Дәрістер кешені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:49, реферат

Краткое описание

Автомобильдер паркның ұлғайуы пайдалану материалдарының шығынының жоғарлауына әкеп соқты. Көліктік техниканың ұлғаюы жанармай, майлау майларының және сұйықтардың өндірілуінің жоғарылауын талап етіп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

4 (1) - копия.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

3.3Бақылау сұрақтары:

  1. Керосиндерді жанармай ретінде қандай техникада қолдануға болады.
  2. Дизельдік жанармайлардың сипаттамасы.
  3. Дизельдік жанармайлар қандай топқа бөлінеді.
  4. Депрессорлық жанармайлар дегеніміз не.
  5. Дизельдік жанармайлардың шет ел  жанармайлары мен салыстыр.

3.4 Әдебиеттер тізімі: 

Негізгі әдебиеттер

  1. Кузнецов А.В. Отын және майлағыш материалдар. – М.: Колос, 2004
  2. Колесник П.А. Автомобиль көлігіндегі материалтану, 3-ші басылым, өзгерт. және толыққан. – М.: Транспорт, 1980. – 260 б.
  3. Итинская Н.И., Кузнецов Н.А. Отын, майлар және техникалық сұйықтарға нұсқау. – М.: Колос, 1982.
  4. Инженерлік факультет студенттеріне арналған отын және майлағыш материалдар бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: КазАШИ, 1995.
  5. Кузнецов А.В. Отын және майлағыш материалдар бойынша практикум. - М.: Агропромиздат, 1987.
  6. Обельницкий А.М. Отын және майлағыш материалдар. – М.: Высшая школа, 1982.

 

Қосымша әдебиеттер

  1. Васильева Л.С. Автомобильдың эксплуатациялық материалдары. – М.: Транспорт, 1987.
  2. Итинская Н.И. Отын, майлағыш материалдар және техникалық сұйықтар, , 2-ші басылым, өзгерт. және толыққан. М.: 1974.
  3. Итинская Н.И., Кузнецова Н.А. Автотракторлық эксплуатациялық материалдар.
  4. Литвинов А.А. Жанармай материалдарын азаматтық авиацияда қолдану негіздері. – М.: Транспорт, 1987.

 

 

 

 

 

  1. дәріс  Майлау материалдары. Мотор майлары.

4.1Дәрістің мақсаты:Майлау материалдарымен және мотор майларымен таныстыру.

4.2Қаралатын сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Майлау материалдары.Түрлері.
  2. Мотор майлары.Түрлері.

Фаракциялық өңдеуден өткен мұнайлардан мазут қалады. Мазут – әртүрлі жоғары қайнайтын ауыр көмірсутектілердің қосындысы. Оның құрамында аз түрде күкірттік, оттегінің, азоттардың және басқа қоспаларды алу үшін оны вакуумде өңдейді де, олардан майлық фракцияны бөліп алады. Бөлінген өнімді – дистиллаттар деп атайды. Дистиллаттар мен қалдықтар өздерінің құрамында көмірсутектілерден басқа әртүрлі асфальтті-шәйірді, нафтендік оттегін, күкірттік қосындылар және де басқа заттардың құрамынан тұрады. Бұл құрамдар майлардың сапасын төмендетеді. Сондық дайын майларды тазартады. Тазартылған дистиллятордың қалдығын тазарта отыра авиациялық майларды алады.

Майлайтын майлардың  құрамы өте күрделі көмір сутегілерден тұрады. Олардың молеукуласында көмертегінің атомдары 20 дан 70 шейін болып келеді де, қайнау температурасы 300о С және одан жоғары болып келеді.

Майларды алу тәсілдері бойынша, тазарту тәсілдері бойынша және оларға қойыған талаптарға сәйкес қасиеттерін жоғарлататын қосындысына қарай айырады.

Мотор майлары.

Қозғлтқыштарда майлардың  жұмыс істеу жағдайы өте ауыр деп саналады. Қозғалтқыштарда жанармайдың  жану нәтижесінен температура жоғарлайды. Ең жоғарғы температура жану камерасында болады, онда     2500...2800 оС дейін өседі. Ал картердегі майдың температурасы 35...150 оС болуға тиіс. Қозғалтқыштағы жоғары температураның әсірінен майдың температурасы да жоғарлайды. Сондықтан майлар буланып, тотығады, ал температура 330 оС және одан жоғары болғанда ыдырай бастайды да, жанып кетеді.

Майлардың келесі қасиеттеріне ерекше мән беріледі: тұтқырлығы; химиялық тұрақтылығы мен жуулық қасиеті; тотығу және булану қасиеттері, сонымен қатар олардың тозуға қарсы қасиеттері. Автомобильдік қозғалтқыштарды майлау үшін майлардың әртүрлі маркаларын қолданады. Жоғарда айтылғандай, олар бір-бірінен тазарту әдісімен және тұтқырлық қасиеттерімен қозғалтқыштардың талаптарына сәйкес келу болуы керек.

Сонымен қатар жылдың әр мезгіліне және климаттық жағдайларға  байланысты автомобильдік майларды қабылдайды. Майлардың тұтқырлығы үкеліс торабтарында майлау майларының қажетті  қалыңдығын және үйкелетін тетіктердің  салқындау қарқындығын қамтамасыз етіп, қозғалтқыштың лезде іске қосуына өз әсерін тигізуге тиіс.

Майдың тұтқырлығы температурадан тәуелді болғандықтан, пайдалану  кезінде сенімділікті арттыру үшін, майлардың тұтқырлығы температурадан аз өзгеретін түрлерін таңдау керек.

Қолдану кезінде қазіргі  уақыттағы карбюраторлық және дизельдің қозғалтқыштардың майларының ерекшеліктері аз болғандықтан, мотор майларының жіктелуін қайта қарау қажет болып отыр.

17479.1–85 МЕСТке байланысты  «Мотор майлары. Жіктелуі» Майлардың  бес тобы қарастырылған. Олар  қазіргі және келешектегі автомобиль қозғатқыштардың талаптарына сай келуді қамтамасыз етеді. Әр топтың майлары қозғалтқыштардың әр класына тағайындалынып, күкірттің қосындысына байланысты бөлінеді.

Майлардың маркировкасы келешекте 17479.1–85 МЕСТ бойынша анықталады. Сондықтан майларды дұрыс таңдап алу мен қолдану, мамандардың біліктілігіне байланысты екенін ескерген жөн. Майлардың жіктелуі туралы мағылмат 14 кестеде келтірілген.

14 кесте

Автотракторлық  моторлы майлардың пайдалану  қасиеттеріне байланысты жіктелуі

Пайдалану қасиеттеріне байланысты майлар топтары

Қолдану облысы

А

Жеделдетілмеген (нефорсированные) карбю-раторлық және дизельдік қозғалтқыштар

Б

Б1. Аз жеделдетілген карбюраторлық    

      қозғалтқыштар

Б2. Аз жеделдетілген дизельдік   

      Қозғалтқыштар

В

В1. Орташа жеделдетілген  карбюраторлық 

       қозғалтқыштар

В2. Орташа жеделдетілген  дизельдік 

       Қозғалтқыштар

Г

Г1. Жоғары жеделдетілген  карбюраторлық 

       қозғалтқыштар

Г2. Жоғары жеделдетілген  дизельдік

      қозғалтқыштар

Д

 Ауыр пайдалану жағдайында жұмыс   істейтін жоғары жеделдетілген дизельдік қозғалтқыштар


 

Мотор майлары, оның сапасы, ретімен ауыстыру, белгілі бір  қозғалтқышқа және оның пайдалану жағдайларына таңдап алған майдың сорты сәйкес болуы қозғалтқыштың сенімділігі  мен төзімділігін қамтамасыз етеді.

Автомобильді пайдалану  ңұсқауы әртүрлі майлардың тұтқырлығы мен пайдалану қасиеттері бойынша  қолдануға ұлықсат береді. Олардың  ыдыстарында шығарған фирманың аты  және әріптер мен цифрлар арқылы берілген белгілері болады.

Тұтқұрлық және температуралық көрсеткіштері SАЕ-нің жіктелуіне сәйкестіріліп регламенттеледі (SАЕ – АҚШ автомобильдер инженерлерінің қоғамы)

Майлардың пайдалану  қасиеті АРІ (Американың мұнай институты) жасаған жіктелу бойынша анықталады.

СНГ бойынша шығарылатын майлар 17479, 1085 МЕСТ бойынша маркаланып, халықаралық жіктелу бойынша олардың қасиеттерін толық сипаттайды.

Тұтқырлы-температуралық к


Информация о работе Дәрістер кешені