Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы

Дата поступления: 15 Мая 2013 в 10:49
Автор работы: g***********@mail.ru
Тип: дипломная работа
Скачать полностью (144.24 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

новый.docx

  —  147.04 Кб

         Ақан табиғат ортасында тегіннен –тегін алып бармайды автор. Біріншіден, ақын өмірі шындығында солай өтсе, екіншіден, табиғи орта суреті ақынның жан әлемін терең ашып көрсетуге жол ашқан. Суреткер табиғаттың құбылмалы райын адамның айнымалы, олқылы-толқы күйімен жіксіз жымдастырып, шынайы жеткізеді. Табиғат ақын жанының айнасы ретінде қызмет атқарды.  Ақанның осы сәттердегі көңіл толқыные табиғат тілімен автор былайша жеткізеді: «Күні кешегі үкілі қамыстың құлақты қытықтайтын сыбдыры жоқ, тұл жыныстың көңілге үрей салатын сүйкімсіз судыры бар. Ғашық жардың лебізіндей қоңыр самалдың орнын жесірдей сарнаған сары жел басқан. Толастағанда жетім ызыңы сыбызғының үніндей сыршыл мұң шығады. Сыңсыған ызыңы күні ертең шаңдатқан қара дауылға айналып, ну қамысты қоғадай жапырып, үлардай шулататынын Ақан сезеді» (131, 42-43). Осылай ақынның құлазыған жан дүниесі, серінің сезік жайлаған жаралы жүрегі күтпеген жерден дәл осы табиғаттың өзінен ем табады. Ойда жоқта көлдің үстінен көлденең ұшқан қаршығаның қанат зуылынан Ақан сері сергіп сала береді, қайта түлеген қырандай құлпырып, сілкінеді. Әлдеқашан адастырып, алыстап кеткен Көкжендетін есіне түсіріп, күтпеген жерде пайда болған көкқаршыға  «қызба шалдың денесне ыстық қан жүгіртіп,... кәрілікке көктен қуат біткендей, қутыңдап күркеге сыймай» кетеді.

         Ақан сері әуелде заман қажытқан, уақыттың дегеніне көнген қалыпта, бәоіне мойынсұнған, бәрінен көңілі қалған күйде, өмірі кешегі өткен күйінде кетіп, бүгінгі күнге құр сүлдері ғана жеткендей жайда еді. Жазушы кейіпкердң психологиялық күйінің осы қалпын арнайы ашып, анықтап, айқындап көрсетеді. Кейіпкердің осы күйін жазушы оның келесі, бұған мүлде қарама-қайшы басқа бір күйінің шындығына ауысуға қажетті эмоциялық кілт ретінде пайдалануды дұрыс көрген.

         Осылайша, кенеттен көл бетіндегі құстарға оқтай зулап, жасындай ағып жарқ-жұрқ еткен көк қаршыға Ақанның шаршап-шалдыққан тыныштық тілеген жаны мен тәніне ғайыптан тың күш, тың қуат береді. Жан мен жүректегі баяғы құштарлы ыстық күй қайта оралып, дене де сергиді, көңіл де серпіледі. Ақан өміріндегі осы серпіліс жазушының суреткерлік нысанасы үшін аса маңызды еді. Олай болмаған жағдайда Ақанның жанындағы мұң мен дерттің сызы, оның кейінгі қуанышының мәні мен сәні жете ашылмаған қалпы қала берер еді. Сондықтан да жазушының суреттеуінде Ақанның бір психологиялық күйден оған қарама-қайшы басқа психологиялық күйге ауысуы нағыз көркемдік шешім болып табылады.

         Т.Әлімқұловтың Ақаны – парасаттың, шығармашылық еңбектің адамы.  Оның өмірге көзқарасында эстетикалық, шығармашылық қатынас бар. Ар-ождан тазалығы, ақыл-ой биіктігі, жүрек нәзіктігі оның өмір шындықтарын терең де нәзік сезініп, тануына негіз болды. Сондықтан да оның тағдыр-талайында өзін де,өзгені де тану, ұғып-түсіну сәттері ерекше орын алады. Өзі мен өзгені, шындық құбылыстар сырын танып, ұғып-түсіну нәтижесінде оның жан дүниесі даму, баю үстінде болады. Сөйтіп, жазушы кейіпкерінің өзі мен өзгені тануға бейім қабілетін аша отырып, оның рухани өсуіне, дамуына, баюына жол ашады. Жоғарыда берілген үзінді Ақан образының осындай табиғатын танытады.

      Жалпы, Тәкен өнер адамдары жайындағы қай шығармасында да бас кейіпкердің рухани дүниесін жан-жақты, әлеуметтік ортамен тұтастыра, терең ашып көрсетуге бейім. Адамның жан дүниесіндегі құбылыстар жалаң, жалпыламасы емес, қайта сол кезеңнің әлеуметтік тархи, қоғамдық-саяси шындығымен сабақтас, тамырлас танылады. Сондықтан да қаламгер толғаған заман бедері, дәуір лебі кейіпкер болмысынан алшақтамай, ара жігі ажырамай, қайта көркемдік шындық пен тарихи шындық тұтас көрінеді. Махамбетті қолына қару ұстап, күрескер ақын болуға мәжбүр еткен  -   әлеуметтік шындық, Ақан серіні сергелдеңге салған – қоғамдық орта, Тәттімбетті, Сүгірді, Сейтекті, Ықыласты саңлақ өнер иесі ретінде қалыптастырған тарихи өқиғалар жазушының әңгіме,повестерінде кейіпкердің жан дүниесін бейнелеудегі басты факторлар ретінде бой көтереді. Бұларсыз өнер адамдарының толыққанды, тұтас тұлғасын, олардың азаматтық, адамдық келбетін қаламгер таныта алмас еді.

        Жазушының әңгіме, повестеріндегі бас кейіпкерлердің көркемдік бітімін, осыдан туындайтын олардың оқырмандарға жеткізетін эстетикалы қуатын, әсер-ықыласын баса айту қажет. Ақан сері, Махамбет, Ықылас, Тәттімбет, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Төлеген, Әбікен сияқты өнер тарихындағы саңлақтардың өмір-тағдырын суреттеу арқылы қаламгер оқырманына жалпы өнер құдыретін, оның қыры мен сырын, тылсым құпиясын табиғат құбылыстарымен астастыра отырып, тереңнен ашып танытады.

     Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектерде, көзкөргендердің естелігінде оның «Майда қоңырының» шығу тарихы туралы мәліметтер ұшыраспайды. Жазушы кейіпкерінің бұл шығармасыныңтууына негіз болған өмір құбылыстарының тобын өз қиялынан табады. Басқаша айтсақ, «Майда қоңырдың» тууына негіз болған өмір шындығын, жағдайды жазушы өз ойынан шығарып суреттейді. Осы орайда «Майда қоңырдың» шығу тарихын Ақан өмірінің повесте суреттеліп отырған кезеңінен аясында көрсету лайықты ма еді деген сұраулы ой тууы ғажап емес. Біздіңше, жазушы мұндай шешімге келгенде де үлкен суреткерліктанымға сүйенген. «Майда қоңыр» әнінің тууына тікелей қатысы бар өмір шындықтарын Ақанның көк қаршығаны қолға ұстаған жұбанышты  - оқиғаларымен тұстас суреттеу жазушының шығармашылық ойлау даралығын тағы бір қырынан танытады: бұл да, айналып келгенде, бас кейіпкердің эмоциялық, шығармашылық болмысын терең ашу мақсатына сай жасалған көркемдік шешім еді.

       Жазушы  Ақан өмірінің шындығын түрлі  құбылыстардың, оқиғалардың бір-біріне  жарығын түсірген, бірінің мәнің  екіншісі арттырған күрделі поэтикалық  деңгейд бейнелейді. Басарланың  баснан сөз асырмаған, бүкіл  ел алақанына салып, бетіне  қараған серілік кезең. Өткен  дәуреннің шындығы осындай. Иттің  құмайы мен адамның серісіне  тән болатын қызықты, қызулы  шақтың суреттері өзара қанаттас  беріледі. Өмірдің кейінгі кезеңінен  шындығы бұл суретке қарама-қарсы:  Басарала қуғанқоянына жетпейді, жетіп бас салса, тісі батпайды. Ақаннан бұрынғыдай басынан сөз  асырмаған күй кеткен, әркім басынып  ойына келгенін айтады, бетіне  қарап, алақанына салатын ел  де жоқ, ортасы құбылған, өзгерген, серілік те қалған. Бұл көрініс  алдындағы суретке, өткен дәуреннің  сарынына мүлде  қарама-қарсы.

     Т. Әлімқұловтың  шағын повесі  -   жазушының  шағын шындықтан шалқар сыр  танудың жарқын бір көрінісі. С.Жүнісов романында Ақан өмірінің дәл осы кезеңінен бұлайша кең, жан-жақты суреттеуге орын берілмейді.  Ол заңды да. Өйткені роман жанрының табиғаты мұны көтермейді. Яроманда Ақан серінің өмірінің бар саласы, барлық қыры оның заманының ірі, іргелі шындықтарымен тығыз байланыста бейнелетіндіктен, кей жағдайларда серінің жеке өміріне қатысты шындықтардың қайсыбірі шағын эпизод көлемінде ғана баяндалады. Романның көп салалы сюжеттік желісі үшін бұл тәсіл, өмір шындықтарын  тиісті жерде сығымдап, екшеп беру жолы тиімді және орынды болып табылады.

     Ал Т.Әлімқұлов  секілді Ақан өмірінің бір  ғана сәтіне байланысты бір  ғана оқиғаны таңдап алған  жағдайда, сол оқиғаға қатысты  және онымен тектес басқа да  мәліметтерді қамтып, шығарма өзегін  түзген шындық құбылысты толық  таныту көркемдік қажеттіліктің  өзінен туындайды.  «Көк қаршыға»  жазушы осындай көркемдік   қажеттілік талаптарын ескерген. Осы шығармасына қажетті шындық  құбылыстарды жинақтаудағы эстетикалық  нысанасы туралы жазушы былай  деп ой бөліседі:

       «Мен Ақан серінің құс салғанын, әрине, көргенім жоқ. Бірақ оның есесіне Қаратау өңіріндегі қаршыға салған құсбегілерді көрдім. Қаршығаны қалай ұстап, қалай батпайтынына қанықтым. Осы детальдарды мен «Көк қаршыға» атты әңгімемде Ақан серіге телідім( 19, 104)

     Жазушы Ақан  өмірі туралы деректерді толық  біліп, ой таразысынан өткізгенде, ақынның өз шығармашылығын, оның  әдеби ортасы мен ақындық айналасын,  түгел сараптап шыққанында сөз  жоқ. Сөйте тұра өз кейіпкерінің  өміріне  қатысты жеке дара  оқиғаны ел ішінен алып, өзі  қосқан қосалқы оқиғалар желісімен  жетілдіре түседі.

      С.Жүнісовтің  романында Көкжендет аталған көк қаршығаға байланысты эпизод бір басқа да, Т.Әлімқұловтың повесіндегі көк қаршыға бір басқа. Көкжендеттен кейін Ақан серінің қолында тағы бір көк қаршыға болғаны және оның Ақан өміріндегі маңызы туралы дерек ұшыраспайды. Ақанның өз әдеби мұрасы бұл мәселе туралы жалпылай ғана болжауға негіз болады. Осы жалпы сипаттағы болжау, шығармашылық тапшылық негізінде  Т.Әлімқұлов Ақан серінің ақырғы қуанышы туралы ойды дара алып, шығармасының көркемдік табиғатын анықтайды, суреткерлік нысанасына орай Ақан өміріне, оның өнеріне қатысы бар, сондай-ақ қатысы болар-ау деген материалдарды сұрыптап, таңдап-талғап алып, соның нәтижесінде ұлттық сипаты анық, ұлттық бояуы қанық келіскен көркем сурет жасайды.

           Ал С.Жүнісов ел есінде, халық жадында аңызға айналған Ақан өмірі сен тағдырына жазушы ретінде бірте-бірте тереңдейді. Әнші Ақан, сері Ақан, шынайы махаббаттың, қызу сүйіспеншіліктің шоғын басып, отына үйген ақын болмысын жазушы өмірдегідей, артық-кемімен, аспандатып, не жер бауырлатып та жібермей, табиғи қалпында тұлғалайды.

       Т.Әлімқұловтың  «Көк қаршыға» повесінде Ақанның  өмірінің соңында қолына қондырған,  жабыққан көңіліне жұбаныш сыйлаған  қыран құсы көк қаршығаны (өзі  Көкжендет деп атаған құсын)  түтінге тұншықтырып өлтірген  Тінә болыстың ақынға жасаған  астамшыл әрекетін, көпе-көрнеу көрсеткен  қиянатын суреттеу арқылы қаламгер  шығарма аяқталар тұста күллі  оқиғаны ширата, ширықтыра түскен  еді. Осы арқылы, яғни қартайған  шағында да Ақанның қыр соңынан  қалмаған қиянатшыл ортаның осындай  жан түршігерлік іс-әрекетін бейнелеумен  повесть сюжетіне нүкте қойылғанды. Осыған сарындас, көркемдік мақсаттары  сабақтасып, астарласып жататын  сюжеттік арналарды С. Жүнісов те өз романында кеңінен қамтып, тереңнен тартып кіргізген. Романдағы қарапайым халыққа, адал елге тізесін батырып, теперіш көрсететін үстем орта   -  ел билеушілерінің, атқамінерлердің жиынтық бейнесіндей болыс Нұртаза, Азнабай, Жанботалар бой көрсетеді.

        Ақан серімен жуанортаның арасындағы тартысты арна-арнамен тереңдетіп, бұл желіге әрбір жаңа, тың оқиғаны қосқан сайын ары қарай шығарманың арқауын босатпай, ширата түсуді қаламгер мақсат еткен. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартатынын ақын тағдыры тайға таңба басқандай танытады. Болыс, старшынды былай қойғанда, енді солардың қолшоқпары, жандайшаптарынан жапа шеккен Ақан ендігі барар жер,   тауын қайдан іздейді?

         Адамнан опа көрмеген ақын табиғаттан пана табады. Оңашадағы ақын тіршілігі қайта жараланған жүрекке ем әкеледі. Табиғат – ана өз перзентін құшағын жая қарсы алады. Т. Әлімқұловта өз повесінде ақын өмірінің осы кезеңіне ат басын тіреген. Мылқау баласы Ыбан екеуінің оңашада, табиғат ортасында өтетін тіршілігіне Т.Әлімқұлов повесть басында арнайы тоқталады.  Ақан- табиғат желісі «Көк қаршыға» повесінің негізгі арқауларының бірі.

          Елдің сөзін сөйлеп, намысын жыртатын, халық алдында беделі асқан Ақанды аяқтан шалған, жағадан алған қиянатшыл орта осал болған жоқ. Түйені түгімен жұтатын омыр, оқпан күш әрқилы ортадан табылып жатты. Солардың қатарына енді мұсылманның сөзін айтып, ісін жасамайтын аңқау елге «арамза молда» болған дін басылары келіп қосылды. Ақынның алдын ораған қара тұмандай қараңғылық, көрсоқырлық, керітартпа күш әлеуметтік тамырымен қопарыла көрінеді. Қоғамдық жүйеден қашып құтыла алмаған ақын азап шекпегенде не істейді?

         Жаны сұлулыққа құштар өлеңін, өнерін тек қана халқына, еліне арнаған әділдік, теңдік жолында өмірін қиюға дайын тұратын ақын болмысын тұлғалауда жазушы тартымды, тосын суреттерді шебер қиюластырады. Серінің жүрегіне дерт салған Балқадиша, нәзік жанды, сырмінез, ақылды да зерек Ақтоқтыға байланысты беттер, ақынның серілігін, саятшылдық өнерін тамылжыта суреттейтінтұстары, өзінің өнер айдынында соңына ерген ізбасарлары, рухани шәкірттері Сұлтанмұрат, Аяған, Бәтжандарға қатысты жан тебірентерлік іс-әрекеттер, барлығы жиылып келгенде Ақан бейнесін даралай түседі.

        Ақан бір тұста: «Менің достарым – әнімді ертеңгі ұрпағыма жеткізер жұртым. Менің достарым – ешкімге қиянаты жоқ ақын, әншілер. Менің бауырларым – үш жүздің қағазы. Амалы, айласы аз, жаны абзал, көңілі шат қарапайым жұрт. Мен соларға барамын. Тоқсанға келіп өлген Сағынайды көрдентірілтпекке бармаймын. Көңілімде сайраған құстарды, төрт аяғы дүбірлеген қанатым Құлагерімді апарып көптің көңілін жадыраиамын, солардың қалғыған жүрегін оятамын!» (291 б.),  -  деп ой толғайды. Осы сөздерде романның бас кейіпкері – дүлдүл ақын, біртуар сазгер, әнші Ақанның бүкіл рухани жан-дүниесі, ақынның болмыс-бітімі, өнерпаздық сыр-сезімі түгелдей сыйып тұр.

           Ақан сері өлеңдерінің де Абай өлеңдері сияқты әлеуметтік астары қалың болды. Ал енді ғашықтық, сүіспеншілік, туған ел, табиғат тақырыбындағы ақын шығармаларының Ақанның көңіл-күйін, ішкі сезім толқындарын шынайы жеткізудегі маңызы жоғары. Әрине бұл орайда қазақ әдебиетіндегі үлкен, бай дәстүрге, Мұхтар Әуезовтің  «Абай жолындағы» Абай бейнесін шыңдаудағы Мұқаңдай ұлы суреткердің ақын шығармашылығын өзінің көркемдік мақсатында пайдалану жолындағы әдіс-тәсілдеріне С.Жүнісовтің де табан тірегінен аңғарамыз.

             Абай бейнесіне байланысты, жалпы өнер адамының тұлғасын бейнелеудегі бұған дейінгі қазақ прозасында қалыптасқан іргелі, бай, құнарлы суреткерлік дәстүрге өнер тақырыбындағы шығармаларында Т.Әлімқұлов та, С. Жүнісов те арқа сүйейтіні дәлелдеуді қажет етпейді. Т.Әлімқұловтың Махамбеті, Ақан серісі, Ықыласы, Тәттімбеті, Сәкені, Шоқаны, С.Жүнісовтің Ақан серісі, Ә.Әлімжановтың Махамбеті – барлығы жиылып келгенде, қазақ әдебиетінде осыған дейін бірнеше қайтара суреттелген өнер, әдебиет, ғылым саласындағы тарихи тұлғаларға әр қаламгер өз жолымен келеді. Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» романындағы Махамбет бейнесі көбінесе әлеуметтік тартыс, сол кезеңдегі қоғамдық –саяси жағдайдың, қарым-қатынастардың арнасында, яғни Махамбет ақын, күрескер, қайраткер ретінде негізінен іс-әрекет үстінде танылса, ал енді Тәкен шығармасында Махамбет тұлғасының ішкі сырына бойлау басымырақ.

         «Қараой» шығармасында Махамбеттің іс-әрекетінен гөрі, ішкі жан күйзелісі, ой-арманы, көкірек тескен, бірақ жүзеге аспай қалған мақсат-мүддесі, ақынның жаны жеп, жүрегін тілгілеген өмір құбылыстары көбірек суреттеледі. Ақын Махамбеттің қалайша халқы үшін отқа түскен, ел қамын жеген ер Махамбетке, күрескер Махамбетке айналуының терең сырын қаламгер сол дәуірдің шындығын толғай отырып көкейіңе құяды.

            Тәкен Әлімқұловтың «Қараой»  әңгімесі ерекшке назар аударуды қажет етеді.   Әзірге қазақ   прозасында  бұл қысқа жанрда Махамбетке арналған мұндай  дүниенің енді қайтып жазылуы екіталай. Айтпағымыз  -   бұл әңгіменің біртуар, озық   дүние екендігі.

Краткое описание
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
Содержание
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер