Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 18:34, реферат
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Кіріспе ....................................................................................................................3
1. Негізгі құралдар аудитінің экономикалық сипаттамасы
1.1 Негізгі құралдар аудитінің мәні және ақпарат көздері..............................10
1.2 Негізгі құралдардың аудитінің нормативтік құқықтық реттеуі................18
2. Негізгі құралдар есебінің аудиті
2.1 Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті...............5
2.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу және жөндеу есебіне аудиті.......................................................................................................................8
3. Аудиторлық қорытынды
3.1 Негізгі құралдардың қозғалысының талдауы...............................................25
Қорытынды............................................................................................................27
Қолданылған әдебиетттір тізімі
ІІ Негізгі құралдар аудитінің экономикалық сипаттамасы
2.1.Негізгі құралдардың аудитінің мәні және ақпарат көздері
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы - шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Сурет 1. Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорында басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тін белгілі басымдылықтар болады.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мұқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызіметті орындайды:
1. Қаржылық есеп берудің
толықтығы мен дұрыстығын
2. Қаржылық есеп беру
мәліметтерін есептің жалпы
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржышаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.
Қазіргі кезге дейін
сыртқы аудит мәселелері арастырылды.
Сон-дықтан бұл тарауда ішкі аудитты
ұйымдастыру мәселелерін
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жұзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, үйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады. Сыртқы аудитты жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит - тізімі
заңмен белгіленген кәсіпорындардың
қар-жылық қорытынды есебіне
Бастамашылық аудит оны
Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы
— белгіленген стандарттар
- түрлі міндеттерді орындау;
- сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру;
- көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық;
- күнделікті шаруашылық- қаржылық
операцияларға мүдделік
- есеп беруді құру
Негізгі құралдардың сақтау, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:
- негізі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін:
- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншікті қатынасы және өндіріс үрдісін қатысу сипаты бойынша топталандығын;
- есепте негізгі құралдрдың дұрыс болғандығын;
- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс опрацияларның дұрыс көрсетліп құжатталғандығын;
- есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есптеліп құжатталғандығын:
- негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланғанын;
- бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитордың міндеті қолда бар негзгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексеру меншектелмейді. Оларды сақтауды қамтамасыз етуі байланысты атқарылған іс- шарларды да тексеруге міндетті. Ол үшін шаруашылықтың басшыларының бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жаалғандығын; негізгі құралдардың ақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс ітейтін түгендеу комисиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінде дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын негізгі құралдардың кем шығу жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жғдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті. (кесте 8)
Кесте 1.Негізгі құралдардың аудит бағдарламасы
№ |
Аудитордың іс-әрекетті |
Ақпараттар көзі |
1 |
Баланс көрсеткіштерінің бас кітап деректерімен сәйкестігін тексеру |
Баланс, бас кітап |
2 |
Негізгі құралдардың синтезі және аналитикалық есептердің жүргізудін дұрыстығын тексеру |
Бас кітап, №2400 және №10 журнал ордерлер, негізгі құралдардың тозуы және қайта бағалау сомалары есептеу жөніндегі жасалған кестелер, бастапқы құжаттар |
3 |
Негізгі құралдардың сақталу және пайдалану орындарындағы барын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру |
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу коммисиясын және материалға материалды жауапты тулғаны тағайындау жөніндегі және басшысының бұйрығы. Материалды жауапты тулғамен жасаған шарт, түгендеу тізімдері және салыстыру ведомстары түгендеу актілері, қабылдап тапсыру актілері негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкалары. Негізгі құралдардың түгендеу тізімі, тұрған орны пайдалану бойынша карточкалары т.б. |
4 |
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру. |
Қабылдау, тапсыру актісі (НҚ - 1) жөнделген, реконструкцияланған және жетілдірілген объектілер қабылдау тапсыру актісі (НҚ - 2), негізгі құралдардың тізімнен шығару актісі (НҚ - 3), автокөлік құралдардың шығару актісі. ( НҚ- 4) негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкасы. Негізгі құралдардың есебі бойынша түгендеу карточкаларының тізімге алу (НҚ-10), негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасы (НҚ-2400) жалдаған ұзақ мерзімге негізгі құралдардың есебінің карточкасы (НҚ 2400-а) негізгі құралдардың түгендеу тізімі, тұрған орны, пайдалануы бойынша (НҚ -2420)
|
5 |
Негізгі құралдарды жіктеуді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру |
Техникалық құжаттамалар, ерекшеліктер, жинақтаушы ведомость т.б.
|
6 |
Негізгі құралдардың бағалаудың және қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру |
Келісім бағалаудың хаттамасы, сатып алу, сату шарттары, жалдау, негізгі құралдарды қайта бағалауды жасау кестелері, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6 т.б. |
7 |
Негізгі құралдарды кіріске енгізулуінің дұрыстығын тексеру. |
Техникалық құжаттамалар НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6 т.б. №2400 журнал ордерлер, бас кітап |
8 |
Негізгі құралдардың тозу есебін есептеудің және көрсетудің дұрыстығын тексеру |
Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі жасалған кестелер нормативтік құжаттар №10 журнал ордерлер, бас кітап. |
9 |
Негізгі құралдарды жөңдеу шығындарының негізділігін және оларда бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру. |
Есеп саясаты жөніндегі бұйрық жобалық сметалық құжаттамалар (ақаулық ведомосі, сметалар т.б.) орындалған жұмыстың қабылдау тапсыру актілерін, мердігерлер мен шарттар, басқа да бастапқы құжаттар, “басқа да белгіленген шығындар” 686 шот аналитика есебінің деректері “негізгі құралдарды жөңдеу” атауы бірдей шығынының деректері. |
10 |
Есептеудің және жалдау төлемі шоттарында көрсетілуін негізгі құралдардың жөніндегі операцияның дұрыстығын тексеру |
Жалдау шарттары, жалданған “Ұзақ мерзімге жалданған” негізгі құралдардың есебінің карточкасы НҚ- 2400-а |
11 |
Негізгі құралдардың шығарылу есебін көрсетудің дұрыстығын тексеру |
НҚ- 1, НҚ -3, НҚ- 4, НҚ- 6, шарттар ағымдағы түгендеу нәтижелері №2400 журнал – ордерлер, бас кітап. |
2400 |
Негізгі құралдарға қатысты салықтар есебінің және есептелуінің дұрыстығын тексеру. |
Есептеу, төменгі ведомостары, салық жөніндегі есептеулер №5 және №8 журналдар, |
2420 |
Негізгі құралдардың негізгі күйін және тиімді пайдалануын талдау |
Аналитикалық есептер |
Аудитор жоғарыда аталған басты міндетерді тиянақты орындау үшін негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағыдарлмаларын жасауға тиісті. Бағыдарламада тексерілетін мәселелер, жоспарлаған аудитінің іс-әрекетері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс. Отандық және шетелдік авторлардың жасаған бағыдарламаларына сүйене отырып , негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағыдарламасы мынандай мәселелерді қамтиды:
-баланысты көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы машинажазбалрдағы мәліметтермен сәикестігін тексеруді:
-негізгі құралдардың аналитикалық және синетикалық есебінің дұрыс жргізілгендігін көретуді:
- негізгі құралдарды сақтау және пайдалану орындардаы нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеруді;
- негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғндығын тексеруді;
- негізгі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын тексеруді:
- негізгі құралдарды бақылау және сырытқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;
- негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау операцияларының дұрыстығын тексеруді;
- негізгі құралдарға тозу есептеу және амортизациялау операцияларының дұрыстығын тексеруді;
- негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі ағымдағы) жұмсалған шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп шарттарында дұрыс таратылғандығын тексеруді;
- негізгі құралдардың техникалық жағыдайын және олардың тиімді пайдалануын тексеруді;
- негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу операцияларының дұрыстығын тексеруді;
Негізгі құралдарды, аудитордың бағыдарлама көрсетіп отырғандай алдымен олардың баланыста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 2400 «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшелерінің құрамына енген синтетикалық шотарындағы қалдықтарының бас кітаптағы басқа регистрларындағы, машинажазбалардағы көрсетілген мәліметтермен және аналитикалық есеп шоттардағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы синтетикалық есеп шоттардағы мәліметтермен сәйкестігін анықтау қажет. Олардың есепті кездегі бастапқы және соңғы қалдықтарды айлық айналымдары сәйкес келуі керек. Мәліметтерде ауытқулар кездесен жағыдайда, себебін анықтау үшін субъектіге негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді ұсыну керек.
2.2 Негізгі құралдардың аудитінің нормативтік- құқықтық реттелуі