Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
Систематикалық орны .......................................................................................4
І Аквариум тритондарының биологиясы.......................................................5
1.1Тритондардың құрылыс ерекшеліктері....................................................5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың түрлері..................................8
II Акватеррариум тритондарының жағдайы................................................17
2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17
2.2 Тритондардың аурулары және емдеу.....................................................22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28
3.1 Акватеррариум тритондарының қоректенуі..............................................28
3.2 Акватеррариум тритондарының көбею жолдары..................................32
Қорытынды.....................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аквариум тритондары Б-12-3 Жунис А..docx

— 4.05 Мб (Скачать документ)

D3 дәруменнінің  мөлшерінен артық беру бүйрек  ауруларына әкеп соғады, сондықтан қорек түрлеріне шырылдауық шегірткені қосқан дұрыс.Сәулемен емдесе де болады.  Асқынып бара жатса денеге кальций енгізеді.

          Насекомдардың шағуы- қансору, патогенді микроорганизмдерді тасымалдау, иесінің денесін ферменттер арқылы әдейі жарақаттайтындай іс-әрекет жасау арқылы насекомдар тритондарға зиян келтіреді. Мысалы, шыбындардың дернәсілі тритонның денесіне енген соң,оның ұлпаларын бұзып, қоректенеді. Алдымен эпителийді, сосын ұлпаны зақымдайды. Себебі: тритондар орналасқан контейнерлерге насекомдардың енуі.

Белгісі: тритонның денесінен тістеп, шаққанның іздері көрініп тұрады, әсіресе бас бөлігінде. Емдеу шаралары: йодоформмен опалауантисептикасы  арқылы жылы ваннада емдейді. Іріңдеу кезіңде түрлі антибиотиктермен емдейді (экзутер, мепатар ). Насекомдардың личинкаларын пинцетпен алып тастайды.

          Күйік шалу- жоғары температураның, электрлі, химимялық, сәулеленудің әсерінен тритон ағзасы ұлпаларының зақымдануы. Күйіктің 4 дәрежесін бөліп қарастырады. 1.Терінің қызаруы, күйген жердің ауырып, ісінуі (2-3 күнде жазыла бастайды). 2.Күйген жерде майда көпіршіктердің пайда болуы, ісінуі (7-10 тәулікте жазылады). 3.Терінің жансыздануы, жазылмайтын жаралар. 4.Тері мен ұлпалар тереңірек күйеді, көбінесе жануарлардың өлімімен аяқталады. Себептері: акватеррариумдағы қыздыратын және жарық түсіретін аспаптардың, сумен жабдықтайтын аппараттардың дұрыс орналаспауы, ультракүлгін сәулелер, химиялық реактивті заттармен байланыс жасағанда күйеді. Емдеу шаралары: тритондарда регенерациялық қабілеттеріне байланысты күю қаупі аз.күйіп қалған жерді ветасепт, певидин сияқты жеңіл антисептиктермен емдейді.

         Ісік ауруы- тритондар көбінесе қатерсіз ісік ауруына  шалдығады. Бездің іші шырышты сұйықтыққа толы болады. Аурудың қоздырушысы әлі де белгісіз. Себебі: вирусты инфекциялардың әсерінен болады. Емдеу жолы: хирургиялық жолмен жою керек.

         Жұқпалы жарақаттарды емдеу - ең алдымен жарақаттың неден пайда болғанын анықтап алған жөн, керісінше жағдайда қандай да бір ем қолдану пайдасыз. Есте ұстайтын басты қағида- қолайлы ортада асырау. Зоодүкеннің сатушысынан кеңес сұрап, тритондар жайлы кітап оқып, тәжірибесі мол адаммен кеңескен дұрыс. Тритондардың ауруға шалдығуының басты себебі- температураның қолайсыздығы, сосын су тазалығы. Тіпті бір акватеррариумда тіршілік ететін тритондар бір-бірін жарақаттауы мүмкін.

Егер тритонға жасалған жағдайдың бұзылмағанын байқасаңыз, онда емді бастауға болады. Емдеу шараларының түрлері көп. Кейбіреулер антибиотиктерді міндетті түрде қолданады, ал енді басқалары онсыз емдеп алады. Қандай жағдай болса да акватеррариумда бір түрден көп тритондар болса, ауру тритонға карантин жариялау керек.  Жұқпайтын жарақаттар-жараның пайда болғаны тәуліктен аспаса онда жараға бактодермо, неоспорин сынды антисептикалық май жақса жеткілікті. Жалпы майлардың құрамында үш еселі антибиотик болу керек. Ескертетін жәйт ауырғанды басатын бензокайн майын жақпау керек, тритондар үшін жағымсыз. Жұқпалы жарақаттар-тритондарда жараның қабынуын қалай байқауға болады? Егер жараның пайда болғанына  бірнеше тәулік болса, онда аурудың жұққанының белгісі. Жараның көлемінің ұлғайып, шеттерін үлпілдек қабаттар баса бастаса, онда жараның өршуі тез қарқын алғанын байқауға болады. Бұл дереу  шешім қабылдап, емдеу шараларын бастау керек деген сөз. Емдеу шаралары:негізінде емдеудің  жолы бар, бірі антибиотиктер арқылы, екіншісі шипалы балшықпен емдеу.

 Көбінесе антибиотиктердің  әсері күштірек келеді, бұл тритондар  үшін қауіпті. Екінші жолы - балшықпен емдеу, бұл жаңа әрі сенімді емдеу жолы. Мәні тритондар өзерінің иммунды жүйесі арқылы инфекцияларды әлсірету. Ол үшін құм немесе бақшадағы топырақты қолданса болады. Алған топырақты сәл ғана дымқылдаймыз, майламаймыз.Топырақтың бір бөлігіне су себеміз, екінші бөлігі құрғақ. Жасырынатын орындар болғаны дұрыс. Балшықпен емдеу әдісінің тиімділігі- тритондарға кері әсер етпейтін азғантай ылғалдылықты сақтай отырып, бактериялардың өмір сүруіне қолайсыз жағдайды жасау. Бірақ бұл әдісті тез құрғап кететін қысқааяқты тритонға жасауға болмайды, ал қылқанды испан тритонына өте жақсы әсер етеді. Әрине жарақатты толық жазбай ауру тритонды көршілерінің қасына қосуға болмайды, қайтадан ауруға шалдығып қалуы мүмкін.

          Өкпенің қабынуы (пневмония)- өкпенің ұлпаларының қабынуы, өздігінен немесе басқа аурудың асқынуынан  болады. Себебі: жоғары ауа ылғалдылығы кезінде суық тию, көбінесе тасымалдаудан кейін пайда болады.

Белгілері: тұмау, аузымен тыныс алады, дем шығарғанда және ысылдағанда қырыл естіледі, танау тесіктерінда көпіршіктер пайда болады, бастарын жоғары ұстап жүреді. ауру басталғаннан кейін емдемесе,  2 аптадан кейін соңы өліммен аяқталады. Белгілері: тұмау, аузымен тыныс алады, дем шығарғанда және ысылдағанда қырыл естіледі, танау тесіктерінда көпіршіктер пайда болады,             Қол-аяқтары мен құйрықтарынан айырылу- ұзақ уақыт бойы аш жүруден болады. Белгісі: құйрық, аяқ-қол, желбезек сияқты дене бөліктерінің жоқ болуы. Емдеу шаралары: тритондар үшін қауіпті емес, себебі қорекке айналған дене бөліктері регенерация құбылысыныі әсерінен қайтадан қалпына келед. Ересек тритондарда жарақат алғаннан кейін  1 тәуліктен соң жазыла бастайды. Кейде жараланған тритонды жеке акватеррариумға орналастырып, көбірек қоректендіреді.

          Сальмонеллез- сальмонелла бактерияларының әсерінен болатын  өте күшті жұқпалы ауру. Ең қауіпті ауру болып саналады, кейде тритондар тасымалдаушы болуы да мүмкін. Тасымалдаушы болған кезде  бұл аурудың белгілері байқалмайды. Белгілері: іштің өтуі, іштен жасыл сұйықтықтың бөлінуі, құсу, салмақ жоғалту. Емдеу шарасы:  әлі де нақты ем жоқ, дегенмен

хлорамфениколмен емдеп көруге болады.

          Тритондарды емдеуге арналған тұзды ерітінді- емдеу кезінде қолданылған дәрілердің көпшілігі зиянды, ал тұзды ерітіндіні барлық шараларды ескере отырып жасаса қауіпсіз.Тритондардың терісінде және жұмыртқасында саңырауқұлақты инфекциялар пайда болғанда, ішкі паразиттерді жою үшін қолданады. Көбінесе сапролегния саңырауқұлақ ауруына қарсы қолданады. Бұл кезде тритондардың денесінде ақшылтым-сұр түсті дақтар пайда болады. Тұзды ерітіндіні жоғары және төменгі концентрацияда қолданса болады. Алғашында 1 литр суға 10-25г тұзды араластырып, тритонды ерітіндіде 30 минуттай ұстайды. Ал келесі жағдайда 1 литр суға 4-6г тұз салып, ерітіндіде тритонды 72 сағатқа дейін ұстайды. Ескеретін жәйт, тұз йодталмаған болуы керек, оның орнына теңіз немесе ірі тұздарды пайдаланса болады. Тері микозы- инфекциялы жарақаттан пайда болуы мүмкін, ал негізгі себеп қолайлы ортасының бұзылуы, жоғары ылғалдылық, тым көп көршілер. Ауру тритонға карантин жариялап, өзі ұсталған акватеррариумды дезинфекциялап тазарту. 1л суға 6г тұзды ерітіп, тритонды 30 минут бойы ерітіндіде ұстайды. Қорғаныш қолғаптарын киіп, саңырауқұлақты қабыршақтарды жәймен тритонның терісінен алып тастайды. Сосын тритонды өзінің қалыпты акватеррариумына орналсатырады. Емді бірнеше күн бойы немесе күнара жүргізуге болады. Ағзада сұйықтық бөгеліп қалғанда да тұзды ерітінді көмектеседі. [17,18,19]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік бөлім

3. Аквариум тритондарының тіршілігін бақылау

Жұмыстың мақсаты: Аквариум тритондарының қоректенуін және испан тритонының көбею жолдарын анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: 413 аудиторияда орналасқан  аквариумдағы  кәдімгі тритон, ноутбук, ғаламтор көзінен алынған мәліметтер, видео-жазбалар.

Зерттеу обьектісі:  Аквариум тритондары

Тапсырмалар:

       1) Аквариум тритондарының қоректенуін зерттеу

       2) Аквариум тритондарының көбею жолдарын бақылау.

Жұмыстың барысы:

1. Аквариум тритондарының  қоректенуі.

Алуан түрлі сапалы қорек тритондардың ұзақ әрі ауырмай өмір сүруінің кепілі.  Жалпы құрғақ, тірі, тоңазытылған қорек түрлерінің бәрін ұсынуға болады. Тритондар негізінде қоректі тірі күйінде қабылдағанды жөн санайды. Шырылдауық шегірткеден бастап, шабаққа дейін  тритондардың тірі қорегін құрайды.

Тірі қорекпен қоректенгеннің пайдасы зор, дәрумендер мен минералды заттарды тікелей ала алады. Насекомдар ең қолжетімді тірі қорек болып табылады.  Мысалы, шегіртке зоодүкендерде сатылады, бірақ мұндай қорек түріне дәрумендік қоспалар қосу керек. Алдымен қоректің мөлшері тритоннан үлкен еместігіне көзжеткізу керек. Сосын қорекке сүйек ауруларының алдын алу үшін кальций мен D3 дәрумендерін сепкен дұрыс. Бөтелкеге насекомды салып, минералды заттарды сеуіп, бетін жауып, минералды заттардың насекомдарға сіңуі үшін сілкілеп, араластырады. Қоректі қысқышпен берген дұрыс. Насекомдардың дернәсілдері ұн қарақоңызы және басқалары да дәмді қорек.  Құрттар-тритондар үшін мінсіз тамаша қорек түрі. Қорек ретінде құрттардың көп түрі пайдаланылады және қолдан өсіруге болады. Сірке нематодтары, угрицалар, энхитреус, ақ құрттар,түтікше  (1-сурет) бұл кіші құрттар ересек тритондарға қорек бола алады. Сақинатәрізді құрттар- жас және талғампаз тритондар үшін таптырмас қорек. Бұл құрттарды тоңазытқышта немесе онша терең емес контейнерде сақтаса болады. Ол үшін контейнерге құрттарды салады да бетін толық жаппайтындай етіп су құяды. Күн сайын хлор зиян болған үшін аздап тұндырылған су бүркіп тұру керек. Зоодүкеннен сатып алынған құрттарды жуып болғаннан соң ғана берген дұрыс. Масаққұрт-бұл масаның дернәсілі. Әдетте ол алқызыл түсті. Зоодүкендерден масаққұртты тірідей немесе тоңазытылған күйде сатып алуға болады. Жауын құрты- қолда аз өсіріледі, дене мөлшері салыстырмалы түрде үлкен. Үлкендігіне қарамастан тритонның сүйікті қорегі.(2-сурет)

 

 
1-сурет. Түтікше (Tubifex tubifex)

 

2-сурет. Жауын құрты

Европалық түнгі жыланқабық- мөлшері үлкен. Қолда өсіруге қолайлы. Көң құрттары- майда жер құрттары. Дене мөлшері 5см-ге жетеді. Әжептәуір нәрлі, бірақ кескен кезде сарғыштау сұйықтық бөледі,  біраз жағымсыз иіс шығады. Сондықтан кеспей берген дұрыс. Қолда өсіруге қолайлы. (3-сурет) Жалпы тұрғылықты жерден де құрттарды қазып алуға болады, пестицид себілмеген жерден қазған жөн.

 

3-сурет. Көң құрттары

 

Құрттардан басқа да тірі қорек түрін ұсынуға. Мысалы, инфузория желбезекаяқты шаяндар: артемия, стрептоцефалус. Ескек аяқты шаяндар: циклоп, диаптомус, науплий.  Мұртты шаяндар: дафния, симоцефалус, цериофафния, хидорус. Насекомдар : коретра, дрозофила. Сондай-ақ қойдың бауыры мен жүрегін , құстың өкпе бауырын, шикі балықта тамаша қорек болады. Тірі қорекпен қоректенетін тритондардың денсаулығы біршама жақсарып, тәбеттері ашыла түседі.

Тоңазытылған қорек- тритондарға қорек ретінде аквариумда қолданған ыңғайлы. Масаққұрт, артемия, дафния, әр түрлі моллюскаларды тоңазытылған күйінде дайын қорек ретінде шығарады. (4-сурет)

 

 

 

 

4-сурет. Тоңазытылған масаққұрт

 

Құрғақ қорек - кептірілген ескекаяқ және мұртты шаяндар, масаққұрт, гаммарус жиі кездеседі. Жалпы құрғақ кептірілген қоректерді  аз пайдаланған дұрыс. Құрғақ қоректі көп пайдаланудың соңы көбею қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Ал кей түрлерінде аллергия туғызуы мүмкін. Кептірілген шаяндарды 6-12 ай  сақтауға болады. Мұндай кептірілген қорекке балықтың майын немесе D дәруменін қосады,  дәл осы қоректі тоңазытқышта 3 тәуліктен артық сақтауға болмайды. Масаққұрт пен гаммарусты пеште кептірген жөн, себебі күн астында кептірсе құрамы бұзылып кетеді. (5-сурет)

 

5-сурет. Құрғақ қорек-гаммарус

Тритондарды жалпы майлы еттермен, қатты майлы қоректермен қоректендіруге болмайды. Ішкі-органдарын май басып кетуі мүмкін.

2 жасқа дейін  күнде қоректендірген жөн. Қорегінің  мөлшері қанша жей алғанына  байланысты. Өзі тамақтан бас  тартпайынша қоректендіру керек. 2-3 жастан асқанда аптасына 2-3 мәрте  қоректендірсе жеткілікті. Тритондарды  көбеюге дайындық кезінде көбірек  қоректендірген дұрыс. Судың тазалығын  сақтау үшін және көптеген  аурулардың алдын алу мақсатында бөлек орында қоректендірсе жақсы болады. Асты қорыту көбінесе 12-22°С температурада жақсы жүреді. Тритондардың денсаулығын жақсарту мақсатында қоректеріне дәрумендер мен минералды активті қоспалар қосу керек. Дәрумендер ұнтақ күйінде немесе сұйықтық күйінде болып, суда ериді.

 

2. Аквариум тритондарының көбею жолдары

Акватеррариумда испан тритонын асырау аса қиын емес. Ол үшін құрлықсыз акватеррариум жарайды. 1жасқа жеткенде қыркүйек пен мамыр айларының аралығында көбеюге қабілетті. 18-20°С көбеюге ыңғайлы температура. Ал тритондардың  «үйлену тойы» өз алдына  қызықты оқиға. Көбейер алдында тритондар неке биін билейді. Аталық испан тритонында жал болмайды, күшті әрі қозғалысы ширақ. Епті қолдары мен үйлесімді қозғалуы оған болашақта керек болады (6-сурет). Аналығы әдемі, аталығына қарағанда үлкендеу және басының формасы төртбұрыштылау келеді (8-сурет). Тритондардың терісі тыныс алуға қатысады, сондықтан ескі терісін ертерек тастауға тырысады және көбейер алдында түлейді. Түлеуі бас терісінен басталады (7-сурет). Ең алдымен аталық және аналық тритондар танысады. Аталығы аналығына жақындап, қолынан ұстауға тырысады. Одан әрі оған неке салтының ең қиын кезеңін жасауға тура келеді. Аталық аналықтың астына кіріп, қолдарын жақсылап құшақтап ұстап, тек тритондарға ғана тән қойындасу тәсілін жасайды. Қойындасу- бұл маңызды функция: аталығына аналығының көбеюге дайын не дайын емес екенін білдіреді. Егер аналық дайын болмаса аталыққа мұншалықта еркіндік бермейді және шығып кетеді де ары қарай жүзіп жүре береді, сонда аталығы өзінің дайын тұрған сперматофорын босқа төкпейді. Жалпы қойындасу бұл оңай шаруа емес, себебі аналықтың терісі тайғақ болады. Сондықтан көбею кезінде тритондардың аяқ-қолдарында кедірлі - бұдырлы мүйіздену байқалады, яғни некелік ойылу деп аталады. Аналығының көңілін табу салты алғашында сәтсіз болса, 7 мәртеге дейін қайталанады және аналық әрбір неке биіне қатысады. Әуестенгендері соншалық ауа жұту үшін су бетіне шықпайды. Аталықтары белсенді, сондықтан үнемі оттегі жетіспейді, бірақ неке салты аяқталғанша шыдамдылық танытып күтеді. Ал аналықтары шыдамсыздау, сондықтан бірінші болып су бетіне шығып кетеді, сонымен романтикалық кездесу аяқталады (9-сурет). Аталықтары төккен сперматофорын аналықтары клоакасымен ұстайды , бірақ кейде  ұрықтану сперматофорды төкпей -ақ, тікелей клоакадан клоакаға бере алады.

Әдетте, аналық ұрықтанған соң 1-2 тәуліктен кейін уылдырық шаша бастайды. Бұл процесс 2-3 тәулікке созылады. Іштей ұрықтанады.

Ұрықтарының түсі біртіндеп сұрғылт-жасылға ауысады. Алғашында ұрықтың формасы үтірге ұқсайды. Көбею мерзімінде жас аналық тритон 100-150, ал ересек тритон (4 жаста) 700-800 уылдырық шашады. Жұмыртқа инкубациясы және дернәсілді өсіру 18°С жақсы жүреді. 12-13 тәулікте дернәсілдер жарып шығады. Дернәсілдері өздеріне мүлде ұқсамайды. Ал 5 тәуліктен кейін қоректене бастайды. Алғашында кіші қоректер артемия, түтікше сияқты қорекпен қоректенеді. Дернәсілдердің жетілуі 3 айға созылады. Осы кезде метаморфоз процесі басталады. Яғни жас тритондар сыртқы желбезектерінен айырылады. Ересек тритонға айналады. Жыныстық жетілу тіршілігінің  1 жылында болады. Жылдың соңында тритондардың мөлшері 15 см-ге жетеді.

 

 

 

6-сурет. Аталық испан тритоны                   7-сурет. Түлеп жатқан тритон

 

 

 

 

8-сурет.Аналық испан тритоны

 

 

 

 

9-сурет. Тритондардың неке биі

 

 

 

 

10-сурет. А — кәдімгі тритонның уылдырығы, Б — испан тритонының уылдырығы,В —аксолотлдың уылдырығы. Дернәсілдің жетілу кезеңдері:1—4 — дернәсіл, 5 — метаморфоз процесі жүріп жатқан дернәсіл ( сыртқы желбезектері біртіндеп кішірейіп жатыр), 6 — метаморфоз аяқталған жас тритон.

 

11-сурет. Испан тритонының дернәсілі

Тәжірибе нәтижесі: Тритондардың көптеген ауруларының алдын алу үшін қорек рационын дұрыс құру керек. Негізінде тритондар қозғалатын, яғни тірі қоректі ұнатады әрі тірі қоректен өзіне қажетті дәрумендерді де тікелей ала алады. Инфузория, масаның дернәсілі, шаяндар, құрттар тірі қорек ретінде пайдаланылады. Қосымша қорек түрлеріне тоңазытылған және құрғақ қоректер жатады. Бірақ, құрғақ қоректі көп пайдалану көбею қабілетінің кемуіне әкеледі. Тритондардың қорек түрлеріне дәрумендер мен минералды заттар қосқан жөн.

Тритондар көбейер алдында түлейді. Көбеюге қолайлы температура 18°С. Іштей ұрықтанады, көбеюдің алдында неке биін билейді. Ұрықтанып болған соң, уылдырық шашады. Аналығы 700-800 уылдырық шашуға қабілетті. Көбейердің алдында жақсылап қоректендірген дұрыс. Ұрықтары сұрғылт-жасылдау түсті болады. Балықтың шабағына ұқсас дернәсілдері пайда болады. Ерекшелігі дернәсіл кезінде тыныс алуға қатысатын сыртқы желбезектері болады. 3айдан соң метаморфоз жүріп, ересек тритондарға айналады. Жыныстық жетілуі тіршілігінің 1 жасында болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тритондар нағыз  саламандралар тұқымдасына жататын қосмекенділер. Арқасынан бастап құйрығына дейін жалғасатын  жалының болуымен ерекшеленеді. Тритондар күндіз жасырынып, түнде белсенді тіршілік етеді. Көбіне сарғыш-қоңыр түсті келеді. Франциядан Батыс Сібірге дейін таралған. Саны жағынан шөп бақасы мен бізтұмсықты бақадан кейінгі орынды алады.

Информация о работе Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау