Жеңіл киім бұйымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 07:40, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің өркениетті елу елдің қатарына қосылу бағытындағы мәселелердің бірі техниканың, ғылымның жаңа бір бағытта дамып, өз даму жолында белгілі бір жүйені құрауы. Өскелең жастарымыздың рухани, мәдени, эстетикалық талғамдарының жетілуіне ықпал жасау. Ол үшін қазіргі таңда ұрпақты шеберлікке, жоғары талғамды технология үрдісін дамыта білетін, осы жолда жетістіктерге жетіп, келер ұрпаққа өнеге боларлықтай етіп тәрбиелеу, үйрету қажет. Осылай біз ұлттық мәдениет, өнерімізді дамыту арқылы ұлттық санамыздың берік қалыптасуына да ықпал жасаймыз. Оларға бағыт беріп сол бағыттағы мақсаттарды түгелімен атқарып отырса, біздің өнер, қол өнер саласы жаңа қырынан, жаңа саласынан бағыт алып қазақи менталитетті, қазақ үлгісін көрсетіп танылар еді.

Содержание

КІРІСПЕ………………………….……………………………………………3
1. ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ .....................................................................................5
1.1.Мода тенденциялары……………………………………………………..5
1.2.Стиль мінездемесі.....……………………………………………………..8
1.3. Модель эскизі. Сыртқы түріне сипаттама..............................................11
1.4. Мата таңдау ...................................…………………………………..….13
2. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ .............................................................….15
2.1. Бастапқы мәліметтер…………………………………………………....15
2.2. «Burda» сән журналымен жұмыс істеу технологиясы..........................18
2.3.Пішім бөлшектерінің спецификациясы…………………….…………..21
2.4.Материалдың жұмсалуын нормалау..……………………………….….22
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................24
3.1.Құрал жабдық пен өндеу режимін таңдау.................………………..…24
3.2.Бұйым дайындауының технологиялық бірізділігі ................................24
3.3.Бұйым дайындаудың технологиялық карталары…......…………….….25
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.......................................................................40
4.1.Бұйымның өзіндік құнын анықтау………………………….…….…….40
4.2.Экономикалық талдау.......………………………………..……………...40
Қорытынды………………………………………..……….……….…………41
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………….…………………………..42

Прикрепленные файлы: 1 файл

КурсТИШИ--.doc

— 7.25 Мб (Скачать документ)






МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………….……………………………………………3

1. ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ .....................................................................................5

1.1.Мода тенденциялары……………………………………………………..5

1.2.Стиль мінездемесі.....……………………………………………………..8

1.3. Модель эскизі. Сыртқы түріне сипаттама..............................................11

1.4. Мата таңдау ...................................…………………………………..….13

2. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ  .............................................................….15

2.1. Бастапқы мәліметтер…………………………………………………....15

2.2. «Burda» сән журналымен  жұмыс істеу технологиясы..........................18

2.3.Пішім бөлшектерінің  спецификациясы…………………….…………..21

2.4.Материалдың жұмсалуын  нормалау..……………………………….….22

3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................24

3.1.Құрал жабдық пен  өндеу режимін таңдау.................………………..…24

3.2.Бұйым  дайындауының  технологиялық бірізділігі ................................24

3.3.Бұйым дайындаудың технологиялық карталары…......…………….….25

4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.......................................................................40

4.1.Бұйымның өзіндік құнын  анықтау………………………….…….…….40

4.2.Экономикалық талдау.......………………………………..……………...40

Қорытынды………………………………………..……….……….…………41

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………….…………………………..42

 

 

КІРІСПЕ

 

Еліміздің өркениетті елу  елдің қатарына қосылу бағытындағы  мәселелердің бірі техниканың, ғылымның жаңа бір бағытта дамып, өз даму жолында  белгілі бір жүйені құрауы. Өскелең жастарымыздың рухани, мәдени, эстетикалық талғамдарының жетілуіне ықпал жасау. Ол үшін қазіргі таңда ұрпақты шеберлікке, жоғары талғамды технология үрдісін дамыта білетін, осы жолда жетістіктерге жетіп, келер ұрпаққа өнеге боларлықтай етіп тәрбиелеу, үйрету қажет. Осылай біз ұлттық мәдениет, өнерімізді дамыту арқылы ұлттық санамыздың берік қалыптасуына да ықпал жасаймыз. Оларға бағыт беріп сол бағыттағы мақсаттарды түгелімен атқарып отырса, біздің өнер, қол өнер саласы жаңа қырынан, жаңа саласынан бағыт алып қазақи менталитетті, қазақ үлгісін көрсетіп танылар еді.

Киім өндірісіндегі  техникалық қарқындылықтың маңызды  факторы әр түрлі қасиеттеріне, өндіріс  технологиясына, құрылымына, өңделуі  мен қолданатын шикізат түрлеріне  байланысты жаңа материалдарды пайдалану болып табылады.

Киімнің шығуы адам еңбегінің  ерекшеліктеріне, қоғамдық өндісіс  пен мәдениеттің дамуымен тығыз  байланысты. Киім қоғамның материалдық  және рухани құрамдас бөлігі болып  табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден – ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қошаған ғимараттармен қатар, киім де өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде дамуын, климаттық жағдайды, халықтың ұлттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді.

Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен  қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп  – эстетикалық қызмет атқарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғы, лыпа сияқты алғашқы киімдер, адам алғашқы пайда болып, үңгірлео, жартас қуыстарын паналап, ағаш бұтақтары мен шөп-шалам, қамыстан лашық, қалытқылар жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кезден басталған.

Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу – қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.

Өз бағытымда қазіргі  заман талабына сай әйелдерге  ұлттық нақыштағы жамылғыны дайындау бағытын алдым. Жамылғы дайындау үлгісінің ерекшелігі қазақтың ұлттық нақышындағы ою-өрнектердің сан түрін қолдану. Киімді көркем безендірудің өзі жоғары талғамды стильділікті, ынтаны, келісімді нақышты қажет етеді. Осы тұрғыда жамылғының кез келген мейрамда, іс-шарада, жиында киіп жүруге арналған түрлерін жасап шығару қажет. Сондықтанда киімнің ұлттық үлгісін әрі қарай дамытып, әсіресе әйел қауымын талғаммен киінуіне мол мүмкіндік жасаймыз. Өзімізді басқа ұлт үлгісінен ерекшелеп тұрарлық ою-өрнек түрлерімізбен әшекейлеп әсем де, сұлу, зор талғамды көрінуге бағыт береміз. Ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық экпедициялар арқылы іздестіріп, киім кешекті әлі де болса, қазақтың киім кигенінен халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін, шаруашылығын, даму үрдісін, тіпті меңіреу табиғаттың әсерін, көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. Оның ізін жоғалтпай, әрін тоздырмай әлі де болса, ел игілігіне қызмет ететін деңгейді сақтау біздің борышымыз, мақсатымыз.

Бұл қурстық жұмыстың мақсаты – қазіргі заман талабына сай әйелдерге ұлттық нақыштағы  жамылғыны дайындау және тігу барысында киімнің адам денесіне жарасымды қонымды болуын және тігін өндірісінің ерекшеліктерін ескеру болып табылады.

Міндеттері:

- әйелдерге арналған  ұлттық нақыштағы жамылғы үлгісін  таңдау кезінде оның қызметі  мен пайдалану жағдайын ескеруге;

- модаға сәйкес киім үлгісін таңдап, түр түсін анықтау және денесіне жарасымды қонымды болуы;

- бұйым дайындаудың  технологиялық бірізділігі мен  карталарын құрастырып, бұйымның  өзіндік құнын анықтау.

 

 

1. ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Мода тенденциялары

 Киім – адамзаттың  материалистік мәдениеттің элементі болып табылады. Киім формалары адамзат қоғамының дамудың әр кезеңдерінде өзгереді. Ол қоғамның сұранысымен, техниканың жетілдірілуімен, экономикалық өсумен сондай-ақ, ұлттық мәдениетпен, тұрмыс-салтпен, ұлттық-көркемдік дәстүрімен байланысты. Киімдер екі класқа бөлінеді:

1.Тұрмыстық

2.Өндірістік 

Тұрмыстық киімдерге күнделікті үйге киетін, жұмыстық, спорттық, мейрамдық, меймандық киімдер жатады. Өндірістік киімге санитарлық, формалық, жұмыс  орнына арналған киімдер жатады. Санитарлық киімдер медицинада қолданылады. Формалық киімдерге милиция, әскер, жол жөңдеу, т.б. сала мамандарына арналған киімдер жатады.

Киімдер жаздық, қыстық, маусымдық  және барлық мерзімде киіс беретін  киімдер болып та бөлінеді. Киімдер  өлшемі ретінде ұзындығы мен ені алынады, ал ұзындығы адамның бойымен алынады. Ені жағынан әйелдерге кеуде өлшемі, ерлерге мойын өлшемі алынады. 

Келешектегі әйелдер сәні тамаша, таң қаларлы, көзге түспелі модельдер  көзге тартымды және таңғажайып көрінеді.

 Орталық назарда көркем, қиялды, әдемі маталар және сексапильді формалардың шоғырлануы.

 Белгілі нұсқалардың жаңаруы,  танымасқа дейін жетуін қалыптан  тыс ұлғайған формалар, керемет  құрылымдағы маталар және жаңа  түсті гамма өзгертті. Айқын силуэттер  және ықшам пішім сызығы, футуристикалық киім негізінде, оған қарама-қарсы романтикалық стильдегі үлкен өлшемдегі бөлшектермен сәйкеседі. Көзге түспелі, оригиналды, сәндік және гротескты образдар қазіргі заманауи, тәуелсіз, өзінің индивидуалдығын, ерекшелігін көрсеткісі келген әйелдерге бағытталған. Нәтижені әр түрлі сипаттағы маталар – жарқырайтын, жылтыр, лакты тағы басқаларды күшейтеді.

Ерекше түстегі гаммалар: қаныққан ашық көк, электрик, көкшіл, бирюза, сия текті, мұхит тереңдігі секілді  түстермен қатар нәзік пастельді  реңдер.

Мода (сән) ұғымы –  латын сөзі «modus» - өлшем, әдіс, іс-әрекет деген мағына береді. Біз үшін ол мөлшер уақыт бойынша өзгеріп  тұратын талғам (таллғам, адамдардың әр киімді қандай жағдайда, сырт келбетіне  қарай таңдп киіне білуі).

Мода – әлеуметтік құбылыс. Адамға бірінші қажетті заты – киім. Онымен өндіруші өнеркәсіптің әр түрлі салалары айналысады. Ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.

Мода – экономикалқ  құбылыс. Адам қоғамының дамуына  және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда  болуына байланысты. Адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сән әр түрлі стильдермен, пішімдермен, үлгілермен, сондай-ақ, әр түрлі  көлеммен және түстердің алдан реңдерімен ерекшеленеді.

Мода – жеке тұлғаның әлеуметтік және моальдық аспектісіндегі индивидуалды сапаларының көрінісі.

Мода – бұл тарих. Ол туралы пікірлесуге, оны жоқтауға болмайды.

Мода – бұл белгілі  бір талғамдардың, өмірдің, мәдениеттің  әр түрлі орталарындағы уақытша  билік; бұл киімнің формасы мен  бейнелерінің үнемі ауысып отыруы.

Моданың келесі көріністері  бар:

1.Әлеуметтік. Мода қоғамдық өмірдің бір бөлігі. Онда біздің өмірімізде болып жатқан әртүрлі процестер көрініс табылады.

2.Таптық. Костюм қоғамдағы  таптық бөлінулерге байланысты. Мысал ретінде жоғарыда айтылып  кеткен мода тарихи мәліметтерді  айтуға болады.

3.Экономикалық, Мода үлгісін өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналысса оны сатумен аумақты дүкендер жүйесі айналысуда.

4.Эстетикалық. Костюм  – жеке мемлекеттің тарихи  кезеңінің және жалпы адамзаттың  көркемдік мәдениетінің бір бөлігі.

5.Этикалық. Адамның киімге көзқарасы оның жасына, тәрбиесіне, мінезіне, ұстанымдарына байланысты болады.

6.Психологиялық. Костюм  – адамның ішкі дүниесінің  бір бөлігі, оның көрінісі. Әр  адам моданы өз жасына, тәрбиесіне, ұстанымдарына, мәдениетіне, мінез-құлқына  байланысты қабылдайды.

Көптеген сән үйлері, сән журналдарының зерттелулеріне қарағанда қазіргі уақытта негізгі 10 «супер» мода тенденциялары байқалуда. Олар:

1.Кокон: қорғаныс қабатын  құру, қоршаған ортадан қорғалу  қажеттілігі, бөліну. Түстері сабырлы,  трикотаждан тігілген көп қабатты, көлемді, ыңғайлы киімдер, аморфты формалар. Ыңғайлы бұйымдар. Көзге түспейтін түстер.

2.Ежелгі кодтар: дінге,  сиқырға, ежелгі мәдениеттерге  үндеу, оларға табынушылық,  дәстүрлі  діндерге деген қызығушылықтың  азаюы және одан бас тарту. Киімге кестелеу, шілтерлі өңдеу, трикотаж, қолмен тоқу кең қолданылады. Магиялық түсті палитра.

3.Химера-(стиль) style: толық  айтылмағандықпен құпия, готика  мен мистика. Виртуалды шындықтан  пайда болған жаңа парадоксалды  бейнелер мен шешімдер. 

4.Жаңа бейне: ұлтшылдықтың, антиглобалдықтың өрістеуі, антиглобалистік, жаңа типті лидерді қажетсіну. Бейненің қайталанбастығын халықтық костюмнің бөлшектері көрсетіледі. Ерлер модасында офистік униформаның спорттық стильмен үйлестіру, Casual, тоқылған өрнектермен үйлесімділігі.

5.Табиғилық: денсаулық  – бұл ең бастысы. Табиғи  талшықтар, табиғи түстер өзекті, маталары жұмсақ және опырмалы  болып келеді. Су тақырыбы –  аса маңызды. 

6.Ретро: қазіргі уақытпен  салыстырғанда жарқын болып көрінетін  өткен уақытты аңсау, кешегі күнге көзқарас. Ретро бейнелерді, формаларды, суреттер мотивтерін қазіргі стильге келістіру. 

7.Романтизм: қатыгез  ақиқатқа қарсы тұру үшін ыңғайлы  дүниені іздеу. Пастельді және  карамельді түстердің палитрасы.  Романтикалық стиль. Инфантильділік  жастағы әйелдерге ханшайым арналған бейнесі, үлкен әйелдерге кішкентай ханшайымның стилі.

8.Қаттылық: минимализм, футурализм, милитарий, киімнің жалтыр  беттері. 

9.Антистильділік: сәйкессіздіктің  виртуозды иммитациясы. Үйлесімдіксіздікті  үйлестіру. Жаңа пропорциялар, киімде логотиптер, әріптер, сөздер.  

10.Ер-әйел. Әйелдердің  эмансипациясы және ерлердің  феминизациясы. Андрогинділік.

3 тенденция маңызды

1.Гламурлы-инфантильді  (ledy-baby) – қазіргі моданың бастысы  – барлық жастағы әйелдердің  өз қыздарынан жас болып көрінуге ұмтылуы.

2.Сәнді-іскерлік (ledy-boss) –  нәзіктік, сәндік және қымбат  маталар, идеалды, идеалды пропорциялар, мінсіз пішім, еркін қонымдылығы  көрсетілген.

3.Гранжево-альтернативті  (леди-бомж) – сопақ формалар, кокон  эффектісі, әр стильдегі киімдердің және құрылымының комбинациясы.

 Ассортимент –  әр түрлі тауарлар жинағы. Киім  ассортименті тұтынушылар сұранысын  қанағаттандыру үшін өнеркәсіп  шығаратын түрі мен мақсаты  алуан түрлі бұйымның жиынтығы.

Бүгінгі күнде мода интернационалды  құбылыс болып келеді. Бүгін адамды киген киіміне қарап оның ұлтын айту киын. Бірақ әр халық модаға өздерінің ұлттық ерекшеліктерін енгізеді. Киім арқылы адамның қай қоғам табына жататындығын айкындауға болмайды. Мода адам үнін қызмет ететіндігін есте сактау қажет, сондықтан модаға бас имей, керісінше оны өзімізге бағындыру қажет. Тек қана әр адамның жеке даралығын ескере отырып модаға еліктеуге болады.

 Қазіргі кезде модадағы  аса маңызды мәселелерді, бағыттарды қарастырып кетейік.

Қазіргі уақытта қоғамда  экологиялық проблема өзекті мәселе болғандыктан, ол өз көрінісін модада да тауып жатыр. Қоғамның экологиялық проблемаларымен айналысуы дизайнда радикалды құралдарды, әдістерді және дизайн кұндылықтарын қайта қарастыратын жаңа концепцияның қалыптасуына түрткі болды. Бұл концепция дизайнерлік жобада экологиялық факторлардың ескеруін талап етеді.

Биязы дене сызығын көрсететін қара түстегі қонымды көйлек мода жаратушылардың ең тартымды тақырыбы болып қалады. Сонымен қатар, сымбатты образды жасауда басқа да киімдер, әр түрлі маталардан, сонымен бірге аумақты қатырмалы маталар қолданылған.

Информация о работе Жеңіл киім бұйымдары