Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 10:48, реферат

Краткое описание

Құқық теориясы бойынша, құқықтың қайнар көздері дегеніміз — көп рет пайдалануға бағытталған, құқықтық бұйрық түріндегі мемлекеттің еркін білдірудің түрлі әдістерінен құралған жазбаша ресми құжат. Оларды орындауға міндетті мемлекеттік заңшығарушы органдар қызметінің көрінісі деп түсінуге болады.

Содержание

Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі.

Негізгі бөлім:
Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі.

Қорытынды:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтық кодексте жер және онымен байланысты мүліктік қатынастарға қатысты басқа да нормалар бар (ҚР АК 193-195, 254, 255, 299-324 баптары). Егер бұл нормалар ҚР АК 1-бабының талаптарына сәйкес келсе, жер құқығының қайнар көздер жүйесінің қажетті элементі бола алады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы2 жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын, мемлекеттік меншік құқығын, жерге меншіктің тұрғын үйді пайдалану және орналастыру объектісі ретіндегі ерекше нысанын (кондоминиум) қарастырады

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» заңының1 17 -бабының 8 -бабы жеке тұрғын үй құрылысымен байланысты жер қатынастарын реттеудің мәселелерін қарастырады. Соның ішінде мына мәселелер талданған: қосалқы үй шаруашылығының учаскесі, азаматтардың жер учаскесін алуға және жеке тұрғын үй құрылысына құқығы, жеке тұрғын үй үшін жер учаскелерді беру тәртібі, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерді берудің жариялығы, жергілікті атқарушы органдардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін берумен байланысты құқықтары мен міндеттері, азаматтардың жеке тұрғын үйді және жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбауы үшін жауапкершілігі.

Жер туралы заңнаманың нормативтік құқықтық актілерімен қатар жерді орман, су және аграрлық шаруашылықтың негізі және аумағы ретінде қарастыра отырып, жерге қатысты қатынастарды реттейтін жер қойнауы, орман, су, экологиялық және аграрлық құқықтың кейбір нормалары да жер құқығының қайнар көздері болып саналады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8-шілдедегі Орман кодексінде2 де жер қатынастарын реттеумен байланысты бірқатар нормалар бар. Орман туралы заңнаманың жер туралы заңнамамен және заңнаманың басқа да салаларымен байланысы туралы орман құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы туралы -тарауда көрсетілген.

Орман кодексі бойынша барлық ормандар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығына берілген ормансыз жерлер де Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Ал ҚР ОК-нің 6-бабы «Қазақстан Республикасының орман қоры» деп аталады. Бұл нормалардың мазмұнынан туындайтын қорытынды, орман пайдалану объектілерінің беру мен оларды пайдалану орман қорының жерін берумен қатар жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 27-қаңтардағы Су кодексі»3 су қатынастарын реттейді. Ал барлық су ресурстары су қоры жерлерін қамтиды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығы ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін жер қойнауын — жер қабығының топырақ қабатынан кейін орналасқан бөлігін, ал ол болмаған жағдайда жер қабығынан кейінгі бөлікті пайдалану мен қорғауды көздейді. Жер қойнауын пайдалану үшін шарт жасалады, бұл шартта лицензия бойынша жер қойнауын пайдалануға бөлінген аумақ көзделеді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауы объектісін орналастыру үшін жер учаскелері беріледі.

«Қазақстан Республикасындағы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығының 48-бабы жер пайдаланушыларға қатысты экологиялық талаптарды, соның ішінде, жерлердің техногендік шөлденуінің алдын алуды, бүлінген жерлердің аумағын қысқартуды, топырақ эрозиясының алдын алуды көздейді. 53-бап пайдалы қазбалар бар жерлерде өз бетімен құрылыс соғуға тыйым салады.

Кәсіпкерлік туралы заңшығарушы  актілерде де жер қатынастарын реттейтін нормалар орын алған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6-наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытуды күшейту шаралары туралы» Жарлығы шағын кәсіпкерлікке арналған орталықтар соғуға арналған жер учаскелерін анықтауды, өндіріспен айналысушы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне нысаналы жолмен жер учаскелерін 5 жыл мерзімге сату бойынша ай сайын конкурстар жүргізуді, оларға тегін жер пайдалану актісін беруді қарастырады. кәсіпкерлер ұсақ саудамен айналысу мақсатында елді мекендердің жерін санитарлық және басқа да талаптарды сақтай отырып тегін пайдалана алады.

Бұл ереже Қазақстан  Республикасы Жер кодексінің 109-бабының 2-тармағынан көрініс тапқан, мұнда  былай делінген: «Ортақ пайдаланудағы  жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануына нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды (сауда жасайтын шатырларды, киоскілерді, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер құрамынан, оның ішінде базарлар, автотұрақтар, (автопарктер) орналастыруы үшін жол (көше, өтпелі жолдар) жиегінен учаскелер беруге жол берілмейді».

Жер құқығының негізгі  қайнар көздеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР «Жер туралы» Жарлығын, «Жер туралы» заңды және Жер кодексін және басқа да заң шығарушы актілерді орындау мақсатында қабылдаған қаулылары жатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен төмендегі ережелер бекітілген:

Жерлерді аймақтарға бөлудің негізгі ережелері және қағидалары, Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын беру тәртібі туралы ереже, Жер учаскелерін беру нормасы, Тұрмыс жағдайын жақсартуды қажет ететін мемлекеттік қызметшілер үшін жеке тұрғын үй құрылысы мақсатында жер учаскесін тегін беру тәртібі және шарттары туралы ереже, Кондоминиумнің меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскелерін беру тәртібі, Уақытша жер пайдалану туралы үлгілік шарттардың нысаны, Жер учаскесін жалға беру туралы ереже, Уақытша ақысыз жер пайдалану туралы ереже, Қызметтік жер телімі туралы ереже, Ипотекалық несиелерді қамтамасыз ету, жер пайдалану құқығы мен жер учаскесін кепілге салу тәрітібі туралы ереже, Ластанған және бүлінген жерлерді алып қою, қорғау және пайдалану тәртібі туралы ереже, Жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою мен сатып алу тәртібі туралы ереже, Ауылшаруашылық және орман шаруашылығы өндірісіндегі шығындарды өтеуді және меншік иесі мен жер пайдаланушының ауылшаруашылық және орман     шаруашылығы     алқаптарын     ауыл     және     орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалануы үшін алуынан келтірген зияндарды анықтау тәртібі туралы ереже, Арнайы жер қорын құру және бөлу тәртібі туралы ереже, Ауыл шаруашылық ұйымдардың таратылуы немесе қайта құрылуы нәтижесінде құрылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына берілетін тегін жер учаскелерінің мөлшерін және жер үлестерін, оларды алуға құқылы тұлғалардың тізімін анықтаудың тәртібі, Ауыл шаруашылық алқаптарын ауыл шаруашылық өндірісімен байланысты емес мақсаттарда алып қоюмен байланысты ауыл шарушылық өндірісі шығынының нормативтері, Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын босалқы жерлер құрамына ауыстыру тәртібі туралы ереже, Жерлерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау тәртібі туралы ереже, Жерге орналастыруды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже, Жер кадастрын жүргізу тәртібі туралы ереже, Жер мониторингін жүргізу тәртібі туралы және т.б. ережелер.

Жер құқығының  заңға сәйкес сипаттағы қайнар көздерінің ерекше тобына құзыретті органдар заң талаптарына сәйкес белгігенген тәртіпте бекіткен актілер жатады. Олардың қатарынан экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптарды атауға болады.

Жеке дербес мәндегі құқықтық актілер жер  құқығының қайнар көздері болып табылмайды. Мысалы, нақты жер учаскесін азаматтар мен заңды тұлғаларға беру және сату туралы акт тек бір реттік сипатқа ие, бұл акт нақты аталған субъектілердің құқықтары мен міндеттерін ғана анықтайды.

Жер құқығы теориясында  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларын жер құқығы қайнар көздерінің қатарына жатқызатын. Оған дәлел ретінде, Жоғарғы Соттың жер дауларымен байланысты істерді қарауда жер туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі бойынша түсіндірулері аталатын. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары тек нормативтік құқықтық сипатқа ие.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Абдраимов Б.Ж. Проблемы совершенствования процессуальных форм реализации земельного права. Алматы, 2001
  2. Хаджиев   А.Х.   Земельное   право   Республики   Казахстан (Общая часть) Алматы, Данекер,2001
  3. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильященко Л.В. Предмет и система земельного права. Алма-Ата, 1981
  4. Общая   теория   советского    земельного    права.    Москва, изд.”Наука”, 1983.

 


Информация о работе Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі