Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 12:50, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты:
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына жалпы сипаттама
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына заңға сәйкес сипаттама беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі.........................4
2.Түрлері...................................................................................................................5
2.1.Қажетті қорғану.................................................................................................5
2.2Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру...............14
2.3 Аса қажеттiлiк..........................................................................................16
2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру...........................................18
2.5. Орынды тəуекел ету...............................................................................20
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу...............................................22
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.........................................................24
Қорытынды............................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 7.docx

— 70.56 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     СӨЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Орындаған: Мазимова Ә. ҚҚ-21

                                                                   Тексерген: Мұратханова М.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана,2013

 

ЖОСПАР

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Іс-әрекеттің қылмыс  екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі.........................4

2.Түрлері...................................................................................................................5

2.1.Қажетті қорғану.................................................................................................5

2.2Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру...............14

2.3 Аса қажеттiлiк..........................................................................................16

2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру...........................................18

2.5. Орынды тəуекел ету...............................................................................20

2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу...............................................22

2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.........................................................24

Қорытынды............................................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әрбір азаматтың конституциялык борышы — қоғамдык қатынастарды қылмыстық  жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекеткекарсы бағытталған  іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың ма-ңызы ерекше. Коғамға  қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, онын зиян-дылығын тыюда, сол кауіпті  төндірген адамға материалдык, мо-ральдықжәне  баска да зиян келтірілуі мумкін. Мундай әрекет-тер формальдык жағынан алғанда  Қылмыстык кодекстін Ерекше бөлімініңжекелеген баптарында көрсетілген кылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірак та бул әрекеттер  белгілі бір жағдайларда кылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте кылмыс-тың материалдык  белгісі болып табылатын басты  белгі — қоғамға кауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, коғамдык каты-настарға зиян келтіруге бағытталған  кауіпті жою, тойтару қоғамға  пайдалы іс-әрекетдеп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша  бұларға кажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе өкімді орындау әрекеттері жатады.

Осы аталған жағдайларда  істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандыктан, кылмыс катарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар коғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына жалпы сипаттама

-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына заңға сәйкес сипаттама беру

-Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қорғау тек мемлекеттiк  органдардың ғана емес, ең алдымен  құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың мiндетi. Осыған дейiн айтылып өткендей,  қылмыстық заңға қайшылық,  қоғамға  қауiптiлiк,  кiнəлiлiк жəне жазаланушылық  белгiлерi бар əрекет қылмыс деп саналады. Жалпы, кейбiр жағдайларда жасалған əрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкiн,  бiрақ ол жоғарыда аталған белгiлердiң бiрiнен немесе төртеуiнен де айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар дегенiмiз – сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды əрекеттерге, тiптi кей жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар. ҚР ҚК бойынша мұндай жетi  жағдайлар бар:  қажеттi  қорғану  (ҚК-ң 32-бабы),  қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру  (ҚК-ң 33-бабы),  аса қажеттiлiк  (ҚК-ң 34-бабы),  жедел-iздестiру  шараларын жүзеге асыру  (ҚК-ң 34-1-бабы),  орынды тəуекел ету  (ҚК-ң 35-бабы),  күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу (ҚК-ң 36-бабы), бұйрықты немесе өкiмдi орындау (ҚК-ң 37-бабы). Қылмыстық заңның аталған нормаларында көрсетiлген жағдайлар əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк элементiн жойып оған əлеуметтiк пайдалы сипатты бередi.

Iс-əрекеттiң қылмыстылығын  жоятын мəн-жайларға бiрқатар  жалпы белгiлер тəн:

1) Бұл жағдайлар сыртқы  жағынан ҚК Ерекше бөлiмiндегi  баптарда қарастырылған белгiлi  бiр қылмыстың белгiлерiмен ұқсас келетiн адамның саналы жəне ерiктi əрекетiн құрайды,

2)  Өзiнiң əлеуметтiк-саяси  мазмұны бойынша олар қоғамға  пайдалы болып табылады;

3) Түрлi заң саласы нормаларымен  де қарастырылады; 

4) Бұл жағдайлардың кез келгенi  үшiн өзiнiң заңға сəйкестiк шарттары бар.  Егер осы шарттардың бiрi бұзылған болса,  онда адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып,  əрекеттiң жасалу жағдайы жеңiлдетушi жағдай ретiнде ескерiледi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың түрлері

2.1Қажетті қорғану

Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына карамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға кұкығы бар. Бұл құқық адамға коғамға кауіпті қол сұғушылыктан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне карамастан тиесілі болып табылады. (32-бап, 2- бөлік). Қажетті қорғану жағдайыңда кол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, коғамның немесе мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін қоғамдык кауіпті қол сүғушылықтан кол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті корғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол кылмыс болып табылмайды делінген (32-бап, 1-болігі).

Бүл жерде мемлекеттік, коғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның занды қүқықтарына, қүықтық тәртіпке тікелей кауіп төндіріп тұрған істі токтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен кылмыс болып саналмайды делініп отыр.

Қажетті корғану — әрбір адамның занды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша кажетті корғанудың қоғамға кауіптілігі жоқ. Кажетті қорғану адамнын ең қасиетті, табиғи қүқықтары, емірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. баска да игіліктерін корғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті корғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін кылмыстарға және меншікке, басқа да кылмыстарға карсы күресудін пәрменді құралы болып табылады.

Сондай-ақ қажетті қорғануды колданудың аса манызды сактандырушылык мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны коп жағдайларда кылмыс істеуден тартындырады.

Міне, осыған байланысты кажетті  қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың қүқыктары мен бостандықтарын қорғаудын кепілі, коғамға пайдалы әрекет деп саналады.

Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заннын қорғануынан тысқары калады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру кылмыстық қүқылық әрекетпен заң қорғайтын объектіге кол сұғушылық болып табылмайды. Кажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті де мемлекет заңда белгіленген тәртіппен кейбір тәртіп сақшыларына мүндай реттерде қару колдану қүқығына да жол береді.

Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сүғушылыктан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына карамастан кажетті қорғануды колдануға кұкылы.

Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті киянаттан қашып кету, жасырынып калу, жүлкынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке шақыру, телефонмен қүқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлык азаматтар — кәсіби немесе өзге де даярлығын, кызмет жағдайына қарамастан кажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Занда лауазым адамдары немесе баскадай қүқык корғау органдары үшін қажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін кажетті корғануды қолдану олардың жеке қүқығы болып табылады.

Қажетті қорғануды пайдаланудан бултарған  немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдык жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставқа, басқадай нормативті актілерге сәйкес қажетті корғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, полиция кызметкері Қазакстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың колдануы туралы» 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану қүқығы азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін коғамдық кауіптерден корғаудағы конституциялык құқығын жүзеге асырудын ең бір кепілі екендігіне соттардын назарын аудару керек.

Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан  кашып корғанудан немесе баска амалдар колданудан тыс, заңға сәйкес коғамға кауіпті ша-буылка қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды колда-нуға какысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға кауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап бермейді, деп атап көрсетілген. Кажетті қорғануды жүзеге асырудың заңға сы-йымды негізгі шарттары бар.

Киянатка байланысты кажетті корғануды колданудың заңға сыйымдылык шарттары: онын біріншісі киянат қоғамға кауіпті болуы керек, яғни киянат аркылы заң корғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру каупін тудыратын жағдайда кажетті корғануды колдануға болады.

Қоғамға кауіпті кол сүғушылық жоқ болса, кажетті корғану да жоқ. Кол сұғушылыктың түрлері қылмыстық кодекстін 32-бабында корғанушылықты немесе баска адамнын жеке басына тікелей төнген кауіпті қиянаттан болтан әрекеттер деп көрсетілген. Бүл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл—бұл ашыктан-ашык кенеттен пайдаболған зорлык эре-кет. Өмірге кауіпті зорлыкелімге әкеліп соғуы, ал өмірге кауіпті емес зорлық денсаулыкка зиян келтіруі мүмкін. Зорлык көрсетемін деп қоркыту өмірді жоюға немесе денсаулыкка закым келтіруге накты бағытталуы мүмкін. Кажетті қорғану кауіпті тудыру ошағына арналғаңдықтан, оны кім немесе не тондіргеніне карамайды. Корғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң корғайтын мүддеге кауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дүрыс еместерге, корғаудың шегінен асып кегушілік әрекеттеріне және жалған корғануға карсы колданылуы мүмкін. Занда бұлар-ды бір сөзбен айтканда, қауіпті киянатты төндіруші деп айтады. Кауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердіңбәрі жатады.

Қажетті корғануды занды әрекетке колдануға болмайды, сол сиякты кажетті корғануды кандай да бір әрекетінде кылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке колдануға болмайды. Мүндай әрекеттсрге өте арзан заттарды үрлау, жасөспірімдердін бау-бақшадан жеміс-жидек үрлауы сиякты әрекеттері жатады. Адам мүндай іс-әрекеттері аркылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жа-уаптылыкка тартылады.

Кажетті корғану әкімшілік  теріс қылықка да қарсы колданылуы мүмкін. Мысалы, үсакбүзақылыкка карсы. Кажетті корга-нуды колдануда негізболатын қоғамға зиянды касакана әрекеггін (абайсызда емес) өмірге, денсаулыкка, бостандыкка, меншікке, басқа да қүкықтарына, қоғам немесе мемлекеттін занды мүдделеріне, коғамдык тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана колдануға болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, үрлыкка, тонауға оқталу. Егер киянаттын коғамдык қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы кажетті корғануды колдануға болмайды. М үндай жағдайда төнген залавды тойтару баска жолмен жүзеге асырылады.

Кажетті корғануды карсы  әрекетке ғана колдануға болады. Күкылык  міндетін орындамаған әрекетсіздікке кажетті корғану-ды колдануға негіз  жоқ. Мүндай күкылык міндетті орындамау  • шылыкорын алған жағдайда оган зиян келтірмей-ак, оны зорлап орындатушылык орын алады. Занда көрсетілген кылмыстыкиянатпен кол сұғу қасакана болуы қажет, абайсыздыкпен кол сұгу баска жолмен тоқтатылады.

Кажетті қорғануды қолданудың екінші шарты — қорғану кол сұғушылык нақты бар болғанда ғана колданылады. Крл сүғушы-лыктын объективтік категория ретінде басталуы және аякталуы болады. Нактылы төніп тұрған қол сұғушылык деп заң корғай-тын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жаткан немесе кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп коғамға кауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін кол сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге окталғандык әрекеті айтылады. Ал қол сұғушылыктын аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде онын доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылык алға қойған мак-сатқа жетуге немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де қол сұғушылык бітіп кетсе, оған кажетті корғануды колдануға болмайды. Өйткені кажетті корға-нудың максаты — болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауга бағытталған. Кдзақстан РеспубликасыныңЖоғарғы Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоксандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына карсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың қолдануы туралы» нормативтік каулысында кажетті корғану қүкығы тек коғамға кауіпті кол сүғу-шылык сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анык төнген кезде колданылатынын көрсеткен. Яғни, кажетті қорғануды нақтылы кауіп төніп тұрған түрған қол сұғушылыкка ғана қолданады. Нактылы төніп түрған каупі біткен кылмысқа оны колдануға болмайды. Осыган орай, кейде қажетті корғануды қолданушы кыл-мыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан колдану жағ-дайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот каулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде «Шабуыл аякталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғану-шы үшін оның бітіп калу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қыл-мысты бітпеген кылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды колдаса, ол әрекетті кажетті корғануға жатқызуы керек», -делінген. Егер корғанушы қауіптің біткенін біле түра кажетті қорғануды қол-данса, ондай әрекет қорғану шегінен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен кауіпті іс деп санап, кажетті қорғану қолда-нылса, ол үшін кажетті корғануды колданушы жауапкершілікке жатпайды.

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі