Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 12:50, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты:
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына жалпы сипаттама
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына заңға сәйкес сипаттама беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі.........................4
2.Түрлері...................................................................................................................5
2.1.Қажетті қорғану.................................................................................................5
2.2Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру...............14
2.3 Аса қажеттiлiк..........................................................................................16
2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру...........................................18
2.5. Орынды тəуекел ету...............................................................................20
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу...............................................22
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.........................................................24
Қорытынды............................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 7.docx

— 70.56 Кб (Скачать документ)

Жалған қорғануда да накты тонген шын кауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының 1994 жылғы 23 желтоксандағы № 7 каулысынын 21-тармағында «соттар шын корғануды жалған корғанудан айыра білуі керек. Мундай жағдайда өзінің болжау кателігін аңғармай және кателігін аңғару мүмкін болмаған адамның корғану қүралдарын колдануын кажетті корғану жағдайында істелген әрекет деп карау керек» делінген. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын үғынбай, зиян келтіретін болса, бірак істің мән-жайына карай мұны ұғына алатын және ұғынуға міңдетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапка тартылып оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

 

 

 

 

 

 

2.2 Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру

Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру институтын қылмыстық құқық теориясы мен  сот тəжiрибесi  ұзақ уақыт бойы қажеттi  қорғану институтымен теңестiрiп келдi.  Қазiргi  қолданыстағы ҚР қылмыстық заңы оның құқықтық табиғаты қажеттi  қорғанудан өзге,  ерекше екендiгiн ескерiп,  оны əрекеттiң қылмыстылығын жоятын жеке институт ретiнде қарастыру туралы қылмыстық заңға норма енгiздi.  ҚР ҚК-ң 33-бабының 1-бөлiгiнде: «Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу жəне оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру,  егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса жəне бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайдың - делiнген. Қылмыскердi  ұстау -  қоғамға пайдалы əрекет.  Ол жауаптылықтан құтылмайтындық қағидасын жүзеге асырудың бiр көрiнiсi.  Өзiнiң құқықтық табиғаты бойынша қылмыс жасаған адамды ұстау актiсi азаматтардың қоғамға қарсы əрекеттердiң жолын кесу жəне оларды жасаған адамдарды өкiмет органдарына жеткiзу арқылы субъективтiк құқықтары мен моральдық парыздарын жүзеге асыру болып табылады.  Ал бiрқатар субъектiлер,  құқыққорғау органдарының қызметкерлерi  үшiн,  қылмыскердi  ұстау -  құқықтық, қызметтiк мiндет. Қылмыс жасаған адамды ұстау деп қылмыскердi ұстаудың заңға сəйкестiк шарттар бұзылмаған жағдайда, оны өкiмет органдарына жеткiзу үшiн күштеп қысқа уақытқа бостандығынан айыру əрекетiн түсiну қажет. Кез келген адамның, оның iшiнде қылмыскердiң де өмiрi, денсаулығы жəне басқа да құқықтары мен заңды мүдделерi  заңмен қорғалатындықтан,  қылмыскердi  ұстау кезiнде келтiрiлген зиянның заңға сəйкестiгi туралы мəселенiң туындауы заңды болып табылады. Қылмыс жасаған адамға оны ұстау мақсатымен зиян келтiру əрекетi, егер адамның оны ұстауға құқығы бар болса жəне бiрқатар шарттарды сақтаса заңға сəйкес болып табылады Тəжiрибеде көбiнесе қылмыскердi ұстау құқығын қылмыстың жəбiрленушiсi жəне құқыққорғау органдары қызметкерлерi иемденедi.

Қылмыстық құқық теориясы қылмыскердi  ұстаудың жəне оны ұстау  кезiнде оған зиян келтiрудiң заңға сəйкестiк мынадай шарттарын белгiлейдi:

1)тек ғана қылмыс жасаған адам ғана ұсталуы қажет,

2)нақ осы аталған адам қылмыс жасады деген сенiмдiлiк болған кезде ғана күш қолданылуы қажет;

3ұсталатын адамға зиян,  егер ол қылмыстық жауаптылықтан жалтару қаупiн тудырса ғана келтiрiлуi тиiс;

4)қылмыс жасаған адамға зиян,  оны ұстау жəне тиiстi өкiмет органдарына жеткiзу мақсатында ғанакелтiрiлуi тиiс;

5) қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қолданылған шаралар қажеттiлiктен туындауы қажет;

6) қылмыскердi ұстау үшiн қолданылған шаралар жасалған қылмыстың қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне жəне қылмыс кердiң жеке тұлғасының қауiптiлiгiне сəйкес келуi қажет;

7)қылмыскердi ұстау шараларының сипаты оны ұстау жағдайына сəйкес болуы қажет;

8) келтiрiлген зиян қылмыскердi ұстау үшiн қажеттi шаралар шегiнен аспауы тиiс. Осы аталған жағдайлардың барлығының болуы қылмыскердi  ұстау кезiнде зиян келтiрудi  заңды деп санауға жəне адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болып табылады. ҚК-ң 33-бабының 2-бөлiгiндегi талаптарға сəйкес қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген зиян жағдай мəжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз келтiрiлген кезде,  олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне жəне ұстаудың мəн-жайына көрiнеу сай келмеуi  ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады.  Бұлайша асыра сiлтеу қасақана зиян келтiрiлген жағдайда ғана жауаптылыққа əкеп соқтырады. Ұстау шараларынан шығу мына жағдайларда орын алуы мүмкiн:

1) егер ауырлығы онша емес қылмыс жасаған кiнəлiге оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен ұштасқан ұстау шаралары қолданылса.  Мысалы,  егер ұрып-соғу қылмысына кiнəлi  адамға денсаулығына ауыр зиян келтiрiлсе;

2) егер қылмыскердi ұстау кезiнде жағдай мəжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян келтiрiлсе. Мысалы, ұсталатын адамға жеңiл зиян келтiру мүмкiндiгi бола тұра оған ауыр зиян келтiрiлсе;

3) қылмыскердi ұстау кезiнде оған қасақана зиян келтiрiлсе.

Қылмыстық заңда қылмыскердi ұстау шараларының шегiнен асып қасақана адам өлтiру жəне қасақана денсаулыққа зиян келтiру үшiн ғана қылмыстық жауаптылық қарастырылған.  Ал,  қылмыскердi  ұстау шаралары шегiнен шығып абайсызда адамға қаза келтiру немесе абайсызда денсаулыққа түрлi  дəрежеде зиян келтiру үшiн жауаптылық көзделмеген. Қылмыскердi  ұстау қажеттi  қорғану институтымен ұқсас келедi,  екi  жағдайда да зиян қол сұғушыға келтiрiледi,  екiншiден,  екеуi  де қоғамға пайдалы бағыттылығына байланысты туындайды.  Олар заңды əрекеттер деп танылады.

Дегенмен, олар бiр-бiрiнен  бiрқатар белгiлерiмен де ажыратылады:

а)  қажеттi  қорғану  қолсұғушылық жасалу барысында,  ал қылмыскердi  ұстау қылмыстық  əрекет жасалғаннан кейiн жүзеге асырылады;

б) қажеттi қорғанудың мақсаты - қоғамға қауiптi қолсұғушылықты тоқтату  немесе болдырмау, ол ұстаудың мақсаты - қылмыскердi өкiмет органдарына жеткiзу жəне олардың жаңа қылмыс жасау мүмкiндiгiн тыю;

в)  қажеттi  қорғануда  қол сұғушы барлық уақытта қылмыс субъектiсi  болып таныла бермейдi,  ал қылмыскердi ұстауда – есi дұрыс, жауаптылық жасына толған адам жөнiнде сөз болады;

г)  қажеттi  қорғануда  зиян келтiру төнген қауiптi  тойтарудың жалғыз құралы болып табылмайды,  ал қылмыскердi ұстауда ол жалғыз бiрден бiр құралы болып табылады.

 

 

 

 

2.3. Аса қажеттiлiк

Аса қажеттiлiк қажеттi  қорғану институты сияқты қоғамға  пайдалы қызметтi  атқарады.  Аса  қажеттiлiк жағдайында жасалған əрекеттер де жеке адамның құқықтары мен мүдделерiн,  мемлекет пен қоғам мүдделерiн төнiп тұрған қауiптен қорғауға бағытталған. Қылмыстық заңға сəйкес аса қажеттiлiк дегенiмiз – заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни адамның немесеқоғам мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiне тiкелей төнiп тұрған қауiптi жою үшiн, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса жəне бұл орайда мəжбүрлi қажеттiлiк жағдайынан шығып кетушiлiкке жол берiлмесе,  аса қажеттi  жағдайда қылмыстық заңмен қорғалатын басқа мүдделерге адамның заңды зиян келтiруi. Аса қажеттiлiк жағдайы құқықпен қорғалатын екi мүдденiң тоғысуы нəтижесiнде пайда болады, яғни бiр мүдденi  екiншi  мүдденiң есебiнен қорғау кезiнде туындайды.  Мұндай жағдайларда адам тойтарылған зиянға қарағанда азырақ зиян келтiрсе ғана аса қажеттiлiк жағдайы орын алады. Көп жағдайларда аса қажеттiлiк адамның белсендi əрекетiмен жүзеге асырылады. Алайда, кейде адамның екi мiндетi тоғысып қатар келiп қалса, əрекетсiздiк арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Мысалы, дəрiгердi бiр уақытта екi ауруға шақырса, дəрiгер ең алдымен ауыр халдегi ауруды қарап, екiншi науқасқа қатысты белгiлi бiр уақытқа əрекетсiздiк танытады. Аса қажеттiлiк жағдайында қауiптi  тудыратын себептерге адамның заңсыз əрекеттерiмен бiрге,  табиғат күштерi (су тасқыны,  жер сiлкiнiсi,  өрт,  қар көшкiнi  жəне т.б.),  жануарлардың əрекеттерi,  адам организмiндегi  физикалық процестер  (аштық,  ауру)  да жатады.  Ал керiсiнше,  адамның өзiнiң қасақана əрекетi,  психикалық жəне физикалық мəжбүрлеу,  қол сұғушы адамға шабуыл жасау аса қажеттiлiк жағдайларын тудырушы себептерге жатпайды.

Аса қажеттiлiк жағдайында келтiрiлген зиян заңға сыйымды,  заңды деп танылу үшiн мына екi топтағы шарттар сақталуы қажет:

1)төнiп тұрған қауiптiлiкке қатысты шарттар,

 2). қауiптiлiктi тойтару əрекетiне қатысты шарттар.

Төнiп тұрған қауiптiлiктiң  сипатына қатысты шаттар бойынша:

1). түрлi себептерден шыққан  қауiп жеке адамның, қоғам мен  мемлекеттiң заңмен қорғалатын  құқықтары мен мүдделерiне төнуi қажет;

2).  қауiп шын мəнiнде  нақты орын алған,  яғни жеке  немесе қоғамдық мүдделерге елеулi  зиян келтiрудi тiкелей төндiруi қажет;

3).  үшiншi  тұлғалардың  мүдделерiне зиян келтiрумен байланысты  емес өзге адамдармен тойтару  мүмкiн болмайтындай сипаттағы қауiп орын алуы қажет.

Қауiптi тойтару əрекетiне қатысты шарттарға:

1).  Бұл жағдайда төнген  қауiптi  басқа амалдармен тойтару  мүмкiн болмаса.  Егер белгiлi  бiр адамның құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келтiрмей қауiптiлiктi  тойтарудың өзге тəсiлдерi  болған болса,  онда адам сол амалдарды таңдауы тиiс.  Белгiлi  бiр амалды қауiптiлiктi  тойтарудың жалғыз,  бiрден бiр амалы ретiнде тануды нақты жағдайдағы барлық əрекеттердi ескерiп шешу қажет.

2).  Төнген қауiптiлiктi  тойтару кезiнде келтiрiлген зиян  тойтарылған зияннан аз,  төмен  болуы қажет. Төнген қауiптен  жоғары не оған тең зиян  келтiру аса қажеттiлiктi  жоққа  шығарады.  Мысалы,  өз өмiрiн сақтау үшiн екiншi адамның өмiрiне қол сұғу аса қажеттiлiк жағдайы деп саналмайды, адам өлтiру үшiн жауаптылық қарастырылады. ҚК 34-бабының 2-бөлiгiнде аса қажеттiлiктiң шегiнен шығу туралы норма қарастырылған.  Онда: «құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дəрежесiне жəне қатер жойылған жағдайға көрiнеу сəйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады.  Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа əкеп соғады.

Сонда аса қажеттiлiк шегiнен  шығу мына жағдайларда орын алады:

1) төнген қатердiң сипаты  мен дəрежесiне жəне қатер жойылған  жағдайға көрiнеу сай келмейтiн  зиян келтiру;

2) құқық қорғау мүдделерiне  тойтарылған зиянға қарағанда  тең немесе одан гөрi елеулi  зиян келтiрiлсе;

3) зиян қасақана келтiрiлсе;

4) зиян қауiп төндiрушiге  емес, үшiншi тұлғаларға немесе қоғам  мен мемлекеттiң мүдделерiне келтiрiлуi тиiс.

Аса қажеттiлiк қажеттi қорғану  сияқты қоғамға пайдалы əрекет.

Дегенмен, олардың арасында мынадай айырмашылықтар бар:

а). қажеттi қорғануға құқық  ҚР Конституциясының 13-бабында жəне ҚК-те көрсетiлiп кепiлдiк берiлген, ал аса қажеттiлiк институты тек қылмыстық заңмен ғана реттеледi;

б).  қажеттi  қорғануда  қауiптiлiк көздерi  ретiнде тек  адамның қоғамға қауiптi  əрекеттерi  танылса,  аса қажеттiлiкте адамның əрекеттерiмен бiрге,  табиғат күштерi  мен құбылыстары,  жануарлардың шабуылы, физиологиялық немесе патологиялық процестер, жоғары қауiптiлiк көздерiнiң əсерi жəне т.б. табылады;

в). қажеттi қорғануда зиян қолсұғушыға, ал аса қауiптiлiкте  үшiншi (заңды не жеке) тұлғаларға келтiрiлуi;

г). қажеттi қорғануда қол  сұғушылықты болдырмау мүмкiндiгiнiң  əр түрлi жолдары болса; аса қажеттiлiкте қауiптiлiктi тойтарудың жалғыз жолы – зиян келтiру болып табылады;

д).  қажеттi  қорғануда  қолсұғушыға келтiрiлген зиян тойтарылған  зиянға тең,  немесе одан елеулi  болуы мүмкiн, ал аса қажеттiлiкте тойтарылған зияннан кем зиян келтiрiлуi тиiс;

е).  қажеттi  қорғану  шегiнен қасақана шығу үшiн ҚК-те жауаптылық қарастырылған,  ал аса  қажеттiлiк жөнiнде мұндай тиiстi нормалар көрсетiлмеген.

 

 

 

 

2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру

Қазақстанның қылмыстық  заңы ұзақ уақыт бойы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру кезiндегi құқық қорғау органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау туралы мəселенi заңда реттемеген едi. 2001 жылғы 16-наурыздағы Қазақстан Республикасының «  Ұйымдасқан қылмыстылық пен жəне жемқорлықпен күрестi күшейту мəселелерi  бойынша Қазақстан Республикасының бiрқатар заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралың № 163  Заңымен Қылмыстық кодекс 34-1 «  Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруң бабымен толықтырылды. Аталған норма əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың қатарын кеңейттi. ҚК-тiң 34-1 бабына сəйкес « Уəкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерiнiң не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасымен жедел-iздестiру шараларын орындауы кезiнде заңға сəйкес жасаған əрекетiмен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтiрген зияны, егер бұл əрекет бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе алдын ала сөз байласып жасаған қылмысты болғызбай, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса,  сондай-ақ егер құқыққорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстарменкелтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мəндi  болмаса жəне егер оларды болғызбау,  ашу немесе тергеу,  сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi  адамдарды əшкерелеудi  өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмаса, қылмыс болып табылмайдың. Жедел-iздестiру қызметi  қылмыстылықпен күресудiң құралы ретiнде құқыққорғау қызметiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Қазiргi  уақытта жедел-iздестiру қызметi саласын реттейтiн негiзгi нормативтi құқықтық құжат болып 1994 жылғы 15-қыркүйектегi «ҚР Жедел-iздестiру қызметi  туралың Заңы табылады. Жедел-iздестiру шараларының түсiнiгi  мен оны жүзеге асыратын субъектiлерлiң тiзiмi,  олардың құқықтары мен мiндеттерi сол заңда анықталған. ҚК- 34-1  бабының 2-бөлiгiне сəйкес адамның өмiрi  мен денсаулығына қауiп келтiрумен,  экологиялық апатқа, қоғамдық зiлзала немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасқан адамдардың əрекеттерiне 34-1 баптың1-бөлiгiнiң ережелерi қолданылмайды.

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі