Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы

Дата поступления: 15 Мая 2013 в 10:49
Автор работы: g***********@mail.ru
Тип: дипломная работа
Скачать полностью (144.24 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

новый.docx

  —  147.04 Кб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Тақырыбы:  Т. Әлімқұловтың  шығармаларындағы  өнер адамдары бейнесінің  сомдалуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары

1.Кіріспе

2.Негізгі  бөлім

1.1. Тәкен сүйген  - әдебиет

1.2. Тәкеннің  - жұмбақ жаны

2.1. «Үлкен  жазушы,  өнерлі адам»

2.2. Тәкен  Әлімқұлов шығармаларындағы   өнер  адамдарының   сомдалуы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылатын  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Әдебиет пен өнер о бастан ақ егiздiң сыңарындай бiр-бiрiмен қабаттаса келе жатқан домбыраның қос iшегi десек артық айтқандық емес. Себебi әдебиетсiз өнер, өнерсiз әдебиет жоқ. Қазақты қазақ қылған осы өнер дейтiн болсақ, сол өнердiң ғасырдан ғасырға тарап, жанданып, өркендеуi әдебиет саласының құзырында. Әдебиеттiң өнерге, өнердiң әдебиетке тигiзетiн ықпалын тарихтың өзi талай дәлелдеп берген. Қай ұлттың, халықтың болмасын тағдыры басынан өткерген тарихи кезеңдерi алдымен сол елдiң әдебиетi мен өнерiнен орын алады. Ұлттың рухы көтерiлiп, еңсесi биiктегенде оның әдебиетi мен өнерiнiң де арнасы толыға түседi.

       Жалпы, өнер тақырыбын жай ғана әңгiме үшiн көтермеймiз. Тақырып шартты ұғым болғанымен де, қаламгерлерiмiз сомдаған кейiпкерлердiң алыстан көз тартатын, салмақты бөлiгi дәстүрлi мәдениет, ақындық, күйшiлiк тақырыбының үлесiне тиедi.

Осы тақырыпта құнды  көркем туындыларды дүниеге келтiрген қаламгерлер әдеби дәстүр қазақ  прозасының соңғы жылдар кезеңiне де өз әсерiн тигiздi. Әсiресе, тарихи кезеңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының  өмiр-тағдырын, өнер, дәстүрлi мәдениет, адамгершiлiк, имандылық тақырыбын  және әдебиеттегi бүгiнгi таңның тыныс-тiршiлiгiн  арақау еткен прозалық шығармалар оқырман  назарына көбiрек iлiктi. Қарап отырсақ, небiр айтулы шығармалар осы тақырыптардың  еншiсiнде екен. Бұл туындылар  туралы, жалпы қазақ әдебиетiнiң  барлық жанрдағы өркендеу кезеңдерi жайлы  бiрнеше құнды әдеби-эстетикалық  зерттеулер, еңбектер де жарық көрдi.

     Өнер тақырыбы қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлi қырынан зерттелiнiп, қарастырылып келедi. Бұл жұмыста өнер тақырыбы жалпылама қарастырылып отыр. Өнер тақырыбы жалпы қазақ әдебиетiнiң тарихын ғылыми танымнан өткiзуде өзiндiк орны бар теориялық мәселе болып табылады. Бiтiру жұмысында өнер тақырыбындағы шығармалардың көркемдiк ерекшелiктерiн, тарихи кезең мен тарихи тұлғалар тағдырын зерттеудi мақсат етiп алдық.

      Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.

     Ұлттық әдебиеттану ғылымында өнер, өнер тақырыбы жайлы, сын, пiкiр айтып, зерттеу еңбектерiн арнамаған ғалым, өз еңбектерiне өнер тақырыбын арқау етпеген қаламгерлер кемде-кем. Р.Нұрғалиев, Х.Әдiбаевтар өнер тақырыбын зерттеп, оған өз бағасын берсе, М.Әуезов, Т.Әлiмқұлов Ж.Ысмағұлов, Ғ.Мүсiрепов, С.Бақбергеновтер өз шығармаларын өнер тақырыбына арнап, өнер адамдарының тарихи тұлғасын сомдап, осы бағытта бiраз еңбек сiңiрген қаламгерлер. Қазақ әдебиетiнде өнер тақырыбын ғылыми көркемдiк негiзде талдап, орынды бағасын берiп жүрген ғалым профессор Ә.Қансейiтұлының зерттеулерi жаңаша пайымдауға құрылған. Өнер тақырыбы әлi де түбегейлi зерттелiп, жан-жақты қарастыруды қажет етедi.

      Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың негiзгi мақсаты – қазақ прозасындағы өнер тақырыбын, оның кең көлемде зерттелуiн, осы тақырыпқа өз көркем шығармаларын арнаған қаламгерлерiмiздiң еңбектерiн көркемдiк тұрғыдан талдап оның әдебиеттегi маңызы мен мәнiн танытудағы қаламгерлер шеберлiгiн пайымдау. Яғни бұл жұмыста мақсат етiлген мәселелер төркiндестiгi “әдебиет пен өнер” хақында болмақ. Яғни, өнер тақырыбындағы шығармалардың формалық және идеялық iзденiс негiздерiн қарастыру, олардың жалпы және сипаттық тұрғыдағы дәстүрлi жаңашылдық аспектiлерге арақатынасын анықтау.

     Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негiздерiн қазақ әдебиетiндегi белгiлi жазушылар мен ұлттық әдебиеттану ғылымы ғалымдарының зерттеу еңбектерiндегi ой-пiкiрлер, тұжырымдар құрайды. Бұл тұрғыдан Р.Нұрғалиев, Х.Әдiбаев, Қ.Әбдезұлы С.Жұмабеков, Т.Тоқбергенов сынды әдебиет танушылар мен Ғ.Мүсiрепов, С.Бақбергенов, Т.Әлiмқұлов, Ә.Әлiмжанов, М.Әуезов сияқты жазушылардың теориялық пiкiрлерi мен тұжырымдарын басты назарда ұстадық.

      Диплом жұмысының әдiсi: Өнер тақырыбының қазақ әдебиетi тарихында алатын орнын анықтау. Жазушылардың өнер тақырыбындағы шығармаларын салыстыра отырып талдау жасау. Еңбекте жүйелi функционалды және салыстырмалы зерттеу әдiсi қолданылды.

     Диплом жұмысының құрылымы. Бiтiру жұмысы  кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi берiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Тәкен  сүйген  - әдебиет

1.2. Тәкеннің  - жұмбақ жаны

 

        Белгілі бір ұлттың, халықтың  тағдыры, басынан өткерген  тарихи кезеңдері ең алдымен сол ұлттың әдебиетіне, өнеріне із тастайды. Ұлттың рухы көтеріліп еңсесі биіктегенде, оның әдебиетті де, өнері де қайта түлеп, қайта толысып күш қуат жинап, бойын тіктеп болашаққа көз тігеді. Түрлі  тарихи   кезеңдер аралығында   туған әдебиетіміз жоғалтқандарын қайта тапты, сол арқылы  қайта жаңғырды, қайта жаңарды.

      Осы   әдебиетіміздің  қомақты жүгін  арқалаған, талантты, дарынды   шоғырдың бел ортасындағы қаламгерлер  қатарынан  Тәкен Әлімқұловты да көрумізге болады.  Оның басты себебі -  қаламгердің көркемдік деңгейі мен оқ бойы озық  көрінетін туындылары. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары қазіргі тұста әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанына, тану, талдау өзегіне айналуы өте қажет.

      Әрине тақырып  деген шартты ұғым дегенмен  де жазушы сомдаған кейіпкерлердің  алыстан көз тартатын соқталы,  салмақты бөлігі  дәстүрлі мәдениет, ақындық күйшілік  тақырыбының   үлесіне тиетіні тегін емес.

«Тәкен Әлімқұлов –  батыс, орыс классиктерінің  озық тәжірибесі мен ұлттық тақырыптағы  дәстүрді шебер ұштастырған  жазушы. Қаламгер творчествосынан  әрдайым жан-жақты, кең өрісті ізденістерді аңғарамыз»- деп пікір білдірген  профессор  Б. Майтанов  өз ойын ары қарай  жазушының  шығармаларын талдай отырып, олардағы ұлттық астардың  тереңдігімен, халықтық сипатының  қанықтығымен, айқындығымен сабақтастырады. /62,104-105/

           Әдебиет пен өнер о бастан ақ егiздiң сыңарындай бiр-бiрiмен қабаттасып  келе жатқан домбыраның қос iшегiндей  дүние. Әдебиетсiз өнер, өнерсiз әдебиетті елестету  мүмкін емес әрине.   Қазақты қазақ қылған өнері  дейтiн болсақ, сол өнердiң әдебиет  айдынында   қалқуы Тәкен  Әлімқұлов   шығармашылығына ғана   тән құбылыс    десек   қателеспеген   болар   едік.

          Тәңірберген     Әлімқұлов    Оңтүстік   Қазақстан облысы,  Созақ ауданы,  Бабата ауылында  дүниеге келген –  ақын,  жазушы,  әдебиет сыншысы.   Оңтүстіктің қасиетті  тумасы 1953 жылы  Мәскеудегі    Әдебиет институтын бітірген екен.  1936 – 1945 жылдары  Шымкент қорғасын зауытында,   Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы  қызметін  атқарды, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО  және  Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарады.

          Тәкен Әлімқұлов    өзге  де   әдебиетшілер секілді   алғаш  әдебиет   есігін поэзияның кестелі өрнегімен ашқан екен.  Қарымды қаламгер   қай жанрда  бақ сынамасын, қай тақырыпты қозғамасын  биік  белестерді бағындырғанын  көреміз.   Оның алғашқы өлеңдер жинағы  «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964),  «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер, өлеңдер жинақтары,  «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары  жарыққа шығыпты.   Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі» (1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда» (1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді.  М. Ю. Лермонтовтың  «Измаилбей» поэмасын (1951), П. Павленконың «Бақыт» (1950),  Г. Николаеваның    «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ  А. С. Пушкиннің,  В. В. Маяковскийдің,   Г. Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударып халықтар достығы орденімен марапатталған.  Санымен  емес, сапасымен оқырманын  елең еткізген бұл әдеби –эстетикалық   талдаулар әдебиет   сыны мен әдебиеттану ғылымында өз орнын  тапты десек  қателеспейміз.  Очерк, аударма  саласындағы елеулі еңбектерді де қаламгердің сан қырлы талант иесі  болғандығын танытады.

        Классик жазушы, әдебиетші Тәкен  Тәңірбергенұлы Әлімқұлов  ұлттық әдебиеттанудың күретамыры Абайтану ілімінің дамуына ерен үлес қосқан ғажайып дарын иесі. Ғалымның Абай шығармашылығына арналған «Абай» (1954) монографиясы, М.Әуезовпен бірлесіп жазылған «Из истории казахской литературы» зерттеу мақаласы («О прошлом и настоящем» (1958) еңбегінде) абайтанудағы біліктілігін танытты. Ал «Әнді сүйсең, менше сүй» («Қазақ әдебиеті». 1970.3.07), «Абайды тану туралы» («Қазақ әдебиеті». 1971.19.03), «Толғауы тоқсан қызыл тіл» («Қазақ әдебиеті». 1971.14.05), «Тағы Абай мұрасы хақында» («Қазақ әдебиеті».1974.5.07) т.б. мақалаларында ұлы ақын өмірі мен әдеби мұрасы, поэзиясының көркемдік-эстетикалық қуаты ғылыми проблемалық сипатта қарастырылды. Кеңестік әдебиеттану ұстанған маркстік-лениндік қасаң ілім шырмауына шырмалмаған еркін ойлы тау тұлға Тәкен Әлімқұловтың «Жұмбақ жан» (1978) зерттеуі адамзаттық мәндегі ұлы тұлға Абайдың шығармашылық құбылысына ақын өскен орта, рухани нәр алған халықтық ілкі қасиетке толы қайнар бұлаққа эстетикалық биіктен, ұлттық рухтағы ойлы көзбен қараудағы ғылыми-зерттеушілік арнаға соны тыныс дарытты. «Абайдың өмір тарихына, арманына, өскен ортасына жете зер салмай, шындық шешілмейді» деп білген ғалым Абайдың ақындық әлемінің күрделі болмысына қазақ қоғамы тарихи шындығының күретамырынан ажырағысыз ұлттық тәлім - тәрбие, рухани нәр алған қайнар, әлеуметшілдік қайраткерлігі, ақындық айналасы тұрғысынан үңіледі. Әр сөзге терең жүк артқан, тарамдала түсер сан қатпарлы ой сілемдерін дарытқан зерттеуші «Абай өмірі - ғажап өмір. Бесікте әнмен әлдиленген ол көшпелі елде, әртүрлі рулардың салтында әсершіл болып өседі. «Махаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады» дей келіп, ақындық мектебінің тағылымына орай «Абайдың маңындағылар Лев Толстоймен хат жазысады» деген өрелі пікір білдіреді. Зерттеуші Абай ізбасары ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы есімін атамаса да мәтіндік астармен әдеби-тарихи шындықты жеткізеді. Сол арқылы Абайдың ақындық айналасын жан-жақты зерттеу қажеттігіне проблемалық назар аудартады. Т. Әлімқұлов Абай құбылысының пайда болуының тарихи алғы шарттарын зерделі түйіп, Батыс-Шығыс классикалық әдебиетін көркемдік таным, эстетикалық талғаммен шығармашылығында тоғыстырғанын тереңнен екшейді. Осындай келелі мәселелерді байыпты саралаған ғалымның ақын поэзиясын, сыршыл лирикасын талдаудағы теориялық түйіндері  зерделі эстетикалық сипатымен ерекшеленеді. «Эстетика дегеніміз - әлеуметтік, қоғамдық ой өрісінен, философиядан, социологиядан, моральды-этикалық қағидалармен құнарланған әсемдік ілім. Бұл ілім көркем творчествоның тарауларын талдап, табиғатын жете тануға қызмет етеді. Өрісті, үлгілі, озық әдебиетттерде әлдеқашан құнарлы да қажетті санаға айналған эстетика - қазақтың бергі заманындағы жазба әдебиетімізде Абайдан туындаса, бұнда тарихи сыр жатады, дәуірдің ділгірлігі жатады» деп классикалық сипаттағы лирикасының эстетикалық әлемін саралайды.  Ұлы ақын поэзиясының реалистік қуатын «нағыз пенде өлерде өсиетін, шын суреткер өнерде шынын айтады. Абай осының екеуіне де телқабыс» екенін түйіп, классикалық сипатын айқындайды. Оның халықтық негізінің әлеуметтік рухтағы ұлттық сипатын негіздеп «Ақын неғұрлым ұлттық болған сайын сол ғұрлым ұлттық белгілерге жиі бармақ. Осы жағынан келгенде, Абай нағыз ұлттық ақын. Ол поэзиялық деректің баршасын дерлік ұлт өмірінен алады.  Әбден таңдап, іріктеп, жұтындырып алады. Және оған өзі құл болмай, әмсе биіктен қарайды» деген кемел ойлар түйеді. Көркемдік дамудың тарихи сабақтастығына жіті үңіліп «Қазақтың жазба әдебиеті Абайдан басталады деген тұжырым - тым ұшқары тұжырым. Жазба әдебиет бір адамнан басталса, ол адам қалай классик бола қалады?! Дүниежүзінде ондай тәжірибе жоқ. Қазақ тілінде жарық көрген ежелгі дүниеліктерді былай қойғанда, Абайдың өзі шенеген кітаби ақындар тобын қайда қоямыз. Сыншыл көзқарас, қатаң толғам арқылы көтерілген Абай тақыр жерден өспеген шығар. Арқалық тарландарды тақырыптан тысқары қалдырып, күнгейдің көптеген кітаби ақынын алсаңыз, жазба әдебиеттің тоғыз тарау жолдары сайрап жатады. Абайдың бесіктегі кезінде дүние салған батыстық Махамбеттің даңғыл жолы тіптен даусыз. Оның өлеңдерінің кейін жариялануы Абай шығармаларының кейін басылуы сияқты әдебиеттің төл тарихына нұсқан келтіре алмайды. Бұлай болса, Абайдың тарихи орнын шендессіз шегерудің, жеке жіктеудің орны жоқ. Әңгіме Абайдың өзінен бұрынғылардан, өз тұстастарынан ерекше биіктігінде һәм қатпарлығында болуға керек» деп әдебиет тарихын тұтастықта әрі кешенді зерттеудің ділгірлігін өткір көтеруі айрықша назар аудартады. Шын мәнінде, Абай қазақ әдебиетінің негізін салды дегенде, әдеби дамудағы тарихи сабақтастық, яғни көркемдік дамудың дәстүр ұласуына тән табиғаты басты назарда болуы керек. Демек, ғалым пікірі Абай қазақтың жаңа сипаттағы жаңа жазба әдебиетінің негізін қалады деген пікір айтқан М.Әуезов пікірімен үндес болып табылады.  Ал Абайдың көркем аудармадағы даралық қырын «Ана тілінде айна-қатесіз балама тауып, жүректің қанымен жазудың үлгісін жасады» деген эстетикалық көзқараста бағалайды. Абай аудармаларының табиғатын терең екшеген ғалым ұлы сөз зергерінің көркем аудармадағы эстетикалық әлемін терең саралайды. Аудармадағы хас шеберлік қырларын дәлелдей көрестеді. Тәкен Әлімқұлов ұлттық сөз өнерін бағалау мен саралауда «Әдебиет - ұлттық категория. Бұралқы шығармаларды мен қабылдамаймын» («Бір сұраққа он жауап» // «Жұлдыз». 1970. №6.Б.-144-153), «Бендешілік талғамға келсек менің өз басым біркелкі өндірістік немесе колхоздық романға құлықты емес. Көркем роман, ең алдымен, халықтың тағдырын, ұлттық характері мен санасын, қоғамның өсуі мен өшуін шежірелейді» («Толғаныс сыры» // «Қазақ әдебиеті». 1971.24.02) деген көркемдік эстетикалық мұратты басты орынға қойды.

         Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесіндегі, Т.Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» роман-эссесіндегі Сәкен тұлғасына «Ел мен жер» романындағы, «Көкейтесті» әңгімесіндегі Сәкен бейнесі ұқсамайды.

   Қаламгер Т.Кәкішев  өз роман-эссесінде Сәкен Сейфуллиннің  ғылыми-көркем өмірбаянын жасауды  мақсат еткен. Сәкеннің жасөспірім  шағына мемлекет қайраткері дәрежесіне  дейінгі азаматтық өсу, кемелдену  жолын суреттеуде автор ғылыми  баяндау тәсілі мен көркемдік  жинақтау тәсілдеріне қатар сүйенеді. Бұл тұрғыдан келгенде Т.Кәкішевтің  романы С.Сейфуллиннің «Тар жол,  тайғақ кешу» романымен үндеседі. Екі шығармада бірдей қайталанатын  бірнеше кейіпкерлер бар, негізі, мазмұны бірдей дерек көздері  де мол Оларды пайымдау мен  бағалауда да айырмашылық жоққа  тән. Бірақ Т.Кәкішевтің романында  С.Сейфуллиннің шығармашылық еңбегінің  психологиясына кең орын беріледі. Ақынның бірнеше өлеңінен туу  процесі, оған негіз болған  шындық құбылыстар сыры ашылады.  Осы арнада Сәкеннің қоғамдық-саяси  ойларының психологиясы да көрініс  табады. Дегенмен бұл романның  басты ерекшелігі толығымен дерекке,  құжатқа негізделгендігінде.

    «Көкейтесті»  әңгімесінде  жазушы екі өнерпаз  тұлғасын  сомдаған. Бірі ардақты  ақын- Сәкен болса, екінші айтулы  күйші –Әбікен болған.  Сәкен  бейнесін қаламгер  жан жылуына  бөлеп,  оның бейнесін шұғылалы, шырайлы  бояумен суреттейді. Ой парасатымен, нәзік сезімталдылығымен,  сабырлы қалпымен    ерекшеленетін  Сәкен  мінезі шығармашылық  тұлға ретінде де, көркемдік деталь  қызметтері арқылы да  сәтті  ашылады. 

    «Көкейтестіде»  мұндай кеңдік құштарлық жоқ.  Ақын өмірін уақыт пен  кеңістік  жағынан кең суреттеуді  әңгіме  авторы  мақсат етпеген.  Ақын  өмірінің  ең бір  ерекше  ахуалдағы  сәтін таңдап алған  жазушы  кейіпкерінің  шығармашылық  тұлғасын, оның эмоциялық  күйін  терең ашып  суреттеуді мақсат  тұтты. Соған орай жазушы  Сәкен  мінезінің бір ғана  қырын тереңнен  нәзік мүсіндеп берген.  Сәкен  бейнесін бейнелеуде  өз қолтаңбасын  ажыратып, өз соқпағын  айқындап  алған. Күй сыры, күй құдіретін   суреттеген тұстарда  Сәкеннің  азаматтық  өресінің биіктігі, уақыт, заман, талабына сай  жарқырап көрінген қайраткерлігі,  қоғамдық қызметі  де жаңа  қырынан ашылады.

          Сәкеннің сыршыл ақын екендігіне  көп өлеңдері куә.  Сонда да  сөз патшасы  өлеңнің кей  тұстарда  сезімді күй жеткізетін  деңгейіндей нәзік, әрі терең  толғай  алмайтынын  арынды ақынның   өзі  мойындап отырады әңгімеде. Мұнда ақын «Көкейтесті» сияқты  күйдің  өнер шыңынан, шабыт  тереңінен табылғанын мегзеп  отыр. Жазушы кйіпкерінің  өнерпаздық  ерекшелігін, оның өнер туындысына  қатысты, өнер туындысын бағалау   тұрғысын  таныту арқылы да  айқындай түседі.

Краткое описание
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
Содержание
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер