Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 23:21, лекция

Краткое описание

Адвокатураның қызметі, сөз жоқ, құқық қорғауға жатады. Ол ҚазақстанРеспубликасы Конституциясы мен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және мыналарды; қылмыстық істер бойынша қорғауды; азаматық, әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілетті. Сондай-ақ азаматар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көрсетуді алқа қояды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

     Адвокаттық қызмет туралы заңдар

      1. Адвокаттық  қызмет туралы заңдар осы Заңнан  және адвокаттық қызметтi реттейтiн  өзге де заңдардан тұрады.

      2. Жеке және  заңды тұлғалардың iстерi бойынша  қорғау мен өкiлдiк етудi жүзеге  асырған кездегi адвокаттардың iс  жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

     2.Адвокатураның  ұйымдастырылуы мен қызметi:

     1) адвокаттардың  өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;

     2) адвокаттық  қызметтi заңдарда тыйым салынбаған  әдiстерiн және құралдармен жүзеге  асыру;

      3) заң актiлерiнде  тiкелей көзделген жағдайларды  қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;

     4) кәсiби мiнез-құлық  нормаларын ұстану және адвокаттық  құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.

Тақырып 6. Адвокаттар алқасын ұйымдастыру

Адвокат өз қызметiн заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңсе құруға құқылы.

      Адвокат  тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында  құрылған және әрекет ететiн  адвокаттар алқасының мүшесi болуға тиiс.      Адвокаттар алқасы

      1. Адвокаттар  алқасын адвокаттық қызметпен  айналысуға құқығы бар адамдар  құрады.

      2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.

      3.Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың  бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құруға құқығы жоқ.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар  алқасы болмаған жағдайда, ол  осы Заңның 7-бабының талаптарына  сәйкес келетiн кемiнде онқұрылтайшының бастамашылығымен құрылады.Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.

      Адвокаттар  алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң  атауын қамтуға тиiс. Адвокаттар  алқасының негiзгi мiндеттерi:

      1) адвокаттық  қызметтi жүзеге асыру кезiнде  алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби  көмек көрсету және оларды  қорғау;

      2) алқа мүшелерiнiң  қызметiн материалдық-техникалық  және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз  ету;

      3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;

       4) алдын  ала тергеу және сот органдарының  белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн  көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

5.Адвокаттар алқасы заң  консультацияларын құрады. Адвокаттар алқасының жарғысы   1.Адвокаттар алқасының жарғысы:1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын; 2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн; 3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбiн; 4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртiбi мен құзыретiн; 5) заң консультацияларын құру мен олардың жұмыс iстеу тәртiбiн; 6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртiбiн;

7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртiбiн; 8) адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбiн және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн бөлу тәртiбiн;

9) адвокаттарды аттестациялауды  өткiзу тәртiбiн; 10) адвокаттар алқасы  мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртiбiн; 11) адвокатты лицензиясынан айыру туралы өтiнiш жасау тәртiбiн; 12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбiн; 13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.

      2. Адвокаттар  алқасының жарғысы заңдарға қайшы  келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн..

    Адвокаттар алқасының органдары

     1. Адвокаттар  алқасының жоғары органы алқа  мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы); оның атқарушы органы - төралқа; бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.

      2. Жарғыда  көзделген реттерде адвокаттар  алқасында адвокаттар алқасы  мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде  жұмыс iстейтiн басқа органдар құрылуы мүмкiн.

 Адвокаттар алқасы  мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)

      1. Жалпы  жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы  қызметiнiң кез келген мәселелерiн  шешуге құқылы.

      2. Жалпы  жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:

      1) адвокаттар  алқасының Жарғысын және Жарғыға  өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдер  қабылдау; 2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының  төрағасын сайлау; 3) Жарғыда көзделген  басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту; 4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау және бекiту; 5) адвокаттар алқасының мүлкiне иелiк жасау тәртiбiн белгiлеу; 6) есептi көрсеткiшке еселенетiн мөлшердегi мүшелiк жарна ставкаларын белгiлеу; 7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;  8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру. 3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсiнше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқыл 4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқа төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi 5. Адвокаттар алқасының Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн. Адвокаттар алқасының төралқасы

      1. Адвокаттар  алқасының төралқасы мен төралқа  жасырын дауыспен төрт жыл  мерзiмге сайланады.

     2.Адвокаттар алқасының төралқасы:

    1) адвокаттар алқасының  жеке және заңды тұлғаларға  заң көмегiн, соның iшiнде Қазақстан  Республикасының заңдарында көзделген  жағдайларда мемлекеттiк бюджеттiң  қаражаты есебiнен адвокаттар  көрсететiн заң көмегiн көрсету  жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;

     2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды  ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;

     3) адвокаттардың  кәсiби және өзге де құқықтарын  қорғайды;

     4) адвокаттар  алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;

     5) адвокаттың  әрекеттерiне жеке және заңды  тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

     6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;

     7) адвокаттарды  аттестациялауды өткiзудi және олардың  кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

     8) осы Заңда (12-бап) көзделген реттерде адвокатты лицензиясынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне өтiнiш жасайды;

     9) адвокаттардың  кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс  тәжiрибесiн талдайды, қорытады және  таратады;

      10) кодификациялық-анықтамалық  жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, дербес  немесе Қазақстан Республикасының  Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп  адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша  әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар  әзiрлейдi және басып шығарады;

      11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      12) адвокат  куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан  Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;

      13) адвокаттар  алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;

      14) адвокаттар  есептi, қаржы және статистикалық  есептiлiктi және iс жүргiзудi ұйымдастырады;

     15) адвокаттар  алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы

      1. Адвокаттар  алқасы төралқасының төрағасы  болып, сайланған күнiне дейiн  кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар  алқасының мүшесi болған адвокат сайлана алады.

      2. Алқаның  Жарғысына сәйкес адвокаттар  алқасы төралқасының төрағасы:

      1) төралқаның  жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында  төрағалық етедi және төралқаның, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      2) төралқа  аппаратының жұмысын басқарады, алқа аппаратының қызметкерлерiн  жұмысқа қабылдайды және жұмыстан  босатады;

      3) мемлекеттiк  органдарда, қоғамдық бiрлестiктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасының атынан өкiлдiк етедi, олармен және азаматтармен хат жазысады.

      3. Адвокаттар  алқасының төралқасы төрағасының  басқа өкiлеттiктерi Адвокаттар алқасының  жарғысымен белгiленедi.Адвокаттар  алқасының тексеру комиссиясы

      1. Адвокаттар  алқасының тексеру комиссиясы  оның бақылау-тексеру органы болып  табылады.

      2. Тексеру  комиссиясы, оның төрағасы алқа  мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жыл мерзiмге сайланады.

      3. Тексеру  комиссиясы адвокаттар алқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ жеке дара жұмыс iстейтiн адвокаттардың қаржылық қызметiне тексеру жүргiзедi.Адвокаттар алқасына мүшелiк

      1. Адвокаттар  алқасына мүшелiк мiндеттi болып табылады. Адвокат лицензиясы болған және алқа Жарғысын мойындаған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылмауға тиiс. Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      2. Кiсi алқадан  шығарылған, бiрақ адвокат лицензиясын сақтап қалған жағдайда ол шығарылған сәттен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн алқаға қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi

     1. Осы Заңның, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң, алқа Жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокаттар алқасының мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

        2. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.

        3. Тәртiптiк жаза шаралары, оларды қолдану, алып тастау мен шағымдану тәртiбi адвокаттар  алқасының  Жарғысымен белгiленедi.

Тақырып 7. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары

         Заң консультациясы

      1. Заң көмегiн көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.

     2.Заң консультациясы  орналасатын жердi адвокаттар алқасының  төралқасы белгiлейдi.

     3. Заң консультациясы  адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөр таңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.

      4. Заң консультациясын  адвокаттар алқасының төралқасы  тағайындайтын меңгерушi басқарады. Адвокат кеңсесi

      1. Адвокат  кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық  емес ұйым болып табылады.

      2. Адвокат  кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн  көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық  және өзге де шарттарын қамтамасыз  ету мақсатында құрылады /ұйымдастырылады/.

      3. Адвокат  кеңсесiн адвокаттар алқасының  мүшесi (мүшелерi) құрады.

      Адвокат  тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң  құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола  алады.

      4. Бiр адвокат  құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн  Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.

      Адвокат  кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған  жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң он күн мерзiмде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.

      5. Адвокат  кеңселерiн құруға мемлекеттiк  органдардың арнайы рұқсаты талап  етiлмейдi.

 Адвокаттық қызметтi жеке-дара жүзеге асыру

      1. Кәсiби  қызметтi жеке-дара жүзеге асыруға  шешiм қабылдаған адвокат бұл  туралы адвокаттар алқасын хабардар етедi. Хабарламада  адвокаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, оның тұрақты тұратын жерi көрсетiледi.

      2. Кәсiби  қызметтi заңды тұлға құрмай жеке-дара  жүзеге асыратын адвокат банктерде  есеп айырысу және өзге де  шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкiлер иеленуге құқылы.

Тақырып 8. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі

       Заң  көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:

      1) шешiлуi кәсiби  заң бiлiмдерiн қажет ететiн  мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;

Информация о работе Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері