Жеңіл киім бұйымдары

Дата поступления: 26 Апреля 2013 в 07:40
Автор работы: p*******@mail.ru
Тип: курсовая работа
Скачать полностью (6.72 Мб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

КурсТИШИ--.doc

  —  7.25 Мб

Сәнді плащтар пленкалы, мөлдір, ылғалға ұқсас беткейлерден тігілген. Доғал, шаршы формадағы  пальто, плащтар біршама қомақты  көрінгенмен, өте ерекше.

Жыл сайын мода демократшыл  болып қалыптаса жатыр, әр түрлі таңдамалы стильдерді және бағыттарды кеңінен ұсынып келеді. Өте танымал болған классикалық стильдің  бір бөлігі іскерлік стильдегі X-сипаттағы силуэт. Идеалды пропорциялар, мінсіз пішім, артық бөлшектердің болмауы және жоғары сапалы маталардың қолдануы. Олардың иық сызықтары біраз кеңейтілген, бел сызығына барынша ерекше көңіл бөлінген. Оларды әр түрдегі бөліктермен, баулармен әшекейлеген. Осы стильде романтикалық стильге тиісті элементтер де қолданылған. Қазіргі уақытпен салыстырғанда жақын болып көрінетін өткен уақытты аңсау. Ретро стилдегі 60-70 жылдардағы мода тенденциялардың рөлі ерекше. 

Романтикалық ностальгия – ұшқыр қиял, елестер. Осы бағыттың да элементтері де қазіргі тенденциялардың  назарынан тыс қалмайды. Жіңішке  тігіспен тігілген бүкпелер, бүрмелер, шілтері, кестелеу, жеңіл, мөлдір маталар тағы да басқа элементтер қолданылған бұйымдар ерекше орында.

60 жылдардың алаңғасарлы  толқындары! Осы онжылдықтың сәнінде  көп әзіл, ашық қаныққан түстер  және де өзгешелік дизайнерлік  табыстар, бүгінде жаңадан туылып отыр. Айрықша әсер ететін доғал, шаршы силуэттегі модельдер, коктейль үшін қонбалы көйлектер, қысқа, енді жакеттер, тар, енсіз белдемшелерді айтуға болады.

Ең есте қаларлы 70 жылдардағы моданың сүйіктілігі А-силуэттегі туника-көйлек.

Маңызды силуэттер қатарына Т-, Y-, X-, П-формалары кіруде. Назар иықтарына бағытталған, олар көлемді, айқын сызықты немесе жұмсақ ағылмалы формаларда. Жең ұзындығы ¾ құрайтын тағы бір ерекшелік.

Еденге дейінгі киім ұзындығы – сәннің жаңа махаббаты. Пальто, плащтар, тон, трикотажды бұйымдар тізеден төменгі түсті.

Аксесуарлардан биік, ұзын былғарылы балтырша – ботфорттар, ұзын қолқап-митенкалар, үлкен және ұзын моншақтар, енді белдіктер, жалпақ сөмкелер, папка секілді, әр түрдегі  клачтар, платформалы, биік туфлилер, әшекей декор есебінде үлкен банттар, орамалшалар.

Әр тарихи кезеңдерде белгілі бір көзқарастар, талғамдар  басты болып келеді. Әдемілік, сұлулық  және үйлесімділіктерге байланысты өз ойларын адамдар әртүрлі өнер шығармаларында, тұрмыстық заттарда, киімде және т.б. көрсетеді. Сондықтан белгілі бір тарихи кезеңде адамдардың жасаған өнер шығармалары мен тұрмыстық заттарына стильдік бірлік, яғни бір-біріне ұқсастықтары, сәйкестіктері тән. 

 

 

1.2 Стиль мінездемесі

Киім формасы тарихи кезеңдерге байланысты өзгеріп отырады. Яғни, стиль – бұл тарихи кезеңнің мәдениетін, әсемдік түсінігін, қоршаған дүниеге көзқарасын көрсететін тұракты, накты қалыптасқан тіл. Стиль – киіну әдеті. Мода келіп кетеді, ал стиль қалады. Модадағы өзгеріс белгілі бір стильдің төңірегінде болып жатады.

Стиль – киіну әдеті. Мода келіп кетеді, ал стиль қалады. Модадағы өзгеріс белгілі бір  стильдің төңірегінде болып жатады. Жалпы стильдік мінездемелер ұзақ уақыт  кезеңінде өзгереді. Стильдің өзгеруімен қатар, киімнің конструктивтік негізі және пішім өзереді, моданың ықппалымен фасон өзгереді. Әр тарихи кезеңдерде белгілі бір көзқарастар, талғамдар басты болып келеді. Әдемілік, сұлулық және үйлесімділіктерге байланысты өз ойларын адамдар әртүрлі өнер шығармаларында, тұрмыстық заттарда, киімде және тағы басқаларда көрсетеді. Сондықтан белгілі бір тарихи кезеңде адамдардың жасаған өнер шығармалары мен тұрмыстық заттарына стильдік бірлік, яғни бір-біріне ұқсастықтары, сәйкестіктері тән.

Киімнің стилі дегенде  алдымен, костюмдік композиция, форма, түс, материал және тағы басқалар бойынша үйлесімділігін және оның ортақ образға тәуелділігін білдіреді.

Қандай да стильдің негізі – сыртқы форма силуэт. Киімнің  силуэті жалпы алғанда, образдың сипатын анықтайды. Костюмнің композициясын  және пропорциясын сонымен қатар, оның құрамдас бөліктерін қалыптастырады.

Жалпы стильдік мінездемелер ұзак уақыт кезеңінде өзгереді. Стильдің өзгеруімен қатар киімнің конструктивтік негізі және пішім өзгереді, моданың  ықпалымен фасон өзгереді.

Стиль – адамзат қоғамының және киімнің уақыттық эволюциясымен байланысы бар ұйымдарының бірі.

Стиль дегеніміз –  көбінесе шығармашылық ойлаудың жалпы  бөлімі. Белгілі даму деңгейімен анықталады; өнердің белгіленген тәсілдері  немесе жеке туындыларының идеялық  және көркемдік жалпылығы; пәндік ортаның көркем-пластикалық бірыңғайлылығы, ол материалдық және көркемдік мәдениеттің даму барысында жинақталады, өмірдің түрлі аумақтарын біріктіреді.

Стиль – белгілі мазмұны  бар объектілердің формальды-эстетикалық  белгілерін көрсетеді. Ол әр дәуірлердің дүниетанымы бейнеленген идеялар мен көзқарастар жүйесімен белгіленеді. Сондықтан стильді жалпы көркемдік дәуірдің айқындалуын есептеуге болады.

Өз заманының адамдардың ұйымдасуы стильде белгілі тарихи дәуірін қамтитын сұлулық идеалы көрсетіледі.

Стиль ойлау жолдары  мен эмоциялық ерекшеліктердің  нақты іске асуы құрылымдық байланыс типі мен формаға келтірудің негізгі  принциптерімен анықталады және бүкіл  мәдениетке ортақ белгілі тарихи кезеңдерге пәндік ортаның біртұтастығының  негізі болып табылады. Киім формасы тарихи кезеңдерге байланысты өзгеріп отырады. Яғни, стиль – бұл тарихи кезеңнің мәдениетін, әсемдік түсінігін, қоршаған дүниеге көзқарасын көрсететін тұрақты нақты қалыптасқан тіл.

Сән үлгісінің әсерінен қазіргі өнер саласы сияқты бүгінгі  костюм үлгісі де әр түрлі көркем бейнелілік бағытымен сипатталады. Стилб мен сән өзара байланысты, дегенмен стиль анағұрлым тұрақты белгі ( критерий) ретінде маңызды болады.

ХХ ғасырда нақты  қалыптасып, бекіген киім үлгісіндегі  стильдің бағыт ХХІ ғасырда да өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Бұлар-классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлық стильдер. Бұлардың барлығының да алдыңғы дәуір кезеңінің тарихи көркемдік стилінен айырмашылығы-негізінен, костюмнің функционалдығы мен мақсатында.

Сән ағымының өзгеруіне қарамастан, алдыңғы айтылған стильдер өткен жүзжылдықтың барлық кезеңінде қолданылды, сондықтан оларды дәстүрлі стильдер деп атауға негізі бар.

Стильдің келесі негізгі  түрлері бар:

Классикалық стиль –  іскерлік, қаталдық, ұстамдылық, пысықтылық. Бұл стильдегі киімдер әртүрлі аксессуарлар мен әшекейлермен өмірдің барлық жағдайларына жарайды.

Классикалық стильдің бір  бөлігі – іскерлік стиль (жұмыс оқу  үшін арналған). Іскерлік стильдің сипаттамасы:

-ыңғайлы қозғалысты  шектемейді;

-матасы жоғары сапалы, ұсақ суретімен немесе сызықтармен;

-түстері ұстамды, байсалды;

-аяқ киім орташа немесе тапал  өкшеде;

-аксессуарлар, әшекейлер мен макияж  ұстамды.

Классикалық стильді  сәннің негізгі стилі ретінде  қарастырады. Классикалық,іскерлік немесе сырбаздық стильге тұрақты, өзгермейтін, “сәнмен тыстың” бәрін жатқызады. Бұл стиьдегі киімдер көп тараған және бұл киімдер бағалы, түсі мен матаның ең сапасынан – жүннен, жібектен, мақтадан, зағырдан жасалады. Классикалық стиль – бұл сызықтардың жайлығы, қарапайым пішім, бұйымның қатаңдық түрі.Классикалық стильдегі киімдер аса көре түспейді, олар өздерінің сапасымен ерекшеленеді. Әр адамның гордеробында міндетті түрде классикалық стильдегі киімдер болады. Бұл киім әр адамға жарасып, ұстамды болуға міндеттейді, іскерлік бейне жасайды.

 

Сурет 1 Классикалық стиль

 

Классикалық стиль сырбаз-кербезділігімен, композициялық сызықтарының қарапайымдылығымен, ықшам пішімімен, қарапайым шешімімен  сипатталады. Бұл киім үлгісінде  барлығы да қолданылуына сәйкес рационалды түрде құрылады. Классикалық стильдің киім пропорциясы адамның дене бітімінің табиғи пропорциясына сәйкес келеді. Киім пішінінің негізгі сызықтары дене бітімінің табиғи бөлінетін жерінен өтеді, ягни жең де қолтық ойындысы қолдың иықпен бірге бөлінген жерінен өтеді, мойын ойындысы сызығы-мойынның денемен қосылған жерінен өтеді, мықын сызығы мықынмен сәйкес келеді. Бұл стильдегі киім көзге бірден шалынбайды, матасының сапасымен және тігілу сапасымен қызықтырады.

Романтикалық стиль  – бүкпелер, шілтерлер, банттар, желбіршектердің  болуы; маталары жұмсақ және жеңіл. Ұшқыр қиял-елестер, ізденністер тобы. Романтикалық стиль күрделі конструкциялы болғанымен әдемі, бірақ практикалық жағынан керексіз бөлшектері әдеттен тыс мата фактурасы, таңдаулы түстерді болжайды. Осы айтылған декорациялық элементтер арасында романтикалық стиль әйелге нәзіктік сипат береді. Костюмде жеңіл, үлбірек, созылымды маталар қолданылады. Киім ықшам пішінді дене бітіміне қынамалы болуы мүнкін өте көлемді немесе қаңқа көмегімен бекітілген, немесе дене бойымен төгіліп келгенн пішін бөлшектері әдеттегідей тыс ерекше асимметриялы болуы мүмкін. Конструктивтік сызықтары айқындвлмайды, бөлшектері декоративті, бейнелі үндестікте берілген.

Романтикалық стиль  тарихи-ұлттық костюмның элементтерін қамтиды.

 

 

Сурет 2 Романтикалық стиль

 

Спорттық стиль –  қозғалуға және спортпен шұғылдануға  ыңғайлы, мәдени демалуға қолайлы. Бұл  стильге қалталардың, погонның, батырмалардың, сызба баулардың, әсемдік тігістерінің болуы тән. Тек қана спортпен айналысуға арналған киімдер емес.

Спорттық стиль кәсіпқой және әуесқой спорт киімі негізінде, туристер экипировкасы, арнаулы киім бір үлгідегі киім негізінде жинақталды. Бұл стиль еркін де кең көлемді дене бітімінің қалыбын егер киім созылғыш, иілгіш жұмсақ матадан тігілсе қынамалы пішінмен сипаттайды. Жең пішімі әр түрлі: қондырма,реглан,кимоно. Шалбардың пішімі мен ұзындығы әр түрлі қондырлады. Бұл стильді жай конструктивті, қымбат емес маталар, әмбебаптық, қолайлы, ашық түстер, әр түрлі қалталар, сыдырмалар ілгекті түймелер, жабысқыштар сипаттайды, плакат графикасының элементтерін, шрифті композицияны пайдалануға болады. Спорттық стиль күнделікті тұрмыста; жұмысқа, демалысқа, спортпен айналысуға қолайлы.

 

Сурет 3 Спорттық стиль

 

Аралас стиль –  стильдердің бір-бірімен үйлесуі.

Фольклорлық стиль 20 ғасырдың басында дәстүрлі ұлттық киімге қызығушылық болған кезде пайда болды. Бұл стиль қазіргі киім әлеміндегі әр түрлі халықтардың ұлттық киім рухында жасалған және әр халық негізгі белгілерінің өзара алмасунан пайда болған; қарапайымдылықпен рационалдық пішім, ыңғайлылығы әр пішімнің функционалдығы, декоративті әшекейлеу тәсілдері, көп қабаттылығы,т.б. Дәстүрлі ұлттық киімнің аксессуарлары; мойын орамал, шарфтар, бас киімдер ,тоқыма бұйымдар,әшекейлерт.б.

 

Сурет 4 Фольклорлық стиль

 

Қазіргі заманның биік талғамы киім үлгісіне тағы бір бағыт-диффузиялық стильді әкелді. Бұл-бір ансамбьлдегі стильдер комбинациясы. Қазіргі уақытта барлық адамдардың әр жағдайда сәйкес киіне беруіне шамасы келе бермейді. Диффузиялық стиль бірнеше ауыстырмалы, алып-салмалы элементтерді енгізіп, тіпті әр костюмін кешкі театрға не оңаша кездесуге, қонаққа киетіндей айналдыра алады.

Бұл стиль оңай әрі  табиғи түрде классикалық стильді  романтикалық стильмен байланыстыра алады.Диффузиялық  стильде романтикалық стильдегі  жейдені іскерлік костюммен немесе классикалық пиджактыджинсымен, свитермен немесе майкамен үйлестіріп кию кең тарауда.

Сәнді киінген адам тек  қана өз таңдауы бойынша киініп, өз киімдерінің түймесінен қол орамалына  дейін ойластырылған емес. Мұндай адамға, шынында да оның киген киімдері жарасып тұрады. Бұл ішкі мен сыртқының өзара байланысы, имидждің стильге, стильдің имиджге сәйкестігі. Мұндай тепе-тең образ туа біткен қалау және ғажайыпты сезу және стилистиканың негіздерін және гармония заңдарын білудің арқасында қалыптасады.

 

 

1.3 Модель эскизі. Сыртқы түріне сипаттама

Осы курстық жұмыста  ұлттық киімнің қазіргі жаңашаланған түрі берілген. Ол – әйелдерге арналған жамылғы болып келеді. Жамылғы  фольклорлық стильдегі, О-силуеттегі, жайлы, шұға матасынан тігілген. Түсі – қызыл. Фольклорлық стильдегі әйелдерге арналған жамылғы күзгі-көктемгі салқын күндерде киюге арналған. Жамылғы пішімі алдыңғы бойдың ортасында тілігі бар күн шеңберлі болып келеді. Артқы бой екі бөліктен тұрады. Мойын ойындысы мойын түбі бойынша дөңгелене тіктеме жаға қондырылған. Алдыңғы бойына жапырақшалы жарма қалта тігілген. Әйелдерге арналған жамылғының артқы бөлігіне симметриялы және алдыңғы бөлігінің жеңі мен етегіне өсімдік тектес және зооморфтық ою-өрнекпен кестеленген. Ою-өрнек сары түсті жіппен кестеленген. Жамылғы астарланған. Бұйым ұзындығы тізеден болып келеді. Осы жамылғыныңның келесі өлшемдері берілген: 168 -34, 168 - 36, 168 - 38, 168 - 40, 168 -42. Жамылғы түрлері қосымша А.

 

Сурет 5 Әйелдерге арналған жамылғы эскизі

 

 

 

1.4.Мата таңдау

Таңдалған мата ең алдымен келесі міндеттерге жауапты болу керек:

  • Экологиялық жағымды
  • Эстетикалық әдемі
  • Эргономиялық ыңғайлы
  • Утилитарлы – тәжірибелік мәні болу керек

Мата таңдау кезінде  сіз міндетті түрде білу керексіз:

  • Қандай бұйымды тіккіңіз келеді?
  • Мата қандай қасиеттерге ие болу керек?
  • Матамен жұмыс істеу қандай дағдыны талап етеді?

Егер сіз жакет пен  белдемшені таңдасаңыз, ең бірінші  ескеретін мәселе мата дем алу  керек. Жаман мата болмайды, тек қана таңдалған  мата модельге сәйкес болмауы  мүмкін.

Мата таңдауға арналған негізгі үш тест бар :

Краткое описание
Еліміздің өркениетті елу елдің қатарына қосылу бағытындағы мәселелердің бірі техниканың, ғылымның жаңа бір бағытта дамып, өз даму жолында белгілі бір жүйені құрауы. Өскелең жастарымыздың рухани, мәдени, эстетикалық талғамдарының жетілуіне ықпал жасау. Ол үшін қазіргі таңда ұрпақты шеберлікке, жоғары талғамды технология үрдісін дамыта білетін, осы жолда жетістіктерге жетіп, келер ұрпаққа өнеге боларлықтай етіп тәрбиелеу, үйрету қажет. Осылай біз ұлттық мәдениет, өнерімізді дамыту арқылы ұлттық санамыздың берік қалыптасуына да ықпал жасаймыз. Оларға бағыт беріп сол бағыттағы мақсаттарды түгелімен атқарып отырса, біздің өнер, қол өнер саласы жаңа қырынан, жаңа саласынан бағыт алып қазақи менталитетті, қазақ үлгісін көрсетіп танылар еді.
Содержание
КІРІСПЕ………………………….……………………………………………3
1. ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ .....................................................................................5
1.1.Мода тенденциялары……………………………………………………..5
1.2.Стиль мінездемесі.....……………………………………………………..8
1.3. Модель эскизі. Сыртқы түріне сипаттама..............................................11
1.4. Мата таңдау ...................................…………………………………..….13
2. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ .............................................................….15
2.1. Бастапқы мәліметтер…………………………………………………....15
2.2. «Burda» сән журналымен жұмыс істеу технологиясы..........................18
2.3.Пішім бөлшектерінің спецификациясы…………………….…………..21
2.4.Материалдың жұмсалуын нормалау..……………………………….….22
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................24
3.1.Құрал жабдық пен өндеу режимін таңдау.................………………..…24
3.2.Бұйым дайындауының технологиялық бірізділігі ................................24
3.3.Бұйым дайындаудың технологиялық карталары…......…………….….25
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.......................................................................40
4.1.Бұйымның өзіндік құнын анықтау………………………….…….…….40
4.2.Экономикалық талдау.......………………………………..……………...40
Қорытынды………………………………………..……….……….…………41
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………….…………………………..42