Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру

Дата поступления: 27 Марта 2013 в 19:52
Автор работы: g*****@mail.ru
Тип: дипломная работа
Скачать полностью (97.64 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

Абай музыкасыНВ.doc

  —  418.00 Кб

Абай – тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

өлеңмен жер қойнына  кірер денең...»

Бұларда өлең деген сөз  ән мәнісінде айтылып тұр.  Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе  жүретінін аңғартады.

Абай музыканы талдауға материалистік тұрғыдан келіп, оны сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды.

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық....»-

Деп, Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетті. Ол сыртқы шындық біздің сезім мүшелеріміз  арқылы бастағы миға жетеді деген дәлел айтты:

«Құлақтан кіріп бойды  алар,

Жақсы ән мен тәтті  күй... »

Немесе:

«Жүрек тербеп оятар  баста миды».

Композитор шебер сүреттей, образ жасай білсе, әңде өмір сәулесі  тұнық су түбіндегі заттай анық көрінеді, ән мен күйдің санамызда бейнелеуі, «бойымызды алып, жүрегімізді тербеп, бастағы миымызды оятуы құлақ (есту) арқылы келеді», - дейді Абай.

Ән-күйдің сана-сезімге, көңілге әсер ететінін айта келіп, Абай:

«Салған ән көлеңкесі  сол көңілдің»,

- десе, екінші бір жерінде:

«Ұйықтап жатқан жүректі  ән оятар,»

Оның тәтті оранған  мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң  дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы  уатар», -

дейді. Әнде көңіл күйі сан түрлі болатынын (мажор, минор) Абай шебер түсіндіреді.

«Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын  кесері бар...» немесе:

«Құр айқай бақырған,

Құлаққа ән бе екен», -

деген өлең жолдарында Абай музыканың жан қылын шерту  орнына, жанынды түршітіретіні де болатынын айтады.

Данышпан Абай күй  жөнінде де өте өткір пікірлер айтты. Күйдің текссіз  айтылатын ән екенін сезген Абай:

«Мұңмен шыққан, оралған  тәтті күйге,

Жылы жүрек қайда  бар қозғаларлық?...»

Немесе:

Ақылыдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -

деді.

Бұл жолдардан Абайдың  күйді жете түсінгендігі көрініп тұр.

Осындай ән-күй туралы айтылатын аса бағалы пікірлермен  қатар, Абай әнді орындау шеберлігіне  де көп көңіл аударады.

Абай орындаушылыққа  үлкен мән берген адам. Жақсы шығарылған ән-күй жаман орындаушының  қолына түскенде, «ауыздан шыққында өңі қашатын, көңілдегі көрікті ойдың» кебін киетінін де Абай білді. Шығарушылық пен орындаушылықтың екі түрлі  қабілет екенін де ол жақсы түсінеді. Сондықтан жоғарыда  айтылғандай, Абай алғашында өз әндерінің шығарушысы да, оларды бабына келтіріп орындаудың нұсқашысы да, ән-күйдің, әншіліктің сыншысы да өзі болды. Әрине, Абайдың «әнінді сатып ақша алма» деуі – сол кездегі ән қадірін ән қадірін түсініп, біреулерді өтірік мақтап, мал табушыларды мінепшенегендік еді.

Қорытып айтқанда, Абай дарынды  композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта  қалғандай жаңалықтар тудырады. Оның басты себебі – Абай поэзиядағы сияқты муз. шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артықшылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық муз.дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты  ән шығарды. Сонымен қатар  ақын, композитор, орындаушы – үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың рарсында еңбек бөлісінің керектігін сезіп, өз ауылында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу дауысымен шығарған үлкен  сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық жөнінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін  үлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драма, сатира, трагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін т.б. сан түрлі музыка бар. Ал оның муз.сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.

 

Музыкалық мұрасын жинау.

Өз заманында дара дарын иесі болған Абай ойшыл-ақын ретінде қазақ  поэзиясына ғана  ұлан-ғайыр үлес қосқан жоқ, сонымен қатар композитор ретінде халық музыкасына көптеген соны түр мен екпін енгізген әндері арқылы қазақ музыкасында  өзгеше абайлық нақыш тудырды. Абай әндерін нотаға түсірген жоқ, сондықтан да ол әндерін алдымен өзі айтып таратты. Абай үйінде айлап, апталап қонақ болып, ойын-сауық құрып жататын ақындар мен әншілер оның жаңа әндерін өз аузынан естіп, үйреніп жұртқа жеткізген. Сөйтіп, Абай әндері ескі дәстүр бойынша, біреуден-біреу үйреніп, ауыздан-ауызға көшіп отырған.

1917 жылғы қазан төңкерісіне  дейін орыс этнографтары мен  музыка зерттеушілері қазақ халқының  музықалық мәдениеті  хақында  көптеген құнды еңбектер жазып,  әндері мен күйлерін нотаға түсірген. Бірақ, бір өкініштісі солардың арасында Абай әндерін орындағандығын дәлелдейтін жазба деректер де жеткілікті. Мыс.. А.Т.Седельников «Қырғыз өлкесі» деген очеркінде Абайды қазақ поэзиясындағы жаңа ағымның өкілі деп атайды. Оның «Евгений Онегиннен» , М.Ю.Лермонтов өлеңдерінен тамаша аудармалар жасап, «Семей өлеңшілерінің «Татьянаның хатын» әнге қосып айтып жүргендері» туралы («Россия», В.П.Семеновтың редакциялауында, 1903  18 т., 204-б.) деректер келтіреді. Орыстың Императорлық Географиялық қоғамы Семей бөлімшесі жазбаларында. Әділхан деген әншінің  «Татьянаның хатын» шырқағаның атап өткен. Саяхатшы  Д.М.Львович осы әнді Қызылтас ауылында ақынның аузынан естігенін жазады («Қырғыз даласына сапар», Петроград, 1914, 109-б). Бұл жазба деректерден Абайдың көзі тірісінде-ақ халық арасына кең тараған әндерінің ішінен тек «Татьянаның хаты»  ғана аталуы кездейсоқ нәрсе сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ мұны түсінуге де болады. Түбірімен өзгеше әуез бен өлең сөзі орыс тыңдаушыларының құлағын елең еткізері сөзсіз. Өйткені, қыздың махаббат қылын шертіп, жігітке сүйіспеншілік хатын жазу сол кездегі қазақтар арасында ғана емес, көптеген халықтар үшін үяттан асқан, өрескел қылық саналатын.оның үстіне бұл – қазақ халқына әлі де кең көлемде таныс бола қоймаған А.С.Пушкин шығармасының аудармасы. Абайдың 1889 ж. «Евгений Онегиннен» тәржімеленген «Татьянаның хаты» әнінең ел ішіне кең тарауы қазақ фольклорынан да қызу қолдау тапқан сияқты. 19ғасырдың ақырында сүйіктісіне деген сезімін танытатын қыздар әндері туа бастады.

Абай әндері мен өлендерінің  төнкеріске дейін-ақ халық арасына кең мәлім болғандығы 1914 ж. 26 қаңтарда Семейде өткізілген этнографиялық  әдеби-музыкалық кештің бағдарламасынан да айқын байқалады. Бұл мазмұны  жағынан қазақ  және орыс поэзиясының, музыкасы мен фольклорының бірлескен концерті еді, оның бірінші бөлімі негізінен А.Құнанбаев шығармаларына арналды. Ақың-қомпозитордың ақындық, композиторлық жолы жайлы. Н.С.Құлжанова баяндама жасап, «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Айттым сәлем, қалам қас», «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?» әндерін Әлмағамбет Қапсәлемұлы орындады. 1920-30 ж. халық ағарту мекемелері халықтың музыкалық туындыларын жинап, жазылып алу ісінде бірқатар игі жұмыстар атқарды. Клубтарда ұйымдастырылған көркемөнерпаздар кештерінде, тетрларда өткізілген концерттерде халық әндерімен, халық композиторларының шығармаларымен қатар Абай әндері де орындалып, мектептегі жастар мен студенттердің көркемөнер ұжымдарының әншілері мен хорлары сүйіп орындайтын әуенге айналды. Той-думан, жастар кештері, дастарқан қуаныштары Абай әндерімен басталатын болды.

Кәсіпқой және әуесқой әншілерден Абайдың музыкалық мұрасын жазып алудың алғашқы қадамдары сол жылдарда басталды. Мыс., 1919 ж. А.Э.Бимбоэс Абайдың екі әнін (Мұстафа Нұрбаевтан «Сегіз аяқ», Нәзипа Құлжановадан «Татьянаның Онегинге жазған хатын») нотаға түсіріп алды. 1920-23 ж. А.В.Затаевич ақын-композитордың 8 әнін –Осман Қашағановтан «Татьянаның Онегинге жазған хатын», Жүсіпбек Аймауытовтан «Абайдың әнін», Ескендір Дайырбаевтан «Қор болды жаным», Мұсылманқұл Әспалықовтан «Көзімнің қарасы», Кәрім Қашқынбаевтан «Сегіз аяқ», Шәріп Медетовтан «Абай», Сәбит Мұқановтан «Татьянаның Онегинге жазған хатын» нотаға түсірді. Бірақ бұдан кейінгі жылдары төнкеріске дейінгі ақындарн, әдебиет және ғылым мен өнер қайраткерлеріне байланысты өріс алған теріс саясаттың салдарынан концерттерде Абай әндерін орындауға тыйым салынды. 1931-38 ж. Абайдың бір де бір әні қазақ радиосы арқылы  берілген жоқ. Ақынның музыкалық шығармаларының  «Қазақтың 500 ән-күйі» жинағына енбей қалуы да сондықтан. Бірақ әншілер оның әндерін мұқият сақтап қалған еді. Мыс., қазақтың атақты әншісі Ә.Қашаубаев қайтыс боларынан аз уақыт бұрын өз ұсынысымен  Е.Г.Брусиловскийге Абайдың «Біреден біреу артылса» және «Қор болды жаным» әндерін жаздырған. Бұл әнші мен ақын тағдырының тоғысқан тұсы болатын. Концерттік сапармен Франция мен Германияға барып қайтқан әнші жосықсыз жалаға ұрынып,  жазықсыз жапа шеккен шағында Абайдың тап осы екі өлеңінен көңіліне  жұбаныш іздеуі заңды да сияқты.

1935ж. М.Әуезовтың Абайдың  музыкалық мұрасын сақтап қалуға  байланысты белсенді қызметінің нәтижесінде Семейде оның әндерін алғаш рет  толық жинап, нотаға түсіру қолға алынды. Композитор Л.Хамиди осы жылғы көкек айында Әрхам Ысқақұлынан ақынның: «Біреуден біреу артылса», «Желсіз түнде жарық ай», «Ішім өлген сыртым сау»,  «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Сен мені не естесің», «Айттым сәлем, қалам қас», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Татьяна сөзі», «Көзімнің қарасы», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Бойы бұлғаң», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Қарашада өмір тұр», «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма», «Қаранғы түнде тау қалғып» әндерін жазып алды. Дегенмен, бұл шығармалар ол кезде жарық көре қойған жоқ. Хамиди Москва консерваториясыныныңжанындағы Татар опера студиясына оқуға кетті де, асыл қазына болашақ композитордың жеке архивинде қалды.

1939 ж. Әуезовтың   ұсынысымен Алматыда Абай әндерін  нотаға түсіру қайтадан қолға  алынды. Оның тапсырумен Л.Хамиди  әнші Жүсіпбек Елебековтың орындауында  «Қарашада өмір тұр», «Сегіз аяқ», «Қаранғы түнде тау қалғып»,  «Көзімнің қарасы», М.Әуезовтен «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әндерінің жаңа нұсқаларын жазып алды. Сол жылы Әуезовтың көмегімен Б.Г.Ерзакович Қуан Лекеровтен, Темірболат Арғынбаевтан, Елебековтен «Айттым сәлем қалам қас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы булған» әндерінің басқаша түрлерін нотаға түсірді.

Ал 1953 ж. Әуезов өз орындауында  «Сүйсіне алмадым, сүймедім» әнін нотаға түсіртті. Мұның алдында, 1948 ж. Ерзакович  Семей обл., Жарма ауд. «Октябрьдің 15 жылдығы» колхозында тұратын ақын Көсембек Байғұтдиновтан Абайдың «Қарға мен бүркіт» әнін жазып алған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

Абай  өлеңдерін оқыту

 

Ұлы Абай балалар мен  жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік  күшін жоғары бағалаған .

               Абай да, Шоқан, Ыбырай сияқты  халықтық педагогика бұлағынан сусындап, әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан, ауыл адамдарынан дастан, аңыз-ертегілерді, өлең-жырларды, мақал-мәтелдер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды естіп, бойына сіңіріп, атақты әнші-күйшілердің ,жыршы-термешілердің өнерін,ақындар айтысын қызықтап өсті.

          Балалар мен жастардың әсемдікке  , сұлулыққа деген көзқарасын  қалыптастыруда Абай өлеңдерінің  рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас  құрап , еркеленіп шығар сөз»  деп ұлы ақынның өзі айтқандай  ,оның өлеңдері туған жердің  сұлу табиғаты , қазақ ауылының көріністері , адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі .Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай» т.б өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген .Абай қазақ ауылының көшіп-қонған көрінісін «Жаз» деген өлеңінде былай деп шебер суреттейді .

                                       Жаздыкүн шілде болғанда,

                                       Көкорай  шалғын, бәйшешек 

                                       Ұзарып өсіп толғанда 

                                       Күркіреп жатқан өзенге

                                       Көшіп ауыл қонғанда...

         Өлеңдегі табиғаттың әсем көрінісі, күн шұғыласы ,адамдардың , жан-жануарлардың  іс-әрекеттері –бәрі  де  балалардың  қиялына  қанат  бітіріп , күнделікті тыныс-тіршіліктегі көріністерге көңіл тоқтатып, оны эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге үйретеді .Тағы бір мысал «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңін алайық

                                        Желсіз түнде жарық ай ,

                                        Сәулесі суда дірілдеп .

                                        Ауылдың жаны –терең сай ,

                                        Тасыған өзен гүрілдеп.

       Мұндағы  табиғат көрінісі суреттемесінің  нақтылығы ,мәселен , Абайдың түн мезгіліндегі көл бетіне түскен ай сәулесінің дірілдеп көрінуін , ағаш жапырағының өзді-өзімен сыбырласуын сипаттауы , жастарға ерекше бір әсер беріп, лирикалық сезімге бөлейді , туған жер табиғатына деген мақтаныш сезімін тудырады.

            Абай өз өлеңдерінде халықтың дәстүрін еркін арқау етеді .Мысалы «Қыз сөзі» мен «Жігіт сөзі» деген айтыс  өлеңдерінде ақын небір «шебер теңеулерді табады және тапқанда қазақ халқының өз тірлігіндегі, өз табиғатындағы  болмыстан мысалдар алады». Жоқтау өлеңдерінде де ескі халық поэзиясындағы жоқтауларды үлгі тұтса ,ауыз әдебиетіндегі ертеден  жырланып келген жорық пен ғашықтық тақырыбына қатысты екі сюжетті пайдаланады .

          «Сөз өнері –дертпен тең» деп  кесек түйін жасаған сөз, тіл  өнерін жоғары бағалаған Абай  жастарға жыршылық , ақындық табиғи дарын, таланттың ісі , тапқырлықтың белгісі деп, өлеңге талап ,талғам қажет екенін атап айтады .

                                               Өлең-сөздің патшасы ,сөз сарасы ,

                                              Қиыннан қиыстырар ер данасы .

                                               Тілге жеңіл ,жүрекке жылы тиіп,

                                               Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы ...

Ол өз халқының өмірін ,тұрмыс тіршілігін ,тілек-арманын өлеңмен өрнектеп қана қоймай, әнге қосты , музыка тілімен ескілікті, кертартпа көзқарасты сынып, жақсыны дәріптеді,  жастарды өнер-білімді меңгеруге шақырды.                                               

          Абай эстетикалық тәрбиенің құралы  ретінде халық музыкасының  маңызына тоқталды. Қазақтардың жарық дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейін әнде, өлеңге, музыкаға деген көзқарасын, солардың ықпалымен қалыптасатын эстетикалық сезімін былай деп көрсетеді:

                            Туғанда дүние есігін ашады өлең,

                            өлеңмен жер қойнына кірер  денең.

                            Өмірдегі қызығының бәрі өлеңмен,

Краткое описание
Зерттеудін көкейкестілігі: Ұлттық тәрбиені жолға қоюда басты кұрал ретінде пайдаланатын ауқымды материалдарды біз өткен дәуірден келіп жеткен ғұлама-ғалымдардың еңбектерінен іздеп тауып, қазіргі заман талаптарына сай пайдалану жолдарын қарастыруымыз - бүгінгі күн талабы. Осыған орай, қазіргі кезде ұстанып жүрген «Жоғары мектеп тұжырымдамасында»: «Әлемдік өркениет кұндылықтарын кайта бағалау, сол негізде адамдарда мәдениетті тәрбиелеудің қажеттілігі кең ауқымды ойлайтын әлеуметтік прогреске араласатын, өзін өзгерте отырып ықпал ете алатын ұстаздар тэрбиелеу» -делінген.
Содержание
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------ 3


1 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері

1.1 Музыка тәрбиесін дамытудағы және қалыптастырудағы қазақ ағартушыларының музыкалық - педагогикалық ой-пікірлерінің маңызы......................................................................................................................

1.2 Абай Құнанбаевтың композиторлық дарынының қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік орта, өмір жолы және музыкалық - педагогикалық көзқарасы ---------------- --------------------------------------------------------------


2 Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық - педагогикалық көзқарасы арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің мазмұны


2.1 Абай Құнанбаев мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі...................................................................................................


2.2 Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беруге арналған эксперимент жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру...............................................



Қорытынды ..........................................................................................................



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................