Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 08:14, курсовая работа

Краткое описание

1914 жылы бірінші тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды/1/. 1918 жылы 11 қарашада Франция жеріндегі Компьен орманындағы Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол қойылды.
Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдіретін ресми құжат болды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................2
1 -тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары
1.1. Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы...................8
1.2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс............................................................16
2-тарау. Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы
2.1. Қараша революциясының басталуы және монархияның күйреуі.......................................................................................................22
2.2. Бавария Кеңестік Республикасы...................................................36
Қорытынды................................................................................................................45
Сілтемелер................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................50

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Германиядағы-Қараша-революциясының-алғышарттары (1).doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.........................................................................................................................2

1 -тарау. Германиядағы  Қараша революциясының алғышарттары

1.1. Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы...................8

1.2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс............................................................16

2-тарау. Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы

2.1. Қараша революциясының басталуы және монархияның күйреуі.......................................................................................................22

2.2. Бавария Кеңестік Республикасы...................................................36

Қорытынды................................................................................................................45

Сілтемелер................................................................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

1914 жылы бірінші тамызда  басталған бірінші дүниежүзілік  соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды/1/. 1918 жылы 11 қарашада Франция жеріндегі Компьен орманындағы Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол қойылды.

Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдіретін ресми құжат болды.

Германияның билеуші топтарын Антантамен бітім жасауға, соғысты тоқтатуға мәжбүр еткен жағдай елдегі революциялық қозғалыстың өрлеуі еді.

Германияда 1918 жылы 4 қарашада басталған революция Гогенцоллерндер әулетінің билігін жойды. Германияда монархия құлады, Республика жарияланды. Қараша революциясы Германияның бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының қайшылықтарынан туған еді.

Германиядағы Қараша революциясы 1918-1923 жылдары бүкіл Еуропаны қамтыған революциялық қозғалыстың биік шыңы болды. Осы революцияның нәтижесінде бұрынғы дәуірлерде Еуропадағы нағыз реакцияшыл мемлекет болған Германияда монархия құлап, түбірлі өзгерістер жасалды, өз заманындағы ең бір демократиялық Веймар республикасы құрылды.

Россияда Қазан төңкерісі коммунистердің басшылығымен іске асса, Германиядағы Қараша революциясы барлық солшыл және демократиялық күштердің бірлесуімен жүзеге асты.

Сондықтан Қараша революциясының тарихын ғылыми тұрғыда зерттеудің маңыздылығы, өзектілігі жөнінен бұл тақырып жалпы тарих мәселерінің ішінде алдыңғы қатарлы орында тұрады.

Германиядағы Қараша революциясы мәселелеріне марксистік бағаны Қараша оқиғалары барысында-ақ оның белсенді қатысушылары берген еді.

1918 жылдың 30 желтоқсанында өткен ГКП-ның Құрылтай съезінде Р.Люксембург, К.Либкнехт, В.Пик революцияның даму барысына тоқталып, оның «шектеулілігі» мен «әлсіздігіне» Халық өкілдері кеңесінің «контрреволюциялық үкімет» сипатында екендігіне сол кезде-ақ нақта баға берген болатын/2/.

Қараша революциясының он жылдығына орай 1929 жылы «Иллюстированная история Германской революции» деп аталған еңбек жарық көрді. Онда бірінші рет Германияда неміс пролетариатының ерлік күресі, революцияның негізгі кезеңдері жүйелі түрде баяндалады. Отызыншы жылдары Германия коммунистік партиясының басшылығымен қараша революциясының сипаты туралы пікір алысу ұйымдастырылып, бұл революция «буржуазиялық-демократиялық сипатта болды» деген қорытынды жасалынды.

1948 жылы СЕПГ Орталық  комитетінің он үшінші пленумында  «Қараша революциясы және оның сабақтары» деген қаулы шығып, аталған революцияның тарихын жан-жақты зерттеу қажеттігі көрсетілді. 1958 жылы қыркүйек айында СЕПГ Орталық комитетінің пленумында Қараша революциясы туралы тезистер қабылданды/3/.

Бұл тезис бойынша Қараша революциясы «Пролетарлық әдістермен жүргізілген буржуазиялық-демократиялық революция» деген бағаға ие болды.

Бірақ оның міндеттері ақырына дейін шешілмеді. Монополистік буржуазия, милитаристік күштер, чиновниктік бюрократия өз позициясынан бұлтармады. Германияда помещиктік жер иелену сақталды.

Совет тарихшылары Қараша революциясы оқиғаларын зерттеуді 20-шы жылдардан-ақ бастаған.

Екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі соғысқа дейінгі зерттеу еңбектерінде Қараша революциясы өзіндік дербес маңызы бар оқиға деп қарастырылмай, тек Германия және жаңа басталып келе жатқан дүниежүзілік пролетарлық революцияның бірінші кезеңі деп есептелінді. Революцияның сипатын анықтауда "жеңілген пролетарлық революция" деген пікірде болды./4/.

Германиядағы қараша революциясының мәні туралы Кеңес тарихнамасында социалистік революция болды деген көзқарас болып келді. Оның себебі - 1918 жылы қаңтардың 9~ы куні К.Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, «Социалистік революция жасасын» деп ұран тастаған болатын. Екінші себебі - революция барысында құрылған кеңес өкіметі болды. Бірақ социалистік революцияның негізгі мақсатының шешілуіне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы - шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесі буржуазия мүддесіне сәйкес шешілді. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы караша революциясы міні жағынан буржуазиялық- демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрті кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңі - караша айының 10 күні Халықтық кеңес үкіметінің құрылуы;

екінші кезеңі -қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестің 1 съезінің шақырылған күніне дейін;

үшінші кезеңі -желтоқсанның І6-нан 1919 жылдың қантар айының І9-ы аралығындағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейін;

төртінші кезеңі 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялык Республикасының құрылуымен аякталды.

Германия тарихында буржуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түсті. Қараша революциясының барысында құрылған Бавар Кеңестік Республикасына арналған алғашқы зерттеу -1934 жылы шыққан Н.3астенкердің еңбегі./5/.

Совет ғалымдарының ішінде қараша революциясын зерттеуде үлкен орын алатын Я.С.Драбкиннің 1958 жылы шыққан "Революция 1918-1919 гг. В Германии" кітабы, /6/ 1967 жылы Я.С.Драбкиннің жаңа кітабы "Ноябрьская революция в Герамнии" жарық көрді./7/.

Германияның Орталық Архивінен, Потсдам, Мозебург архивтерінен жаңа құжаттар пайдаланған автор революция қарсаңындағы объективті және субъктивті факторларына терең талдау жасайды. Революциядағы Солдат кеңестерінің роліне түңғыш рет дұрыс баға осы еңбеке берілді. Қараша революциясының тарихын зерттеудегі соңғы шыққан еңбек-И.М.Орлованың монографиялық зерттеуі. Еңбекті 50-ші жылдардын бергі буржуазиялық және реформистік тарихнамадағы негізгі бағыттар, жалпы батыс германдық тарих ғылымының даму бейнесі сипатталады./8/.

Қараша революциясы - кеңестік тарих ғылымында ең көп зерттелген мәселелердің бірі. Германия тарихымен айналысатын зерттеушілердің көпшілігі осы мәселеге арнап мақалалар жазды, |конференцияда баяндамалар жасады./9/.

Олардың әрқайсысына жеке тоқталмай, тек монографиялық зерттеулерге ғана тоқталуды дұрыс көрдік.

Бавария Кеңестік Республикасының тарихына арналған үлкен зерттеу-М.А.Полтавскийдің еңбегі./10/.

Онда Бавариядағы монархияның құлатылуы, республиканың жариялануы, Бавар коммунистерінің қызметі, кеңес өкіметін қорғау, ақыры Кеңестік Республиканың жеңілуі жан-жақты талданған.

Я.С.Драбкиннің Веймар республикасының құрылуын зерттеген еңбегінде Бавария Кеңестік Республикасына арналған жеке тарау бар./11/

Германиядағы Қараша революциясы тарихының маңызды мәселелеріне арналған ең соңғы зерттеу - 1990 жылы шыққан Я.С.Драбкиннің еңбегі./12/.

Бұл еңбекте бұрынғы 60 жыл бойына әртүрлі пікір туғызып келген революцияның сипаты, корытындысы т.б. мәселелер талданады.

Гермнаиядағы Қараша революциясы мәселелерін зерттеуде буржуазиялық және социал-реформистік тарихнамада (Д.Шфефр, Ф.Мейнеке, Г.Белов т.б.). Қараша революциясы объективті зандылық емес деп революцияны туғызған герман имперализмінің қайшылықтарын жасыру, басшы топтардың жіберген қателіктері болмағанда революция болмас еді деп, таптық қайшылықтар мен халық бұқарасының күресін жасыру. 1918 жылғы қараша оқиғалары Германияның соғыстан жеңілуінің нәтижесі деген пікірлер үсемдік етіп келді.

60-жылдары буржуазиялық  және реформистік тарихнамада  осы пікірлерді сынаған жаңа бағыт пайда болды./13/. (Э.Кольб, Р.Рюруг, У.Клюге, Ф.Арнольд, И.Берлин). Жаңа бағыттың негізгі пікірлері мынандай: Біріншіден олар революциялық оқиғаларды-мойындайды. Германиядағы революцияның тарихи әлеуметтік-экономикалық алғышарттары, болды да Германияның соғыстағы жеңілісі тек революцияның басталуын тездетті деген ой қорытады.

Екіншіден, революция барысныда «әлеуметтік республика» құру мүмкіндігі яғни капитализм мен большевиктік социализмді аттап өтіп, үшінші жолмен даму мүмкіндігі бар екендігі, бірақ ол соцал-демократияның оңшыл басшыларының кесірінен пайдаланылмай қалды деген пікірді айтады.

Үшіншіден, олар большевизмнің Германияда жеңілуі мүмкін емес, оған себеп революциялық күштердің, атап айтқанда «Спартак» тобының сол таптың негізінде құрылған коммунистік партияның әлсіздігі, тәжірбиесінің аздығы дейді.

 Диплом жұмысын жазу барысында  пайдаланған деркетерді екі топқа  бөлуге болады. Біріншісі «Спартак тобының» үндеулері, бағдарламалық құжаттары, кейінен осы топтың негізінде құрылған Германия коммунистік партиясының құжаттары, революциялық үкіметтің заңдары, 1934ж Москвада басылып шыққан жұмысшы және солдат Кеңестерінің І-съездінің құжаттары./14/

Екіншісі Германия Коммунистік партиясының және социал-демократиялық партиясының жетекшілерінің сөздері мен мақалалары./15/

Диплом жұмысы екі тарудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары.

І.І. Германияның революция қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің билеуші топтары өз халықтарының революциялық қозғалысына соғыс кедергі болады деп ойлаған еді. Алайда соғыс бірқатар елдердің жағдайын нашарлатып жіберді. Соғыс қимылдарының бірінші айларында-ақ Германия әскерлерінің авантюристік есептерінің сыры мәлім болды. Екі майданда соғысу өте ауыр еді. Бірақ та неміс армиясы Парижден 40 шақырым Марну ауданына жетті, қан төгіскен соғыстан кейін олардың кейін шегінуіне тура келді.

Шығыстағы майданның жетістіктеріне қарамастан Германия және оның одақтастары Россияны қатардан шығара алмады. 1915 жылы күзде шығыста майдан қалпына келді.

Күткендей ешқандай өзгеріс болмады, немістерді түншықтыратын газды да су астындағы соғыста нәтижесіз болды. Германия материалдың және адамдар жағынан да үлкен және ауыр күйзеліске ұшырады.

1914 жылдың бес айында  соғыс кезінде өлген адамдар  мен тұтқындардың саны миллионнан асып кетіп, үзақ уақытқа созылды./16/.

Дайындап қойған артық қару жарақтар жұмсалып, енді соғыс өнеркәсібін жылдам дамыту керек болды.

Соғыс жылдарындағы Германия тарихи әлеуметтік экномикалық қанытастарды түгелдей қамтыған жалпы ұлттық дағдарыстың өсуімен сипатталады. Елдегі реакциялық саясат, бұқара хлық үшін мағынасыз соғыс неміс халқын апатқа, терең экономикалық құлдырауға, жұмысшылар мен еңбекшілердің бұрын сонды болмаған қайыршылығына, аштығына әкелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Германияның қоғамдық-сяяси құрылымын дағдарысқа әкелді. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың ауыртпалығы еңбекші халықтын тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. Жұмысшылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монархиясынан соғысты тоқтатуды талап етті. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық билікке қарсы күреске шыға отырып, халық күресін қолдап, монархияны құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пісіп-жетілді. Монархияның елдегі саяси билігі әлсіреп, халықтың алдында беделі түсті. Соғысты бастаған ірі буржуазия мен монархия әскерлері соғыс майданында бірінен соң бірі жеңіліске ұшырады. 1915-1917 жылдағы соғыс майданындағы жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Елде монархияға қарсы ереуілдік қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуіл болса, 1917 жылы - 562, 1918 жылы - 773 ереуілдік қозғалыс болды. Мұндай қозғалыстар Германияның ірі қалаларын түгел қамтыды.

 Өнеркәсіп өндірісі күрт төмендеп кетті. Өнеркәсіп өнімінің дәрежесі 1913 жылы 98 болса, 1918 жылы 56-ға азайды. Көмір өндіру -190, млн, т-дан 158, 2 млн т-ға, темір рудасы-28,6 млн т-дан 7,9 млн т-ға, шойын - 167 млн, т-дан 9,2 млн т-ға азайған./17/.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі тіпті нашарлады./18/. Астық пен картоптың түсімі соғысқа дейінгі мөлшерінің жартысына ғана  Бидай-1913 жылы 4565 млн тонна болса, 1918 жылы 2458 тоннаға,картоп-1913 жылы 54121 мың тонна болса, 1918 жылы 29470 мың тоннаға азайған.

Сауда төмендеп, елді аштық жайлады. 1918 жылы еттің тұтынылуы соғысқа дейінгі мөлшерінің тек 12 проценті ғана болса, балық 5 проценті, үн, күріш 50 проценті ғана болып қалған. Азық-түлік бағасы соғысқа дейінгімен салыстырғанда 2,5 есеге, ал өнеркәсіп бұйымдары 3-7 есеге дейін көтерілген./19/.

Халық бұқарасының қайыршылық өмірі, таптық қайшылықтарының күрт ишеленісуі Қазан революциясының ықпалы соғысқа қарсы революциялық қозғалыстың күрт күшеюіне әкелді. 1916 жылы 240 ереуіл, 1917 жылы 561 ереуіл ал 1918 жылы 772 ереуіл болды./20/.

Информация о работе Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы