жұмыс түрлерінің әрқайсысы арнайы
мақсатты көздейді, жекеленген міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес өзара байланысты мына төрт
қағиданы ұстандық:
Біріншіден,
кез-келген жұмыс түрі кешенді дене тәрбиесі
үдерісіне өзіндік әсері бар.
Екіншіден , дене
тәрбиесін ұйымдастырудың бір түрін екінші
тәсілмен толығымен алмастыру мүмкін
емес.
Үшіншіден, дене
тәрбиесін ұйымдастыру түрлерін кешенді
түрде жүргізген жағдайда оқушылардың
дене тәрбиесі міндеттерін толық шешуге
болады.