Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:
Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері,сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері...............................................7
1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.................................14
2 тарау. Міндеттемелерді орындау.
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері...........................16
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты
мәселелер................................................................................................................18
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету..............................................22
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтық құықтың міндеттемелері.docx

— 69.78 Кб (Скачать документ)

          Азаматтық кодекстің 344 бабына сәйкес, міндеттеме жөніңдегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және срларда көрсетілген мынадай жағдайлардыңболуынегізінде: 
1. Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде; 
2. Заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша; 
3. Міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтитжесінде; 
4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде; 
5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады. 
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн - несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісім-шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілетті болғанын қалайды. Оның үстінен бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы. Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілімен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ған күшін жоймайды. Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе талап етілуі беруі нысанасына сәйкес келуге тиіс. Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.Азаматтық кодекстің 289 бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындалған борышқор қалған борышқорларының әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шеберлік, тең үлеспен кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең үлесте түседі.Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.Азаматтық кодекстің 268 бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасауды тартынуды айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет зандық мүддені білдіреді немес міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп, міндеттеменің негізінде заттық, айрықша немесе өзіңдік құқық жатуы тиіс. Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде ақысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға міндеттеледі. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болып табылады. Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай ақ міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі. (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.).Азаматтық кодекстің 238 бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады.Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді. Мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа біреуте жалға бермеуге міндеттеледі. Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы роль атқарады.Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнмен ерекшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқаруға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бүрмалағаны үшін санкция қолданылады.Факультативтік мазмұнындағы міндеттемеде борышқордың белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал бөлінсе оны дайындауды міндеттейді, егер әлгі материялдар жоқ болса, онда ғимараттың қабырғасына құрастырылмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп әрекеттерді тен дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекет тандауына тәуелді келеді, яғки таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, тандау құқығы беріледі. Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасында жод баласына екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қалағаның алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда тандау құқығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне тиеді.Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде  несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол бермейді. Немесе орын алған кемшіліктің жйылуына жағдай жасалады, ал несие беруші жеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақта, санкцияның әр түрлі бұл міндеттерді әрқалай шешеді.Кейбір санкциялар міндеттеменің дұрыс орындауына қызмет етеді. Бірақ ал жарамсыз борышқорға қосымша мүмкін мүліктік төлем төлетуді өзіне мақсат етіп қоймайды. Мұндай түрлерін оперативтік санкция деп атайды. Ол атқаруды жүзеге асыруға қолданылатын тұтқа болып табылады. Міндеттеменің мазмұнына өзгерістер енгізеді. Бұрмаланған тұстарды анықтамаған соң, міндеттеме бойынша жасалуға тиісті мәселелердің орындалуына мәжбүр етеді. Борышқордан атқару құралын алып, несие берушіге беру, басқа тұлғаның күшімен борышқор есебінен жұмыс істеу тәрізді борышқор атқара алмаған жұмыстар жүзеге асырылады.Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды өндіртіп алу және несие берушінің міндеттемесін орындауға байланысты болған залалға өтемақы төлеу жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлеу алименттері мен оперативтік сипаттаға шаралар кездеседі. Оларды оперативтік мүліктік деп атайды. Оған, мәселен борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен алмастыруды айтуға болады. Санкцияның ерекше түрі деп міндеттемені тоқтатуды айтар едік.Бірқатар жағдайда міндеттеменің санкциялардың бірнеше түрін біріктіруді қолдануды қажет етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың қажетті санкциялары келтірілген.

 

 

 

 

1.2. Міндеттеменің  пайда болуының құқықтық негіздері. 
 
           Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7 - бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271 - бабы осы кодекстің 7 - бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттелмелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.Азаматтық кодекстің 7-бабы әр түрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының занды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдай да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниге әкеледі.Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі зандық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған біреудің мүлкін қасақана не кездей соқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады.

      Міндеттеме жағымдағы мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындау түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұнын өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалаған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс. Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақты әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу  сату міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде сатып алушының да, сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 269 - бабының 3  тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет тандалынад. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міңдеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады. Міндеттеменің туындауына орай оларды шарты, шарттан тыс деп те, сондай  ақ бір жақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі (сату - сатып алу тасмалдау, сақтандыру және т.б.).Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда, болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез - келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай - ақ негізсіз баю салдарының туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді. Бұл жайында Е.Баянов былай айтады: "Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтың құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шартсыз міндеттемелер деп те атайды". 
 

 

 

 

 

 

2 тарау.Міндеттемелерді  орындау.

2.1. Міндеттемелерді  орындаудың ұғымы мен принциптрі 
 
         Міндеттемелердің орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетте жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекеті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқталуына әкеледі.Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК- тің 272 -291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу -сату, жеткізу, келісім  шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген. Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272 бап) және міндеттемені нақты орындау (354 - бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын біддіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда  дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтарын келісіміңде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімімен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлмедәл сақтай отырып, орындау болып саналады.Міндеттемені борышқор тап  тинақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе оған өкілетті орган заңында немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс. Жоғары да аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалады деп айтуға болмайды. Міндеттеменің нақты түрінде, дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көрсетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.З.О. Ашитов тағы бір принципті айқындайды:" Үнемшілдікті сақтау деп міндеттемелерді орындау барысында артық шығымға жібермеу жолдарын қарастыруды айтады. Әңгіме тапсырысты орындау барысында әр  түрлі ресурстарды, мейлінше, тиімді пайдалану туралы болып отыр" - деп тұжырымдайды. 
Міңдеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін қанағаттандырады. Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттеріне баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады (мысалы, басқа мүлікті емес, берілуге тиісті мүлікті беру, немесе несие беруіиіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты емес, нақ тапсырылған жұмысты жасау және т.б.). Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматттық кодекстің 354 бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемні бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартты өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады. Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сомманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады.

       Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген.               Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақта бұл принциптерді араластыруға болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек.

 Мысалы, затты уақыттың  өткізіп барып беру арқылы  нақты орындау мерзімінің бұзылуына  байланысты тиісті дәрежеде орындау  бола алмайды. 
 

 

2.2. Міндеттемені  орындау субъектілері және орындауға  қатысты мәселелер. 
 
           Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Соны мен бірге, заңца, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттемені орындалуын үшінші жақа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдаута міндетті.Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдаумауға құқылы.Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы ереженің қаралмаса, толықтай және ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес түкті жөнелтуші оны тасмалтайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларынан сәйкес жүкті тасмалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа теміржол, кеме) жаңа шарт жасамай ақ жүктеледі.Заңда көрсетілген ретке үшінші жақ, Азаматтық Кодекстің 339, 347- баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімсіз  ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алу салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салық құқығы және басқа құқықтары) айырылу қаупі төмен жағдайда үшінші жаққа беріледі.Мәселен қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші алдында қарыза бар екендігін және оны өндіріп алу ниетін білсе, сондай - ақ жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімсіз  ақ оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға міндетті.Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.Міндеттемеде оның әр тараптары  несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады.  
Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетіндегі зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады. Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі  бір жұмыстар. т.с.с. Демек борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақаіа төлеу тәрізді қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде болуы мүмкін емес.Міндеттемені тиісінше орындау үшін, борышқор міндеттемеде көрсетілген пәнді орындуы тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор біреуге тиіс заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі. Міндеттеменің пәні кейбірінде жекеленген затты беру, ал кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы акшалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша соммасын төлеуді талап ететін міндеттеме.Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар занда қарастырылған. Ақшалай міндеттемені орындалудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы түріндегі белгілі бір соммаға тең теңге түріндегі соммада төленуге тиілс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сомма Қазақстандық банкаралақ валюта биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға сай келуі қажет. Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берлушілердің мүддесін қорғайды.ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу шетел валютасы сонда ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайлары немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асыралады. Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сомма (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) - ең төменгі жавлақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады. Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі. 
Міндеттеменің орындалу мерзімі заңы мен және шартпен , сондай ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органның айқындалуы мүмкін. 
Егер міндеттемеде ол орындалатын күн және ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе және оны анықтау мүмкін болмаса, міндеттеме сол күні және тиісінше сол кезең ішінде кезкелген уақытта орындалуға тиіс. 
   Міндеттеме орындалуға тиісті келісімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, онда әр тарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, он күндік мерзімдер мен өлшенеді. Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, ол мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орынды мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.). Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезең белгіленген міндеттемені, егер зандарды, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеме мәнінен басқа мерзімге орындау міндеті туындамаса, - борышқор несие беруші оның орындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міңдетті.Міндеттеменің тез арада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын, банкке ақша салатын адам талап ете алады. 
Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындыққа жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделегеннен тыс ретте қабылдауы керек.Егер заңдарда және міңдеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнін туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы. Кәсіәпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі және т.б.), не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК , 279 бап). Демек бұл ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады. Борышқордың несие беруші  кәсіпкер мен алдын ала келіспей түрып міндеттемені мерзімінен бұрын орындау оны қиын жағдайға қалдыру мүмкін, өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық, борышқордың тауар әкелетінін білмегендіктен онда дайын түрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген тауарды теміржол бекетінен, кемеден ала қоятындай көлікке алдын-ала шарт жасалмауы да кедергі келтіреді. Міндеттеме орыңдалатын жер борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдатын орын. Мәселен, үйді жөндеп, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй тұрған жерде ғана жүзеге асады.

          Егер де міндеттеме орындалатын жер заңдарда және міндеттеме мәнінен және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың көрінбесі, ол: 
1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру мүлік орналасқан жерде; 
2) міндеттеме бойынша тауар және өзге де мүліктік тасмалдауды пайдалана отырып беру мүлкті несие берушіге жеткіз үшін оны бірінші тасмалдаушыға тапсырғанжерде; 
3) егер бұл міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар және өзге де мүлікті беру мүлік дайындалған және сақталған жерді; 
4) ақшалай міндеттеме бойынша несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие заңды тұлға болса- міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерді өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа орындалатын жердің өзгеретуіне байланысты барлық шығындарды соның есебінен жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде; 
5) басқа да барлық міндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор занды тұлға болса оның орналасқан жерінде орындалуғатиіс. 
Міндеттемені орындау тәсілі заңмен және әр жақтың жасасқан шарттары мен айқындалады, және сол міндеттеменің мәні мен туындайды. 
Міндеттеме орындау бір жолғыи(заттың құнын толықтай төлеу) немесе несиеге алған мүліктің құнын жабуы, почта, көлік құралдарына төлеу тәрізді мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай және бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шартты бойынша қарызды қайтару).

    Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше белгіленбесе, және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарды және мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдаумаға құқылы. 
Борышқор заңда қаралған ретте нотариат кеңсесіне және соттың денозитіне қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі.  
АҚ 291-бабына сәйкес борышқор ақша соммасын және бағалы қағаздарды нотариус пен соттың депозитіне салу құқығына ие. 
қша немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу және нотариустың не соттың атына сақтау міндеттеменің орындалғаны болып есептеледі. Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан депозитке бағалы қағаздар мен ақшаның келіп түскені туралы хабарлайды. Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер заңдардан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың, міндеттеме шарттарынан және оның мәнінен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара міндеттерді бір мезгілде орындауға тиіс. Сөйтіп, тараптардың бірінің міндеттемені орындамауы және тиісінше орындамауы өзара міндеттерді орындау және қарсы тараптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң құжаттарында және міндеттеме шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші тарапты өз міндеттерін босатады.

Информация о работе Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері