Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 00:08, курсовая работа
Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік мәдениетте де шешуші роль атқарды. Римнен Еуропаға өткен көптеген түбегейлі рухани ұғымдар мен қоғамдық тұрмыс нормалары, дәстүрлі құндылықтар, әлеуметтік-психологиялық стереотиптер мың жарым жылдан аса уақыт бойы, XIX ғасырға дейін еуропалық мәдениеттің негізі мен арсеналы, тілі мен формасын құрады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Антикалық мәдениеттің пайда болуы
1. Ежелгі Грекия мәдениеті
2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б.з.д. XІ—VІІІ ғасырлар)
3. Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б.з.д. VІІІ-VІ ғ.)
4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.д. V — ІV ғасырлар)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Біздің заманымызға дейінгі IX—VIII ғасыр құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардагы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және тағы да басқалары шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады. Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нөрсе — құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, біздің заманымызға дейінгі I — мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп — керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.
Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалық» кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дәуірінде
мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін
басынан кешіргенімен де, дәл осы
тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің
гүлденуіне қолайлы алғышарттар
жасалғандығын естен
3.Грекияның
архаикалық кезеңдегі Грек
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Архаикалық греция
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан. Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы киллометр, ал Спартаның көлемі — 2650 шаршы киллометр болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері — Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және тағы да басқалары. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаика-лық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары — ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера — аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі — жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып саналатын Артемида ғибадатханасы — Артемиданың құрметіне тұрғызылған. Афина данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос — күн құдайы, Ника (Виктория) — жеңіс құдайы, Арес — соғыс құдайы, Дионис — шарап құдайы, Гермес — сауда-саттық құдайы және тағы да басқалар.
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея» дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мүсін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары).
Құлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар (ғибадатханалар) құрылысының етек алуына әкеліп соқты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл дәуірдің сәулет өнері храмдық болып келеді. Бірақ діни рәсімдер арнайы құрбандық орындарында, далада өткізілгендіктен храмдарға, құдайға құлшылық ету үшін емес, тек құдай мүсіндері тұратын орын ретінде ғана пайдаланылатын болған, яғни храмдар — шеберлер қолынан шыққан асқақ мүсіндердің мекені болды. Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі — Коринфтегі Аполлон храмы (біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм — өзінің сәулеті жағынан қас бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді, олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлшегі болып табылатын грек колоннасы — таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді. Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүгінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сақтап келген өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезенде жасалды. V ғасыр ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан құйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және тағы да басқалары жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мөрмәр көшірме арқылы жеткен «Диск лақтырушы» деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшық еттері шиыршық атқан, денесі догадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған.
4.Грек классикасы мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі V — IV ғасырлар)
Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы — классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444—429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді. Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған.
Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер іректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді ныгайтты. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және тағы да басқа мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.
Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары — діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мөрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр. Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек. Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.
Қорытынды
Сонымен, египеттіктер мен вавилондықтардың жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, гректер өзіндік математиканың, астрономияның, медицинаның негіздірін қалады: натуродилософия, лирика, поэзия мен театр, алғашқы тарихи еңбектер дүниеге келді.
Храм құбылыстарына байланысты монументалдық сәулет өнері өрістеді. Олардың арасындағы ең көректісі – Коринодтегі Аполлон храмы. Сәулет өнерімен қатар монументалдық пластика дами бастады.
Грецияның классикалық өнерінде, архитектура мен әдебиетте адам құдіреттілігі насихатталады. Эллинистік кезеңде антикалық және шығыстың мәдениеттердің тоғысуы деп қарастыруға болады.
Негізгі құқықтық ұғымдардың
классикалық анықтамаларын
Антикалық мәдениет – Рим поэзиясында, сәулет өнерінде, скульптурада өз көріністерін тапты. Рим мәдениетінің үлкен жетістігіне құқықтың алғашқы әмбебапты жүйесін қалыптастыру жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет
2.Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет
3. Афанасьева В., Луконин В., Померанцева Н. Искусство древнего мира (Малая история искусств). М., 1976.
4. Дмитриева Н. А. Виноградова Н. А. Искусство Древнего мира. М., 1986.
5. Древние цивилизации - М.,1989