Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 17:24, реферат
Топырақ – тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаты мен қасиеті бар табиғи ерекше құрылым. Топырақ судын,
ауаның және организмдердің, литосфераның жоғары қабаттарына әсер етуінен пайда болады және ол бір-бірімен байланысты қабаттардан тұрады. Топырақты топырақ түзуші факторлар қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болатын табиғи
жеке дене деген көзқарас 19 ғ-дың соңғы ширегінде пайда болды.
Топырақ – тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаты
мен қасиеті бар табиғи ерекше құрылым. Топырақ судын,
ауаның және организмдердің, литосфераның жоғары
қабаттарына әсер етуінен пайда болады және ол бір-бірімен
байланысты қабаттардан тұрады. Топырақты топырақ түзуші
факторлар қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болатын табиғи
жеке дене деген көзқарас 19 ғ-дың соңғы ширегінде пайда
болды.
Топырақ құнарлы болғандықтан, яғни өсімдікті сумен
және қорекпен қамтамасыз ететіндіктен биомасса түзуге
қатысады. Топырақтың табиғи құнарлылығы оның құрамына,
қасиетіне және түзуші факторларға байланысты болады.
Топырақ түзуші негізгі факторлар – ауа райы, топырақ түзуші
тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, белгілі бір
аймақтың жер бедері мен геологиялық жасы, сондай-ақ адамның
шаруашылық әрекеті.
Топырақтың физикалық қасиеттері – су, ауа өткізгіштігі,
су ұстағыштығы, топырақ түзуші қабаттың түйіршік
(механикалық) құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты.
Өсімдік тамыры топырақты қопсытады және түйіршік түрге
келтіреді, топырақтан минерал элементтерді сіңіреді. Табиғи
жағдайда минерал және органикалық заттар топыраққа шіріген
тамыр, түскен жапырақтан қосылады. Шөлді аймақта жылына 1
га-ға 5-6 ц, арктикалық тундрада 10 ц, тропиктік ылғалды
ормандарда 250 ц тамыр, жапырақ түседі. Жануарлар дүниесі
(негізінде омыртқасыздар) тіршілігі әрекетінен органикалық
заттардың ыдырауы жылдамдайды. Адамның шаруашылық
әрекеті топырақ түзуші кейбір факторларға, мысалы, өсімдікке
(орман кесу, оның орнына шөп егу т.б.), жер жырту,
мелиорация, органикалық, минерал тыңайтқыштар қолдану әсер
етіп, топырақ құралу процесінің бағытын тез өзгертеді.
Топырақ қатты, сұйық, газ және тірі бөліктен тұрады.
Бұлардың арақатынасы әртүрлі топырақта ғана емес тіпті бір
33
топырақ қабаттарында да әртүрлі болады. Топырақтың жоғарғы
қабатынан төменгі қабатына қарай органикалық заттар мен тірі
организмдер азая түседі, топырақтың қатты бөлігінде минерал
заттар басым келеді. Алғашқы минералдар (кварц, дала шпаты,
слюда т.б.) тау жыныстары сынықтарымен бірге ірі, үгілу
нәтижесінде пайда болатын соңғы минералдар (гидрослюда,
монтмориллонит, каолинит т.б.) ұнтақ қосындылар түзеді.
Топырақ борпылдақтығы осы қатты бөлік фракциясына
байланысты болады. Топырақтың негізгі массасы - әдетте
мөлшері 1 мм-ден кем ұсақ топырақ.
Топырақтың қатты бөлігінің минерал құрамында Si, Al,
Fe, K, N, Mg, Ca, P, S аз да болса микроэлементтер - Cu, Mo, I,
B, F, Pb т.б. болады. Топырақтың қатты бөлігі құрамы
органикалық заттар және бұның негізгі бөлігі (80-90%) –
күрделі құрамды қарашірік. Органикалық затта клетчатка,
лигнин, белок, қант, шайыр, май, илік заттар т.б. өсімдік,
жануарлар, микроб тектес қалдықтар қосындылары және
бұлардың ыдырау процесінде пайда болған аралық заттар
болады. Топырақтағы органикалық зат ыдырағанда ондағы азот
өсімдікке сіңімді түрге айналады.
Топырақтың сұйық бөлігі – топырақ ерітіндісі
топырақтағы өсімдікті сумен және еріген қоректік
элементтермен қамтамасыз етеді. Сұйық бөлікте иондар,
молекулалар, коллоидтар не бұдан ірілеу бөліктер болады, кейде
суспензияға айналады. Топырақтың газ бөлігі не топырақ ауасы
су толмаған қуыстар болады. Құрамында N2, O2, CO2,
органикалық буланғыш қосылыстар т.б. болатын топырақ
ауасының мөлшері, құрамы топырақта өтіп жататын көптеген
биохимиялық, биологиялық процестерге байланысты әртүрлі
болады. Бұл микроорганизмдер мен өсімдік тамырының жыл,
тәулікте газ бөлу дәрежесіне байланысты өзгеріп отырады.
Топырақ ауасы мен атмосфералық ауа алмасуы топырақтағы
CO2-ның атмосфераға және O2-нің топыраққа диффузиясы
арқылы жүреді.
Топырақ – ол жер қыртысының үстіңгі борпылдақ қабығы
және өзінде өсімдік өсуін қамтамасыз етеді. Аналық
34
жыныстардағы топырақ түзілу процесінен болатын өзгеру
нәтижелері ондағы өсімдік өсуінің құрамына, минералогиялық
құрамға және аналық жыныстардың өзінің қасиетіне, жауын-
шашынның мөлшеріне, жер бедері бойынша жыныстардың
орналасуына байланысты әр түрлі өтті. Осы топырақ түзуші
факторлар топырақ процесінің жылдамдығына және олардың
өнімділігіне әсер етеді, Докучаевтің ұсынысы бойынша
топырақ түзуші факторлар деп аталады. Оларға өсімдіктер
мен жануарлар организмі, аналық жыныстар, климат, жер бедері
және ерекше фактор – адамзаттың өндірушілік іскерлігі жатады.
Климат – ол жергілікті жердің ауа райының орташа
көпжылдық жағдайы. Климат күн сәулесі энергиясының түсуін
және жер бетіне түсетін жылу мен суды анықтайды, осының
нәтижесінде топырақтың арнайы гидротермиялық режимі
қалыптасады.
Топырақ түзілудің биологиялық факторларының өмір
сүру шарты климатқа байланысты, сонымен қатар биологиялық
және абиотикалық процестердің бағыты мен жылдамдығы да
әрине климатқа байланысты. Топырақ түзілуіне климат тікелей
әсерін тигізеді және де ол басқа да топырақ түзілу факторына
ықпал етеді (топырақ түзуші жыныстар, жер асты сулары,
өсімдік және жануарлар әлемі). Климат пен топырақ түрлерінің
арасындағы тығыз байланыс ертеден зерттеушілердің назарын
аударған. Топырақ тануда келесі климаттық көрсеткіштер
қолданылады: жылдық жауын-шашын мөлшері, топырақтың
ылғалдылық коэффициенті, ауаның орташа жылдық
температурасы, қаңтар және шілде айының орташа көпжылдық
температурасы, 10 градустан жоғары кезеңдегі ауаның орташа
тәуліктік температура мөлшері, осы кезеңнің ұзақтығы,
вегетациялық кезеңнің ұзақтығы.
Климаттың басты термиялық топтарын анықтаудың негізі
болып вегетациялық кезеңде 10. жоғары орташа тәуліктік
темпер__