Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 08:14, курсовая работа

Краткое описание

1914 жылы бірінші тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды/1/. 1918 жылы 11 қарашада Франция жеріндегі Компьен орманындағы Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол қойылды.
Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдіретін ресми құжат болды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................2
1 -тарау. Германиядағы Қараша революциясының алғышарттары
1.1. Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы...................8
1.2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс............................................................16
2-тарау. Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы
2.1. Қараша революциясының басталуы және монархияның күйреуі.......................................................................................................22
2.2. Бавария Кеңестік Республикасы...................................................36
Қорытынды................................................................................................................45
Сілтемелер................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................50

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Германиядағы-Қараша-революциясының-алғышарттары (1).doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

Кильде басталған революцияның бөлінбес бір бөлігі Бавариядағы революциялық оқиғалар болып есептеледі. Баварияның орталығы Мюнхенде революция 1918 жылы 7-қарашада басталады. Мюнхенде Терезиенвизе" алаңында болған үлкен жиналыста жұмысшылар монрхияның жойылуын және республиканың жариялануын талап етеді. Көтерілісшілер казармаларды басып алады, түтқындарды босатады.

Сол күні Мюнхен жұмысшы Кеңесі құрылады. Жұмысшылардың арасында беделді тәуелсіз социал-демократ Курт Эйснер болды.

1918 жылы қазан айында тұрмедн босаған Эйснер Германияң барлық жерінде монархияны жою керек және Герман республикасын жариялау керек деп сөз сөйлейді.

Ол жұмысшы солдат және шаруалардың уақытша Кеңесін құрып 8-қарашаға қараған түні Баварияда монархияның жойылғанын және республика орнағанын жариялады.

8-қарашада Эйснердың басқарумен жаңа үкімет құрылады. Революциялық көтерілістер Аугсбург, Розенгейм, Нассау, Нюрнбергті қамтиды.

Революцияның мындай шеруінен Берлиннің қалып қоюын Берлин жұмысшыларының енжарлығынан деуге болмайды.

Басты себеп мынада: Киль оқиғалары туралы хабар жеткеннен соң Берлинге әскер кіргізіліп, басқа қалалармен байланысқа қатал шек қойылған еді. Бірақ Берлиндеге тыныштық тек сыртай ғана еді.

1917 жылғы ереуілдер  кезінде құрылған "Революциялық старасталар Комитеті" әлі өмір сүретін 1918 жылы оның қатарында солшыл тәуелсіздер Эмиль Барт, Эрнест Деймиг, Рихард Мюллер, т.б басқарған 80 адам бар еді./39/

Қазанның аяғында түрмеден шыққан К.Либкнехт, Голландиядан келіп қосылған еді. Комитет "Жұмысшы Кеңесі" деп аталды.

Спартак тобы Берлин жұмысшылары мен горнизон солдаттарының көтерлісін жылдамдатуын талап етсе де тәуелсіздер көтеріліс "техникалық жағынан дайын емес" деп қорқақтаумен болды.

Олар көтерілісті 11 - қарашаға дейін бастауға болмайды деп есептейді. Жағдайы қиындай түсті. 8-қараша күні Атқару комитетінің екі мүшесінің тұтқындалғаны белгілі болды. Одан әрі созу бүкіл ұйымның өміріне қаупті еді.

Жұмысшы Кеңесі сол күні кеште 9-қарашада таңертең қолдарында бар қарумен Берлин жұмысшыларын жаппай ереуілге шығуға тиісті деп шешім қабылдайды.

9-қараша күні таңертең  ерте Берлин кәсіпорындарында  Атқару Комитеті мен Спартак тобының үндеулері таратылады. Қала жұмысшылары түгел жұмыс орындарын тастап, көшеге бет алады. Жұмысшылар мен солдаттар қалалық полиция үйін алады. 650 тұтқын босатылады. Почта, телеграф агенттігі, Комендатуралар еш қарсылықсыз алынады.

Ратуша, рейхстаг, Бранденбург қақпаларына қызыл жалауларілінді. Бірақ Макс Баденский үкіметі әлі құлаған жоқ еді. Үкімет кайзерге /Вильгельм-ІІ/ тақтан бас тарту туралы ұсыныс жасады. Социал-демократтар Макс Баденский үкіметімен кездесу жасады./40/ Ақыры Макс Баденский кайзердің тақтан түскені туралы құжатқа қол қойды.

Рейхстаг алдына жиналған халыққа Шейдеман Германияда құлады, демократиялық республика құрылды деп жариялады.

Сол күні кешкі сағат 10-да Рейхстаг үйінде Берлин жұмысшы жұмысшылары мен солдат Кеңестерінің делегаттарын сайлау өткізуге шешім қабылдай ды ./41 /

Сол күні кешкі олар Буш циркіндегі жалпы жиналысқа Берлин жұмысшысы және солдат Кеңесінің Атқару Комитеттін және үкіметті сайлай үшін жиналуы тиіс болды.

Жұмысшы және солдат Кеңестрінің жиналысы 10-қарашада 'ЩЙкі сағат 5.30-басталды.Қатысушылардың құрамы әртұрлі болды.

3 мыңдай адам жиналды, көпшілігі солдаттар еді. Эберт сөз сөйлейді. Ол революцияның барлық табыстарын социал-демократияның еңбегі деп көрсетеді және "социалистік үкіметінің" құрылтайын жариялайды. Онан кейінгі сөйлеген К.Либкнехт болды. Ол солдаттар мен жұмысшыларды социал-демократтарға соқыр сенімнен аулақ болуға шақырады. Контрреволюция өкілдерінің жұмысшы және солдаттар арасына кіріп кеткені ескертілді.

Бұл ескертуі солдаттардың біраз бөлігі тарапынан қолдау таппай, шу көтерілді.

Революциялық старосталардың Атқару Комитеті жиналысқа жаңа Атқару Комитетінің тізімен береді. Ол тізімде К.Либкиехт, Р.Люксимбург, В.Пик және солшыл тәуелсіздер кірген еді Соңында  Атқару Комитетіне 6 оңшыл социал-демократ, 6 тәуелсіз және 12 солдат кіреді. Кейіе Эберт ұсынған үкімет құрамы мақұлданып, Эберт пен Гаазе бастаған үкімет Халық өкілдерінің Кеңесі құрылады. Жұмысшылар мен солдаттардың басым бөлігінің саяси саналылығының төмендігін, сенгіштігін пайдаланып оңшыл социал-демократтар өкіметінің шешуші қызметкеріне ие болды.

Кез-келген революцияның негізгі мәселесі өкімет мәселесі екендігі белгілі.

"Өкімет қай таптың  қолында болса, барлық нәрсені осы шешеді. Өкімет туралы мәселені орағатып кетуге де, кейінге қалдыруға да болмайды, өйткені нақ осы мәселе революцияның дамуында оның ішкі және сыртқы саясатында барлық нәрсені шешетін негізгі мәселе болып табылады.

Германия революциясының онан арғы тарихы да осы мәселеге байланысты шешілуі мүмкін еді.

12-қарашада Халық өкілдерінің  Кеңесі өзінің бағдарламасын жариялады. Бағдарлама "Саяси басшылық таза социалистік сипаттағы революция нәтижесінде құрылған үкіметтің негізгі міндеті соцалистік міндетті жүзеге асыру" деген жалынды сөздерден басталады./42/

Бірақ шындығында бағдарлама бірде-бір социалистік сипаттағы талап қойған жоқ. Халық өкілдері Кеңесінің құрылуымен революция бірінші кезеңі аяқталады.

Германияда қараша революциясының тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі-кеңестік тарихнамада ең көп талқыланған мәселелердің бірі. Қараша революциясының тарихын бес кезеңге /А.Жолдак/ төрт кезеңге /М.И.Орлова/ үш кезеңге /Я.С.Драбкин/ бөлу туралы ұсыныстар болды./43/

Я.С.Драбкиннің ұсынысын көпшілік зерттеушілер қолдады, өйткені ол  революцияның басталу, тереңдеу, жеңілу оқиғаларына неғұрлым сәйкес келеді және революция барысындағы сапалық өзгерістерді /монархияның құлауы, республиканың жариялануы, кеңестік республика үшін күрес/ толық қамтиды.

Сонымен Қараша революциясының тарихы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең революцияның басталуынан /1918 жылдың 4-қараша Халық өкілдері Кеңесінің құрылуына 1918 жылғы қарашаның ортасы/ дейінгі оқиғаларды қамтиды.

Екінші  кезең  1918 жылғы қарашаның ортасынан 1918 жылдың аяғына дейін созылады. Бұл кезең-революцияның бейбіт даму кезеңі, бұл кезде революция мен контрреволюция күштерінің арасалмағы тең болды.

Үшінші кезең 1918 жылдың қаңтары мен мамырының арасы,бұл кезеңде контрреволюциялық күштер шабуылға шығады да, революция әрі қарай тереңдемей, буржуазиялық-демократиялық революция шегінде тоқтап қалады. "Барлық өкімет Кеңестерге берілсін" деген спартакшылардың ұранына қарсы оңшыл социал-демократтар Ұлттық жиналыс шақыру ұранын қойды.

Демек Германиядағы революцияның 1918 жылы қаршада монархияны, құлатып, республика жариялағаннан кейінгі дамуы екі бағытпен жүруі мүмкін еді.

Бірінші бағыт-революцияның тереңдеп, буржуазиялық-демократиялық кезеңнен социалистік кезеңге өтуі. Бұл бағытты бастайтын саяси күш-"Спартак" тобы. "Спартак" тобы жеке партия емес, Тәуелсіз Социал-демократиялық партияның солшыл қанатын құрайды.

Р.Люксембург 1918 жылдың 18-қарашасындағы "Бастау" деген мақаласында осы бағыттағы жасалынуы тиіс қадамдарды көрсетті: Жергілікті Кеңестерді дамыту және қайта сайлау: жұмысшылар мен солдаттардың жалпы германдық парламентін шақыру, революцияны қорғау үшін пролетарлық Қызыл Гвардия құру, ескі монархиялық мемлекет мекемелерін тарату: халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірінші шарасы ретінде помещик иеліктерін, мүліктерін тәркілеу; революцияның социалистик және интернационалистик міндеттерін нақты белгілеу үшін Германияда дүниежүзі жұмысшыларының конгресін шақыру".

Екінші бағыт революцияның одан әрі дамуына жол бермеу, жұмысшы табының бытраңқылығын тереңдету революция көсемдерін өлтіру,революцияны тоқтату.

Бұл бағыттың қолдаушылары-оңшыл социал-демократтар. Негізгі ұрандары-"Құрылтай жиналысын шақыру".

Халық өкілдері Кеңесі елдегі ресми өкімет еді. Оның басшылары социал-демократтар Эберт пен Шейдеман болатын. Олар қараша айының аяғында Берлинге соғыстан қайтқан 9 дивизияның кіргізілуіне рұхсат береді. Осы әскери бөлімдер 6-желтоқсанда Берлинде революцияға қарсы бүлік бастайды./44/

"Спартак" тобы сол  күні Берлин жұмысшыларымен үлкен жиналыс өткізеді.

Шеру Оранненбург қақпаларын бетке алып қозғалады, бірақ оларды қарулы әскерлер тоқталып, шерушілерге оқ атылады. 14 адам қаза табады. Сол күні Берлин Кеңесінің Атқару Комитеті орналасқан үйге басып кіріп, оның мүшелерінің барлығын тұтқынға алады, "Готе фане газетінің редакциясы да тұтқынға алынады.

Мұны естігін матростар мен спартакшылардың шақыруымен оларға қосылған жұмысшылар бірігіп, ұйымдасып, әскери бүлікшілерді таратып, контрреволюциялық бүлік жойылады.

8-желтоқсанда спартакшылардың ұйымдастыруымен 150 мың қатысқан қарулы шеру өтеді. Шерушілер Эберт Шейдеман, Вельстің үкіметтен кетуін талап етеді. Халық өкілдер Кеңесінің үкіметін жоюға шақырып К.Либкиехт бірнеше рет сөз сөйлейді осындай көтеріліс толқулар Германияның көптеген қалаларын қамтиды. Жұмысшы тобының белсенділігі социал-демократ жетекшілерін Кеңестердің бүкілгермандық сьезін шақыруға мәжбүр етеді.

Сьезге сайлау барысында социал - демократтар - 288 делегат, тәуелсіздер - 87 делегат, оның 10-ы спартакшылар, буржуазиялық партиялардан 25 делегат, солдаттардан 27 адам сьезге жіберіледі. Кеңестердің 1 сьезі 1919 жылдың 16-21 желтоқсаны аралығында өтті. Сьездің ашылуына байланысты 250 мың адам қатысқан, Эберт үкіметінің кетуін, барлық өкімет бөлігінің Кеңестерге берілуін, Германияның социалистик республика болып жариялануын талап еткен шеру болады.

Шеруге қатысушылар атынан В.Пик бастаған 10 адам осы талаптарды сьезге ұсынады./45/ Сьезд талаптарды талқылаудан бас тартты.

Сьездігі бірінші мәселе Берлин Кеңесі Атқару Комитеті мен үкіметтің Халық өкілдері Кеңесі есебін тыңдау болды. Атқару Комитетінің баяндамасын тәуелсіздер жетекшісі Р.Мюллер оқыды. Мюллердің қателігі Кеңестердің ролін тек үкіметтің әрекеттерін бақылауға ғана әкеліп тіреуі болды. Ал бұл кездегі Кеңестердің бақылауының еш маңызы жоқ еді. Себебі барлық өкімет белгілі, армия, полиция үкімет қолында еді.

Ұлттық жиналыс па, әлде  Кеңестік жүйе  ме" деген мәселеге байланысты баяндамаға оңшыл социал- демократ Макс Коген шықты. Оның айтуынша, Кеңестер елді басқаруға қаблетсіз, себебі ол халықтың бір бөлігінің ғана мүддесін білдіреді, олар мемлекеттік шаруашылықты жүргізге алмайды. Когеннің ұсынысы бойынша 1919 жылдың 19-шы қаңтарында Ұлттық жиналысқа сайлау күні белгіленді. Сөйтіп, революцияның негізгі мәселесі ұлттық жиналыс пайдасына шешілді. Осыдан кейін үкімет құрамынан тәуелсіздер құрылды./46/

29-желтоқсанда Берлинде  дербес партия құру мәселесіне баМіаньісты солшыл топтардың жабық конференциясы болады. "Сйартак Одағы" бұл уақытта Германияның барлық облыстарымен Йерітік байланысып үлгерген еді.

Бекрлиннен басқа спартак үйымдары Гуо облысында, ЗСёШнщада, Төменгі Рейнде, Солтүстік Батыста, Гессенде Франкфуртте, ШМрггартте, Боварияда құрылған еді. Конференция 80 дауспен Германия Коммунистік партиясын құруға шешім қабылдады.

1918 жылы 18-желтоқсанда Берлинде  Германия Коммунистік партиясының құрылтай сьезі ашылады. Оның жұмысына 46 жергілікті ұйымнан 83 өкіл қатысады. Сьездің төрағалары болып В.Пик пен Вальхер сайланады./47/ Сьезде Тәуелсіз социал-демократиялық партия туралы К.Либкнехт баяндама жасайды, ол спартакшылар бұдан былай Тәуілсіздер партиясы құрамында қала алмайтынын айтады: "ГТСДП құрмында қалу контрреволюциясымен ынтымақтасқандық болады .

Одан жылдам бөлініп шығу революцияға адалдығымызды сақтап қалады./48/

Сьезд Германия Коммунистік партиясының құрылғанын жариялайды. Сьезде сайланған Орталық Комитет құрамына 12 адам /К.Либкнехт, Р.Люксемберг, В-Пик, К.Дунхэр т.б/ кіреді.

Партияның бағдарламасы туралы баяндаманы Р.Люксембург жасады. Бағдарлама Спартак қоғамының 14-желтоксанда жарияланған Спартак одағы нені қалайды?" деген үндеуі негізінде жасалынды.

Бағдарламада біртұтас Германия социалистік мемлекеттін құру, жұмысшы және солдат Кеңестерінің бірлігін құру, барлық азаматтарға тең құқық берут.б міндеттер қойылды.

Революциялық козғалыстың өрлеуінен қауіптенген үкімет коммунистік партияның басшыларын қудалай бастады. Олар революцияны тұншыктыруға дайындалды.

1919 жылдың каңтарында ұйымдастырған қастандықтарын жүзеге асыру үшін қолайлы кезең деп есептеді. Олардың жоспары төмендегідей еді:

Берлин полициясының бастығы солшыл тәуелсіз Эйхгорнды орнынан алу керек. Оны 11-қарашада Берлин Аткару Комитеті сайлаған еді. Эйхгорн жұмысшылар арасында белгілі еді.

Үкімет оны орнынан алу пролетариаттың наразылығын тудыратынын түсінді. Мұнан кейін жұмысшылар ереуілге шығады, онда жұмысшыларды қарусыздандыруға кірісуге болады.

Пруссия үкіметі Эйхгорнның орнынан алынғанын және орнына социал-демократ Эрнсттің тағайындалғаны жөнінде бұйрық шығарып кояды.

Жағдайды талқылау үшін К.Либкнехт пен В.Пик қатысқан мәжіліс болады. Мәжіліске қатысушылар Эйхгорн орында қалу керек деп шешеді де, үкіметтің бұйрығына қарсы Берлин жұмысшыларын шеруге шақыруға шешім кабылдайды.

5-каңтар күні түсті жұмысшылар жұмыс орындарын тастап көшелерге шығады. 6-қаңтар күні жұмыс тоқтатылды, қаланың барлық орталық көшелері жұмысшыларға толады. Силезия, Анпальтск, Потсдам вокзалдары алынады. Қозғалыс ұйымдаспаған болып шықты.

Информация о работе Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы