АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі: жаңа АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс мектепте АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда дұрыс және тиімді қолдана білуге бағытталған.
Зерттеу объектісі: мектепте АКТ-ны қолдануда ағылшын тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың теориялық мақсаты мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен мектепте ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................8
1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы ................................14
II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану ...........................................19
2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................28
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ...........................................................................................................33
Қорытынды бөлім .....................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................47
Қосымша ....................................................................................................................48

Прикрепленные файлы: 1 файл

А5ылшын т3л3нен электрондык окулык.doc

— 5.65 Мб (Скачать документ)

Стандарттағы бiтiрушiлерге қойылатын бiрыңғай талаптар жүйесiн болашақ педагог-мамандардың aқпараттық-коммуникациялық құзырлылығына қойылатын талаптармен толықтыру қажет.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырғанда:

- орта және жoғары кәсiптiк  оқу орындарында педагогикалық бiлiм алып жатқан стyденттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы бiлiммен қатар, педагогикалық қызметiне байланысты кәсiби бiлiм мен дағдыларды игеруiне;

- бiлiм беру ұйымдарындағы  педагог-қызметкерлердің қазiргi заманғы бiлiм берудiң қажеттiлiктерiне сай aқпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты бiлiктiлiктерiн көтерулерiне мүмкiндiк берiлiп, барлық жағдай жасалуы керек.

Мұнан басқа, бiлiктiлiктi көтеруге, мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтepyiне, оларды кәсiби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды жасауға негiз болатын оқу-әдістемелік базаны құру мен дамытудың да маңызы зор.

Мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген:

1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық  жүйелермен алғашқы танысу;

2) Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  жеке түрлерiн  терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын  қалыптастыру;

3) Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру.

Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

I I тарау

2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын  оқытуда қолдану

 

Ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқыту үрдісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған азамат ретінде танылуларына негіз бола алады.

Ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды жүйелік тұрғыдан жеке тұлға тұрғысынан, іс-әрекет тұрғысынан кешенді тұрғыдан қараған жөн. Мектепте ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану мәселесінің барлық аспектілері ақпараттық технология мазмұнын талдау, ақпараттық технологияның диагностикалық мақсаттылығы нәтижелілігі, визуальдығы, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, ақпараттық технологияны қолданудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау негізінде қарастырылды.

Ақпараттық білім беру технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалану, өз кезегінде, ағылшын тілін оқытудың қарқынын арттыруға бейнелік және теориялық ойлауын дамытуға, оқушылардың ақпараттық қоғамның жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Мектепте ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану болып табылады, сонымен қатар дүниежүзілік интернет желісі оқушылардың білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, қазіргі оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту үрдісін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыруда, өзіндік жұмыстарды орындауда әдістемелік құрал ретінде де маңызды.

Осы жұмысқа тірек етіп қарастырған келесі ұғым ол – «ақпараттық технология». Ғалымдар А.А. Кузнецов, Н.Р. Юсуфбекова, В.А. Извозчиков «ақпараттық технология» туралы өз еңбектерінде жаңа электронды оқыту құралдарын соның ішінде  компьютерді оқыту-тәрбие үдерісіне қолдану әдістерін  жан-жақты зерттеген. Технологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау барысында «ақпараттық технология» ұғымы да өзіндік ерекшеліктермен сипатталатынын байқадық, көп жағдайда ақпарат алу, сақтау, өңдеу және тарату деп сипат берілгенін байқадық.

Ақпараттық технологияға қатысты зерттеушілер, әдістемелік құралдардың авторлары Д.Г. Левитес, Е.Н. Ястребцева, В.Ф. Шолохович, Б.С. Гершунский, Н.П. Гузик ақпараттық білім беру технологияларының нақты әдіснамалық қағидаларын анықтап, іс-әрекеттік, технологиялық жеке тұлғалық, жүйелілік мазмұнын ашып көрсетеді.

Ғалымдардың ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану туралы айтқан және зерттеу барысында қарастырылған көзқарастары мен ой тұжырымдарының талдамасы бізді «Ақпараттық технология» компьютерлік технологияны қолдану арқылы қажетті мәліметтерді ала отырып, оқушылардың коммуникативті қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және ағылшын  тіліндегі сөздік қоры мен ауызекі сөйлеуін  дамытуға, грамматиканы сөйлесім арқылы меңгеруге бағытталған оқыту үрдісі деген анықтама беруге негіз болды.

Осы орайда, ақпараттық технологияны қолдануда оқушының атқаратын екі функциясын айқындалды: бірінші-толықтырушы, екіншісі-моделдеуші. Бұл функциялар стимулятивтік-моделдеуші және ойындық бағдарламалар компьютер арқылы орындау үшін қажет өнімді іс-әрекетке араластыруға мүмкіндік тудырады.

Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы  педагогикалық нәтижеге жетуде компьютерді ақпараттық технологияның құрамдас бөлігі ретінде оқыту үрдісінде қолдануда. Ақпараттық технологияларды пайдалану білім жүйесін бәсекелестікке қабілетті тұлға дайындауда және әлемдік білім кеңестігіне кірудің бірде бір жолы деп есептейміз.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану білім беру коммуникациясының интерактивті сипатын арттыра түседі. Ғалымдар               А.А. Андреев, В.И. Солдаткин, В.П. Кашицин ағылшын тілін оқытуда ақпараттандыру үдерісінің ықпалын жан-жақты сипаттай отырып, әсіресе, білім мен ұғымды ұсыну, меңгеру әдістерінің өзгеретіндігін, оқытушылар мен студенттердің өзара әрекетінің жолдары туралы айтады. Осы орайда оқытудың тиімділігін арттыруды ұсынады. Ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың, әсіресе қарым-қатынас ортасын, жалпы тақырып шеңберінде әріптестердің интерактивті өзара әрекет ортасын құрудағы маңызы ерекше. Ғалым М.Ушакова ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып, компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі, шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады. Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта құру үшін керемет мүмкіндіктер туғызады.

Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық бағыт ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, оның негізгі мақсаттары: лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, оқу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану тілді үйренудегі белсенділікті қамтамасыз етеді.

Мектепте ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттарын төмендегідей анықтауға мүмкіндік тудырды:

Бірінші шарт оқу-тәрбие үрдісінде қарқынды оқыту мақсатында студенттердің танымдық іс-әрекеттік қызығушылықтарын арттыру. Егер студенттер жаңа ақпараттық технологияны жақсы игеріп, ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтары артса, онда ағылшын тілін білу мүмкіндігі де артады.

Екінші шарт мектепте оқушыларды  даярлауда, оқу үрдісін технологиялық тұрғыда қамтамасыз етіп, оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, компьютерлік технологияны қолдануды кезеңдеп жүзеге асыру. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың білім деңгейіне сәйкес төменгі, орта, жоғары деңгейге бөле оқыту үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Үшінші шарт ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары мен ғылыми әдістемелік тұғырларын сәйкестендірудегі іс-әрекеттерді шығармашылықпен үйлестіру. Үшінші шарт бойынша  ақпараттық технологиялардың түрлері мен бағыттарын ғылыми- әдістемлік сәйкестендіру іс-әрекеттерін шығармашылықпен үйлестіру түрлері қарастырылды. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілін меңгеру іс-әрекеттерін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Мотивациялық компонент– оқушылардың ақпараттық технологиялар арқылы тіл меңгеру іс-әрекетке ұмтылуы, қажеттігі, білім алуда ақпараттық

технологияларды қолдануға танымдық қызығушылығы, ынтасы, өзіндік тапсырмаларды орындауда жаңаша оқу жолдарын табуға деген ынтасы, ағылшын тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар мен электронды оқу құралдарды қолдануға деген қызығушылығы, кәсіби шындалуда ақпараттық технологияның ролін түсініп, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге деген ынтасы мен ұмтылысы.

Танымдық компонент– танымдық іс-әрекеттің қалыптастыру мүмкіндігі, ақпараттық технологияның маңызы мен қажеттілігін ұғынуы, ақпараттық сауаттылығының болуы, қолданатын ақпараттық технологиялардың түрлерімен таныс болуы және технологиялардың түрлерімен жұмыс істей білуі, ағылшын тілін меңгеруге деген белсенділігі, оқу материалдарын өз қажетілігіне қолдануы, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Бұл компонент бойынша ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану жолдары жүзеге асырылды. Мультимедиалық, электрондық оқулықтар студенттердің ағылшын тілін үйрену оқу іс-әрекетінің негізгі көзі болып табылады.

Егер ағылшын тілінен оқу материалдары иллюстрация, анимациялық, дыбысы бар объект түрінде құрылса, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес ағылшын тіліндегі материалдардың мазмұнын тез қызыға қабылдауға, түсінуге, білімін өз бетімен жетілдіруге негізгі түрткі бола алады.

Төмендегі кестеде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілін меңгеру іс-әрекетін қалыптастырудың компоненттерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін көруге болады.

1-кесте – мектепте ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілін меңгеру іс-әрекетін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері

 

 

 

 

 

 

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

компонент

ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушылығы мен  қажеттігі

  • ағылшын тілін үйренуде ақпараттық технологияларды қолдануға  деген қызығушылығы,
  • білім кеңестігінде оны қолданудың  маңызын түсінуі,
  • кәсіби шыңдалудағы рөлін түсінуі және оған ықыласты болуы,
  • өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізе алуға деген ынтасы мен ұмтылысы.

Танымдық

компонент

танымдық іс-әрекетін ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастырудағы оқу үрдісі

  • ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін айқындау,
  • олардың танымдық белсенділігін арттыру,
  • ақпараттық технологиялардың түрлерін білім алуда таңдай білуі,
  • олармен жұмыс істей білуі,
  • меңгерген ақпараттық білім мен біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалана білу,
  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-әрекеттік компонент

Ақпаратты өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен пайдалана білу  дағдыларының қалыптасуы

- ақпараттық технологияларды қолдану  арқылы ақпарат кеңістігінен  білім алу белсенділігі мен  дағдылары,

- алған білімін  өз іс-әрекетінде теориялық білімі мен біліктілігін ұштастыра білу іскерлігі,

- алған білімін  өзінің іс-әрекетінде  шығармашылықпен орындау әрекеті.


 

Осы өлшемдер мен көрсеткіштерді ұстанымға ала отырып, ақпараттық технологияны қолдану арқылы ағылшын тілін меңгерудің үш деңгейі белгіленді.

Жоғары деңгей. Оқушы жеке қабілетті, жоғары, ақпаратты технологияны жақсы меңгерген, керек мағлұматты тез тауып, өндеп, оны ағылшын тілін үйренуде бар ынтасымен қолданып, білім деңгейін жоғарылатып үлкен табысқа жету мүмкіндігіне ие болады. Ақпараттық технологияның көмегімен білім, іскерлік дағдыларын қалыптасуда белсенділік, ақпараттық сауаттылық, тіл меңгеруге деген қызығушылығын көрсете алады. Нәтижесінде барлық әрекетке белсенді қатысып, жеке қабілеті мықты, жаңа білім түрлерін іздеуге талпынатын тұлға қалыптасады.

Орта деңгей. Оқушы ақпараттық технологияны белсенді өз қажетіне қолдана алады, ағылшын тілінде берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тіл үйренуде ақпараттық технологияның маңызын түсініп, өз біліктігін жоғарылатып, керек ақпаратты тауып, іздеп, оны оқу үрдісінде қолдана алады. Нәтижесінде алған білімін, тіл үйренуге деген дағдысын жаңа ақпараттық технология қолдану арқылы өзіндік жұмыс орындауға мүмкіндігі бар оқушыны айтамыз.

Төмен деңгей. Оқушының ақпараттық технологияны пайдалану қызығушылығы, белсенділігі төмен, дайын ақпаратты оқу үрдісінде және кәсіби әрекетіне қолдану дағдысы қалыптаспаған. Нәтижесінде оқушы өз білімін көрсете алмай, өз білім біліктіктерін пайдалануға сенімі жоқ, тек оқудың жеңіл түрлеріне жүгінеді.

Осы орайда ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген оқушы ақпараттық технологияны пайдалану барысында олардың маңыздығын түсінетін, технологияны жан-жақты меңгерген, біліктілік қабілетін ағылшын тілін үйренуге тиімді пайдалана алатын, жаңа білім түрлерін іздеуге талпынатын, интеллектуальды-рухани жан-жақты дамыған, тіл меңгеру ұстанымы мығым, бәсекеге қабілетті тұлға бола алады деп есептейміз.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануда моделдеу аса маңызды. Моделді құрастыру – нақты бар жүйені зерттелетін нысанға сәйкес іске асыру, яғни жинақталған деректер негізінде қонымды жүйе жасау үрдісі.

Мектепте ағылшын тілі пәні оқушылардың өз кәсіби мамандықтары бойынша сұранысы болған жағдайда пайдалану мақсатында оқытылады. Ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық білім беру технологияларын пайдалану қоғам талабы болып отыр. Мектепте ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды тиімді қолданып, оларды оқытуда қолданатын дидактикалық құралдармен сабақтастыру сапалы нәтижелерге қол жеткізеді.

     Елімізде білім беру  саласында жаңа ақпараттық технологияларды  қолдану басты мақсат болып  отыр.Ол тек қана техникалық  құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. 
  Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Информация о работе АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру