Тақырып 14. Адвокаттық қызметтің
тактикалық аспектілері
1. Қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының
айыбын жоққа шығаратын немесе
жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды
анықтау мақсатында барлық заңды
құралдар мен қорғау тәсiлдерiн
пайдалануға және оларға қажеттi
заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.
2. Қорғаушы
iске қатысуға рұқсат етiлген
сәттен бастап: сезiктiмен және
айыпталушымен олардың саны мен
ұзақтығы шектелместен оңаша
және құпия жолығуға; заңгерлiк
көмек көрсету үшiн қажеттi заттарды,
құжаттарды және мәлiметтердi жинауға
және ұсынуға; айып тағылған кезде қатысуға,
сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап
алу кезiнде, сондай-ақ олардың қатысуымен
немесе олардың өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн
өзге де тергеу әрекеттерiне, сондай-ақ
қорғаушының өз өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн
тергеу әрекеттерiне қатысуға; қарсылықтар
бiлдiруге; ұстау хаттамасымен, бұлтартпау
шараларын қолдану туралы қаулымен, сезiктiнiң,
айыпталушының немесе қорғаушының өзiнiң
қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерiнiң
хаттамаларымен, сезiктiге және айыпталушыға
ұсынылған не ұсынылуы тиiс болатын құжаттармен,
ал анықтау немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан
кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға,
одан кез келген мәлiметтi кез келген көлемде
көшiрiп алуға; өтiнiш бiлдiруге; кез келген
сатыдағы сотта iстi алдын ала тыңдауға,
соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерiнде
сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша iстi жаңарту кезiнде соттың отырысына
қатысуға; сот отырысының хаттамасымен
танысуға және оған ескертпе енгiзуге;
iс жүргiзу құжаттарының көшiрмелерiн алуға;
тарап пен қылмыстық iстi жүргiзушi адамның
заңсыз әрекеттерiне қарсылық бiлдiруге,
бұл қарсылықтарды iс жүргiзу құжаттарына
енгiзудi талап етуге; анықтаушының, тергеушiнiң,
прокурордың және соттың әрекеттерi мен
шешiмдерiне шағым енгiзуге және оларды
қарауға қатысуға; заңға қайшы келмейтiн
кез келген басқа да қорғау құралдары
мен тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.
3. Тергеу
әрекеттерiн жүргiзуге қатысушы
қорғаушы тергеушiнiң, анықтаушының
рұқсатымен жауап алынып отырған
адамдарға сұрақтар қоюға құқылы.
Тергеушi, анықтаушы қорғаушының сұрақтарын
қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың
бәрiн хаттамаға енгiзуге мiндеттi. Қорғаушы
тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының
дұрыстығы мен толықтығына орай жазбаша
ескертпе жасауға құқылы.
4. Қорғаушының:
өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне
қарсы қандай да болмасын әрекет
жасауға және оған тиесiлi құқықтарды
жүзеге асыруына кедергi жасауға;
қорғауындағы адамның айқындамасына
қарамастан оның қылмысқа қатысын
және оны жасағанына кiнәлiлiгiн мойындауға,
қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқандығы
туралы мәлiмдеуге; азаматтық талапты
мойындауға; қорғауындағы адам берген
шағымдар мен өтiнiштердi керi қайтарып
алуға; заңгерлiк көмек көрсетуге өтiнiш
бiлдiруге және оны жүзеге асыруына байланысты
өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға
құқығы жоқ.
5. Қорғаушының
осы Кодексте көзделген басқа
да құқықтары бар және ол
басқа да мiндеттердi мойнына алады.