АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі: жаңа АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс мектепте АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда дұрыс және тиімді қолдана білуге бағытталған.
Зерттеу объектісі: мектепте АКТ-ны қолдануда ағылшын тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың теориялық мақсаты мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен мектепте ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................8
1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы ................................14
II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану ...........................................19
2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................28
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ...........................................................................................................33
Қорытынды бөлім .....................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................47
Қосымша ....................................................................................................................48

Прикрепленные файлы: 1 файл

А5ылшын т3л3нен электрондык окулык.doc

— 5.65 Мб (Скачать документ)

-Hello! 
- Hi! 
-What is your name? 
-My name is Anara. And yours? 
-Ma name is Alex... 
ІІ кезең:диалогті жаттау, мысалы №11 топта «At the theatre» тақырыбын өтсек сол бойынша диалог құру және жаттау тапсырмасы болады.  
-Are you a frequent theatregoer?  
- I can't say I am. But still I try not to miss an opportunity to see the plays that are spoken of and are worth seeing. 
-When did you visit the theatre first? 
- It was some years ago. My mother took me to a morning performance of the ballet "The Sleeping Beauty". 
-What were your impressions? 
- It was great! The acting, the costumes, the music of the ballet were superb! The performance was a great success with the public. 
- Have you ever been to the Bolshoi Theatre? 
- Unfortunately, I haven't. But my mother happened to be there. She listened to the opera "The Queen of Spades" there. I can't tell you what a treat it was for her. 

ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру, мысалы тілдер күніне ұйымдастырылған «Білім – алтын қазына» атты апталығында оқушылар «Romeo and Jullete» қойылым қойды. Сол қойылым диалог түрінде өтті. 
Жазуды оқыту.

Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру  секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.

Сонымен бірге ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы-бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы , анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға және т.б білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі,пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениеті қалыптастыруға , дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.

Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты –терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген , жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 

Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдардың қолданып отырмыз. Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді. 
Танымдық бағыт бойынша:

• Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; 
• Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.) 
•Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; 
• Сөз мәдениетін таныту; 
• Пікірталас мәдениетін жетілдіру; 
• Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту; 
• Оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру; 
Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша: 
• Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту; 
• Тілдік сауаттылығын арттыру; 
• Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; 
• Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;

• Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; 
• Шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
• Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; 
• Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;

Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде  енуге және ақпаратты жүйелі  түрде талдап, сараптауға мүмкіндік  береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды. 
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді. 
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ. 
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады. 
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  • Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдары өндеу.
  • Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазумен көркемдеп безендіруді уйретеді.
  • Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игерумен білім алуды кеңейту.
  • Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу,өзінің ойын еркін жеткізу.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.  Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде.  Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды. 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Менің дипломдық жұмысым ағылшын тілі сабағын оқытуда АКТ-ны қолдану бүгінгі заманауи талаптарға сай оқушыларға сапалы да тиянақты білім берудің маңызды мәселесі екендігіне арналды.

Оқушыларға мектепте ақпараттық білім бере отырып, олардың қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алуға қатысты біліктілік, дағдылық, ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың маңызы зор. Білім беру саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды жетілдіру, алдыңғы қатарлы оқу тәжірибелерінің  озық үлгілерін қолдану, әрбір қоғам мүшесінің ақпараттық мәдениеттілігі мен сауаттылығын арттыру аса маңызды. Мен ағылшын тілі сабағын оқытуда АКТ-ны қолдану оқу сапасының деңгейін арттыруы тиіс деген ұстанымды ұстаймын.

Менің ойымша, АКТ-ны сабақ оқытуда қолдану бірден-бір тиімді нәрсе. Өйткені, оқушының кітаптан оқығанынан гөрі компьютерді қолданып оқуы оның пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Курстық жұмысымда қазіргі заманда АКТ-ны қолданып ағылшын тілі сабағын оқыту - оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызатынын айқындап, оның мүмкіндіктерін атап көрсеттім.

Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі оңтайлы дағдыларды қалыптастыруға (іздену, қажетті ақпараттарды жинастыру және талдай білу, ақпарат көздерін үйлесімді пайдалану) мүмкіндіктерін береді, сонымен қатар оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуға (өз білімін өз бетінше құра білу дағдылары, ақпараттық кеңістікте бағдарлана білу дағдылары) оң ықпалын тигізері анық.

Мектепте оқушыларға ағылшын тілі сабағын оқытуда АКТ-ны қолдану және оны оқу-тәрбие үрдісінде енгізу, кәсіби даярлауды жетілдірудің қажеттігін дәлелдейді. Жоғарыда ағылшын тілі сабағын оқытуда АКТ жүйесімен бірге оларды оқу үрдісінде қолдану әдістемесінің сипаттамасы берілді. Және АКТ ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланып, ағылшын тілін оқытуға арналған жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері айқындалды.

Мектепте ағылшын тілін оқыту үрдісінде АКТ-ны қолдану мақсатты түрде жүргізілсе, тілдік коммуникативті қабілеттерді қалыптастыру уақыт талабына сай жолға қойылатыны анық. Оқу-тәрбие үрдісінде АКТ-ны қолданудың педагогикалық шарттары анықталып, негізделді.

АКТ-ны еркін қолданған оқушылардың ағылшын тілін үйрену қабілеттерінің деңгейі жоғарылап, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туатындығы дәлелденді.

Зерттеу қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар жасауды жөн деп санаймын:

      - Ағылшын тілін оқыту тиімділігін арттыру мақсатында бүгінгі күннің талабына сай электронды оқу құралдарын, компьютерлік бағдарламаларды, интернет-сайттарды қолдана отырып, интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқыту үрдісін жаңа тұрғыда ұйымдастыру қажет:

-Ағылшын тілін оқытуда шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында мектептің оқу үрдісіне таңдау курс бағдарламасын, оқу үрдісінде ендіру қажет;

-Оқушылардың компьютерлік-ақпараттық технологиялар бойынша озық тәжірибелермен танысуларына жағдай жасау;

   - Мектептің материалдық базасын нығайтып, аудиторияларды АКТ құралдарымен жабдықтануына жағдай туғызу қажет.

Келешекте мектепте ақпараттық технологияларды қолдану, жетілдіру т.б. мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
  2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
  4. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
  5. Информатика (Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты) Алматы, 2003 ж.
  6. Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Алматы, 1998ж.
  7. Н.Ермеков, Ж.Караев, Н.Стифутина. Информатика 7, 8 класс.                           - Алматы:Жазушы, 2000, -192 стр.
  8. «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж 44, 45 бет
  9.   «Информатика негіздері» №4 2005 ж 2, 30, бет
  10. «Информатика негіздері» №2 2004 ж 2 бет
  11. «Информатика негіздері» №5 2004 ж 4,6 бет
  12. «Информатика негіздері» №1 2004 ж 14,16 бет
  13. «Информатика негіздері» №4 2004 ж 2 бет
  14. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.
  15. Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ. высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.
  16. Захарова И. Г. Информационные технологии е образовании: Учеб. пособие для студ. высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003.

Информация о работе АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру