Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 23:04, реферат

Краткое описание

Біздің қоғам — мемлекеттік өмірге еңбекшілер барған сайын белсенді қатысатын шынайы демократиялық қоғам. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге,
мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға құқығы бар [1].

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат админ.docx

— 33.50 Кб (Скачать документ)

Кейбір органдардың өкілеттіктері  мемлекеттін бірнеше салаларына таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, ІІМ, ҮҚҚ және басқа да министрліктер  мен ведомстволарда да денсаулык  сақтау мекемелері мен органдары  бар. Олар арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының құрамына кіреді, сонымен бірге Денсаулык  сақтау ісі жөніндегі агенттіктің  емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі  нұсқаулары мен өкімдерін орындап  отырады.

  Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын үйымдастыру мен қызмет аткаруының тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоксандағы Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конститупиялық зан күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13 наурыздағы №321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті) туралы Үлгі Ережемен және әрбір министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.

  Сонымен, Қазакстан Республикасында ұйымдык-құкықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:

1) Қазақстан Республикасының  министрліктері;

2) Қазақстан Республикасының агенттіктері;

3) Қазақстан Республикасы  министрліктерінің кұрылымдык бөлімшелері болып табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және баскармалар.

Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрактанған үш буынды құрылымдары  бар: басшылар, функционалдык бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.

1. Қазақстан Республикасының  министрлігі мемлекеттік басқаруды  тиісті саласына (аясына) басшылык  жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде- салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканын орталык аткарушы органы больш табылады.

Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша  Республика Президенті құрады, қайта  құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінін ұсынуы бойынша Республика Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің жұмысына басшылык жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына  һәм оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.

  Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.

  Министрлікте министрдің орынбасарларының (вице-министрлердің), сондай-ак министрліктің басқа басшы кызметкерлерінің құрамында министр басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық кеңесші орган кұрылады. Алканың сандык құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын Министр бекітеді. Алқаның шешімі министрдің бұйрығымен ресімделеді.

Министрлік өз құзыретінің  мәселелері бойынша зандарда белгіленген  тәртішіен Қазақстан Республикасының  барлық аумағында міндетті күші бар  бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

  Министрлік өзінің ұйымдық-құқықтық мәртебесі бойынша занды тұлға болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес органы ретінде мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ зандарға сәйкес банкілерде есеп-шоттары болады.

  Министрліктің кызметін қаржыландыру тек кана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

  Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және біріне-бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірак олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп кызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу және т.б жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.

  2. Қазақстан Республикасының агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталык атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, кайта ұйымдастырады және таратады.

  Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.

  Агенттіктердің және баска Үкімет құрамына кірмейтін орталык атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады.

  Агенттіктің құрылымын оның басшысы — төраға бекітеді. Әдетте, оның кұрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.

  Агенттік төрағасының жаңынан  кеңесші орган - алқа құрылады. Оның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттітің құқықтық актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.

  Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.

  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі агенттіктер, Бағалы кағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемкорлықка қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұл комиссиянын төрайымы әрі Қазақстан Республикасының министрі) Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынады.

  4. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады.

Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен республика Үкіметі құрады, кайта ұйымдастырады және таратады. Ведомство Республиканың орталық атқарушы кұзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-кадағалау міндеттерін, сондай-ак салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік баскарудың ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асырады. Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі ведомствоның басшысын кызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ведомствоның құрылымын, құзыретін және баска мемлекеттік органдармен өзара іс-кимылының тәртібін Үкімет белгілейді [2,24бап].

 

 ҚОЛДАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.

2.  «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы » Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заңы http://adilet.zan.kz

3. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы http://www.akorda.kz


Информация о работе Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы