Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 23:04, реферат

Краткое описание

Біздің қоғам — мемлекеттік өмірге еңбекшілер барған сайын белсенді қатысатын шынайы демократиялық қоғам. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге,
мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға құқығы бар [1].

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат админ.docx

— 33.50 Кб (Скачать документ)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық Университеті

Заң факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Ыбырайым А,ҚҚ-23 тобы.

Қабылдаған: Алтынбасов Б.Ө

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013жыл

АТҚАРУШЫ БИЛІК  ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

 Біздің қоғам — мемлекеттік өмірге еңбекшілер барған сайын белсенді қатысатын шынайы демократиялық қоғам. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге,  
мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға құқығы бар [1].

  Мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабында айқын көрініс тапқан. Қоғамдық ұйымдар сан алуан, олар не бұқаралық ұйымдар (саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіподак, шығармашылык одақтар, діни және азаматтардың басқа да бірлестіктері), не өз бетімен болатын сипатта (соғыс ардагерлерінің кеңестері, ғылыми-техникалық кеңестер және т.б.) көрінеді.Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік биліктік өкілеттікке ие емес. Олардың шешімдері ұйым мүшелері үшін ғана міндетті. Бірақ олар өз ұсыныстарымен басқару органдарына жүгінуге, мемлекеттік басқару органдарының шараларын талқылап, өмірге кіргізуге қатысуға, шаралардың орындалуына қоғамдық бақылау жасауға құқылы. Осылардың барлығына қоғамдық ұйымдардың басқару органдарының қызметіне тигізетін ықпалды көрінісі болып табылады. Сонымен бірге қоғамдык ұйымдар мемлекеттік органдардың әкімшілік-құқыктық сипаттағы актілерін шығарады. Мысалы, кәсіподақтар өз мүшелерінің еңбек, басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын қорғап жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әкімшілік-кұқықтык нормалар қабылдауы мүмкін. Кейбір жағдайларда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне тікелей араласады. Мысалы, әскери комиссариаттардың шақыру комиссиясына қатысады.

  Қоғамдық ұйымдардың құқықтық өкілеттігінің жиынтығы олардың әкімшілік-кұқықтық маңызды субъектілері екенін дәлелдейді. Азаматтардың құқықтық мәртебесі, яғни мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретіндегі құқықтарының, демократиялық міндеттерінің, сондай-ақ бостандықтарының кең ауқымы Конституцияда баянды етілген. Атап көрсетілгеніндей, Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялап қана қоймайды, оларға кепілдік береді. Азаматтардың құқықтары мемлекеттік басқару органдарының қызметімен (мемлекеттік істерді) басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға олардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныс жасау немесе жұмыстағы кемшіліктерді сынау құқықтары, мемлекетгік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым жасау құқығы және т.б. тығыз байланыста болады.

  Әкімшілік-құқықтық қабілеттілік дегеніміз — адамның туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін күші бар субъективтік құқықтарының кепілдігіне тұжырымдалады. Өз құқықтарын пайдалана және міндеттерін орындай отырып, азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушысы болуға кұқылы. Азаматтар мемлекеттік басқаруға басқару аппараттарының қызметіне бақылау жасау арқылы араласады.

  Қазіргі кезендегі әкімшілік құкықтың негізгі проблемаларьңың бірі — өкіметтін орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-кимыл жасаудың жаңа қатынастарын кұру проблемасы болып отыр.

  Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудін түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына «Қазакстан — 2030» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған [3].

  Қазакстан Республикасының Үкіметі — Қазакстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында  бектілген [1,64бап].

  Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен кызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Казақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді [1,64-бап].

   Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады.Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды.Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады.Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады. Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады [2,10- бап].

  ҚР Үңкіметін Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.

  Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің кұрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне   ұсыныс енгізеді[1,65бап].

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

  Қазақстан Үкіметі – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер- министрі, оның орынбасарлары , министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

  Республика Үкіметінің мүшесі Казақстан халкына және Президентіне Казақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық занда белгіленген мазмұнда ант береді.

  Үкіметтің негізгі конституциялык өкілеттіктеріне:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  саясатының, онын қорғаныс кабілетінің,  қауіпсіздігінің, коғамдық тәртіпті  қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын  әзірлеу және олардың жүзеге  асырылуын ұйымдастыру;

2) Парламентке республикалық  бюджетті және оның аткарылуы  туралы есепті ұсыну, бюджеттің  атқарылуын қамтамасыз ету;

3) Мәжіліске заң жобаларын  еңгізу және заңдардың орындалуын  қамтамасыз ету;

4) Мемлекеттік меншікті  баскаруды ұйымдастыру;

5) Республиканың сыртқы  саясатын жүргізу жөнінде шаралар  әзірлеу;

6) министрліктердің, мемлекеттік  комитеттердің, өзге де орталық  және жергілікті атқарушы органдардың  қызметіне басшылык жасау;

7) Республиканың министрліктері, өзге де орталық аткарушы органдары  актілерінің қолданылуын толық  не бір бөлігінде жою немесе  тоқтата тұру;

8) Үкімет құрамына кірмейтін  орталық аткарушы органдардың  басшыларын қызметін тағайындап, қызметтен босату;

9) Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитетінің төрт мүшесін  бес жыл мерзімге қызметке  тағайындау;

10) Конституциямен, зандармен  және Президент актілерімен жүктелген  өзге де қызметтерді орындау жатады[1,66 бап].

  Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасынын Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.

  Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi; Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге қол қояды;  Республика Президентiне:Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; министрліктерді,Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi; Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;  Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады; үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады; үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты функцияларды  орындайды[2,19бап].

  Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкімет туралы Конституциялық занда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім кабыддайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардын жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.

Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын кұқыктык нысандарына  Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында міңдетті күші бар Үкіметтің  қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жатады. Бұл каулылар мен  өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне кайшы  келмеуге тиіс.

 Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-кимыл жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілетгігін доғарады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында (70-бап) және Казақстан  Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңда Республика Үкіметінің, оның мүшелерінің өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.

Егер Үкімет және оның кез  келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді  одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы.

Конституцияда (53-б., 7-тармақ., 61-б., 7-тармақ) көзделген жағдайларда  Парламент Үкіметке сенімсіздік  білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде карайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің  не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің кабылдауы  немесе оны кызметінен босатуы бүкіл  Үкіметтің өкілеттігі токталғанын  білдіреді.

Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің  өкілеттігін тоқтату туралы шешім  кабылдауға және оның кез келген мүшесін  кызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін  немесе оны жүргізбей отырған  Үкімет мүшелері атқарып отырған  қызметінен босатылуы тиіс.

Министрліктердің және өзге де орталык атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:

1) тиісті мемлекеттік  органдарға басшылықты жүзеге  асырады;

2) өз құзыреті шегінде  шешімдер қабылдауға дербес болады;

3) Республика Премьер-Министрінің  алдында өздеріне бағьнышты мемлекеттік  органдардың жұмысы үшін дербес  жауап береді;

4) тиісті мемлекеттік  органдардың қарауыңдағы мемлекеттік  баскару саласындағы (аясындағы)  істің жайына және заңдардың,  Қазакстан Республикасының Президенті  мен Үкіметі актілерінің орындалуын  қамтамасыз ету үшін жауап  береді.      Республика Конституциясының 37-бабының 6-тармақшасыңда көзделген ретте, яғни өз кызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді. 

 

АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ОРТАЛЫҚ  ОРГАҢДАРЫ

  Атқарушы биліктің орталық (республикалық) органдарын олардьң қызметінің сипатына карай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және кадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.

Қазіргі кезде төмеңдегі  салалар бойынша республиканың  орталық атқарушы органдары бар:

а) экономика салалары бойынша: Экономика; Мемлекетгік кіріс; Қаржы; Ауыл Шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және сауда; Табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны корғау министрліктері; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті колдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвестициялау жөніндегі; Стратегиялық жоспарлау жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі; Статистика жөніндегі агенттіктер; Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;

ә) әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет, ақпарат және қоғамдык келісім; Білім және ғылым; Еңбек  жөне халыкты әлеуметтік қорғау министрліктері; Денсаулық сақтау ісі жөніндегі; Туризм және спорт жөніндегі; Көші-қон  және демография жөніндегі агенттіктер; Отбасы және әйелдер істері жөніндегі  ұлттық комиссия;

б) әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер, Қорғаныс; Ішкі істер; Әділет министрліктері; Төтенше  жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік  кызмет істері жөніндегі; Мемлекеттік  құпияларды қорғау жөніндегі; Нашақорлыкка және есірткі бизнесіне қарсы  күрес жөніндегі агенттіктер; Ұлттык қауіпсіздік комитет; Сыбайлас жемқорлыққа  карсы күрес жөніндегі мемлекеттік  комиссия.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің  құрамында Үкімет құратын ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия  және сауда министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері; Табиғи ресурстар және аиналадағы ортаны корғау министрлігінде; Орман, балық  және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.      

Информация о работе Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы