Бухгалтерлік есептің даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 16:14, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

даму тарихы.doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)

Платонның айтуына қарағанда арифметика мен логистика белгілі бір  сандарды (цифрлар) қолдану түрғысында тығыз байланыста бола түрса да, логистиканы шын мәніндегі дәлдіктік математикасы деп атаған.

Адамның өмір сүруіне кажетті мүліктердің, үй малдарының, жердің, арпа, бидайдың, күрал жабдықтардың адам өмірі мен  тіршілігіне қолданыла бастауына  және бүлардың есебінің жүргізіле бастауына  қарай математикалық ілім өте тез дамыса керек. Сонымен қатар үкімет тарапынан шаруа қожалығындағы мүліктерге салық салынатын болды, көсемдер мен тайпа басшылары, басқа да ел билеушілер кімнің қолында несі бар екендігін, оға» қанша салық салынуы керектігін анықтай бастады. Салынатын салықтар мен басқа да телемдерді жазып есептеу қиынға түсті. Сондыктан алушы жақтар мен беруші жақтар өзара есеп айырысуды арнайы сызьщша белгілер қою, нүктелермен белгшу, мүндай белгілерді балшық тақтайшаларға жазу арқылы орындауға мәжбүр болды. Бүдан барьш осыған дейін қолданылған әр түрлі символдық белгілердің орнына (қой мен қошқардың басы, бүқа мен қүнажынның, т.б. арпа мен бидайдың үқсастық белгілері) цифрлар мен әріптер жазыла бастады. Ара қатынастық сауда-саттық жүйенің дәлме-дәл есебін жүргізу мақсатында әлгіндегі қойыла   беретін   көптеген   символдық   белгілердің   орны ауыстырылып, бір, екі, үш, төрт, бес, т.с.с. абстракциялық цифрлар сауда жүйесінің дамуына зор әсер етті. Мүндай сандық өлшемдерді қолданудың аясы үлғая бастады, Мүның барлығын түжырымдап, заманға лайықтап қарайтын болсақ, санауға қажетті цифрлар дегеніміз — ез еміріміздегі қарапайым математикалық амалдар мен операциялардың негізін қүрайды/екен. Цифрларды абстракциялық дөрежеге жеткізу нәтижесшде экономикалық қатынастардың негізі салынды десек те болады. Абстракциялық цифларды қолдану нәтижесінде элементарлы математика пайда болды. Осындай элементарлық операцияларды жүзеге асырып орындау мақсатында жәш элементарлық операцияларды ары қарай жетілдіру үшін жазу мәдениеті (жүйесі) пайда болды. Ертедегі дүниеде гректер есептеудің бір ондық, екі ондық, т.с.с. ондық жүйемен есептейтін өдістерін ашқан. Гректер есептеудің жеңіл жолын табу мен жүргізу мақсатында бір ондық, бес ондық, бір лсүздік ондьщ, т.с.с белгілерді сауда-саттық қатынастарға енгізе бастады. Қойылған белгілер сан емес тек белгілер түрінде ғана оқыладьь Белгілер алфавиттік тәртіппен қойылып, бүлардың қатарьша сандар қойылғанда ғана цифрлар түрінде оқылатын болды. Гректер жазылған жазуларға қарай және тігінен де, көлденеңінен де оқи бастады. Уақыт өте келе тігінен оқу қиындық туғызып, бір саннан кейінгі санды тез қосып есептеу қиындық туғыза бастады. Арифметикалық амалдар пайдалану қиындай бастады. Мүндай қиындықтарды техникалық жағынан жеңілдету үшін есеп шоттар мен (тастармен) санау пайда болды. Есеп шоттарын жан-жақты пайдалану нәтижесінде көбейту амалдары пайда болды.

Еларалық  сауданың жүруіж байланысты кейіннен өлшемдердің стандарттық үлгілері: үзындық өлшемі, салмақ өлшемі, қалдықтап  өлшеу, т.б. өлшеу түрлері пайда болды. Өлшеу тәсілдерін қолдану нәтижесінде бір нәрсенің сандық өлшемі екінші бір нәрсенің сандық өлшемі теңдігімен бартерлік натуралды өлшеммен айырбастала бастады. Бартерлік сауда екі жаққа тең келетін (үтылмайтын) меналық айырбас өлшемі табылмайтын жағдайларға тез үшырайтын болды. Айырбас сауданы біршама дүрыс жүргізу үшін көптеген жылдар бойы пайдалануға жарайтыы, сынбайтын қатты заттарға арнайы белгілер мен таңбалар қойылып, мүндай белгілер қойылған материалдар айырбас сауда өлшемін анықтайтын болды. Белгілер мен таңбалар ең ә}елі мал терілеріне, алтыннан жасалған бүқаның басы сияқты заттарға қойылып, ақша түрінде пайдаланылды.

Алайда  мүндай ақшалардың пайда болуы үлкен  талант түрғысында ашылған жаңалық  ретінде бағаланып, тек қана монета емес, тиісті салмақтағы қүн өлшемі болып та қабылданды. Мүндай ақшаларды гректер асыл қазына деп танып, бүларды ешқандай дүние мүлікке ауыстыруға жатпайтын қымбат дүниелер ретінде бағалап, тек кана айырбас сауда үшін жүмсап отырды. Ертедегі ақша өлшемі біздің жыл санауымызға дейінгі XVII ғасыр шамасында эталон ретінде Аргоса Хахы Фейдонның жазуымен белгіленіпті. Ақшалай өлшеу мен таразылауды бүл мемлекет тек қана жеке мүліктердің қүнын шығарып салық жинау үшін ғана пайдаланған. Ерте заманда темір материалымен өлшеу салмақтап өлшеудің стандарттық бірлігі болған. Бүдан соң темір ақшалар пайда болып өлшеудің жалпылама стандартына айнала бастаған.

Біздің жыл санауымыздың VI-VII ғасырына дейін өмір сүрген мемлекеттер рөлінің  біртіндеп артып, қорғаныс және әлеуметтік салалардың күшейіп, пайда табу мақсатына жүмсалатын шығындардың көбеюіне, сондай-ақ архитектуралық қүрылыстардың қарқындап өсуіне қарай әрбір мемлекеттер мәрмәр, металл, қүрылыс ағаштарын, т.б. материалдарды сыртқа шығара бастады. Мүндай операциялар аса қүнды сом алтындарды ақша түрінде жүмсау арқылы іске асырылады. Ірі-ірі сом алтындарды пайдалануға ыңғайлы дәрежеге келтіру үшін арнайы қоймаларға қойьш, үлкен көлемдегі алтындарды бөлшектерге бөліп, бүлардың беттеріне арнайы белгілер қойып, уақ ақшалар түрінде қолданылынды.

Беттеріне әр түрлі таңбалар салынған уақ ақшалар пайдалануға ыңғайлы болды, Кейіннен келе орталық өкімет салық төлеушілермен есеп айырысу және монополиялық пайда табу мақсатында ақша беттеріне патшалар мен ел басқарушылардың суреті мен аты-жөні жазылған алтын ақшалар шығара бастады.

Ертеректе шыққан ақшалар Грек мемлекетінің қүрамына кірмейтін Лидей және грекциялық, ионикалық жерлерде орналасқан Анатолиядан шықса керек. Осылайша шығарылған ақша беттерін табиғи алтындар немесе күмістермен бедерлеп отырған. Мүндай ақшаларға, бүлардың салмағы мен металдың сапасын көрсетіп кепілді таңбаларда басылатын болған. Грек мемлекетінің барлық қалаларында өздерінің жасаған меншікті ақшасы болған. Грек ақшасы негізінен күмістен жасалыпты.

Ең әуелі ақша жасаушының аты  күні, бүгінде дейін белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда саудаға түсетін ең бірінші ақшаны біздің жыл санауымыздың VII ғасырына дейін грек билеушісі Лидии Крез жасапты деген уәж бар. Ал ақшаны бірінші рет бедерлеуді бастаған Грек қаласында түрған Аргос болеа керек. Жасалған ақшаны шығыс Жерорта теңізі аймағына бірінші рет айналысқа түсірген Айгина деп аталып жүр.

Мәліметтерге қарағанда, біздің жыл  санауымыздың 300 жылдарында Вавилонда  алтын және күмістен қүйылған ақшалар  болса керек. Тауар сатып алушылар алған тауарлары үшін мүндай ақшалардың белгілі бөлігін тауар сатушыларға кесіп беріп отырыпты. Кесілгеннен кейін қалған ақшалар қайта өлшеніп, бұлардың беттеріне басқа суреттер салынып отырған. Бедері мен белгілері бар ақшалар қозғалысы тек қана шаруашылық операцияларын іске асырып қана қоймай, ақшаның белгілі бір орындарға жинақталуына қазыналық байлықтың көбеюіне үлкен ықпал етіп отырған. Сонымен қатар, ақша қозғалысы арқылы мемлекет аралық есеп айырысуды, мемлекет қазынасын сақтауды, шіркеулер мен халық арасындағы ақшалар қозғалысы бақыланатын болған.

Ең бірінші қағаз ақша біздің эрамызға дейін 650 жылы Қытайда пайда болған. Европада ең бірінші жазу «төлеу міндеттемесі» үғымы XVII ғасырда жазылған. Өз аталуына қарағанда ақша үлкен бір қүндылыққа жатпайды. Ақша тауар қүнын төлеу, айырбас жасау, қүн, жинақтау және өлшеу бірлігіне келтіру үшін ғана керек.

Ал экономиканың дамуы мен ақшаның  пайда болып, шаруашылық фактілерінің дүрыс есептелуінің негізінде ақшалай  өлшеп жазу (жазбаша) мен счеттарға  жазу әдістері туындады. Мысалға, қырманнан  келіп түскен 30 тонна бидай ең әуелі астық ору машинасының 3 бункер астығы түрінде қабылданып, қырманшының есебіне енді. Бүл операцияда ақша деген үғым, қазірше қолданылмай түр. Бидайдың 1 тоннасының қүны белгіленбеген. Бірнеше он күндік өткен соң 1 тонна бидай 15 мың теңгеге бағаланды. Яғни, қырманға түскен бидайдың барльщ қүны 450 мың теңгені қүрады. Мүның нәтижесінде ақша әмбебаптық өлшемге айналып, бухгалтериядағы мәліметтерге түрақты қүндық өлшеммен жазылғандығын көрдік.

Бүл мысалдардан біздер нені үғамыз? 1) адам өмір сүруі үшін еңбек етіп, бидай өндірді; 2) өндірген бидай қырманшыға өткізілді; 3) қырманға өткізілген бидайдың қүны едәуір уақыттан соң, ақша түрінде бағаланды; 4) сатып беруші мен сатып алушы жақтар өзара келісті; 5) келісім нәтижесінде бидай сатқан жақ өзіне тиеселі ақшасын алды; 6) ақша беруші жақ бүл ақшаны бухгалтериялық есепке жазды. Яғни бидай өндіру жөніндегі барлық операциялар есеп жүргізудің объектісіне айналды.

Осы айтылған сабақтастық қатынастардың  барлығы да ертедегі үкімет пен халық  тарапынан тексеру мен бақылауда болған. «Алтын ғасыр» болып аталған ертедегі Афина елдерінде ең әуглі демократиялық процесс қүрылып, бүл процесо экономикалық процестің үлкен дәрежедегі тарихи қозғаушы күші болса керек. Афинаның әрбір азаматы өз мемлекетінде қабылданған ата заңына сай жаңа заң жобаларын үсынып, кез келген қарсы келетін әкімшілік биліктіктерге өз пікірлерін айтып отырған. Қоғамдық қорларды басқарудың барлық іс-әрекеттері арнайы тексерулер және бақылаудан өтіп отырған. Тексерушілер өз қорытындыларын тексеруші аудиторларға тапсырып, халық алдында есеи беріп отырған. Конституциялық заңдар қоғамдық қордың жүмсалуы және реттеліп отыруы мен қатар бухгалтерлік есептің қатаң тәртіппен жүргізілуін, сондай-ақ әрбір аудитор атқаратын қызметіне қойылған талаптарды орындау дәрежесіне баға бере білген. Аудитолар мен тексерушілердің есебі арнайы сотқа тапсырылып, шешімдер қабылданған.

Қоғамдық қорлардың басшыларына  тексеру жұмысы аяқталғаннан соң  өз елін тастап кетуіые рүқсат берілмеген. Бүларға ез меншігіндегі мүліктерін сатуға, айырбастауға, басқаларға беруге шек қойылған немесе рүқсат етілмеген. Мүндай тиімді талаптарды елдің мүлкі мен байлығын басқарушы қоғамдық орындар бақылап отырған.

Қоғамдық қорларды басқарушы міндетті адамдар альшған қорытындылар мен  жүмсалған ақшаларды, мемлекеттік жарлықтарды және басқа да қүжаттарды өздерінің Палата ксңесінде сақтаған. Қоғамдық «тексерушілер» палатасымен бүлардың атқаратын қызметтері тізімін Аристотель және мүның шыіарған заңдары арқылы бекітіліп отырған. Аристотель тсксерушілердің үш палатасын қүрған. Әр палата қүрамына он адамнан енгізілген. Бірінші «тексерушілер» кеңесі палатасына гекеерушілердің жалпы қүрамынан елу адам сайланады екен. Ккінші тексерушілер палатасына «басқарушы бухгалтерлер» деп а салатын өкілеттікке он адамнан көмекші ассисенттер және адвокаттар тағайындалып отырған. Үшінші тексерушілер палатасына арнайы тексерушілер тағайындалып, бұларға көмек ретінде жиырма адамнан ассисент сарапшылар және кеңесшілер тағайындалған. Мүншама бухгалтерлердің барлығы бірігіп, Афинаны басқарушы өкіметтік органдар қызметін, бұлардың барлық құрылымдарын тексеріп отырған.

Афинадағы «Алтын ғасыр» ережелерінен біздер тек аздаған мәліметтер беріп  отырмыз. Мүның өзі демократия мен  халықтық үкімет аралығындағы әділетті заңдылықтың тексеру мен бақылауға арналған жақтары деп ойлаимыз.

Тексеру және аудиторлық бақылау жүмыстары  Афинада өте жоғары демократиялық  деңгейде өрістеген «аудиторлар» мен  «тексерушілер» жоғалған немесе үрланған мүліктер үшін лауазымды адамдарды  жауапқа тартып отырған. Сот қорытындысы шығарылып жауапқа тартылған лауазымды адамдар мен сотқа шағым түсіруші аудиторлар мен тексерушілердің дүрыстық не кемшілік жақтары жарияланып отырған.

Тексерушілер жүмысының қорытындысы  мәрмар тастарға қашалып жазылып, көрнекті жерге қойылып отырған. Сонымен қатар «тексеруші-бухгалтерлер» қосымша тексеру жүмыстарын жүргізіп отырған. Бүлар лауазымды адамдардың жіберген қателерін ашып, жіберілген кемшіліктерді тиісті орындарға хабарлап, кеткен қателердің мазмүны мен қате жіберушілерді және сотқа тартылған лауазымды адамдардың аты-жөндерін көрнекті тақталарға жазып жариялап отырған.

Грецияда «Алтын ғасыр» заманындағы  бухгалтерлік жүйенің дүрыстығын тексеру  үлкен маңызды істердің қатарында  болған. Тексеру жүмыстарын орындау  жоғарыда айтылған палаталардың қүзырында қаралып, қоғамдық мүліктерге жауапты лауазымды адамдардың есебі тыңдалып отыратын болған. Аудиторлық жүмыстар мен лауазымды адамдардың атқаратын бухгалтерлік жазу, табыстар мен шығындарды есептеу жүмыстары бірі мен бірі тығыз байланыста қаралып отырған. Сметада бекітіліп қаралған шығындар мен нақтылы жүмсалған шығындарды салыстырып отыру арқылы бухгалтерлік жүйемен мемлекеттік тексеру жүйесінің сәйкестігі, сондай-ақ мемлекеттік ресурстардың орынды жұмсалуы тексеріліп отырған. Яғии бухгалтерлер мен аудиторлар иалатасы және мемлекеттік басқарушы лауамызды түлғалар арасында интегрециялық байланыс орнатылған.

Грек еліндегі ақша айналысқа ертеректе  енгенімен қаржыландыру немесе несиелендіру үшін қажетті ақшалар тек қана біздің жыл санауьшыздың II ғасырында ғана қолданыла бастады. Ьүл елдегі кедейшіліктің жоғары болуына сай халык қолындағы ақшаларын қүмыраларға салып, көптеген жылдар бойы тығып үстады. Кейбір деректерге қарағанда мүндай жағдай жономиканың дамуына зиян келтірген.

Банктердің пайда бола бастауына қарай мүндағы ақша айналысы бухгалтерлік есептің дамуына үлкен әсер ете бастады. I ің бірінші банк біздің жыл санауымыздың V ғасырында Грецияда иайда болды. Бастапқы кезеңдердегі банктер тек қана оалымшылардың ақшасын сақтайтын орынның ғана міндетін атқарды.

Римдіктер Грецияны басып алу кезеңінен  бастап банк есебіне дс өз биліктерін жүргізді. Бүдан соң ертедегі Римде  банк есебі окі түрлі жазудан, клиенттердің есеп шоттары бойынша  банк кітабын жүргізуден және ақша қозғалысының кіріс-шығыс кітаптарын жүргізуден басталды. Кіріс-шығыс есебі мыңдаған жылдар бойы жүргізіліп келеді. Ал клиенттер есеп айырысу қызметін қанағаттандыру мақсатында банкирлер «кірістер» мен «шығыстар» терминін ауыстырып, мүның орнына дебет және крсдит терминдерін енгізді. Дебет термині — «ол қарыз», ал кредит термині — «ол иелік етеді» деген үғымға саятын болды. Мүндай өзгсрістер бухгалтеряның дамуына үлкен үлес қосты. Кіріс-шығыс ечеты жойылды. Бухгалтерлік есептің объектісі ретінде ақша үгымы есеп айырысу үғымымен біріктіріліп қаралатын болды.

Нц әуелі Египетте бүдан соң  Ертедегі Римде банктер пайда  болды. Банктердің пайда болуына  қарай банк жүйесіне тән жаңа терминдер  қолданыла бастады. Мысалға кредит дейтін латын сөзі «бар» немесе «салған  ақшасы бар» деген үғымды білдіретін болды. Кредит сөзі Римдіктерден орта ғасырдағы Италияға, одан Іівропаға, бүдан соң басқа елдерге өтіп, 1-ші Петр кезінде Россияда пайдалана бастаған екен. Тарих мәліметтеріне қарағанда, банктер бухгалтериясы негізінен Ертедегі Римде дамыған. Мүндағы банк бухгалтериясының даму тәжірибесінің өркендеуіне, әсіресе қаржылық есеп айырысуларды тиісті заң актілерімен реттеп отыруға байланысты бухгалтерлік есеп дами бастады.

Ертедегі Римде банк кітаптарының кірісі мен шығысын сот процесі  қаралатын орталықтарға тапсырмай сот процессі қаралмайды екен. Мұндай қүжаттарды тиісті орындарға тапсыру және арнайы шешімдер қабылдау заң нормаларына міндетті түрде енгізілген. Мәселе осылайша қойылған жағдайда банктерге салынған салымдар және арнайы клиенттермен есеп айырысу тек қана қағаз жүзінде өз шешімін табатындығы дәлелденген.

Римдіктер бухгалтерияның пайда болып, мүның ары қарай жетілдірілуін  жақсы бағалапты. Ақша қозғалысы  есебін банктерде жүргізу тәжірибесін  Римдіктер гректерден үйренген. Алайда Римдіктер бухгалтерияны заңды түрдегі сенімді орынға айналдырған. Бүлар бастапқы қүжаттардағы мәліметтерді ең бірінші болып бухгалтерлік есеп регистрларына (счеттарға) жазған. Бухгалтерлер негізінен үш регистрлерді пайдаланған. Бірінші регистрға (кітапқа) күнделікті шаруашылық фактілері жазылып отырған. Бүдан соң бүл кітап екінші регистр түрінде сақталатын кітап немесе мемориал деп аталынған. Жүйелеп жазу кітабы — үшінші ең соңғы регистр түрінде Кодекс деп аталған. Барлық кітаптардағы ақша есебінің қозғалысы және ақшалай елшеммен есеп айырысулар жазылған. Барлық материалдарды қүндылық заттардың есебі (астық, май, шарап, малдар т.б.) натуралды өлшеммен беріліп, басқа кітаптарда жүргізілген. Кодекстік счеттар бойынша соңғы қалдықтар шығарылып отырған.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің даму