Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:
Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері,сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері...............................................7
1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.................................14
2 тарау. Міндеттемелерді орындау.
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері...........................16
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты
мәселелер................................................................................................................18
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету..............................................22
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтық құықтың міндеттемелері.docx

— 69.78 Кб (Скачать документ)

Қазтұтыну одағы Қостанай экономикалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы:Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері

 

 

 

Орындаған:

 

 

Тексерген:

 

 

 

 

 

Қостанай 2013 жыл

Жоспар 
Кіріспе.....................................................................................................................3 
1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері. 
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері...............................................7 
1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.................................14 
2 тарау. Міндеттемелерді орындау. 
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері...........................16 
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты  
мәселелер................................................................................................................18 
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету..............................................22 
Қорытынды............................................................................................................36 
 
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Кіріспе 
       Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзіндік мәні бар және қасиеті болғанымен, оларды міндеттемелер деп бөліп қарауға болмайды. Құқықтар мен бостандықтар міндеттермен өте тығыз байланысты. Азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындағанда ғана құқықтары мен бостандықтарын толығынан жүзеге асыра алады. Сондықтан міндеттердің орындалуы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет.Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабының 3 тармақшасында былай делінген: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып міндетгер атқарады». 
Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқықтық кепілі пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесінен табиғи түрде адам құқығы, сондай - ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси құқықтары мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын қамтиды. Айталық азамат иеленген саяси билікке деген құқығы. Осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнаулы міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.Осыған орай азаматтық зандар Конституцияларға негізделіп қабылданады. Бұлар Қазақстан халқының ой -еркін білдіреді, мемлекетіміздің тәуелдсіздігінің негізін қалап, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын баянды етеді.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері». Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым. 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселелерге жол табу: 
Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасы;борыш, міңдет;осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель,чек,облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.

 Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті". 
        Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды. 
Егер өндіріс өрісінде сатып алу- сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады.                                    Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады. 
міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алган міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы.  
Міндеттемені орындау көбіне - көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, міндеттеме ұғымы және міндеттмелердің түрлерінен, міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптерінен, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі туралы мағлұматтан, міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерінен, айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлкін алып қалу және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардын, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін канағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.Занда міндеттемені мәжбүрлеп орындауға еріксіз көндіру жағдайлары белгіленген. Мысалы, жеке - белгілі бір затты меншікке, шаруашылық жүргізуге, жедел басқаруға немесе несие берушінің пайдалануына беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, егер бұл затқа үшінші жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие беруші оны борышкерден алып қоюға және өзіне беруді талап етуге құқылы.Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Азаматтық құкықтың нормаларын сақтайтын катысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық.

        Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді. 
Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:

        Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері,сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.  
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады  
Зерттеу обьектісі: Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері мен Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы мен міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босату, тоқтауы ұғымы және тәсілдері.  
Зерттеу жұмысымның құрылымы:

кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады. 
Құқықтық мемлекет құру барысында қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі зандармен реттеледі, соның ішінде азаматтық заңдар мен мүліктік және мүліктік емес жеке қоғамдық қатынастары реттеледі. Соның бір институты ретінде міндеттемелер жатады.Ғ.И.Төлеуғалиев міндеттемелік құқықты былай тұжырымдайды: "Міндеттелмелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық норомалардың жиынтығы - деп аталады"  дейді.Міндеттемелік құқық өте күрделі болып келеді, оны біз жүйелі түрде, зандарды, әдебиеттерді пайдалана отырып күрделі мәселелерді қарастырамыз. Біздің мақсатымыз осы азаматтық құқықтағы міндеттемелерді тереңірек талқылап, оның мән -мағынасын тану. Міндеттемілік құқықтың бір ерекшелігі, ол қоғамдағы қалыпты қатынастарда және де қандай да бір қарым қатынастың бұзылғанын реттейді. (Қорғалатын міндеттемелер, міндеттемелердің орындалмауына жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету).Міндеттемелер, азаматтық қарым қатынастарда, қоғамда маңызды рөл атқарады. Олсыз құқықтық тәртіпте, даму да болмас еді, бір дауыс (тәртіпсіздік) орын алар еді.Қазіргі уақыттағы Қазақстанда міңдеттемелік құқық тоқтаусыз ұлғаюда, қоғамдық қарым - қатынастың үлкен шеңберін реттеуде.Нарықтық экономикаға өткенде, қаңдай - да болмасын барлық маңызды институтт ардың өзгеруіне әсер етуде, өмірге жаңа міндеттемелерді шақырады, бұрынғы бар, болған міндеттемелердің түбегейлі өзгеруіне ықпал жасайды.Азаматгық құқыққа бүрын мәлім болған бір жақты шарт түрі, конкурс, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, жылжымайтын мүліктің ипотекасы, мемлекеттік тапсырыс ұсынуда, банкроттық жағдайда қолданылуын табуда. Біз міндеттемелердің теориялық мәселелерін және оның қолданылуын ашып көрсетеміз.Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген. а)"Міндеттемелік құқық" (екі бөлімшеден: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер" және "шарт туралы жалпы ережелерден тұрады"). ә)"Міндеттемелердің жекеленген түрлері".Сонымен міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық-құқықтық нормалардың белгілі - бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық - құқықтық нормалардың белгі - бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі бар, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы міндеттеменің жекеленген түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімінің нормалары қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі азаматтық кодекстің тиісті тараулар мен қаралмай қалған міндеттеменің бір қатар түрін реттейді.Міндеттемелік құқықтың көптеген қатынастары азаматтық кодекске тәртіптелгенін айта кету керек.Осыңдай нормалардың саны мейлінше көп, олар меншік, мұрагерлік, авторлық және тағы басқа қатынастарды реттейтін азаматтық - құқықтық институттар құрамына енеді.Біз міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздерін және түрлерін міндеттеменің орындалуын оның бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелерін және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырамыз. 
 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Міндеттемелік  құқықтың ұғымы, негіздері және  түрлері

1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері 
 
               Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодексінің 268- бабында: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан аз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті», - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме  азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап етумен міндеттеме несие беруші мен борышқорғау өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты: құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда  талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.Заңгерлер: талап етуді «Міндеттемелік құқық» деп атайды. Бұл  «екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше құқылы» деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар  субъект, мазмұн және объект.Ал, енді міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы азаматтық кодексін тағы да сол 268 бабында тайға таңба басқандай: «Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші»  деп жазылған. Осы екі субъектіге нактылы анықтама беретін болсақ, борышқор белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, тұратын жақ; несие беруші  борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар  азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің мігндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атаулар мен нұсқаланады.Азаматтық кодекстің 269  бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бірмезгілге бірнеше адам ат салады. Мұның аты  көп тұлғалармен жасалған міндеттеме.Мұндай жағдайда, Азаматтық кодексінің 286 -288 баптарында көрсетілгендей, үлесті ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ менешік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуте зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер занды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысалды. Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орыңдау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар күшін де қала береді.Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодексін 287 - бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті.

            Осындай көп жақ қатысатын міңдеттемені ортақтасқан міндеттеме деп атайды.Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады: 
1) Бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны ортақтасқан міндеттеме; 
2) Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны ортақтасқан талап етуші; 
3) Бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - аралас ортақтасу,делінеді. 
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міңдеттеменің мәні бөлек  жарып анық нұсқаланбаса  ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады. Кәсіплкерлік қызыметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады. Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке жеке алғанда олардың кез келгеннен де, сондай  ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олдардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді. Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осынай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің беруінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ. Азаматтық кодекстің 288 - бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орлындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялық міндеттемеде занды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізі қоғам өзіне көтеріп алады. Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының бірінен нақты міндеттемесі де кіреді. Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабыддаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет еткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асырылады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады.Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды қайталауына талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді берге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, мұның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Ол сонымен бірге талап беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басына тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніңдегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толықтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді. 
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.Дейтұрғанымен талап етуді беру шарты жасалғанда еске салынуы тиіс. Егер несие беруші осьщан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттеменің орындағанын тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады.Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай-ақ жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттеменің орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықтар, соның ішінде алынбаған сый ақыға (мүддеге) құқықтар талап етуде байланысты құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы.Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куаландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті. Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезіңде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы.

Информация о работе Азаматтық құқыктағы міндеттемелерді орындау принциптері