Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Тритондардың нағыз саламандралар тұқымдасына жататын шағын қосмекенділер. Дене тұрқы 11см-дей. Көбінесе сарғыш-қоңыр түсті болып келеді. Көбею кезінде көпшілігінде жал болады. Жалы қосымша тыныс алу қызметін атқарады. Таралу аймағы өте кең, Франциядан бастап Батыс Сібірге дейін созылып жатыр. Ормандарда, таулы аймақтар мен сулы ортада мекендейді. Суға көктемде және жаздың алғашқы айларында көбею үшін келеді.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
Систематикалық орны .......................................................................................4
І Аквариум тритондарының биологиясы.......................................................5
1.1Тритондардың құрылыс ерекшеліктері....................................................5
1.2.Акватеррариумда ұсталатын тритондардың түрлері..................................8
II Акватеррариум тритондарының жағдайы................................................17
2.1 Акватеррариум дизайны...........................................................................17
2.2 Тритондардың аурулары және емдеу.....................................................22
Тәжірибелік бөлім
3.Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау.....................................28
3.1 Акватеррариум тритондарының қоректенуі..............................................28
3.2 Акватеррариум тритондарының көбею жолдары..................................32
Қорытынды.....................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аквариум тритондары Б-12-3 Жунис А..docx

— 4.05 Мб (Скачать документ)

Жаңадан сатып алынған акватеррариум азотты циклдың болмауына байланысты тритондарға қауіпті. Яғни қалдық өнімдерді ыдыратын бактерияның болмауына байланысты. Егер мүмкіндік болса акватеррариумға тритондарды жібермей тұрып, онда азотты циклдың пайда болуын күткен жөн. Пайдалы бактериялардың пайда болуына бірнеше апта қажет, ал бұл кезеңде аммиак пен нитраттың мөлшері көбейіп кетуі мүмкін, сондықтан акватеррариумға тритондарды жібермеген дұрыс. Жаңадан алынған акватеррариумға пайдалы бактерияларды енгізу үшін ескі террарирумның су сүзгісінің немесе басқа заттардың бөліктерін пайлансаңыз болады. Пайдалы бактериялар қайда болады? Акватеррариумның жоғарғы бөлігінде - әйнекте, тастарда, су сүзгінің ылғалды  бөлігін қолмен ұстап байқаса шырышты көруге болады. Бұл шырыш- биофильтр. Бұл пайдалы шырышты құртуға болмайды. Азотты цикл бар акватеррариумдардың өзінде зиянды заттардың мөлшерінің көбейіп кетуі мүмкін. Оларды жоюдың басты тәсілі- судың бөлігін жаңасымен алмастыру. Әдетте шамамен судың 20% ауысады. Циклды орнату кезінде егер акватеррариумда тритондар болса бірнеше күн сайын жасау қажет. Суды ауыстырмастан бұрын аммиак пен нитраттың мөлшерін өлшеу керек. Бірнеше айдан кейін цикл толық орнатылған соң, суды  әрбір 1-2 апта сайын 10-20% ауыстырып, осы қалыпты сақтау керек. Бір аквариумда көп тритондар ұстауға болмайды. Бұл судың құрамының өзгеруіне және ауруға шалдығуға әкеліп соғады. Мысалы 40 л акватеррариумға бір мезгілде 30см-лік тритон(бұл әрқайсысы 10см-дей келетін 3 тритон болуы да мүмкін), ал 60-80л акватеррариумның 2/3 бөлігі су болса 40см-дей болатын тритон ұстауға болады. Тритондарға 1 күнде жей алатындай қорек мөлшерін беріңіз. Қорегінің қалдығын бүріккішпен (аспап) бірден тазалаңыз. Су сүзгі қалдықтарды тазаламайды, ол тек бір жерге шоғырландырады. Қалдықтарды көрмесеңіз де ол акватеррариумда орналасып, суды уытты заттармен ластайды. Суға үнемі оттегін сіңіріп отыру қажет. Пайдалы бактериялар суда оттегі көп болғанда тез көбейеді  және оттегі болмағанда өледі. Тритондарға оттегі өте қажет, олардың көпшілігі терімен тыныс алады. Ол үшін арнайы ауа сығымдағыш (компрессор) қолданылады. Көптеген су жүргізетін жүйелер суды зарарсыздандыру үшін хлор емес, хлорамин қолданады. Хлорды жою үшін оны бір түнге тұндырып қойса жеткілікті. Ал хлораминді жоюға бұл әдіс жеткіліксіз, ол үшін суға арнайы қосымша заттар қосады. Сондай-ақ термометрде қажет. Жалпы акватеррариумдарда қолданылатын 2 түрлі термометр бар. Біріншісі сорғыш арқылы әйнекке бекінетін, екіншісі сұйық кристаллдардан тұратын жалпақ термометр, ол акватеррариумның сыртына бекітіледі. Сұйық кристаллдар температура өзгергенде түсін өзгертеді. Кейбір тритондарға жоғары ылғалдылық қажет. Бұған бірнеше әдістермен жетуге болады. Акватеррариумға оның ішінде өсімдікке, тіпті жасанды өсімдіктерге де бүріккіш (пульверизатор) су бүркуге болады.Тірі өсімдіктер ылғалдылықты жақсы сақтайды. Келесі бір тәсіл топырақ  пен мүкті дымқылдау арқылы қажетті ылғалдылыққа жетуге болады.

Жасырынатын пана көптеген тритондарға керек. Әсіресе, түнде белсенді тіршілік ететін тритондарға міндетті түрде керек. Шартты түрде жасырынатын пананы табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи пана ағаштардың діңі, ін, жапырақтар арасындағы қуыстар. Ал жасанды паналар әрине адамның қолымен жасалады. Бұл ылғалды бөлік, жасанды індер, өңдегіш плиткалардан құралған арнайы төбешіктер, керамикалық құмыралар болуы мүмкін. Жасырынатын пана тым кең болмауы керек. Жаңадан келген тритонға жаңа ортаға бейімделу үшін жасырынатын пананың маңызы зор. Арнайы жасырынатын пана зоодүкендерде сатылады.

Судың түбіндегі жер-топырақтың да маңызды бірнеше қызметі бар: акватеррариумдағы нысапты сіңіру арқылы (нәжістік тыңайтқыш) гигиеналық жағдайды бақылайды, жоғары ылғалдылықты сақтайды, сәндік ерекшелікке ие. Жалпы жер-топырақ ретінде қара түсті өзен құмы, тастар, шымтезек,  ұсақ керамзит, кокосты ұнтақ және т.б. пайдаланса болады. Екінші жұмсақ қабат есебінде мүктер,  қыналар мен балдырлар қолданылады.

Ал тастарды бір-біріне силиконды желім арқылы жабыстырып, желім толық кепкен соң су түбіне тастайды. Жалпы жер-топырақтың  қалыңдығы 3-7 см болады. [12]

Акватеррариумдағы  өсімдіктер жасанды және табиғи деп бөлінеді. Өсімдіктер акватеррариумға сән беріп қана қоймай, ылғалдылықты да сақтайды. Бірақ өсімдіктерді күтіп қарау оңай шаруа емес. Акватеррариумды көгалдандырғанда өсімдіктерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру қажет. Өсімдіктерге біраз тұрған суды шашу және құю керек. Сонымен қатар  10 күнде  1рет суға нәрлі заттарды қосады. Ауруға шалдыққан және құрыған өсімдіктерді  дереу жойып, жаңасымен алмастыру керек. Акватеррариумдағы өсімдіктерге тыңайтқыш себуге болмайды, бұл тритондарға қауіпті. Егер өсімдік тыңайтқышқа мұқтаж болса, оны бөлек алып тыңайтып, сосын қайтадан орналастыру керек. Негізі өсімдікті құмыраға отырғызған жөн. Өсімдік түрін таңдау жануарға және оның тіршілік әрекетіне байланысты. Өсімдіктерді жиі тығыз емес, үйлесімді орналастырған дұрыс.

Суда тырбиған ағаштар әдемі көрінеді және тек көрік беріп қана қоймай тритондарға жасырынатын пана болады. Орналастырмас бұрын оны қабығынан тазалап алған жөн. Алдымен тұзды, сосын ағынды суда жуады. Бұндай әдіс  зиянды бактериялардан және түбіне түсуге кедергі жасайтын тесіктердегі ауаны шығаруға пайдасын тигізеді. Тырбиған ағаштар мен тастарды акватеррариумға орналастырмай тұрып бір қайнатып алады. Қайнату ұзаққа созылады, мысалы 10-12 сағат. (14-сурет)

Кейбір жас тритондар және жаңадан өсіп келе жатқандары ультракүлгін шамдарын пайдаланбағандықтан мешел (рахит) ауруына шалдығады. Сондықтан арнайы ультракүлгін шамдарын пайдаланады. Мысалы, 2-5% UVB шамдары.

Акватеррариумды үнемі таза ұстап, залалсыздандырып (дезинфекция) отыру керек. Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі қылшақтар, ысқыш және жуатын жабдықтар. Акватеррариумды тазалағанда қолғап пен қорғаныш көзілдірік қажет.

Акватеррариумды тазалағанда тритондарды  уақытша қоя тұратын екінші акватеррариум керек. [14]

Күнделікті тазалыққа желінбеген қорек қалдығын, тіршілік әрекеті барысындағы  өнімдерін, түлеуден кейінгі тері қалдықтарын, сонымен қатар қорек пен суға арналған табақтарды тазалау мен залалсыздандыру жатады.

Апта сайынғы тазалыққа акватеррариумды тазалау мен залалсыздандыру, су түбіне төселген топырақты, сәндік заттарды тазарту жатады.  Тазалықтан соң қолды міндетті түрде сабынмен жуу керек.

Тритондарды басқа жануарлармен бірге ұстауға болама? Бір аквариумде бірнеше түрді ұстауға болмайды. Тым үлкендері мен агрессивті түрлері кішілеріне қысым  көрсетеді. Зақымдау мен жарақат алу қаупінде ұмытпаған жөн. Ал егер шамамен бір мөлшерде болса бірге ұстауға болады. Мысалы, оттықұрсақты,  жалды,  калифорниялық тритондарды бірге ұстау қауіпті емес. Дегенмен, жолбарысты амбистома мөлшері бірдей болғанымен , өзінің қорегінен де үлкен қоректі жеп қоюы мүмкін. Сондай-ақ тритондарды шаянтәрізділер мен теңіз шаянымен бірге ұстамаған дұрыс. Шаянтәрізділер тритондарды қымсынбай жарақаттауы мүмкін. Шаянтәрізділерден тек тұщы суларда мекен ететін асшаянды көрші есебінде тритондармен бірге ұстауға болады. Сонымен бірге тритондар ұлулармен де жақсы көрші бола алады, тек дене мөлшері сәйкес болса болғаны, керісінше жағдайда бір-біріне қорек болуы мүмкін.

Тритондарды жалпы балықтармен бірге ұстаудың мәселесі көп. Себебі балықтардың көпшілігі тропикалық, сондықтан жоғары 25-26°С температураға тәуелді, ал тритондарға тиісінше бұдан төменірек 20°С температура керек. Сонымен қатар үлкен балықтар тритондарды  жарақаттауы мүмкін және тритондар балықтардың көптеген ауруына бейімделген. Цихлида, жайын және сол тәріздес балықтармен бірге ұстауға болмайды. Ал тритондар алтын балықтармен жақсы көрші. Тасбақалар да тритондар үшін қауіптірек.

Егер тритондардың балықтармен көрші болғанын қатты қаласаңыз:

- бірге ұсталатын  балық 100% дені сау болуы керек.

Тритонмен бірге ұстауға болатын балықтардың түрлері:

- гуппи (тірі туады)

- данио

- кардиналдар

- коридорастар

- әйнекті алабұға

- неондар

 

 

 

Балықтар бейбітсүйгіш, тритонға қорек болып қалмауы үшін шапшаң, тритоннан тым үлкен емес және суықтау суда тіршілік ете алатындай болуы керек. Балықтардың саны шамадан тыс болып кетпесін, тритондарға қорек жетіспей қалады. [6, 15, 16]

 

 

2.2 Тритонның аурулары және емдеу

Тритондар қоршаған ортаның жағдайына сезімтал келеді және қолайсыз ортада тіршілік етуіне байланысты жиі ауруға шалдығады.

Тәбетсіздік (анорекция) - физиологиялық қажеттілік болса да қорекке тәбеттің болмауы, ас қорыту орталықтарының бұзылуы. Себептері: қолайсыз ортада ұстау, үнемі күйзелісте болу (агрессивті көршілер, инфекциялар, паразиттер), бірізді қоректену. Белгілері:  судағы  тритондар денесі ісіп, кебеді, ал құрлықтағы тритондар азып, салмақ жоғалтады. Емдеу шаралары: бірнеше тамшы жылы суға 5-10 түйіршік гүл тозаңдарын ерітеді, сосын ерітіндіге аздап шикі жұмыртқаның сарысын қосады. Пышақтың ұшындай 1,5:1 арақатынасындай мөлшерде глюконаткальций мен глицерофосфат кальций ұнтағын қосып ерітіндіні араластырады. Ерітіндіні толық араластырып, тамызғышқа (пипетка) толтырады. Тритонның аузын ашып, басын көтеріп, аз мөлшерде тамызғыштан ерітіндіні береді. Сосын  тритонды жылы суға орналастырады. Алдымен тритонға тіршілік етуіне қолайлы табиғилыққа жақын жағдайды қамтамасыз ету керек. 3-4 күннен кейін тритондары құрамы әртүрлі қоректермен қоректендіреді. Ультракүлгін сәулемен емдейді. Жағдайы оңалса тритон өзі қоректене бастайды, ал  ауруы тым асқынып кетсе емдеу шаралары бір айға созылуы мүмкін. Жаңадан сатып алынған тритон алғашқыда ортасына үйрене алмағандықтан қоректен бас тартуы мүмкін, кейде бір аптаға дейін созылады.

Тритон карантині (уақытша тыйым салу) - табиғатта ауланған және зоодүкендерде сатып алынған тритондардың көпшілігі стресті жағдайға және тасымалдау кезіндегі қолайсыз жағдайларға байланысты ауруға тез шалдығады. Ал қолда өсірілген тритондар жабайы ағайындарына қарағанда дені сау келеді. Қауіп-қатерден сақтау үшін жаңадан келген тритондар сау болса да карантин жарияланады. Емдеу шаралары: карантин үшін  жеке контейнер қолданады. Суда тіршілік ететін тритондарға іші таза суға толған контейнер керек және контейнердің түбіне ешқандай да төсемелердің қажеті жоқ. Суды күніге ауыстырып, ең қолайлы температураны ұстап тұрады. Қайтадан ауруға шалдықпау үшін негізгі акватеррариумды тазалап, дезинфекциялап, төсемелерін жаңасына ауыстырады.

Шемен немесе бөсір (водянка или асцит)- ұлпалар мен дене қуысында сұйықтықтың жиналып қалуы шемен немесе шеменмен ісіну деп аталады. Жиналып қалатын ылғал қан мен лимфаның  сұйық құрама бөлiктерінен құралады, дұрыс емес жағдайларға байланысты қантамырларынан шығып, қанайналымына түспей, керісінше ұлпаларда жиналып қалады. Суда тіршілік ететін тритондарда жиі кездеседі.

Себептері: бактериялар, су құрамының нашарлауы мен дұрыс қоректенбеудің салдарынан зат алмасудың бұзылуы, температураның тым жоғарылығы. Нақты себептері әліде белгісіз. Белгілері: ұйқышылдық (летаргия), желдену мен құрсақ қуысының ісінуі (түбіне түсуге кедергі келтіреді), тәбеттің нашарлауы. Емдеу шаралары: емді кәсіби мал дәрігері жасау керек. Көбінесе антибиотик пен несеп айдағыш дәрі қолданылады. Желденуі үлкен емес болса және көзінің айналасында болмаса зарарсыздандырылған инемен желденген жерді теседі де, жиналған сұйықтықты шығарады. Тесілген жерді сутегінің асқын тотығымен емдейді. Ауру тритондарды жеке контейнерде ұстайды, себебі қалғандарына жұғады, көп жағдайда сақтану шараларын қолданбаса өліммен аяқталады.

Гиповитаминоз- ағзаға дәрумендердің жеткіліксіз түсуі немесе дұрыс сіңірілмеуі. Моногиповитаминоз- ағзаға дәруменнің тек бір түрінің жетіспеуі, полигиповитаминоз-ағзаға бірнеше дәруменнің жетіспеуі. Әдетте созылмалы өтіп кетеді. Шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді: жасырын (аурудың клиникалық белгілері анық білінбейді), жалпы өзіне тән емес белгілердің байқалу кезеңі, осы гиповитаминозға тән белгілердің  байқалу кезеңі. Әдетте тритондарда А, D, С, В топтарының гиповитаминозы байқалады. Себептері: экзогенді түрі-қорек түрлерінде дәруменнің жетіспеуі, эндогенді- індет, зат алмасудың бұзылуы, құрсақтағы дамудың бұзылуы кезінде дәрумендерді дұрыс қолданбаудан туады. Белгілері: А дәруменінің жетіспеуі- қасаң қабықтың құрғауы мен лайланып, жұмсаруы, көздің ісінуі, көздің тор қабығы мен тыныс алу жолдарының эпителиі жұмысының бұзылуы, тәбетсіздік, түлеудің бұзылуы, тері мен  асқорыту жолдарының түрлі аурулары, өсудің баяулауы. Емі: А дәруменіне бай қорек пен каротин беру және  ретинол-ацетатты таза күйде аз мөлшерде беру. D дәруменінің жетіспеуі- тәбеттің төмендеуі, үйлесімді қозғалыстың бұзылуы (мешелдің бастапқы белгілері), омыртқаның қисаюы, табандары қысқарып, қисаяды. Емі: D дәруменіне бай қоректі көбейту, таза күйінде балық майын және қорекпен қосып сүйек ұнын беру, жаз мезгілінде тритондар орналасқан акватеррариумды күн көзіне шығару (алғашында 5 минуттан бастап, кейіннен уақытты ұзартады). В1 дәруменінің жетіспеуі - құрысу, бұлшық еттердің дірілі, ессіз күй (кома). Емі: өлген балықты бермес бұрын ыстық суға салып алып береді және құрамы В1 дәруменіне бай қорек түрін ұсынады. В2 дәруменінің жетіспеуі- аяқ-қолдарының сал ауруына шалдығуы. Емі: таза күйінде В2 дәруменін беру керек.

Ішектің тарылуы- ішектің ішіндегі қоректің жылжуының бұзылуынан механикалық бөгелудің пайда болуы.Белгілері: қиыршық тастар мен құмды және басқа да жеуге болмайтын заттарды жұтудан  болады. Қолмен басып көруге болады. Емдеу шаралары: егер жұтып қойған заты аз ғана мөлшерде болса араласпай-ақ қойса болады, ал керісінше жағдайда хирургтің көмегіне жүгінуге тура келеді. Сондықтан акватеррариумға төсемік ретінде майда тастар мен құмдарды пайдаланбаған абзал.

Сепсис (қызыл аяқ) -  микробтар мен уытты заттардың қанға түсуінен туындайтын жұқпалы ауру. Себептері: қолайсыз ортада ұстау, акватеррариумның көлемінің тар болуы (онда ұсталатын жануарлардың тым көп болуы), бүлінген қорек,  лас су, жарақаттар, тым төмен температура, стрессті күй, пестицидтер мен уытты заттар. Белгілері: Ауру кенеттен білінеді. Тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, терінің бозаруы, ісіну, табандарында діріл пайда болады.

Аурудың өршуі кезінде қылтамырлардың құйылуына байланысты құрсақ пен белдің төменгі аймақтары қызарып кетеді. Қанның құйылуы асқынып кетсе жаралар мен аяқтарының ісіп кетуі байқалады. Ауру тритондың денесі құрысып қалады және құсуы мүмкін. Аурудың қатты асқынуы тритондардың өліміне әкеліп соғады. Емдеу шаралары : ауру тритонды басқаларынан бөлек ұстайды. Алдымен тритонның антибиотиктерге сезімталдығын тексереді. Аурудың көптеген емдеу шаралары бар, бірақ тек аурудың алғашқы белгілері кезінде ғана нәтижелі болады. 1.Алғашында 8мг хлорамфениколды 2мл суға ерітіп, асқазанға шолғы арқылы енгізеді. Сосын 4мг хлорамфениколды 1мл  суға ерітіп 6 күндей береді, сосын 4мг ерітіндіні аптасына бір реттен бірнеше апта бойы қайталады. 2.Тритондарды 2 апта бойы күн сайын сульфадимидинді (әр 10 л суға 15мг-ден тиеді) ваннаға шомылдырады. 3.Тетрациклин немесе таррамин (50мг/кг.5-7 күн), амикацин, гентамицин, байтрил (20 мг/кг), метронидазол немесе трихопол (50-100 мг/кг) және басқа да антибиотиктер қабылдаса болады. 4. 1-2 апта бойы 2% мыс сулфаты немесе калий перманганатының ерітіндісінен дайындалған ваннаға  1сағаттай шомылдырады. Алдын алу шаралары: қолайлы сулы ортада тіршілік ету, әр түрлі қорекпен қоректену, өзге де ауруларды дер кезінде анықтап, алдын алу.

Сүйектің метаболитикалық аурулары - қаңқаның бұзылуы. Негізгі түрлері: остеопороз, остеомаляция (мешел), гиперкальциемия, гипокальциемия. Көбінесе жас тритондарда кездеседі. Себептері: бірізді қорек, кальций мен D3 дәруменнің, минералды заттардың жетіспеуі. Белгілері: аяқ-қолдары мен денесінің ісінуі, ұйқышылдық, енжарлық, аяқ-қолдарының дірілдеуі, сүйектердің өзгеріске ұшырауы, аяқтарын сүйретіп жүру, қозғалысының баяулауы. Емдеу шаралары: Аурудың алғашқы сатысында  емдеу оңай, ал асқынып кетсе сүйектер оңалмайды. Кальций мен 

Информация о работе Аквариум тритондарының тіршілішігін бақылау