Бір негізді екі атомды окси-ыш-ылдар Изомерия. Номенклатура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 17:31, курсовая работа

Краткое описание

Оксиқышқылдар деп, құрамында карбоксил топтарынан басқа бір немесе бірнеше гидроксил топтары бар органикалық карбон қышқылдарын айтады. Оксиқышқылдардың негізділігі карбоксил тобының санымен тағайындалады. Гидроксилдердің саны, оның ішіне карбоксил топтарының құрамындағы гидроксилдері бар, оксиқышқылдардың атомдылығын тағайындайды. Мысалы, сүт қышқылы СН3—СНОН—СООН — бір негізді екі атомды қышқыл, алма қышқылы НОСО—СНОН—СН2— СООН — екі негізді үш атомды, шарап қышқылы НОСО— СНОН—СНОН—СООН — екі негізді төрт атомды.

Содержание

Кіріспе
І тарау
1.1.Бір негізді екі атомды оксиқышқылдар
1.1.1. Алу әдістері.
1.1.2. Физикалық қасиеттері.
1.1.3.Химиялық қасиеттері.
1.1.4.Жеке өкілдері.
1.2.Eкі нгізді үш атомды оксиқышқылдар
1.3.Екі негізді төрт атомды оксиқышқылдар
1.3.1.Рацематтардың оптикалық антиподтарға ажыратып бөлу әдістері.
ІІ тарау
2.1.Үш негізді төрт атомды оксиқышқылдар
2.2.Оксиқұмырсқа, немесе көмір қышқылы
2.2.1.Көмір қышқылының эфирлері.
2.2.2.Көмір қышқылының галогенангидридтері.
2.2.3.Көмірқышқылының амидтері.
2.3.Тиокөмірқышқылдары және олардың туындылары.
2.4.Альдегид- және қетонқышқылдары
2.4.1.Ацетосірке эфирінің оргаликалық синтезде қолданылуы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Ұсыныстар

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 Бір негізді екі атомды окси-ыш-ылдар Изомерия. Номенклатура.doc

— 1.11 Мб (Скачать документ)

1. Галогеналкилдермен әрекеттестірілсе  ксантогенаттар   дигиокөмір қышқылының  толық эфирлерін береді:



2.  Қыздыру  кезінде қанықпаған көмірсутектерді түзіп ыдырайды (Л. А. Чугаевтың  этиленді көмірсутектерді ксантогенатты синтездеу әдісі осыған негізделген):

Ксантогенаттар техникада флотациялағыш  құрал эмульгатор ретінде және жасанды вискоз жібек өндірісінде кеңінен қолданылады.

Тиокөмір кышқылының толық емес амиді — тиокарбамин қышқылы  карбамин қышқылы тәрізді бос  күйінде болмайды. Каучук вулканизация процесінік мақызды тездеткіші—тиурамды өндіргенде диметилдитиокарбамин қышқылының натрий тұзы қолданылады. Ол тұз күкіртті көмірге диметиламинмен және сілтімен әрекеттестіріп алады. Осы тұзды тотықтырып тиурам алынады.




 



Тиофосгенді  аммиакпен  әрекеттестірсе немесе  роданды  аммонийді  қыз-дырса тиокөмір қышқылының толық амиді — тиомочевина түзіледі.

 

Бұл — суда оңай еритін, балқу температурасы 172° С, кристалды зат. Көптеген реакцияларда имидті таутамер түрінде қатысады. Мысалы:




 

Тиомочевина пластмассалар, бояулар, дәрі-дәрмектер жасау өндірістерін-де қолданылады.

 

2.4.Альдегид- және  қетонқышқылдары

Молекуласында альдегид және карбоксил  топтары бар органикалық қосылыстарды альдегид қышқылдары деп атайды. Сол тәрізді кетонқышқылдары деп молекулаларында тағы да кетон топшасы бар карбон қыщқылдарын айтады.

Функциалдық осы екі топтың орналасу орнына қарай бұл қышқылдар a-, β-, γ- және т. т. альдегид- және кетонқышқылдары деп бөлінеді.

Кетонқышқылдарының аттары көбінесе табиғат заттарынан өздерінің алыну әдістеріне байланысты болады. Мысалы, пирожүзім қышқылы CH3COСOOH өзінің жүзім қышқылынан пиролиз әдісімен алынуына байланысты аталған. Альдегид және кетонқышқылдары, сутектің ацил қалдығына алмасудан алынған, өздеріне сәйкес келетін май қышқылының туындылары деп те қаралады.

Систематикалық номенклатура бойынша  бұлардық аттарының басына оксо деген сөз қосылып өздеріне сәйкес карбон қышқылдарының аттарынан да шығарылады (мысалы, ацетосірке қышқылы 3-оксобутан қышқылы, СН3—CO—СН2—CO—OH).

Альдегидқышқылдардың гомологтық қатары глиоксил қышқылынан Н—CO—СООН басталады. Бұл бірден бір ғана мүмкін болатын -альдегид қышқылы. Қатардың екіншісі — формилсірке қышқылы ОСН—СН2—СООН. Бұл қышқыл бос күйінде белгісіз.

Глиоксил қышқылы табиғатта толық піспеген өсімдік жемістерінде кездеседі. Оның алынуы:



1) этил спиртін, гликольді,  гликоль қышқылын азот қышқылымен  тотықтыру, 2) дихлорсірке қышқылын гидролиздеу,

Глиоксил қышқылының молекуласындағы  альдегид тобы карбоксил тобының әсерінен күшті полюстенген, сондықтан бұл қышқыл гидрат түрінде ғана бола алады.



Глиоксил қышқылы альдегид тобына тән әдеттегі реакцияларға да (күміс  тотығының аммиактағы ерітіндісімен, көгерткіш қышқылымен, бисульфитпен, гидроксиламинмен және т. с.) және карбоксил  тобына да тән әдеттегі реакцияларға да (тұздар, эфир-лер және т. с. түзу) кіріседі.



Жоғарыда айтылған карбоксил тобының  альдегид тобына әсер етуі сілтінің әсерінен глиоксил қышқылының Канниццаро реакциясына  енуіне бейім етеді:

Кетонқышқылдарының гомологтық қатарындағы бірінші — пирожүзім қышқылы. Пирожүзім қышқылы — сұйық зат. Бұл қышқыл спиртті ашуда аралық зат болып есептеледі.

Пирожүзім қышқылы былайша  алына алады:

1)  жүзім қышқылынын. пиролизінде.

2)  сүт қышқылының  тотығуында.




 

3)   а-, а-дихлорпропион қышқылының гидролизінде




 

Қышқыл ретінде бұл сірке  қышқылынан едәуір күштірек (карбонилдің  карбоксил тобындағы сутекке  жүргізетін әсерінен білінеді), кетондар мен карбоксил тобын сипаттайтын  реакциялардың бәрін де береді. Екі  карбонил тобының өз ара әсері күкірт қышқылымен қыздырғанда немесе қыздырмай-ақ ашытқылармен бұл қышқылды сірке альдегидіне және СО2 ыдырауына бейім етеді.



β-кетонқышқылдарының гомологты қатары ацетосірке қышқылынан басталады. Ол қышқыл қант ауруымен ауырған адамдардың несебінде кездеседі.



Өзінің зфирлерімен ептеп сабындандырғанда немесе дикетенге су қосылғанда да түзіле алады:



Оны қыздырғанда мынадай теңдеу бойынша ыдырайды:

Дәл сондай тұздары да берік емес.

Ацетосірке қышқылының және онық тұздарының төзімсіз болу себебі: екі карбонил тобының бір-біріне әсер етулерінен және олардың өте қосарлануы карбонил топтарына деген -байланысты күшті әлсіретеді.



Органикалық синтезде осы қышқылдың  этил эфирінің маңызы зор. Ол әр түрлі  кетондар мен қышқылдарды алу  үшін қолданылады. Органикалық химияның теорияларын талдау жасауда да бұл эфирдің маңызы үлкен.

Ацетосірке эфирі (ацетосірке қышқылының этил эфирі)—жағымды иісті сұйық зат. Қайнау темп. 181° С (ыдырай отырып қайнайды). Суда ерімейді.




 

 

 

 

 



Ацетосірке эфирі дикетеннен алынады:



немесе органикалық  синтезде маңызды роль атқаратын процестердің бірі — күрделі эфирлі конденсациялану процесін пайдаланып, сіркеэтил эфирінен (Кляйзенше)  алынады.



Конденсация механизмін былай деп қарауға болады. Алкоголят әсерінен сіркеэтилэфирі    металорганикалық    комплекс    береді:

Осыдай түзілген комплекс (I) екі CO — топтың арасындағы протонданған сутекпен жартылай ацеталды эфирлік қалдықтан жасалған спирттің молекуласын үзіп, шығарып ацетосірке эфирінің натрийлі туындысын түзеді:




 

 

Ацетосірке эфирі — кето-енольдық таутомерияға қабілетті қосылыстардың классикалық мысалы:





Бұл формалардың екеуі де бос  күйінде алынады: кетондық формасын — қатырып алады (мұның балқу температурасы жоғарырақ), енольдігін — кварц ыдыста қыздырып айдап шығарады (бұл, кетондық формасына қарағанда, төменірек температурада қайнайды).



Дегенмен мұның екеуі де тұрақты емес, тепе-теңдік қоспаға оңай айналады, қоспада енольдық форма 10%-тен кем болады. Әр түрлі еріткіштердегі енольдық форманың мөлшері де әр түрлі болады: еріткіштің полюстілігі неғұрлым күшті болса, кетондық формада соғұрлым көп болады.

Энергия жағынан енольдық топша, кетондық топшаға қарағанда, тиімсіздеу. Дегенмен біздің алып отырған мысалымызда  еноль түзілгенде еселенген байланыстардың қосарланған системасы пайда болады. Қосарлануға кеткен энергия ұтымы еноль түзілуге жұмсалған энергияның біраз орнын толтырды, соның салдарынан енольдану бейімділігі өседі.

Химиялық реакцияларда ацетосірке эфирі реагентке қарай кетондық немесе енольдық қасиет көрсетеді.

Қетондық формасының реакциялары:

1)   бөлініп шыққан  сәтіндегі сутекпен тотықсыздандыру:




 

2)   көгерткіш қышқылдың  қосылуы:



3) фенилгидразиннің   әрекеті.   Реакцияның   нормаль   өнімі спирт   молекуласын   жоғалтып   метилфенилпиразолон береді.



1)  пиридинде ацетилирлендіру:




 

2)   бес хлорлы  фосфордың әсері:





3)   натрийацетосірке  эфирінің түзілуі:

 

Ацетосірке  эфирі,  β-кетонокси қышқылының эфирі тәрізденіп, сілтілер әсерінен С—С-байланысқан жерінен ыдырайды:




 

Сұйытылған сілтілер эфирдің кетондық ыдырауын (а), кон-центрациялары қышқылдық ыдырауын тудырады (б).

 

 

 

 

2.4.1.Ацетосірке   эфирінің   оргаликалық   синтезде   қолданылуы.

Ацетосірке эфирін қолданып әр түрлі  кетондар, қышқылдар, дикетондар және екі негізді қышқылдар алуға  болады. Сондай синтездерге мысалдар келтірелік.

Метилпроиилкетонын немесе май  қышқылын алу:



Дикетондарды немесе екі негізді қышқылдарды алу:





Сонымен, натрийацетосірке эфирі С  және О-туындыларын түзе отырып реакцияласады.

Бұл жағдайда таутомерлік емес, екі жацты реакциялаушылық қабілеттілікпен кездесіп отырмыз (А. Н. Несмеянов, М. И. Кабачник). Жағдайға қарай натрийацетосірке эфирі реакциялық орталықты жылжытып та, жылжытпай да реакцияласа алады. Ол тәрізді реакциялардың осы кездегі физика-химиялық теориясын жасаған және негіздеген М. И. Қабачник.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Несмеянов   Алексаңдр   Николаевич

(1899-1980)

Профессор жәме көп жылдар Мәскеу Университетінің ректоры, академик болды. Элементорганикалық қосылыстар химиясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы. Көптеген химияпық реакцияларды ашты және зерттеді. Қалайы, қорғасын, сурьма,   сынап және         басқа          металдардың         органикалық қосылыстарын, сонымен қатар фосфорорганикалық және фторорганикалық қосылыстарды синтездеді. Металдың периодтық жүйедегі орны мен металлорганикалық қосылыс түзу қасиеті арасындағы заңды байланысты анықтады. Синтетикалық тағамдық өнімдерді алуды химиялық  зерттеудің жаңа бағытын жасады

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Оксиқышқылдарды  сұйық  көбінесе   кристалды   заттар.  Гидроксилі  жоқ  өздеріне   сәйкес  карбонқышқылдарына  қарағанда   бұлар  суда   жақсы ериді.   Жеңіл оксиқышқылдар сумен кез-келген   мөлшерде  араласа алады. Бір негізді екі атомды   оксиқышқылдардың   ең  маңызды   өкілдерінің бірі   сүт қышқылы    СН3- СНОН-СООН.  Сүт қышқылын  сүт қышқылының нитрилінен   (ацетальдегидтің циан гидридінен)  қантты  заттарды   сүт  қышқылынан  ашытып,  моно қанттардың  судағы  ерітінділерін  сілтілермен  әрекеттестіріп   алады. Ашыту  арқылы   алынған   сүт  қышқылы   техникада  қолданылады. Мысалы  басытқылап  бояуда,  былғары  өндірісінде  және  т.б. Екі  негізді   төрт  атомды  оксиқышқылдарының  ең  маңызды  өкілі  шарап қышқылы  НООС- СНОН-СНОН-СООН  болып  табылады. Шарап қышқылының  және   оның  тұздарының  қолданылу   орындары  әр түрлі. Шарап қышқылы ас-тағам индустриясында  және   бояу  жұмыстарында  шарап  қышқылының  тұздары,  мысалы   сегнет  тұзы   С4Н4О6КNa ∙ H2O радио  техникада,  анализ  жасауда  қолданылады.  Мысалы  фелинг  сұйықтығы   түрінде. Дәл  сол  анализдегідей  қышқылдардың  натрий  тұзыда  қолданылады.  Медицинада  және  басытқылы  бояу  жұмыстарында  құстырыш  тас  2С4Н4О6К2(SbO)2 ∙ H2O деген  атпен  калий мен антимонилдің  қос тұзы белгілі.  Үш  негізді  төрт  атомды  оксиқышқылдар  өкілі  лимон  қышқылы   болып   табылады. Табиғатта  лимон  қышқылы  кең  тараған. Мысалы,  қызылша,  таңқурай, тұшала,  жүзім, лимондарда  оның  қышқылы 6-7% болады.  Лимон  қышқылы   тамақ  өнеркәсібін  және  бояу  жұмысында, медицинада  және  басқада  салаларда  кең  қолданылады.  Көмір  қышқылдардың   өкілі  фосген  әдеттегі  жағдайларда, бұл  газ. Фосген   тұншықтыратындай   әсері  бар,  күйдіріп  жіберетін  уландырғыш  зат.  Осы  кездегі   техникада  фосген  өте   кең   қолданылады. Оның  қатысуымен   көптеген   бояулар,  мочевина  және де  басқа да  заттар  алынады. (СОСl2). Көмірқышқылдарына екі   амид  шығаруға  болады. 1. Карбамин қышқылы.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 2. Мочевина (карбамид). Карбамин  қышқылы уретандар деп аталады,  яғни  уретандар түссіз  кристалды заттар,  сумен ұзақ  уақыт   қайнатқанда гидролизденеді.  Уретандар   медицинада  ұйықтатқыш  ретінде  қолданылады. Сонымен қатар мочевинаны  ацилдегіш заттармен әрекеттестіргенде уреидтер   алынады.



Уреидтер  ұйықтатқыштар  ретінде  қолданылады.  Мысалы,  бормизовалериан  қышқылының  уреиді  ұйықтатқыш  ретінде  бромурал  деген  атпен  белгілі.



Мочевина  техникада  құнарландырғыш   пласмассалар  синтезінде   пайдаланылады. Мал  азығына   мочевина  қосылса,  азықтың  құнарлығы  артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Универсалды    апельсинді  крем – клетканың бұзылған  қатпарларын жоғары  дәрежеде  тазалайды. Тері  клеткаларының қайта қалпына келуін  жақсартады,  метабализмді  жоғарлаьады.  Ұзақ  уақыт қолдану нәтижесі  күйік,  тырық  дақтарын  жояды. Теріні  қоректендіреді  және   жұмсартады.  Өзіңіздің  нағыз  аппақ  теріңізді   қайтарады,  әжімді  азайтады. Құрамы  апельсин  майы,  табиғи  аминқышқылы, протеин,  жәрумендер  жинағы,  -оксиқышқылы. Қолданылуы.  Аздаған  бөлігін  алып, беттерісіне  жағыңыз, 1-2 минут  шеңбер  жасай  массаж   жасаңыз,  содан соң  жылу  сумен  жуыңыз.

 

 

 

 

 

Универсалды  лимонды  крем.

Құрамы- Калифорниялық   лимон ЕТА-дан  бөлініп  алынған,  табиғи  аминқышқылы,   протеин  дәрумендер  қоспасы, -оксиқышқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Универсалды  сүтті  крем.

Қан  айналым  жүйесін  және  зат  алмасу  процесін   жақсартады. Терінің  табиғи  түсі  мен   жұмсақтығын  қайтарады қайтарады,  шаршағанын басады,  әжімді  азайтады. Құрамы: табиғи  сүт,  протеин,  дәрумендер  жинағы,

-оксиқышқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солицильді   эксфолиатор  30%.

Солициль  қышқылы  үздік  терең  тазартқыш. Ол майды  ерітіп, тесіктердегі  қара  дақтарды  кетіреді.  Беттегі  безеуді  азайтып,   жаңалары  шықпауын  қадағалайды. Бұл 3-4 минуттық   керемет  процедура  жасарту  эфектінде   береді.  Тері жұмсақ  тетіс  пигментті  болады. Құрамына  құрғақ, қатты  теріден,  мазольдан  қорғайтын  табиғи  қант  кристалдары,  жасушалық  алмасуды  тұратандыратын  кофеин  кіреді. Жеміс тік  -оксиқышқылдар     теріні  берік және  жібектей  қылады.

Информация о работе Бір негізді екі атомды окси-ыш-ылдар Изомерия. Номенклатура