Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:14, магистерская работа

Краткое описание

Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гулсия.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

Жылқы тұқымдары

Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары. Оларды аудандастыру жүйесі.

Салт мінетін тұқымдары: араб, ахалтеке, иомуд, таза қанды салт мінетін, терск, кабарды, карабаир, украин мініс жылқылары. Салт мінетін және жегуге арналған тұқымдары: дон, буденный, қостанай, көшім, жаңа қырғыз жылқылары. Жартылай таза қанды және спорттық Шығыс Европа тұқымдары: тракенен, ганновер, венгер жылқылары.

Желісті тұқымдары: орлов, орыс, америка  стандартбредті, француз жылқылары.

Ауыр жүк тартатын тұқымдары: владимир, советік, орыс жылқылары. Жергілікті жылқы тұқымдары: дала /монғол, бурят, қазақ, баш құрт/, орман /якут, тавдин, вятка/, тау /алтай, қырғыз, локай/. Жылқы тұқымдарының ауыл шаруашылығындағы маңызын ескере отырып, олардың әр тұқымына зоотехникалық сипаттама беру: таралу аймағы: қайда, қашан, қандай жағдайда және қандай әдістермен шығарылған /экстерьерлік ерекшеліктері, дене өлшемдері, индекстері, тірілей салмағы/, түртүсі, жұмыс қабілеттілігі, ет және сүт өнімдері, тұқымаралық типтері, аталық із және аналық ұясы. Тұқым асылдандыру жұмыстарының негізгі бағыты. Алдыңғы қатардағы шаруашылықтар. Жылқы тұқымдарының даму болашағы.

 Жылқыны ұдайы өсіру және күтіп-бағу технологиясы.Жылқының көбею ерекшеліктері. Жыныстық жетілуі, шағылыстыру жасы, айғыр мен биені асылдандыру және тұқым жақсарту жұмысына пайдалану мерзімі. Биенің жыныс циклінің заңдылығы, күйлеу мен овуляция кезеңдерін айқындау әдістері. Бие шағылыстыру мерзімі мен тәсілдері: қолмен, үйірде, қорада. Биені қолдан ұрықтандыру, эмбрионды ауыстырып салу /трансплантация/. Жылқының жыныстық белсенділігі, айғыр шәуетінің сапасы және биенің ұрықтану қабілеті. Жылқы зауыдтарында, ұжымдық, кооперативтік, фермерлік шаруашылықтарындағы шағылыс науқанын әзірлік жұмыстары, оны өткізу.

Айғыр мен биені шағылысуға дайындау және оларды азықтандыру, күтіп бағу. Биенің буаздық мерзімі, құлындауы. Биенің буаздығын алдын ала анықтау  тәсілдері, оның маңызы. Бие шағылыстыру  және құлындау кездеріндегі жүргізілетін құжаттар. Буаз биені азықтандыру, күтіп бағу, жұмысқа пайдалану, іш тастаудың алдын алу. Бие мен құлынға көрсетілетін алғашқы көмек. Құлынның өсіп жетілу заңдылықтары. Құлынды енесімен бірге бағу. Сауында бие мен құлынға берілетін қосымша азық түрлері. Құлынды енесінен айыру мерзімі мен тәсілдері, оларды өсіру. Төлді қыс мезгілінде бағу, азықтандыру, топтап серуендету. Құлын-тайларды бағу, азықтандыру. Төлдің өсіп жетілуін бақылау. Еркек құлындарға белгі салу, піштіру жасы, оның мақсаты. Жылқы өсіретін қора-жайлар.

 

Жылқының жұмыс қабілеті және оларды пайдалану

Жылқының жұмыс қабілетін анықтайтын факторлар: жасы, бойы қоңдылығы, дене құрылысының типі, тұқымы, темпераменті, жұмысқа дайындығы, жаратылуы, жаттықтандыруы, азықтану деңгейі, күтімі мен бағымы. Жылқының жұмыс қабілеті, күші, жылдамдығы, қуаты. Жылқыны әр аймақтағы ұжым, кооперативтік және фермерлік шаруашылық жұмыстарына және көлік ретінде пайдалану. Жылқы жұмыстарын жоспарлау, есебін жүргізу. Жұмыс аттарының жұмыс көлемінің есебі мен нормасы. Жұмыс аттарын азықтандыру, суғару, күтіп-бағу, тазалау, тағалау және тұяқтарын ақаулардан сақтау. Жылқыларды пайдалану. Жылқыны жұмыста пайдаланудағы еңбек қорғау және қауіпсіздендіру техникасы. Жылқыны жегуге пайдалану. Бір атты және қос атты жегу. Жегу әбзелдері, олардың конструкциялық ерекшеліктері, пайдалану және сақтау. Жылқыны салт мінуге және жүк артуға пайдалану. Ер-тоқым түрлері, олардың құрылысы. Жылқы ауыл шаруашылық жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану жолдары.

 

Жылқы өнімдерін өндіру технологиясы

Жылқы еті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, калориясы, қоректілігі, дәмдік және емдік қасиеттері. Жылқы еті мен қосымша өнімдерін өңдеу. Жылқы етінің стандарты. Жылқы етін өндірудің резервтері. Жылқы етінің сойыс салмағы мен ет шығымы. Етті бағыттағы жылқы тұқымдарын таңдау. Ет өнімділігін жоғарлату үшін селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізу. Жылқыны жайып семірту және бордақылау, оны ұйымдастыру шаралары. Шағын фермаларда, жекеше және өндірістік шаруашылықтарда ет өнімділігін арттырудың тиімді жолдары. Ет өндіретін жылқы шаруашылығындағы еңбек ақы мөлшері. Етті бағыттағы жылқылар мен жылқы бағасы. Етті жылқыларды экспортқа шығару. Жылқының сүт өнімділігі, жылқы сүті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, қоректілігі және емдік қасиеттері. Бие желіні, құрылысы және сүт беру ерекшеліктері. Биелердің тұқымына байланысты сүттілігін бағалау және оның анықтау әдістері. Қымыз фермасына сауын биелерді іріктеу.  Биені қолмен және машинамен сауу және оны ұйымдастыру жолдары. Сауын биелері мен құлындарды азықтандыру және күтіп-бағу. Бие сүтінен дайындалатын тағамдар. Маусымдық және тұрақты фермаларында қымыз өндіру технологиясы. Қымыз және оның құрамы. Бие сүті мен қымыздың стандарты. Биенің сүт өнімділігін арттырудың тиімді жолдары. Жылқы шаруашылығының маркетингісі.

 

Тебінді жылқы шаруашылығының технологиясы

Тебінді жылқы шаруашылығы, өсіру  тәсілдері оның маңызы және таралу аймағы. Жылқы тебінінің құрылым  ерекшеліктері. Тебіндегі жылқыларды үйірге бөлу, жайып семірту, бордақылау, шағылыстыру, құлындату, құлын бөлу, тай үйрету және таңбалау тәсілдері. Тебінді жылқылардың жыл мезгіліне қарай азықтандыру деңгейі мен күтіп-бағу ерекшеліктері. Тебінді жылқыларды зоотехникалық және мал бағылатын дәрігерлік бақылаудан өткізу. Тебінді жылқы шаруашылығындағы есеп жүргізу жұмыстары, еңбек ақы төлеу, қоражай салу. Тебінді жылқы шаруашылығы өнімдерінің арттыру жолдары және экономикалық тиімділігі. Алдыңғы қатардағы озат шаруашылықтар және оның жетістіктері.

 

Тренинг және жылқыларды ипподромда сынау технологиясы

Жылқының әр түрлі тұқымдарын зауыдта және ипподромда жаттықтыру әдістері, оның мақсаты. Жылқының сынау түрлері мен ипподромға қабылдау жасы. Салт мінетін, желісті және ауыр жүк тартатын жылқыларды сынаудың техникасы, тәртібі. Ипподром жұмысын ұйымдастыру. Жылқы зауыдтарында және ипподромдағы тренингті ұйымдастыру. Жылқыны машықтандыру барысында жүргізілетін бақылау әдістері.

Ипподромдағы өткізілетін ат жарыстарын ұйымдастрыу, бағалау. Ипподромдағы әділ қазылар алқасы, олардың міндеті  мен мақсаты. Жылқыны сынаудағы  тіркеу және есеп құжаттары. Жылқы сынау нәтижелерін жариялау. Сынақ рекордтарының көрсеткіштері. Ипподромдағы сынау кезінде бәйге аттарына допинг қолдануға тиым салу, бұл жұмысты бақылауға алу.

Ат спорты мен  ат туризмі

Ат спортының даму келешегі, қазіргі  жағдайы, шығу тарихы. Ат спортының түрлері, классикалық /ат билету, кедергіден секірту, үш сайыс, қашықтыққа сынау, желғорлар жарысы, үш ат жегілген арба жарысы, ат үстінде ойын көрсету/, ұлттық ойындар /көкпар, қыз қуу, аламан жарыс және т.б./. Пони клубы және ат туризмі, олардың міндеті мен ұйымдастыру шаралары. Жарыс өткізу ережелері. Ат спортшыларының жарысқа қатынасу ережелері мен халықаралық ассоциациясы. Ат спортының әр түріне арнап жылқы таңдау, оларға қойылатын талап-тілектер. Спорт аттарын әр түрлі жарыстарға дайындау, оларды бағыпкүту, азықтандыру және жаттықтыру ерекшеліктері. Ат спортына қажет қора-қопсы және құрал-саймандар. Ат спортындағы физиологиялық, зоотехникалық, малдәрігерлік және допингіге қарсы бақылау жүргізу. Спорттық аттарды әр түрлі ақаудан сақтау және үркітіп алмау. Ат спортын дамытудағы зауыдтардың, ипподромдардың, спорт мектебінің және оның бөлімшелердің атқаратын міндеті. Ат спортындағы жалпы жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу.

Жылқы шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмысы

Жылқы зауыттық және тебінді жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы және оның мақсаты мен маңызы. Жылқы өсіру әдістері. Таза тұқым өсіру. Аталық із бен аналық ұя. Туыстық шағылыстыру /инбридинг/. Аталық іздің кросстары. Жылқы будандастыру түрлері. Жылқы тұқымын жақсарту және жаңа тұқым шығару үшін тұқым таңдау.  Түраралық  будандастыру. Сұрыптау және жұп таңдау. Генетикалық маркердің сапасы үшін қан полиморфизмінің жүйесін пайдалану.

Бонитировкалау мақсаты: ата тегі мен типтері, дене өлшемдері, экстерьері, конституциясы, жұмыс қабілеттілігі, ет пен сүт өнімдері, ұрпағының сапасы арқылы бағалау принциптері. Асыл тұқымды айғырды және биелерді ұрпақтары  сапасы арқылы бағалау.

Жылқы шаруашылығындағы мемлекеттік шаралар 

Қазақстан Республикасындаөы жылқы  шаруашылығы, жылқы зауыдтары және ат спортын ұйымдастыру жүйесі, оның құрылымы. Жылқы зауыдтары. Асыл тұқымды жылқы фермалары. Мемлекеттік мал асылдандыру және қолдан ұрықтандыру станциялары. Жылқыны өсіру шаралары және тұқым сапасын жақсарту жұмыстарының негізгі мақсаты. Жылқының аталық ізі, аналық ұясы, тұқым аралық типтері және тұқымдық тобының сапасын анықтау /апробация/. Мемлекеттік асыл тұқымды жылқыларды тіркеу кітабы. Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының кеңесі. Республикалық, облыстық және аудандық жылқы көрмесі. Жылқы аукционы. Жылқы шаруашылығындағы ғылыми-зерттеу институты, оның ғылыми жұмыстарға жетекшілігі. Жылқы шаруашылығына ЭВМ қолдану. Жылқы тұқымдарын жетілдірудегі селекционер-иппологтардың және менеджерлердің ролі. Жылқы шаруашылығы мен жылқы зауыдтарында жүргізілетін жұмыстардың экономикалық тиімділігі.

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Красников С.С. Практикум по  коневодству. - М.,Колос. 1977.

2. Свечин К.Б. и др. Коневодство. М., Колос, 1984.

3. Камбегов Б. Коневодство и  коннозаводство России. – М., 1988.

4 Бозымов К.  Жылқы және түйе шаруашылығы.  Алматы. Қайнар. 1993.

5. Дүйсембаев К.Ы., Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. т.б. Жылқы шаруашылығы.  Алматы. АЗМИ, 1995.

6. .Красников А.С., Хотов В.Х. Коневодство. М., МСХА, 1995


7. Гладенко В.Н. Книга о лошади. М. 1999.

8. Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М.  Жылқы шаруашыылығы. Алматы, Республикалық  баспа орталығы, 2006.

9. Әкімбеков Б.Р., Муслимов Б.М.,Әкімбеков  А.Р., Дәленов Ш.Д. Жылқы шаруашылығы.  Қостанай, 2007.

Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы

Сүтті, етті және қос бағыттағы  ірі қара сырт пішінінің, ішкі құрылысының  және дене бітімінің ерекшеліктері.

Ірі қараның  дене бітімі мен сырт пішініне қойылатын  талаптар. Малға ен салу. Жоғарғы  жүйке тамыр жүйелері және олардың  даму кезеңдері (этология). Ірі қараның жоғарғы нерв (жүйке) тамыр жүйелерінің дамуына сыртқы ортаның әсері. Малдың мінез-құлық әрекеттері.

Сүт өнімділігі. Сүттің құрамы мен оның тағамдық маңызы. Сүт бездерінің құрылымы. Сүт өнімінің физиологиялық негізі. Сүтке және оның құрамына әсер ететін жағдайлар; тұқымы, жасы, сауу маусымы, суалу және бұзаулағаннан кейінгі қашыру мерзімі, азықтандыру және күтіп бағу, тірілей салмағы, тұмса сиырлардың жасы мен тірілей салмағы, сүтейту, тәуліктік сауу мезгілдері, сауу тәсілдері және т.б.әсерлері.

Сүтті бағыттағы  ірі қара шаруашылығын өндірістік негізде  жұргізу. Механикаландырылған сүт  фермасында, кешендердегі өндірістік жүйелердің технологиясы және оны ұйымдастыру. Табындағы сиырлардың сүт өнімділігін талдау.

Сиырдың сүт  өнімін жоспарлау, әр сиырдан алынатын сүттің жеке және статистикалық есебі.

Ет өнімділігі. Еттің морфологиялық және химиялық құрамы,  тағамдық маңызы. Ет өнімділігіне әсер ететін жағдайлар, малды бордақылау және жайып семірту. Тірілей және сойғаннан кейінгі ет өнімін және ет сапасын  есепке алу әдістері. Ірі қарадан алынатын т.б. өнім түрлері.

Ірі қара тұқымы

Әлемдік және жергілікті тұқымдар. Ірі  қара шаруашылығында генефондтарды  сақтау және одан әрі асылдандыру  мәселелері.  - сүтті ірі қара мал тұқымдары: голштин, қара-ала, қырдың қызылы, айршир, джерсей т.б.  - сүтті-етті ірі қара мал тұқымдары: алатау, кострома, симментал, швиц.  - етті ірі қара мал тұқымдары: қалмақ, қазақтың ақ басы, әулиекөл, герефорд, шортгорн, абердин – ангус, галловей, шароле, лимузин, киан, санта-гертруда, зебу тектес  т.б.

 Ірі қара табынын толықтыру.  Бұзаулау аралығындағы цикл және оның мезгілдері; буаздығы, сервис-кезеңі,сауын маусымы, суалу кезеңі, олардың өзара байланысы. Бұзаулау, суалту және ұрықтандыру мезгілдерін жоспарлау. Сиырлардың қысыр қалуы жөніндегі негізгі түсінік. Сиыр табынын толықтырудың негізгі көрсеткіштері. Сиырларды қысыр қалдырмау үшін атқарылатын жұмыстар. Бұқалар мен сиырларды шаруашылықтарда пайдалану мерзімі.

Бұқаларды өсіру және шаруашылықтарда пайдалану, әрі  тұқымдық қасиеттерін бағалау.

Сиырларды бұзаулауға даярлау және төл алу. Жаңа туған бұзаулар үшін уыздық кезеңнің маңызы. Сүтті және етті ірі қара шаруашылықтарында  төл өсіру тәсілдері. Төлдердің  ауруы және шығынымен күресудің  зоотехникалық шаралары.

Төлдің өсуін жоспарлау.  Алғаш рет қашырылатын тайыншалардың жасы  мен тірілей салмағы. Сиыр табынын жас төлмен толықтырудың негізі. Арнайы шаруашылықтардағы төл өсіру технологиясының ерекшеліктері. Төл өсірудегі жайылымның маңызы.

Сүт өндіру технологиясы

Сауын сиырларды қысқы және жазғы уақыттарда бағып-күту тәсілі. Мал азығымен қамтамасыз етуді анықтау. Мал азығын дайындау мен тарату, табиғи және екпе жайылымдарды пайдалану әрі екпе көкмайсамен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету жолы. Мал қиын жинау, шығару және сақтау. Сауу тәсілдері. Сүтті тазалау, дайындау, әрі өткізу жолдары. Ветеринариялық-санитарлық шаралар. Малдарды байлап немесе бос ұстау үшін топқа бөлу тәсілдері. Табынның құрылымы және әртүрлі маманданған шаруашылықтардағы олардың ерекшеліктері. Сүтті өндірістік негізде өндіру технологиясы, оның зоотехникалық және экономикалық негіздері, осы тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктері.

Циклограмма жөніндегі  түсінік. Сүт өндірудің үздіксіз-цехтық   технологиясы, сиырдың әр цехта болу уақыты, сиыр орындарын есептеу.

Информация о работе Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы