Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар

Дата поступления: 05 Мая 2013 в 14:58
Автор работы: m************@mail.ru
Тип: курс лекций
Скачать полностью (189.71 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

лекций.docx

  —  193.11 Кб

Сыбайлас жемқорлыққа  байланысты құқық бұзушылық субъектілері:

1) барлық лауазымды  адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың  депутаттары, судьялар;

2) Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк қызмет  туралы заңдарына сәйкес барлық  мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

3) мемлекеттiк  мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi тұлғалар (жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына  сайланған адамдар; заңда белгiленген  тәртiппен Қазақстан Республикасының  Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының  Парламентi мен мәслихаттардың  депутаттығына кандидаттар ретiнде  тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар)

4) лауазымды  және мемлекеттiк мiндет атқаруға  уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе  оларға теңестiрiлген адамдарды  сатып алуды жүзеге acыpушы, сол  сияқты оларға заңға қайшы  мүліктік игiліктер мен артықшылықтар  беретiн жеке және заңды тұлғалар  да жатады.

Аталған заңның 5-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес мынадай қағидалар негізінде  жүзеге асырылады: барлық адамдардың заң  мен сот алдында теңдiгi; мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану; жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу және т.б.

Ұсынылатын  әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
  2. Жүнісов Б.Ж. ҚР қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім. Қарағанды, 1998.
  3. Қайыржанов Е.И. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: ДОИВА – Братство, 1995.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. – Алматы: Баспа, 2000.

 

СДЖ (о.- 10,13,14; д.- 47,52) үшін бақылау тапсырмалары

  1. ҚР Қылмыстық кодексі – ҚР қылмыстық құқығының негізгі қайнар көзі.
  2. Қылмыс түсінігі және оның құрамы.
  3. Жаза және оның түрлері.

 

10-тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (1 сағ.)

Жоспар

  1. Іс жүргізу құқығының негіздері.
  2. Әкімшілік іс жүргізу: оның құқықтық реттеу ерекшелігіі.
  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.
  4. Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.

Іс жүргізу  құқығы – қылмыстарды ашу, азаматтық, қылмыстық, арбитраждық істерді қарастыру және шешу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін, конституциалық сот өндірісі тәртібінде қарастырылатын істерді қарастыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық жүйе нормаларының бөлімі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен үздіксіз байланысты, себебі оны жүзеге асыру мен қорғау үшін қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді.

Әкімшілік іс жүргізу  – нормативтік басқарушы актілерді  қабылдау және материалдық құқық  нормаларын қолдану бойынша әкімшілік  іс жүргізу нормаларымен реттелген  атқарушы билік органдардың, ал заңмен қарастырылған жағдайларда өзге органдар және олардың лауазымды  тұлғаларының қызметі.

Әкімшілік іс жүргізу  субъектілері жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік билік  мүдделерін білдіретін өкілетті органдар (тұлғалар) бола алады.

Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істер бойынша  өндіріс әкімшілік – юрисдикциялық  үрдісінің құрылымына кіреді және 30.01.2001 ж. қабылданған «Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы» ҚР Кодексімен реттеледі.

Әкімшілік іс жүргізуде  бірнеше дербес іс жүргізу кезеңдерін бөліп көрсетуге болады: әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істерді  қозғау; істі қарау; әкімшілік құқық  бұзушылық істері бойынша қаулы  шығару; шешімге шағым жасау және наразылық білдіру; әкімшілік құқық  бұзушылық істері бойынша заңдық күшіне енбеген қаулыларын қайта  қарау; әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.Барлық кезеңдер өзара  шекті байланысты және тұтастай бір  жүйені құрады.

Азаматтық іс жүргізу  құқығы – азаматтық істер бойынша  сот төрелігін жүзеге асыруда, сот  пен үрдістің басқа да қатысушылары арасында қалыптасатын азаматтық –  іс жүргізу қатынастарын реттеуге бағытталған  құқық нормаларының жүйесінен тұратын  құқық саласы.

Азаматтық сот  өндірісі ҚР Конституциясы және республиканың  басқа да нормативтік құқықтық актілері негізінде жүзеге асырылады. Олардың  негізгісі 13.07.1999 жылғы Қазақстан  Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексі (ҚР АІЖК).

Азаматтық істерге  тікелей азаматтық істер ғана жатқызылмайды, сонымен қатар соттың қарауындағы отбасы, тұрғын үй, еңбек  және өзге де даулар жатқызылады.

Азаматтық сот  өндірісі – бұл азаматтық істерді  қарау және шешу барысында сот  пен басқа да субъектілерінің  арасында қалыптасатын азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары және іс жүргізу әрекеттері, шешімдер жиынтығын  құрайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен  реттелетін мемлекеттік сот қызметінің ерекше түрі.

Азаматтық сот  өндірісінің негізгі түрі талап  арыз өндірісі, ол азаматтық, еңбек, отбасылық  ісерді тараптардың теңдігі жағдайында туындайтын даулар бойынша бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінгенде орын алады.

Азаматтық сот  өндірісінің сатылары – бұл азаматтық  сот өндірісінің құрамдас бөлігі, ол оның тізбегін көрсете отырып, іс жүргізу мақсатын, қатысушылар құрамын, іс жүргізу әрекеттерінің және қабылданатын шешімдер жалпылығымен сипатталады.

Азаматтық іс жүргізудің келесідей сатылары бөліп көрсетіледі: сотта азаматтық істі қозғау; істі соттық талқылауға дайындау; істі мәні бойынша бірінші сатыдағы сотта  қарау; екінші сатыдағы сот өндірісі; заңдық күшіне енген соттың қаулыларын қадағалау сатысында қайта қарау; заңдық күшіне енген соттың анықтамасы мен шешімін жаңадан ашылған  мән-жайлар бойынша қайта қарау; сот қаулылары мен өге органдардың  қаулыларын орындаумен байланысты өндіріс.

Қылмыстық сот  өндірісі немесе қылмыстық іс жүргізу  – бұл қылмыстық іс жүргізу  құқығының нормаларымен реттелетін, заңмен өкілеттік берілген мемлекеттік  органдар мен лауазымды тұлғалардың, сонымен  қылмыстық іс жүргізу  қызметінің өзге де қатысушыларының, өтініштір  мен  қылмыс жасалатыны туралы хабарды  тексеру, қылмыстық істі қозғау, алдын-ала  тергеу және қылмыстық істі соттық талқылау (шешілуі) бойынша қызметі.

Қылмыстық іс жүргізу  құқығының қайнар көзіне ҚР Конституциясы, оған сәйкес заңдардың нормалары, өзге нормативтік құқықтық актілер жатқызылады. Негізгі қайнар көзі 13.12.1997 жылы қабылданған  Қазақстан Республикасының Қылмыстық  іс жүргізу кодексі (ҚР ҚІЖК).

Қылмыстық іс жүргізу  қызметінде түрлі органдар мен тұлғалар қатысады, заң қылмыстық іс жүргізу  қатысушыларын мынандай топқа жіктейді:

а) сот; ә) қылмыстық  қудалауды жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар (прокурор, тергеуші, анықтаушы); б) өзінің не болмаса өкілдік берушінің  мүддесі мен құқықтарын қорғайтын  үрдістің қатысушылары (сезікті, айыталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, азаматтық  талапкер, жауапкер, жәбірленуші және т.б.); в) қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де тұлғалар (куәлар, сарапшылар, куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот  отырысының хатшысы).

Сот ісінің өзара байланысқан жалпы  тапсырмалары мен принцптері қылмыстық  процесс жүйесін құрап, өндіріс  ісінің жалпы ретін сатылар жиынтығы анықтайды. Қылмыстық процесс сатысы қатаң реттілікпен біреуінен  келесіне кезектесіп ауысып отырады. Соттағы  және сотқа дейінгі сатылар болып  бөлінеді. Сотқа дейінгі сатыға қылмыстық  істі өршіту және алғашқы тергеу жатады. Ал соттағы сатыға төменгі сатыдағы сотты соттық анықтау;  екінші сатыдағы сотты дайындау; шағым, арызды дайындау; үкімнің орындалуы жатады.

Ерекше  сатыға  қадағалау тәртібі мен  түскен үкімнің заңды күшін қарап  шығу, анықтау, сот қаулысы және қайта  қаралған жағдайдағы қылмыстық істі дайындау жатады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР азаматтық іс жүргізу Кодексі, 13.07.1999.
  2. ҚР қылмыстық іс жүргізу Кодексі,  13.12.1997.
  3. Оспанов С.Д. ҚР қылмыстық үдерісі. Жалпы бөлім. Алматы: заң. әдеб., 2003.
  4. Толеубекова Б.Х. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім – Алматы: Баспа, 1999.

 

          СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары(о.-13; д.-12, 15, 16, 50, 56)

  1. Іс жүргізу құқығы түсінігі.
  2. Іс жүргізу құқығы салалары.

 

4. Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары

ОСӨЖ тақырыбының атауы

Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі

Тапсырманың мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

1 тақырып. Мемлекет,  құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

Негізгі құқықтық түсінікті анықтау.

Әңгіме.

Мемлекет және құқықтың шығу тегі. Мемлекет және құқық туралы түсінік. Құқық  көздері. Құқықтық қатынас. Құқық бұзушылық.

О.- 1,4,5,13. Д.-  1,2,3,5,6,7,910О.-

2 тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері.

Қазақстан құқығы жүйесіндегі конституциялық құқықтың орнын анықтау.

Қойылған сұрақтарды талқылау.

Конституциялық құқық түсінігі. Конституция  мәні мен түсінігі.Жеке тұлғаның статусы. Конституциялық сап. Мемлекеттік билік  органдарының жүйесі.

О.-1,4,5,13. Д.-1,2,3,5,6,7,9,10.

3 тақырып. Қазақстан Республикасының  құқық қорғау органдары және  сот.

ҚР құқық қорғау органдары жүйесін  шамалай білу.

Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Нормативтік  актілерді оқып білу.

Құқық қорғау органдары туралы түсінік  және түрлері. Әр органның міндеті және оған мінездеме.

О.-1,5,6. Д.-21,22,23,24,25,26,36.

4 тақырып. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік басқару және әкімшілік  құқығының негіздері.

Мемлекеттік басқарудың мәні мен мақсаты. Әкімшілік құқықта салалық қарауды  игеру. Әкімшілік құқық бұзу құрамы мен әкімшілік жазалау.

Әдебиетпен жұмыс. Сұрақтарды талқылау.

Мемлекеттік басқару түсінігі. Мемлекеттік  басқару принциптері. Мемлекетік басқару  құрылымы. Әкімшілік құқық түсінігі. Атқарушы өкімет. Мемлекеттік қызмет. Әкімшілік құқықтық қатынас. Әкімшілік  жаза.

О.-1,10,14. Д.-21,22,23,24,25,26,36.

5 тақырып. Қазақстан Республикасының  азаматтық және отбасы құқығының  негіздері.

Азаматтық заң шығаруды шамалай білу. Азаматтық шарттардың негізгі түрлерін білу. Отбасылық заң шығаруды оқып білу.

Пікірталас. Шарт жасау.

Азаматтық құқық түсінігі. Көздері. Азаматтық  құқықтық қатынас. Келісім. Міндеттеме. Шарт. Отбасылық құқық. Неке. Алиментті құқықтық қатынас.

О.-7,13.

Д.-13,17,33,34,43,49,53,54.

6 тақырып. Қазақстан Республикасының  қаржы құқығы.

Қаржы, бюджет, салық құқығын білу.

Әдебиетпен жұмыс. Конспектілеу

Қаржы және қаржылық қызмет түсінігі. Бюджет. Салық құқығы.

О.-13,15. Д.-37,40,57,58.

7 тақырып.  Қазақстан Республикасының  еңбек құқығы және әлеуметтік  қамтамасыз ету құқығы.

Еңбек туралы заң шығаруды оқып білу. Еңбек шартының мазмұнын білу. Жұмыскер мен жұмыс берушінің негізгі  құқықтарын білу. әлеуметтік қамсыздандыру  құқығын алу.

Пікірталас. Жеке еңбек шартын жасау.

Еңек құқығы туралы түсінік. Көздері. Жеке  еңбек шарты. Жұмыс және демалыс уақыты. Еңбек ақы. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы туралы түсінік.

О.-7,9,13. Д.-18.

8 тақырып. Экологиялық және жер  құқығы негіздері.

Экологиялық заң шығаруды оқып білу. Жер құқығы негіздерін білу.

Әдебиетпен жұмыс. Конспектілеу

Экологиялық құқық түсінігі. Көздері. Табиғат пайдалану құқығы. Экологиялық  заң бұзушылыққа жауапкершілік. Жер құқығы.

О.-8,13. Д.-24,28,32,35,44.

9 тақырып. Қазақстан Республикасының  қылмыстық құқығы.

Қылмыстық құқықта салалық қарауды  игеру. Қылмыс құрамын және жаза түрлерін білу.

Пікірталас.

Қылмыстық құқық түсінігі. Қылмыстық  заң. Қылмыс түсінігі. Жаза түсінігі.

О.-10,13,14. Д.-47,52.

10 тақырып. Қазақстан Республикасының  іс жүргізу құқығы.

Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік процестердегі  сотты анықтау.

Әдебиетпен жұмыс.

Іс жүргізу заң шығару негіздерін оқып білу.

О.-13. Д.-12,15,16,50,56.


                            

  1. Реферат тақырыптары
  2. Мемлекет,  құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
  3. Ғылымдар жүйесіндегі құқықтың алатын орны.

3. Мемлекеттің пайда болу теориясы.

4. Заңдық жауапкершілік және оның  түрлері.

5. Қазақстан Республикасының Конституциялық  құқығының негіздері.

6. ҚР Конституциясы – мемлекеттің  негізгі Заңы

  1. ҚР конституциялық-құқықтық құрылымы.
  2. ҚР сайлау жүйесі
  3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот.
  4. Құқық қорғау қызметі мен құқық қорғау органдары түсінігі.
  5. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыты.
  6. Құқық қорғау қызметінің құқықтық негізі.
  7. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқығының негіздері.
  8. Әкімшілік құқық бұзушылық.
  9. Әкімшілік жауапкершілік.
  10. ҚР әкімшілік құқығына түсінік беру, түрі, әдісі, жүйесі.
  11. Мемлекеттік басқару негізі.
  12. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері.
  13. ҚР Азаматтық құқығы: түсінік, субъектілер, дерек көздері.
  14. Азаматтық құқықтағы шарттар мен келісімдер.
  15. Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысаны.
  16. Неке: некеге тұрудың, некені тоқтатудың және бұзудың негізі.
  17. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы.
  18. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
  19. Қаржылық құқықтың жүйесі.
  20. Салықтар және олардың түрлері.
  21. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.ҚР еңбек заңнамасы
  22. Еңбек шарты: оны жасау, тоқтату және бұзу тәртібі
  23. Ұжымдық шарт
  24. Жұмыс және демалыс уақыты
  25. Әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы
  26. Экологиялық және жер құқығы негіздері.
  27. ҚР экологиялық заңнамасы
  28. Жер заңнамасы
  29. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
  30. ҚР Қылмыстық кодексі – ҚР қылмыстық құқығының негізгі қайнар көзі.
  31. Қылмыс түсінігі және оның құрамы.
  32. Жаза және оның түрлері.
  33. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы
  34. Іс жүргізу құқығы түсінігі.
  35. Іс жүргізу құқығы салалары.
Краткое описание
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Содержание
«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
Құқықтың қайнар көзі