Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 16:15, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріңдегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер).
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық кезқарастары /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов/.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
1.1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы табиғат аясындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы....................................................................................................7
1.2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның
мазмұны..................................................................................................................10
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру
әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты
табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру......................................................................13
2.2. Табиғаттағы еңбек және оған балаларды
жұмылдыру............................................................................................................16
2.3 Мектепке даярлық топтарында табиғат аясындағы еңбек тәрбиесіне қатысты оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы..............................................................21
2.4 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары..........................................................25

Қорытынды .........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсоваяяяя.docx

— 120.96 Кб (Скачать документ)

Халық даналығындағы «орман- жер сәулеті, ел дәулеті», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «гүлді үзбе», «көкті жұлма», «құмырсқаның илеуін бұзба», «көкмайсаны таптама», т.б. аталы сөздері бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі өсиеттер, жырлар мен аңыздар қойнауындағы келелі ой-пікірлер экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруда өте құнды арна саналады.

Халқымыздың дархан дарыны, Мағжан Жұмабаев Наурыз туралы өз ойын былай түйіндеген екен: «...қазақтың Наурызы- дін мейрамы емес, ол тұрмыспен, ғылыммен, байланыстырып, қағамға пайдалы игі іс жасайтындай етіп ұйымдастыру керек. Наурыз мерекесі табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгеріспен, күн мен түннің көктемгі тең келуімен тікелей сәйкес келеді. Мұның өзі ерте дәуірлердің өзінде-ақ халықтың, табиғаттың саналуан құпия сырларын ұға білгендігін және сол арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасай білгендігін аңғартады. Наурыз ұғымы қазіргі кездегі жаратылыс тану ғылымында көбірек айтылатын табиғи тепе-теңдік /кейде оны экологиялық тепе-теңдік деп те атайды/ деген пікірлермен сабақтасып жатады».

Наурыз мейрамының тойлануындағы халыктық тағы бір түпкі мақсат- өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашу. Оған көзі бітеліп қалған бұлақ, бастау қайнардың көзін ашып, тіршілікке нәр беру, айналаға сая боларлық ағаш отырғызу сияқты игілікті жұмыстарды ұйымдастыру жатады.

 Халқымыздың  табиғатқа деген сүйіспеншілігінің  және оны көздің қарашығындай  сақтап келуі жайында қазіргі  ұрпаққа өнеге боларлық асыл  мұра, даналық ұғымдар, мақал-мәтел тәрбиелік тағылымы мол аңыз-әңгімелер аз емес. Табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, ойлы пікірлер экологиялык тәрбие беруде және болашақ ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал.

Қазақ халқының тәлімдік макал-мәтелдері, бұрынғы бабалардың көрген-білген, кеңілге түйген, бастан кешкен оқиғалардан қорытқан, ғасырлар бойғы уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы.

Бала тәрбиесіндегі өзіндік орны бар ерекше жанрлардың бірі — жаңылтпаш. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, дұрыс, еркін сөйлеуіне, ана тілін еркін игеруіне себін тигізеді, мазмұнында терең мән-мағына, үйлесімді ой жатады.

Халық тәрбиесінде баланың ой- өрісін дамытып, кеңейту, тілін ширатып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, зерделеу қабілетін жетілдіру үшін жұмбақтар қолданылып отырған. Онда өмірде кездесетін тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, жер әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәрсенің сол сипат-белгісі бойынша шешуі табылады.

Ғасырлар бойы санасына сіңіп, сараланып жеткен дәстүрдің бірі ырымдар, тиым сөздер. Әрбір сөздің негізінде айналадағы ортаға, табиғатқа, адамгершілікке, көрегенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман әдет, іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді.

Міне, күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған осындай ырымдар баланы ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудегі тиімді құралдардың бірі болып саналады. Бәрі де табиғат- анадан арна тартады! [12. 52]

    Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен, жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру. Гүлдерді суару, топырақ қопсыту. Қураған жапырақтарды алып тастау. Тірі табиғат бұрышын мекендеушілері жем дайындау. Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктермен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.

 Тәрбиеші балаларды әдемі гүл мен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады.  Ойлау қабілетін  дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына  және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен — жол бойында өседі, шырмауық — басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Жаз күнінін ұзақтығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында  балалар  бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады, өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайда болуы  арасындағы  байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінін эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру. Бұл топта тәрбиешінің суреттерді,   диафильмдер   мен   көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және   табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сіңіріледі.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы – адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.

Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді.  Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.

      Мектеп  жасына дейінгі балаларды табиғат  құбылыстарының жұмбақ сырлары  әрқашан да қызықтырады. Олар  тілі шыға бастаған кезден-ақ  үлкендерден әрнәрсені сұрап, білмекке  құштар. Әрнәрсені «қар неге жауады? Жаңбыр қайдан пайда болады? Жеміс-жидектер  қыста неге піспейді? Қарлығаш  неге күн жылы кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда  қайда кетеді? – деген сияқты  сан алуан сұрақтар қояды. Бала  естіген, көрген, сезген нәрсесін  танығысы, білгісі келуі заңды  ғой.  Ендеше балалардың осындай  сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай  түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін  бөбектің тіршілік, түйсігі осындай  ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні  бекер ме?

     Бала зейінін  құстар сайраған дауысына, судың  сылдырына, жапырақтардың сыбдырына  аудара отырып, жыл мезгілдерінің  ауысуына байланысты осы құбылыстардың  өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан  өзгерістерді өздігінше бақылай  білуге де үйрету қажет. Мұны  бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей  алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Мектепке даярлық  топтарында табиғат аясындағы  еңбек тәрбиесіне қатысты оқу  іс-әрекетінің үлгі нұсқасы.

 Білім саласының мазмұны: «Таным» 
Бөлімі: Айналамен таныстыру 
Тақырыбы: Күзгі өнімді жинау (саяхат сабақ) 
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі, бау – бақша өнімдері туралы білім беру. Жеміс – жидектер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Қойылған сұраққа толық жауап беруге төсілдіріп, сөйлеу

мәдениетін дамыту.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

 

 

 

Мативиза

циялық

кезең 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы-ізденімпаздық кезең 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекциялық, коррекция-

лаушы кезең

 

Шаттық шеңбері 
Үлкенге де сіз 
Кішіге де сіз 
Сәлем бердік сіздерге 
Құрметпенен біз 
 
Жоғары қарап күн көрдім 
Төмен қарап жер көрдім 
Оңға, солға бұрылып 
Егеменді ел көрдім

- Балалар айтыңдаршы  қазір жылдың қай мезгілі? 
- Оны қайдан білдіңдер? 
- Балалар тағы да күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен. 
Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме? 
- Ендеше біз бүгін бау – бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар біз поездбен барамыз 
Қимылды ойын: «Поезд» 
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік 
Жүрісті біз үдеттік 
Гу - гу, гу - гу гуілде 
Қалып қойма біріңде 
 
Қане балалар тоқтайық пыш - ш - ш. Балалар біз міне бау – бақшаға да келіп қалдық. Қане поездан түсейік. Ой балалар қараңдаршы бау - бақша қандай әдемі. Айналаның бәрі сап – сары. Жерге сары кілем төселіпті. Күзгі бау - бақшаның сұлулығын қараңдаршы неткен әдемі, неткен ғажап. 
Сол сәтте алдарынан Бағбан ата кездеседі. 
Бағбан ата: 
- Сәлеметсіңдер ме балаларым! Ой балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістер мен көкөністер жинауға көмектесесіңдер ме? 
Балалар Бағбан атаға жемістер мен көкөністер жинауға көмектеседі. 
Бағбан ата: рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер. 
Тәрбиеші: қане балалар сендер Бағбан атаға қандай жеміс пен көкөністер жинап бердіңдер? 
Балалардан жинаған жемістері мен көкөністерінің аттарын, пішіні мен түсін сұрау. 
Бағбан ата: балалар сендердің қандай өнерлерің бар. Қане тақпақ білесіңдер ме? 
Мен шаршадым мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалап, тынығайын. 
 
Бағбан ата: ой жарайсыңдар балалар! Неткен жақсы балаларсыңдар. Тақпақты өте жақсы айтады екенсіңдер. Сендердің тағы қандай өнерлерің бар? 
Тәрбиеші: балалар бұдан басқа күз туралы ән айта алады. 
Бағбан ата: қане онда әндерін тыңдайықшы 
 
Бағбан ата: ой жарайсыңдар. Неткен дарынды балаларсыңдар. Өркендерің өссін балалар. Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлері үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынандай сый дайындап қойдым. Оны мына тәрбиешілеріңе берейін. Ол сендерге балабақшаларыңа барған соң тарқатып береді. 
Бағбан ата балаларға алып келген күзгі сыйын береді. 
Тәрбиеші: ата енді біздің балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Мына берген сыйыңыз үшін үлкен рахмет. Балалар енді бізде балабақшамызға оралу үшін поезд болайық. 

        

 тапсырма.

«Суреттердегі заттарды атау»..

Балалар алға қарай жүріп кетеді.

Ойын: «Көкөністерді бөлек, жемістерді бөлек санап салу» 

 

-Балалар біз бүгін  кайда саяхатқа бардық?

-Біздерге кім

кездесті?

-Ол бізден не сұрады?

Триз арқылы іс-әректті қортындылап, балаларды мадақтау.

Балалар поезд болып, балабақшаларына оралады. 
Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма? 
Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді де жақсы тердіңдер. Ендеше қазір мен сендерге Бағбан атаның сыйын таратып беремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіз бе, Бағбан ата! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абдулла

Ұшты талдан жапырақ 
Сары көбелек секілді 
Аспанда жай шатырлап 
Тамшы жерде секірді 
Барын беріп халыққа 
Жұмыстан соң қалжырап 
Дала ұқсайды алқапқа 
Дилнара: 
Қуалап допша ойнаса 
Қабығы тіпті қатты екен 
Қазанға түсіп қайнаса 
Тілді үйірген тәтті екен. 
Диас: 
Мен моншақты шиемін 
Құмарсыңдар білемін 
Кетіп қалып жүрмесін 
Тамағыңа сүйегің 
Ажар: 
Мен жүзіммін, жүзіммін 
Моншақ болып тізілдім. 
 
  

 

 

 

 

 

Ия 

 

 

 

 

Ән: «Күзім - ау»

Балалар шығып атап береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкөністер мен жемістерді

бөлек корзиналарға жинайды   


Меңгеру:  Табиғат жайында жан жақты білім меңгерді

Үйренуі:  Сұраққа толық жауып беруге, берілген тапсырмаға толыққанды жауап беруге үйренеді

Жасай алауы:  Дұрыс мәнерлі сөйлей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Тәжірибелік-эксперимент  жұмыстары   

Тәжірибе жұмысы Тараз қаласының №9 балалабақшасының «Жидек» ересектер тобының балаларымен жүргізілді. Топта барлығы 20 бала болды. Тәжірибе-эксперименттік зерттеу жүргізу үшін топ балаларын екі топқа бөлдік.

     Зерттеу жұмысы  ақыл-ой тәрбиесіне негізделді. Балабақшадағы  тәрбие үдерісі сана мен әрекеттің  бірлігі принципінде құрылады. Кез  келген әрекеттің адамгершілік  жағы бар, соның ішінде оқу  әрекеті.

 Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары.  
Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

1.Тәрбиеленуші мен тәрбиеші  арасындағы педагогикалық әдеп  пен ынтымақтастықтың сақталуы;

2.Тәлім-тәрбие, ұсынылған  ойындарды меңгерту, оның бала  зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы;

3.Балаларға берілген тапсырманың  шектен тыс ауыр болмауы;

4.Тәрбие жұмыстары баланың  денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей  болуы шарт;

5. Ойын тәсілдерінің тиімділігі  іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын  сақтай отырып бірнеше компоненттерін  құру.

6.Балалардың міндетті  және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.

Ойынның түпкі ниеті:

Балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

Ойынның жалпы сюжеті:

Оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Ойындар мынандай түрлерге бөлінеді:

Дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.Заттық дидактикалық  ойындар- дидактикалық ойыншықтармен  және түрлі ойын материалдарымен  ұйымдастырылады.

2.Үстел үстінде ойналатын  дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино»  және тағы басқа.

3.Сөздік дидактикалық  ойындар.

Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты- балаларға білім-білік, іскерлік, әдет –дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті - балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыс- 
тырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.

  Біздің тәжірибелік-эксперименттік  зерттеу жұмысымыз 2 кезеңнен тұрады.

1. Анықтаушы эксперимент.

2. Қалыптастырушы эксперимент.

Тапсырмалар мектеп жасына дейңнгі балаларға ұсынылды. Балабақша топтарының біреуі - бақылаушы, біреуі  экспериментальды топ болып табылады. Эксперимент әр түрлі топта оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғынуына мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерінің әсер ету, етпеуін анықтау үшін жүргізілді.

   Эксперименттің бірінші  кезеңінде  мектепалды даярлық  топтарына мынандай сұрақтарға  жауап беру ұсынылды:

    1. Бүгін қандай ертегілерді өттік?
    2. Ертегі кейіпкерлерін ата?
    3. Ертегі кейіпкерлерінің жаңымды жақтарын ата?
    4. Ертегі кейіпкерлерінің жаңымсыз жақтарын ата?
    5. Таңы қандай ертегілер білесіңдер?
    6. Ертегі кейіпкерлерінің мінездері қандай?
    7. Ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын жаса?
    8. Ертегі сендерге ұнай ма?

   Сонымен, мектеп жасына  дейінгі балаларымен жүргізілетін  оқу-тәрбие жұмыстарына адамгершілік  тәрбие беруде балалардың ұйымдастырлған  оқу іс-әрекеті мен бос уақыт  жұмыстарына жүйелі қатысуларына  қолайлы жағдайлар жасайды.

   Эксперименттің бірінші  кезеңі бойынша қорытынды жасағаннан  кейін біз мынадай нәтижеге  жеттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі