Инвестиция есебі,түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 14:35, реферат

Краткое описание

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат .
Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл