Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 16:15, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріңдегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер).
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық кезқарастары /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов/.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
1.1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы табиғат аясындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы....................................................................................................7
1.2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның
мазмұны..................................................................................................................10
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру
әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты
табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру......................................................................13
2.2. Табиғаттағы еңбек және оған балаларды
жұмылдыру............................................................................................................16
2.3 Мектепке даярлық топтарында табиғат аясындағы еңбек тәрбиесіне қатысты оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы..............................................................21
2.4 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары..........................................................25

Қорытынды .........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсоваяяяя.docx

— 120.96 Кб (Скачать документ)

Еңбек тәрбиесі болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, ойлау қабілеті жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы-  еңбек. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Балабақшадағы дұрыс ойластырылған еңбектің орны ерекше, мұндай еңбек тәрбиесі барысында бала дұрыс әрекет жасап айналадағы орта жайында алғашқы мағлұматтар алады, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Балабақшаның ересектер тобында тұрмыстық- шаруашылық еңбек пен табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөністерді өсіру, т.б. еңбек түрлері жатады. Мұндай еңбек түрлері балалардың білім- құмарлык, бақылағыштық, табиғатқа жаңашырлық, ұйымшылдық сиякты адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Табиғат аясындағы еңбек тәрбиесі баланың айнала қоршаған орта туралы талғамын дамытып, әдемілікке әуестендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, ақыл-ойын, қиялын ұштап, ересектер еңбегін бағалауға үйретеді.

Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудағы тәрбиешінің орынды пайдаланылған мақал-мәтелдері бала санасында еңбек туралы айшықты із қалдырып, айналадағы ортаға дұрыс қарым-қатынас қалыптастырады.

4. Халықтық тәлім-тәрбие  арнасы халыктың ауыз әдебиетінен, салттарынан, әдет-ғұрыптарынан, ырымдарынан, балалар ойындары арқылы жұрнақталған  білім, педагогикалық мағұлматтар  мен тәрбие тәжірибесінен тамыр  тартады. Халқымыздың табиғатты  жанындай жақсы көріп сүйе  білуі және оған деген аялы  алақаны мен абзал қамқорлығы  қанымызға да тұла бойымызға  да ананың ақ сүті арқылы  дарығанын мақтаныш сезіммен  айта аламыз.

Халық даналығындағы «орман- жер сәулеті, ел дәулеті», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «гүлді үзбе», «көкті жұлма», «құмырсқаның илеуін бұзба», «көкмайсаны таптама», т.б. аталы сөздері бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі өсиеттер, жырлар мен аңыздар қойнауындағы келелі ой-пікірлер экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруда өте құнды арна саналады.

Халқымыздың дархан дарыны, Мағжан Жұмабаев Наурыз туралы өз ойын былай түйіндеген екен: «...қазақтың Наурызы- дін мейрамы емес, ол тұрмыспен, ғылыммен, байланыстырып, қағамға пайдалы игі іс жасайтындай етіп ұйымдастыру керек. Наурыз мерекесі табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгеріспен, күн мен түннің көктемгі тең келуімен тікелей сәйкес келеді. Мұның өзі ерте дәуірлердің өзінде-ақ халықтың, табиғаттың саналуан құпия сырларын ұға білгендігін және сол арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасай білгендігін аңғартады. Наурыз ұғымы қазіргі кездегі жаратылыс тану ғылымында көбірек айтылатын табиғи тепе-теңдік /кейде оны экологиялық тепе-теңдік деп те атайды/ деген пікірлермен сабақтасып жатады».

Наурыз мейрамының тойлануындағы халыктық тағы бір түпкі мақсат- өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашу. Оған көзі бітеліп қалған бұлақ, бастау қайнардың көзін ашып, тіршілікке нәр беру, айналаға сая боларлық ағаш отырғызу сияқты игілікті жұмыстарды ұйымдастыру жатады.

 Халқымыздың  табиғатқа деген сүйіспеншілігінің  және оны көздің қарашығындай  сақтап келуі жайында қазіргі  ұрпаққа өнеге боларлық асыл  мұра, даналық ұғымдар, мақал-мәтел  тәрбиелік тағылымы мол аңыз-әңгімелер  аз емес. Табиғат жайындағы нақыл  сөздер, өнегелі өсиеттер, ойлы пікірлер  экологиялык тәрбие беруде және  болашақ ұрпақтың экологиялық  мәдениетін қалыптастыруда өте  құнды құрал.

Қазақ халқының тәлімдік макал-мәтелдері, бұрынғы бабалардың көрген-білген, кеңілге түйген, бастан кешкен оқиғалардан қорытқан, ғасырлар бойғы уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы.

Бала тәрбиесіндегі өзіндік орны бар ерекше жанрлардың бірі — жаңылтпаш. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, дұрыс, еркін сөйлеуіне, ана тілін еркін игеруіне себін тигізеді, мазмұнында терең мән-мағына, үйлесімді ой жатады.

Халық тәрбиесінде баланың ой- өрісін дамытып, кеңейту, тілін ширатып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, зерделеу қабілетін жетілдіру үшін жұмбақтар қолданылып отырған. Онда өмірде кездесетін тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, жер әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәрсенің сол сипат-белгісі бойынша шешуі табылады.

Ғасырлар бойы санасына сіңіп, сараланып жеткен дәстүрдің бірі ырымдар, тиым сөздер. Әрбір сөздің негізінде айналадағы ортаға, табиғатқа, адамгершілікке, көрегенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман әдет, іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді.

Міне, күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған осындай ырымдар баланы ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудегі тиімді құралдардың бірі болып саналады. Бәрі де табиғат- анадан арна тартады! [12. 52]

Балабақшаның әр түрлі тобындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы. Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға,оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты . Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі-жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу,болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу.Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәбиесіне баулуға тікелей байланысты. Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деге ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да,бақытты да бола алмайды. Кейбір жағдайдың,әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те,өшіп те қалуы мүмкін,сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу,еңбекке деген дұрыс ынты-ықыласын қалыптастырған дұрыс.. Мектепке дейін жас –негізінен ойын кезеңі болғандықтан,еңбектің бала өмірінен алатын орыны тым аз.Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп,айрықша сипатқа ие болды.

Н К Крупская мен А С Макаренко баланың мінез –құлқындағы еңбекке бағыт алу мектеп кеп бұрын,отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген.Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлуматтар алып,айналадағының бәріне қызыға қарайды,еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.Енбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын(көру,есту,түйсіну,сезіну,иіс,дән(дамытуға мәнді ықпал етеді. Қазігі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механимін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді.Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл- ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген.Мектеп дейін балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді.Педагог балаларға олардың орындап жатқан ісінің коллетив үшін маңызды екенін ұғындырады,өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға,маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді .Ол кезекшілер өзінің көмекшілері ретіңде қарайды,міндеттерін уақылы орыдағаны үшін алғыс айтады,барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйретед.і Кезекшілер жұмысының сапасына,оның уақылы орындалуына,өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойлатын талаптар да артады.Балалар жеткілікті іскерлік,ептілік көрсетуге,қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс. Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болды,топ бөлмесін немесе учаскесін жинау, бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, ұрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т . Әдетте учакедегі коллективтік еңбек серуен кезінде, ал топ бөлмесінде-күннің екінші жартысында ұйымдастырылады. Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын,оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп,олардың әрқайсысына белгілі бір тапсырма береді.Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде,ол жұмыстың қай түрі балаларға таныс,емес екенін,оларды қалай бөлісу керек екенін ескертеді,балаларға мына секілді етіп түсіндіреді.Мына топ құрылыс материалына жуады Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатын, сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Солай еткеніміз әділ болады.Балалардың бәрі ең қызық жерде, басқа іске үйрететін жерде жұмыс істейді. Әрбір топтың балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару қажет. Сол мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: Балалар, сендер қуыршақтарды қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім қуыршақтардың көйлегін шешіп, тазасын киіндіретін, кім кір жуатынын келісіп алыңдар. Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады. Бір-біріңе кедергі жасамайсыңдар. Әрі шаруаны да бітіресіңдер. Қажет болған ретте, ол мектеп жасына дейінгі балаларды өзара келісіп алуына көмектеседі.

1.2  Мектеп жасына  дейінгі балаға экологиялық тәрбие  беру арқылы эстетикалық сезімдерін  қалыптастыру жолдары.

Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.

К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының,  санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады

5-6 жастағы балалар табиғат  және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан  хабардар болады. Жыл мезгілдеріне  сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде  жапырақтар сарғаятыны, құстардың  жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы  күндердің көп болатыны т.б. бала  түйсігінде із қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып  түседі» — деген ойдың пайда  болуы оларды күнделікті өмірмен  тығыз байланыстырады. Себебі, күзде  баланың таза ауада жапырақтармен  ойнайтын кезі аз емес.

Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз келетінін біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр, түлкі, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой- түйсіктері болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі тікеніне қандай зат түсетін болса /жапырақтар, жидектер т.б./ сонымен қоректенеді- деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегідегі жағдайларды бір-бірімен шатастырады да, оларда мынадай ойлар тууы мүмкін. Мысалы, «аю бармағын жалайды», «аю жылыну үшін ағаштың діңіне тығылады». Шындығында аюдың, кірпі, борсық т.б. жануарлардың қыста ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар. Балаларда табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашалығы бар, осы жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.

Бес - алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, "жануарлардың пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы т.б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің терісі инелер, мысықта тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің ерекшелігін толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсік кейін келе қалыптасып, жетіле береді. Осыған сәйкес , «Өсімдіктер әлемі» тақырыбын өткенде, балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріп өткен жөн.

Мысалы, 5-6 жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп, қураған сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзілмейтінін айтып түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп, топта суға салып қою арқылы одан бүршік өсіп шығатынын, демек қыста да өсу процесі тоқталмайтынына балалардың көздерін жеткізуге болады.

Бала өсімдікке қамкорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен тәрбиеленеді, сондықтан тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай отырып қайталайды /тәрбиешінің өсімдіктерге су құйып, жануарларды тамақтандыру т.б. /

Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта әртүрлі еңбек әрекеттерін ұйымдастыруға болады. Мысалы, тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған жөн. Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру көзделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Мектеп жасына  дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру  
әдістемесі  
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты 
табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру

Бұл орайда осы жастағы баланың «еңбекке» деген қабілеті басқа қасиеттерінен басым болатындығын әр тәрбиеші есінде ұстағаны жөн. Сондықтан, оларға жұмыс /тапсырма/ бергенде аяғына дейін тиянақты орындалуын қадағалап, мақсатын дұрыс ұғындыруы қажет. Осындай жағдайлардан кейін бала шын көңілімен, ынтамен орындауға кіріседі. Мысалы, өсімдікті суаруда, оған су өте қажет, өйткені ол сусыз өмір сүре алмайды және әр мезгілде суды әрқалай қабылдайды, жазда суды көп қажет етеді, себебі: күн ыстық, қыста керісінше және өсімдіктің жаңадан шығып келе жатқан жапырақтарына зияны болмауы үшін қуарған жапырақтарын алып тастауы керек т.б. ақиқатты баланың есіне салып өту артық емес.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі