Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 10:11, курсовая работа

Краткое описание

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
І.Азаматтық қатынастырың субъектілер мен объектілерің жалпы ұғымы...6
1.1 Азаматтық құқық қатынастырың субъектілері........................................6
1.2 Азаматтық құқық қатынастырың объектілері........................................10
ІІ. Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері....................................12
2.1 Заттар – азаматық құқық объектесі реттінде..........................................12
2.2 Мүлікшік және мүлікшік емес игіліктер .................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа на тему Азаматтық құқық субъектері.doc

— 120.50 Кб (Скачать документ)

 Азаматтар - (жеке тұлғалар) азаматтық құқық қатынастары  субъектілері ретінде. Азаматтардың  құқық қабілеттілігі және әрекет  қабілеттілігі. Азамат есімінің, оның тұрғылықты жерінің азаматтық өрісіндегі ұғымы мен рөлі. Азаматтық хабар ошарсыз кеткен деп тану және өлді деп жариялау. Азаматтық айналымдағы азаматтың жағдайы туралы актілердің рөлі. Азаматтардың, заңды тұлға қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысу әрекеттері.

 Заңды тұлға - азаматтық  құқық субъектісі ретінде. Заңды тұлға ұғымы мен белгілері. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Заңды тұлғаны құру және тарату. Заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің сипаттамасы.

 Мемлекет пен єкімшілік-аумақтық  бөліністер - азаматтық құқық қатынастары  субъектілері ретінде.

 Бұл тақырыпты оқу  кезінде, азаматтық құқық қатынастарының  анықтамасын білу қажет. Ол азаматтық  құқық нормаларымен реттелген  қоғамдық қатынастар. Азаматтық  құқық қатынастарының түрлеріне  мүліктік және өзіндік мүліктік  емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар жатады. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері – ол азаматтық құқық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері болады. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Жәнеде олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

 Азаматтық құқық қатынастарының  қатысушылары (субъектілері): құқылы жақ (несие берүші) пен міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады.

 Азаматтық құқық қатынастарының  объектісі - олардың пайда болуына  себеп болатын, және субъектілерінің әрекеттері бағытталатын нысана болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115 бабында аталған.

 ҚР АК 7 бабында аталған  заңдылық фактілер азаматтық  құқық қатынастарының пайда болу  негіздері болып танылады. Сонымен  бірге осы баптың бірінші тармағында  айтылғандай, азаматтық құқық қатынастары  азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа да әрекеттерінен туындауы да мүмкін. Заңдылық фактілер, ерікті белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін қатысушылар әрекеттері заңды және заңсыз болады. Заңдылық фактілердің толық жіктелүі осы оқу құралының А Қосымшасында келтірілген.

 Азаматтық құқық қатынастарының  қатысушылары, яғни субъектілері: жеке  тұлғалар (Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар); заңды тұлғалар (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар); мемлекет, оның атынан унитарлы Қазақстан Республикасы және әкімшілік–аумақтық бөліністер (облыстар, қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар) болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін, қатысушылар құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы қажет. Аталған терминдарды түсіну үшін негізгі ұғымдар: құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болады. [7]

 

    7. Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы»  Алматы «Нұр»

 

Азаматтық құқық сала ретінде  елімізде қалыптасып келе жатқан  нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының  түсінігі – реттеу  пәні мен реттеу тәсілдері.

Азаматтық кодекстің  1-бабының, 1-тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне  негізделген өзге де мүліктік қатынастар, мүліктік қатынастарға  байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік  емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен  реттеледі. Азаматтық құқықтармен  реттелетін қоғамдық  қатынастарының негізгісі – мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға қоғамдағы  өндіріс құрал жабдықтарына, мүліктік  игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз  байланысты мүлікті емес жеке қатынастар  және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екіге бөлінеді. Байланысы  бар мүліктік жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес  құндылықтар  жатады. Байланысы жоқ мүліктік қатынастарға азамат есімі, жеке өмір құпиялылығы,  тұрғын үйге қол сұқпаушылық, заңды тұлғалардың  абыройына, қадір-қасиетіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.

Азаматтық құқық  объектесі реттеу тәсілдері.

Реттеу тәсілдері мына ережелерге байланысты анықталады:

1. Азаматтық құқықтық  қатынасқа қатысушылардың заңи теңдігі;

2. жеке және заңды тұлғалар  азаматтық құқықпен азаматтық  міндетті өз  ниеттерінің  негізінде  жүзеге асыруы;

Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар  арларында туындайтын қатынастарды өздерінің  қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. [8]

Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы./ 3., 6 бет./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    8. Сапарғалиев Ғ.С. «Мемлекет және құқық теориясы» Астана «Фолиант»

 

   2.2 Мүлікшік және мүлікшік емес игіліктер

 

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бла алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,  тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүлктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы,  қадір-қасиеті , абырой , игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастарың түрлері қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы,еркіндігі, бостандығы, қаупсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегенімз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары  мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: бірішіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсатты жоқ әрекет – қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден , мәміле, көп жағдайда заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет, үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өщгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарды азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша, не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу сияқты түрпішіндерде болады.

Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жеде мәміле жасаушыларың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. заңдармен немесе келісіммен жазбаша немесе өзге белгілері бар нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған мкезде атқарылған мәмілердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. ауызша мәміле адамның мінез құлқынан оның мәміле жасау еркі көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды : 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.

 

Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық , өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.

Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысы азаматтық құқықтағы азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлеріне арналған.

Жұмыстың негізгі мақсаты — азаматтық құқық объектілерінің ұғымын, сонымен қатар объектілерді ерекшелейтін белгілерін көрсету және олардың түрлеріне ашып көрсету және осының негізінде оны Қазақстан Респубикасының Азаматтық Кодексіндегі жаңа тарауды талдап анықтау болып табылады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайдағы жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың түсінігін құралдарын және әдістерін анықтау талпынысы жасалған.

Қорғаудың ар-намыс, абырой мен іскерлік бедел сияқты жекелеген объектілеріне көңіл бөлінген.

Курстық зерттеудің обьектісі-азаматтық құқықтық қорғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі.

Теориялық және методологиялық негізі

Теориялық маңызы зерттеу жұмысындағы шешімдер мен қорытындылар оқу процесінде ҚР Азаматтық құқығы , ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы пәндерін оқытуда қолдануға болады.

Методологиялық негізіне диалектикалық логика, философия, азаматтық құқықтың арнаулы теориялық-құқықтық әдістері жатады.

 Курстық жұмысы азаматтық құқықтағы азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлеріне арналған.

Жұмыстың негізгі мақсаты — азаматтық құқық объектілерінің ұғымын, сонымен қатар объектілерді ерекшелейтін белгілерін көрсету және олардың түрлеріне ашып көрсету және осының негізінде оны Қазақстан Респубикасының Азаматтық Кодексіндегі жаңа тарауды талдап анықтау болып табылады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайдағы жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың түсінігін құралдарын және әдістерін анықтау талпынысы жасалған.

Қорғаудың ар-намыс, абырой мен іскерлік бедел сияқты жекелеген объектілеріне көңіл бөлінген.

     Курстық зерттеудің обьектісі-азаматтық құқықтық қорғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі.

Теориялық және методологиялық негізі

Теориялық маңызы зерттеу жұмысындағы шешімдер мен қорытындылар оқу процесінде ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы пәндерін оқытуда қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

     1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз

    (1991 жылғы)

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1993 жыл 28 қаңтар
  2. «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы 1990 жыл 25

     4."Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі

      туралы" Қазақстан Республикасының

     Оқулықтар 

     5.Ағдарбеков  Т. «Мемлекет және құқық теориясы» 

     6. Булгакова  Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы»  Алматы

      «Заң әдебиеті»

    7. Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы «Нұр»

   8. Сапарғалиев Ғ.С. «Мемлекет және құқық теориясы» Астана «Фолиант»

  Мерзімді басылымдар

    9. «Саясат» журналы №2/2005ж.

    10. «Саясат» журналы №12/2003ж.

  11. «Заң және Заман» журналы №5/2003 ж.

   12. «Заң және Заман» журналы №7/ 2006 ж.

  13. «Ақиқат» журналы №12/2004ж.

    14. «Заң» газеті 5-мамыр/2004 ж.

  15. «Егемен Қазақстан» газеті. 29-шілде/2006 ж.

  16. «Егемен Қазақстан» газеті. 26-шілде/2006 ж.

   17. «Орталық Қазақстан» газеті. 12 қыркүйек/2001 ж.

  18. «Қазақ өркениеті» журналы. №4/2005 ж.

   19. «Ақиқат» журналы. №4/2000 ж.

    20.«Саясат» журналы. №2/2005 ж.

    21.«Свободная мысль – XXI в.» №2/2006 ж.

 

 


Информация о работе Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері