Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 10:11, курсовая работа
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады.
Кіріспе....................................................................................................................3
І.Азаматтық қатынастырың субъектілер мен объектілерің жалпы ұғымы...6
1.1 Азаматтық құқық қатынастырың субъектілері........................................6
1.2 Азаматтық құқық қатынастырың объектілері........................................10
ІІ. Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері....................................12
2.1 Заттар – азаматық құқық объектесі реттінде..........................................12
2.2 Мүлікшік және мүлікшік емес игіліктер .................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………
Жоспар
Кіріспе.......................
І.Азаматтық қатынастырың субъектілер мен объектілерің жалпы ұғымы...6
1.1 Азаматтық құқық қатынастырың
субъектілері..................
1.2 Азаматтық құқық қатынастырың
объектілері...................
ІІ. Азаматтық құқық объектілерің
жекелеген түрлері.......................
2.1 Заттар – азаматық
құқық объектесі реттінде......................
2.2 Мүлікшік және мүлікшік
емес игіліктер ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………
Кіріспе
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым — бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.
Занды тұлғалар деп танылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі бар. Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық объектілік — салалық құқық объектіліктің бір түрі. Бұл ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, зандық шындық ретінде құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың ерекше институты — құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар — адамдарды құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардың қоғамдық, заңдық қасиеттері больп табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардың құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу және айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бүған қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндетгерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, әскери қызметгі өтеу міндетгері).
Азаматтық құқық объектіліктің бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылып жүрген құқық бекіте түседі. Құқық объектілігі ұғымының өзін заң ғылымы қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
ҚР Азаматгық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау (2-тарау) арнаған, онда "құқық субъектілері" және "тұлғалар" бір мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы нормалар АК-да ғана еме, сондай-ақ басқа да заң актілерінде кездеседі.
Азаматтық құқық объектілерінің (немесе тұлғаларының) ішінен де ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал жеке және занды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы тұрғыда қарастырылады.
"Жеке тұлға" жалпы
ұғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған.
Бұл бап жеке тұлғалар туыстық
ұғымымен Қазақстан
Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дың ұлттық заңы болып табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да белгілеу үшін кең мағынада әдетте "азамат" терминін
қолданады. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдікгер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді атқаратындықтан, "азамат" терминін осылайша кең мағынада түсінуге болады (ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, ҚР АК-ның 3-бабының 7-тармағы). "Азамат" ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады.
Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудің алғышарты - құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.
І.Азаматтық қатынастырың субъектілер мен объектілерің жалпы ұғымы
1.1 Азаматтық құқық қатынастырың субъектілері
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен таңылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның , оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қарлмақ,мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән –мағнасы неле деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий мемлекттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан: мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі турады да, шаруаылық қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған егер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады. .[1]
Ал ғалым Д.М. Генкин әлеуметтік ақиқат теориясын ұсынады,яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой директор ілімін алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші – директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әлеуметтік байланыстар ілімі ,
А.А. Пушкиннің ұйымдастыру ілімі , Е.А.Суховтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға адамдардың қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда
авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.
құқық субъектіліктің жалпы ұғымдарын ескермейінше, азаматтық құқық субъектіліктің бір түрі — жеке тұлғалардың құқық субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүретін құқықтық шындық, жеке адамдардың жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық шындықтың көрінісі — құқық субъектілік ұғымымен шатас-тырмау керек. Нақты өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы зандық қасиеті ретінде жеке тұлғалардың Құқық субъектілігі бар. Бұл қасиет, кейде мұны заң әдебиеттерінде көрсететініндей, әдце бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті, яғни әрбір жеке субъекгіге тән жалпы қасиет болып табылады. ҚР Конституциясының терминологиясында құқық субъектіліктің нақ әрбір тұлғаға тиістілігі айқын көрінеді, оның 13-бабында әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар екені айтылған.
Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң әдебиетгерінде нақты субъективтік құқықтар мен міндетгер құқығын иеленудің абстрактілік алғы-шарты ретінде құқық субъектіліктің сипаттамасы кең таралған. Мұнымен бір ғана ескертпе арқылы абстракіні ұғымда бар нәрсе ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалардың нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге болады.
Кейбір авторлар құқық субъектілі құқықты иеленудің абстрактілік мүмкіндігі ретінде құқық субъектісінің жеке құқықтарының жиынтығы немесе кешені түрінде көріне алмайды деп ойлайды. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені құқық субъектіліктің абстрактілік сипаты мүлде оның мазмұнсыздығын көрсетпейді. Азаматтық құқық субъектіліктің өз көлемі, өз мазмұны бар, оның үстіне, әр түрлі тұлғаларға, атап айтқанда, жеке және занды тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие көлемі мен мазмүны болады. Бұған қоса, тіпті әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқық субъектілігінің көлемі мен мазмұны да түрліше болады. АК-ның 14-бабында азаматтардың құқық субъектілігінің негізгі мазмұны, оның құрамдас элементгері туралы айтылады. Атап айтқанда, бұл бапта азаматтың мүлікті меншіктену, мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыру, республика аумағында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысу, жеке өзі немесе басқа азаматтармен және занды тұлғалармен бірігіп, занды тұлғалар құру, мәмілелер жасасып, міндетгемелерге қатысу, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету құқығы, басқа да мүліктік және өзіндік құқықтары көзделген.[4]
Өзінің зандық табиғаты жөнінен азаматтық құқық субъектілік ерекше субъективтік құқық - мәмілелер жасау және субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену құқығы болып табылады. Субъективтік құқық ретінде құқық субъектіліктің табиғаты заңдардан, оның ішінде Конституция нормаларынан ерекше айқьш байқалады. Мәселен, Конституцияда әркімнің құқықтары туралы, республикада кімдердің заңды түрде тұра алатыны, бұл аумақта еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау құқығы туралы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы туралы айтылады.
4."Қазақстан
Конституция әркімнің құқық
субъектісі ретінде танылу құқығын баянды
етіп, оның адам мен азаматық конституциялық
құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі
мазмұнын ашып көрсетеді (ҚР Конституциясының
13, 21 және 26-баптары).
Белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды жазалау шарасы ретінде көздей отырьш, ҚР Қылмыстық кодексі азаматтардың құқық субъектілігі элементтерінің бірін құқық деп атайды. (41-бап)
Құқық субъектілікті ерекше субъективтік құқық деп танудың теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық маңызы бар. Атап айтқанда, оны бұлайша тану құқық субъектілікті жүзеге асыру кезінде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы АК-ның 8-бабының нормаларын қолдануға мүмкіндік береді. Мәселен, құқық субъектілікті жүзеге асыру құқықтың басқа субъектілерінің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс, адал, әділетті өтуі тиіс. [5]
5.Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы»
1.2 Азаматтық құқық қатынастырың объектілері
Азаматтық құқық объектілерінің жалпы сипаттамасы. Материалдық және материалдық емес құқықтар мен игіліктер. Жұмыстар мен қызметтер. Заттардың жіктелуі. Ақшалар, құнды қағаздар және басқа игіліктер - азаматтық құқықтың ерекше объектілері ретінде. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері.
Азаматтық құқықта
объекті ұғымы өте даулы
Сонымен, заттар (мүлік) азаматтық
құқық объектілерінің тек бір
түрі ғана болып табылады. Дегенмен,
заттар басқа объектілермен
Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктердің жіктелүі Б Қосымшасында келтірілген. ҚР Конституциясының екінші бөлімінде адам мен азаматтың ажыратылмас құқықтары белгіленген. Олар: өмір сүру құқығы, денсаулығын қорғау, жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығы, өзіндік және отбасы құпиясын сақтау құқығы, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы, ар-ождан бостандығы, және т.б. құқықтар болады. Бұлардың сипаттамасына: экономикалық мазмұны жоқ, иесінің жеке басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын игіліктер ме бостандықтар жатады. Аталмыш объектілерді қорғау құралдарының бірі болып моральдық зиянды өтеу танылады, сонын ішінде ақшалай өтеу көзделеді. [6]
Азаматтық құқық қатынастарының ерекше объектілеріне заң шығарушы интеллектуалдық меншік объектілерін қызметтік және коммерциялық құпияны, ақшаны және валюталық құндылықтарды құнды қағаздарды да жатқызады. Қазақстан заң шығарушысы ҚР АК 130 бабында келтірілген құнды қағаздар тізімінен вексель мен чекты алып тастаған болса да, азаматтық құқық теориясында олар жалпыға танымал құнды қағаздар болып танылады. Құжатсыз құнды қағаздармен қоса, заңда және тәжірибеде, құжатты құнды қағаздардың өзге жаңа түрлері де пайда болды: ипотекалық күәліктер, қойма күәліктері (варрант), дәнді-дақылдар қолхаты және т.б. Құнды қағаздардың құқықтық мәртебесі, олармен мәміле жасау тәртібі, арнайы заңдармен белгіленген (2003 ж. қабылданған ҚР-ның «Құнды қағаздар рыногы туралы» Заңы және т.б.). Азаматтық құқықтың ерекше объектілеріне энергиямен қоса (жылу энергиясы, электр энергиясы – ҚР АК 25-ші тарауы 6 парағы) және газ, су, мұнай да жатады.
6. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы «Заң әдебиеті»
ІІ. Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері
2.1 Заттар – азаматық құқық объектесі реттінде
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және түрлері. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері және объектілері.
Азаматтық құқық
Информация о работе Азаматтық құқық объектілерің жекелеген түрлері