Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:14, магистерская работа

Краткое описание

Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гулсия.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

Сүтті өндірістік кооперативтік, шаруа  қожалық (фермерлік) т.б. шаруашылықтарда  өндіру технологиясы.

Ет өндіру технологиясы

Малды бордақылау. Малды өсіру, жетілдіру және бордақылау  жөніндегі түсініктер. Бордақылаумен шұғылданатын шаруашылықтарының түрлері және оларды төлдермен қамтамасыз ету ерекшеліктері; дайындау, сұрыптау, тасу. Циклограмма туралы түсінік. Бордақыланатын малдарды әртүрлі бағып-күту жағдайындағы операцияларды экологиялық және экономикалық негізде бағалау.  Малды қант өндіру технологиясы қалдықтарымен (сығынды, барда) бордақылаудың ерекшеліктері. Сақа малдарды бордақылау ерекшеліктері. Малды жайып семірту.  Мамандандырылған етті ірі қара шаруашылықтарындағы «сиыр-бұзау» технологиясының ерекшеліктері. Бордақыланған малдарды өткізу.

Фермерлік (жекелеген) шаруашылықтарда малдарды өсіру және бордақылау ерекшеліктері.

Асылдандыру жұмысы

Мал өсіру тәсілдері. Ірі қара селекциясы. Асылдандыру жұмысының ірі қара мал өнімін көбейтудегі маңызы. Асылдандыру жұмысының өз елімізде және шет мемлекеттерде дамуы.  Мал өсіру тәсілдерінің асыл тұқымды және тауарлы шаруашылықтарда қолданылуы. Сүтті, сүтті-етті және етті бағыттағы бұқалар мен сиырлардың негізгі және қосалқы селекциялық белгілері. Селекциялық белгілердің өзгергіштігі, тұқым қуалаушылығы, қайталануы және өзара байланыстылығы. Жоғары өнім көрсеткіштердің селекциялық маңызы.

Бұқалар мен сиырларды  сұрыптау схемасы: генотипі (шығу тегі, тұқымдылығы, ұрпақ сапасы) және фенотипі бойынша.

Сүтті және етті ірі қараны сұрыптау. Сүт және ет бағытындағы бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау және жұп таңдау тәсілдері. Сұрыптаудың нәтижелерін талдау. “Аталық із” және “Аналық ұя”-мен жұмыс жүргізу. Инбридинг пен гетерозисті қолдану.

Селекциялық асылдандыру жұмысы. Кең көлемді селекция және оның қолданылуы. Асылдандыру жұмыстарының әртүрлі шаруашылықтардағы ерекшеліктері. Асылдандыру жұмыстарының есебі. 

Ірі қара тұқымы мен табынының селекциялық  жұмыстарын жоспарлау. Селекциялық  жұмыста компьютерді пайдалану. Асыл тұқымды малдардың көрмесі, аукционы, мемлекеттік мал асылдандыру кітабы.

Селекциялық жетістіктерді бекіту.

Әлемдік генофондты ірі қара мал  тұқымдарын асылдандыру үшін пайдалану.

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 

  1. Төреханов А.Г., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы. Оқулық. Алматы 2005.
  2. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. Ірі қара шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы 2006.
  3. Арзуманян Е. А., Бегучев А. П.,Соловьев А. А., Фандеев Б.В., Скотоводство. /Под ред. Е. А. Арзуманяна/. – М.: Колос, 1984.
  4. Алимжанов Б.О. Интенсификация  производство молока и говядины. – А.,1961.
  5. Востриков Н.И., Бельков Г.И., Туников Г.М. Технология производства говядины на промышленной основе.- М.: Агропромиздат, 1988.
  6. Всяких А.С. Производство молока на промышленной основе. –М.: Колос,1984.
  7. Даленов Ш.Д., Каримов Ж.К., Жомартов М.Т. Скотоводство, технология производства молока и говядины. Учебное пособие. г.Алматы, 2001.
  8. Изилов Ю.С. Практикум по скотоводству. – М.: Агропромиздат, 1988.
  9. Искакбаев Б.Б. ’’Ірі қара шаруашылығы’’ – А.: Қайнар,1996.
  10. Каримов Ж.К. ’’Қазақстанның сүтті сиыры’’ – А.: Қайнар, 1979.  
  11. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.К ’’Ірі қара шаруашылығы’’– Костанай, 1996г.
  12. Лобанов В.Т. Практикум по племенному делу. – М.: Агропромиздат, 1988.
  13. Панкратов А. А., Орлов А. В., Руднев О. С. Производство говядины на промышленной основе. – М.: Колос, 1984.
  14. Ружевский А. Б., Рубан Ю. Д., Бердик А. П. Породы крупного рогатого скота,- М.: Колос, 1980.
  15. Эрнст Л. К., Кравченко Н. А, Солдатов А. П. И др. Племенное дело в животноводстве. /Под.ред. Н. А. Кравченко/. – М.: Агропромиздат, 1987.
  16. Даленов Ш.Д., Кинеев М.А. Казахский южный тип черно-пестрого скота «Сайран». Алматы, Бастау 2009.
  17. Даленов Ш.Д. Методы расчетов основных показателей по животноводству. Алматы, Бастау 2009. 
  18. Государственные племенные книги крупного рогатого скота молочных, комбинированных и мясных пород.
  19. Журналдар ''Жаршы'', ''Ізденіс'', ''Молочное и мясное скотоводство'', ''Животноводство'', ''Зоотехния'' және т.б.

 

Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін өндіру технологиясы

 

Қой шаруашылығы өнімдерін  танып, білу төмендегі жүйе бойынша  жүргізіледі: биологиялық негіздері, қалыптасуы, түрлі факторлар әсерлері, бағалау әдістері, жіктеу және алғашқы  өңдеу. Жүн туралы түсінік. Тері морфологиясы. Жүннің пайда болуы және өсуі. Жүн талшығының морфологиялық және гистологиялық құрылысы. Жүн талшықтарының типтері. Жүн топтары. Жабағы (тұтас) жүн және оның элементтері Шайыр және таза жүн шығымы. Жүннің химиялық құрамы. Физикалық - механикалық және технологиялық қасиеттері, жүн ақаулығы, ластануы, олардың себептері және алдын-ала болдырмау шаралары. Қойдың жүн өнімділігін арттыруда: азықтандыру, бағып-күту, генотип және басқа факторлардың тигізетін әсерлері. Қой еті өнімділігі туралы түсінік. Қой ұшасы, оның әрбір анатомиялық бөлігінің тағамдық маңызы. Ұшаның морфологиялық құрамы және қой етінің химиялық құрамы. Еттілік қасиетінің қалыптасуы мен ұша сапасына тигізетін әсері. Қой терісі туралы түсінік. Мехтық, тондық және былғары жасауға арналған қой терілерінің ерекшеліктері, оларды жіктеу және тауарлық бағалау. Қой терісінің сапасына әсер ететін факторлар. Қой терісіне қойылатын стандарттық талаптар. Тондық қой терісі шикізатын сату. Елтірі туралы түсінік. Қаракөл елтірісінің ерекшеліктері. Елтірінің негізгі қасиеттері, оларды бағалау әдістері. Қаракөл қозыларының елтірілік типтері. Елтірінің түр-түсі және реңі. Қаракөл қойларын селекциялау және оларды өсіріп бағу. Іріктеу. Қаракөл қозыларын бонитировкалау.

Қой сүтінің тағамдық құндылығы, құрамы және оның қасиеттері, қой сүтін сүтсірне (сыр) жасауға пайдалану. Саулықтың сүттілігіне әсер ететін факторлар. Қой сүттілігін бағалау.

 

Қой шаруашылығы  өнімдерін өңдеу негіздері

Жүн. Жүнді стандарттау  және жіктеу. Жүн дайындау стандарты. Жүнді кластау (жүнді классқа, класс тармақшаға бөлу). Отар бойынша жүн сапасын анықтау. Жүн үлгілерін алу, жуу, кептіру, теңдеу, таңбалау, сақтау және тасымалдау.

Қойдың ет өнімі. Қой қоңдылығын анықтау. Сояр алдындағы тірілей салмағы. Сою техникасы. ұша және сойыс салмағы, сойыс шығымы. Қазастанда бағылып-өсірілетін әртүрлі қой тұқымдарының еттілік коэффициенті және оларды союға дайындау.

Елтірі. Қозы сою, елтірі сылу тәсілдері және май сылу. Елтіріні тұздап кептіру (консервілеу) тәсілдері (құрғақ тұздау, сулап тұздау, қышқылды тұздау және ашыту), құрғату, тазалау, қабаттап жинап қою. Қоймаға қабылдау кезінде тұздалған қаракөл елтірісін сорттау.

Тондық тері өнімі. Шаруашылықта алғашқы өңдеу: тұздап кептіру және теріні сақтау.

Мәйек. Дәрі және сыр дайындау кезіндегі оның маңызы. Қаракөл қозыларын сою кезіндегі оның маңызы. қаракөл қозыларын сою кезінде мәндір алу. Оны сақтау, сорттау. Тұздап кептіру және арнаулы

 

Қой тұқымдары және тұқым  топтары

 Тұқым және тұқым топтары туралы түсінік. Әртүрлі тұқымдар және олардың негізі. Қой тұқымын зоологиялық және  өндірістік жіктеу. Қойдың жекелеген тұқымдарын және  тұқым топтарын төмендегі жүйе бойынша айыра білуге болады: қой тұқымының шыққан жері мен уақыты, шығару әдістері, тұқымдар тараған аудан. қазіргі жағдайы (күйі): сыртқы пішіні (экстерьері), өнімділігі, биологиялық ерекшеліктері, типтер сипаттамасы, аталық ізі (линиялары), жоғары мал көрсеткіштері. Жұмыс бағыты және тұқымды жетілдіру келешектері. Алдыңғы қатарлы  шаруашылықтар және олардың жетістіктері, алдыңғы шаруашылықтарға енгізу.  Биязы жүнді қой шаруашылығының қысқаша тарихы. Биязы жүнді қой өсіруде Қазақстандық ғалымдардың ролі. Биязы жүнді қой тұқымдарының жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді бағыттары. Жүнді бағыттағы қой тұқымдары: грозный, ставрополь. Жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдары - аскания, алтай, кавказ, советтік меринос, солтүстік қазақ мериносы, оңтүстік қазақ мериносы.

Етті-жүнді бағыттағы қой тұқымдары: прекос, қазақтың биязы жүнді қойлары, қазақтың архармериносы.

Биязылау жүнді қой тұқымдарының қысқаша тарихы (ТМД елдері мен Қазақстандағы). Осы қой саласын жеделдетудің маңызы. Биязылау жүнді қой тұқымдарының жалпы сипаттамасы. Бяизылау жүнді қой тұқымдар бағыты.

Ұзын жүнді биязылау қой тұқымдары  және тұқым топтары: линкольн, ромни-марш, корридель, солтүстік кавказ, тяньшань, дегерес, ақжайық; қазақтың етті-жүнді - зауыттық типтері: қалшеңгіл, ақсеңгір, шу; қазақтың кроссбред жүнді тұқымы-шығыс Қазақстандық және оңтүстік-шығыс типтері, солтүстік Қазақстандық  етті-жүнді қойлары. Қысқа жүнді етті-жүнді қой тұқымдары және тұқым топтары: шропшир, гемпшир, қазақтың гемпшир типі (қазақтың тез жетілетін етті тұқым тобы). Жүнді-етті биязылау қой тұқымдары және типтері: цигай қойы, цигай қойының қазақ типі, фин ландрасы.

ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы  ұяң жүнді қой тұқымдарының қысқаша тарихы. Ұяң жүнді қой тұқымдары: алай, сараджы, тәжік, қазақтың ұяң жүнді қой тұқымдары (Қарғалы, Ақтөбе, Байыс).

Ұяң жүнді қой тұқымдары мен  тұқым топтарының негізгі бағыттары: тондық, елтірілік, етті-майлы. Қылшық жүнді қой тұқымдары: гиссар, еділбай, қазақтың құйрықты қойлары және ақ жүнді жаңаарқалық типі, сарыарқа құйрықты қой тұқымы. Шөл және шөлейтті аймақтарындағы қой етін молайтуда етті-майлы қойлар маңызы. Жергілікті және саны аз қой тұқымдарын аман сақтаудың маңызы.   Қаракөл қой тұқымы және олардың зауыттық типтері (Задарья, Гурьев, Талас, Түгіскен, Әлімтау, Темір, Байырқұм, Тартоғай, Сырдарья). Ешкі тұқымы Қазақстанда ешкі тұқымдарын аудандастыру. Жабайы ешкілердің генофонды мен саны аз ешкі тұқымдарын сақтау маңызы.

 

Қой өсіру және жұптау әдістері, генетикалық негіздері

Қой асылдандырудағы  популяциялы-генетикалық негіздері. Генетикалық және паратиптік өзгергіштік, оның практикалық селекциядағы маңызы. Қойдың негізгі шаруашылық белгілеріне  және сол тұқымның жаңадан пайда  болған қасиетіне ие болушылық.

Жаңа пайда болған қасиетке ие болу коэффициенті. Селекциялық белгілердің  корреляциясы. Таза тұқымды мал өсіру - генофондты сақтау және тұқым жетілдірудің негізгі әдісі. Ата ізбен, ата ізаралық (линиямен, линияаралық) кросспен өсіру. Инбридинг және топкроссинг. Тұқымаралық будандастырулар: сіңіре будандастыру, үнемі өсіру, еңгізе будандастыру, өндірістік және ауыспалы будандастыру.

Қой іріктеу  және жұптау. Қой тұқымқуалаушылық белгілерін жақсартудың негізгі  әдістері - іріктеу және жұптау. Әртүрлі өнім бағытындағы қойды іріктеудің маңызды талаптары. Қойды шығу тегіне қарап іріктеу. Селекциялық белгілеріне қарай баға беріп, іріктеп алу. Қойға ұрпағының сапасына байланысты баға беру және іріктеу. Әртүрлі өнімділік бағытына сәйкес қой шаруашылығында ұрпақ сапасына баға беруді ұймдастырудың ерекшеліктері. Қой шаруашылығында жұптау әдістері. Біртекті және әртекті, жекелей және кластық (топтық) жұптау.

 Қой шаруашылығында асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру әдістері және жоспары. Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау және қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу. Қойға ен салу. Асылдандыру жұмысында есептеу техникасын қолдану. Әртүрлі категориялы шаруашылықтарда асылдандыру жұмысының ерекшеліктері. Аймақта, шаруашылықтарда мал тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау. Асылдандыру жұмыс жоспарының негізгі жағдайлары.

Қой шаруашылығы өнімдерін  өндіру технологиясы

 Қой шаруашылығын мамандандыру. Қой өсіру салаларын нарықтық экономика жағдайында прогрессивтік технологияға көшірудің алғы шарттары.

Қой көбейту биологиясы. Күйек алуды  ұйымдастыру: тиімді шағылысқа даярлау. Қойларды бірінші шағылысқа жіберу жасы. Шағылыстыру түрлері. Қойды  қолдан ұрықтандыру. Ірі фермалар мен қой кешендері жағдайында және жеке шаруа қожалықтарында ұдайы өсіруді ұйымдастыру.

Қой төлдетуді ұйымдастыру. Республикадағы әртүрлі аймақтарда қой қоздату  мерзімі. Қойларды, қораларды, азықтарды, төсеніштерді және қүрал-жабдықтарды қой қоздату науқанына әзірлеу. Қой қоздату мерзіміне қосымша жұмыс қолын (сақманшылар) бөлу. Қой қоздаған кезде саулықтар мен төлдердің күтімі. Қозыларға ен салу.

Қозыларды өсіру. Сүттену кезеңінде  қозыны азықтандыру ерекшеліктері, сақман ұйымдастыру. Қозы өсіру тәсілдері (енесімен бірге, қораларда, алаңдарда және т.б.).

Еркек қозыларды пішу. Биязы және биязылау жүнді қозылар құйрығын кесу. Қозыларды енесінен айыру техникасы  мен мерзімі және оларды өсіру. Қойға арналған азықтың сипаттамасы. Жынысына, өнімділігіне, физиологиялық жағдайына байланысты қой азықтандыру ерекшеліктері. Азық дайындаудың тиімді әдістері және азық әзірлеу: майдалау, ұсақтау, түйіршіктеу, брикеттеу, әртүрлі қоспалармен байыту. Қойды қыста азықтандырып күтіп-бағу. Қыстық азық, онымен азықтандыру тәртібі және әдісі. Күн тәртібі. Қойларды күтіп-бағу. Қойды жайып бағуды ұйымдастыру. Қойды қыста жаю.

Жынысына және жасына қарай қой  азықтандыру нормасы және рационы. Қойдың қыс мезгілінде азыққа деген  қажеттілігін анықтау.

Қойды жазда азықтандыру, күтіп-бағу. Табиғи және көп жылдық екпе дақылдар жайылымын тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Әртүрлі жайылымдарда қой жаю техникасы. Жайылымда қой суаруды ұйымдастыру. Жайылымға деген қажеттілікті анықтау. Жайылымда қойды күтіп-бағу.

Қойды күтіп-бағуға арналған қоралар және оларды жабдықтау. Қой қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар.

Қой бордақылау (жайып-семірту) - қой  етін өндіру және ет сапасын жақсартудың, қозы жүнін, терісін көбейтудің басты  қоры болып табылады. Қой етін өндіру. Бордақылау түрлері: бір орында семірту, жайылымда бағу және жеделдету (интенсивті). Қой бордақылауда пайдаланатын азықтар. Қой бордақылау мен жайып семірту техникасы: мал жасын, жынысын, қондылығын еске ала отырып отарлар (топтарды) құру; жайып-бағу мерзімі, рационы, еңбек ұйымдастыру. Бордақылауды және жайып-семіртуді бақылау.

Қой саууды ұйымдастыру: сауу мерзімі, сауу орны (пункт) және оның құрал-жабдықтары. Қойларды машинамен сауу, сүтті өңдеу  мен есепке алу.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қой қырқу мерзімдері. Қой қырқуға керекті құрал-жабдықтар, қырықтықшыларды және бөлмелерді дайындау. Қой қырқу орны (пунктінің) жұмысын ұйымдастыру. Қой қырқу тәсілдері. Қойларды қырқымға дайындау. Жүннің таза шығымы мен сапасын анықтайтын зертхана ұйымдастыру.

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Амарбаев А. Биология ягнят  многоплодных мясо-сальных овец. Наука КазССР. Алма-Ата, 1975.

2. Бальмонт В.А. Опыт использования гетерозиса в овцеводстве. Алма-Ата,Кайнар, 1968.

3. Басовский Н.З., Ерохин А.И. и  др. Племенная работа. Справочник. М.: ВО Агропромиздат, 1988г.

4. Васильев Н.А., Целютин В.К. Овцеводство и технология производства шерсти и баранины. М., Агропромиздат, 1990

5. Гольцблат А.И., Ерохин А.И., Ульянов  А.Н. Селекционно-генетические  основы  повышения продуктивности овец. М., Колос., 1981 г.

Информация о работе Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы