Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 21:00, творческая работа

Краткое описание

А-ш мақсатындағы жерлердің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. А-ш мақсатындағы жерлердің құрамы. А-ш мақсатындағы жерлерді басқару. А-ш мақсатындағы жерлерге меншік құқығы және пайдалану құқығы, олрдың құқықтық тәртібі. А-ш алқаптарын бір түрінен басқасына ауыстыру тәртібі. А-ш мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі, суарылатын жерлердің құқықтық тәртібінің ерекшелігі. А-ш мақсатындағы жерлерді а-ш тауар өндірушілерге ғылыми-зерттеушілік, оқу мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бағбандығын және бау-бақша жүргізу мақсатында беру мен пайдалану ерекшеліктері. Жерлерді жеке қосалқы а-ш , бағбандыққа және саяжай құрылысын салу үшін беру мен пайдалану ерекшеліктері. Арнайы жер қорының құқықтық жағдайы. Шарттар жер үлестерінің құқықтық жағдайы. Мал айдау трассаларының құқықтық тәртібі. А-ш өндірісіне келген зиянды өтеу тәртібі мен негіздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жагдайы.pptx

— 101.63 Кб (Скачать документ)

 Ауыл  шаруашылық мақсатындағы жерлердің  құқықтық тәртібі.

    • А-ш мақсатындағы жерлердің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. А-ш мақсатындағы жерлердің құрамы. А-ш мақсатындағы жерлерді басқару. А-ш мақсатындағы жерлерге меншік құқығы және пайдалану құқығы, олрдың құқықтық тәртібі. А-ш алқаптарын бір түрінен басқасына ауыстыру тәртібі. А-ш мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі, суарылатын жерлердің құқықтық тәртібінің ерекшелігі. А-ш мақсатындағы жерлерді а-ш тауар өндірушілерге ғылыми-зерттеушілік, оқу мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бағбандығын және бау-бақша жүргізу мақсатында беру мен пайдалану ерекшеліктері. Жерлерді жеке қосалқы а-ш , бағбандыққа және саяжай құрылысын салу үшін беру мен пайдалану ерекшеліктері. Арнайы жер қорының құқықтық жағдайы. Шарттар жер үлестерінің құқықтық жағдайы. Мал айдау трассаларының құқықтық тәртібі. А-ш өндірісіне келген зиянды өтеу тәртібі мен негіздері

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының  жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері  – 222513,6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының  қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің  мақсатында пайдаланылатын жердің басқа  да санаттары құрайды

       Ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлерді мемлекеттік реттеу  алдына келесідей міндеттер

 

    • жерлердің бұзылуына, деградацияға ұшырауына және шаруашылық қызметтің басқа да жағымсыз салдарының орын алуына тосқауыл болу, экологиялық қауіпсіз өндіріс технологияларын пайдалана отырып, мелиоративті және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
    • бұзылуға және деградацияға ұшыраған жерлердің жақсаруын және қалпына келуін қамтамасыз ету;
    • жерді дұрыс пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге ендіру;
    • мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
    • қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтiру жөнiндегi шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру мен шекарасын белгiлеу, жер учаскесiне меншiк құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды ұйымдастыру;

 

    Жердi түгендеу iсiн жүргiзу, пайдаланылмай  жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген  немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай  отырған жердi анықтау;  
    Жуыл шаруашылық жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердің жүйесін қалыптастырады;  
     Ауыл шаруашылығы жері саласында орын алып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуді ұйымдастыру және де көптеген басқа да салалық міндеттерді өз алдына міндет ретінде қояды.  
2003 жылға дейін ҚР-да ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы қарастырылмаған болатын.

      Ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлер дегеніміз ?

 

    • - ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер болып табылады Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер өз кезегінде 3 тоқа бөлінеді:
    • ауылшаруашылық алқаптары;
    • ауылшаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге арналған құрылыстар, өзге объектілер су айдындары орналасқан жерлер;
    • өзге алқаптар; құмдар, тақырлар т.б.

 

      Ауыл шаруашылық алқаптары бірнеше  түрге бөлінеді:

 

    • егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар. Суландыру деңгейіне байланысты суарылатын алқаптар (суландыру деңгейі табиғи түрде 75 пайызды құрайды) және суарылмайтын алқаптар болып бөлінеді.
    • Ауыл шаруашылық алқаптарына жер заңнамасында берілген түсініктерге тоқталып кетейік. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабының 4-бөлімінде осы түсініктер бекітілген.

Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық  шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ басқа бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.  
Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.  
Көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.  
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.  
Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегінді құдықтар) бар жайылымдар

           Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер  келесі                  жағдайларда ғана жеке меншікке  беріледі:  

 

    • 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын, 
    • 2. өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу,
    • 3. орман өсiру, бағбандық,
    • 4. жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн,
    • 5. үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi.

Меншік  құқығының мазмұны туралы айта отырып, жерлерге меншік құқығының пайда  болу негіздерін атап көрсетпей кету мүмкін емес:  
Жер учаскесiне меншiк құқығы:  
1) меншiк құқығын табыстау;  
2) меншiк құқығын беру;  
3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды

 

Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

3)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

 

                                Арнайы жер қоры:  

 

  Жер  учаскесінен өз еркімен бас  тартқан жағдайда;

  Жер  кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып  қойған жағдайда;

   Егер заң бойынша, өсиет бойынша  мұрагерлері жоқ, немесе бірде-бір  мұрагері мұраны қабылдамаған  жағдайда немесе өсиет бойынша  мұрагерлерді мұрадан айырған  жағдайда, не мұрагерлер мемлекет  пайдасына мұрадан бас тартқан  жағдайдағы жер учаскелерінен  құралады.

   Белгілі жер учаскесін арнайы  жер қорының құрамына енгізу  туралы шешімді аудандық атқарушы  орган қабылдайды.

 

                 Шартты жер үлесі дегеніміз  ?

 

    таратылған немесе қайта  ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің,  мемлекеттік емес болып қайта  құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы  ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ  өзге де тұлғалардың сандық  тұрғыдан анықталған үлесі, оған  сәйкес аталған ұйымдардың жер  пайдалану құрамында бұдан бұрын  болған жер учаскелеріне құқықтар  беру жүзеге асырылады

Шартты  жер үлесіне құқықты растайтын  құжат куәлік деп аталады. 2003 жылғы  жер кодексі қабылданған уақытта  мынадай шешім қабылданды. 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін мүдделі тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердің мекемелерінің  әкімшілігіне барып, мынадай әрекеттер  жасауға құқылы:  
куәлігін көрсетіп, өзіне тиесілі жерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алу;  
өзінің үлесін мемлекеттен жалға алып, өз шаруашылығын немесе қожалығын жүзеге асыруға;  
өз үлесін сатып алып, акционерлік қоғамның, шаруашылық серіктестіктің, өндірістік коопертивтің жарғылық капиталына жарна немесе пай ретінде енгізу;

Ауыл шаруашылығы өндірісінің  шығындарын өтеу.

 

    • Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемi мен олардың сапасын қалпына келтiру арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейiн сақтау мақсатында республикалық бюджет кiрiсiне өтелуге тиіс. 
            Бұл шығасы Жер Кодекстiң 166-бабында көрсетiлген шығынның орнын толтырудан тыс өтеледi. 
            Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерiн және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жердi қоспағанда, ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес қажеттер үшiн жердiң барлық санаттарының құрамынан ауыл шаруашылығы алқаптары берiлетiн тұлғалар, сондай-ақ күзет, санитарлық және қорғау аймақтары белгiленетiн тұлғалар ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтейдi. 
            Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы немесе меншiгiндегi ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезде де ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы өтелуге тиiс. 
            Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылданған немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезден бастап алты ай мерзiмде өтелуге тиiс.

         Жеке және  заңды тұлғаларға жер учаскелерi: 
  

 

    •   1) елдi мекендер шекарасында жеке тұрғын үй салу, мектептер, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, емдеу орындарын және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер салу; 
       2)мелиорациялық жүйелер салу; 
       3) тоғандағы және көлдегi балық шаруашылықтарын, балық питомниктерiн, уылдырықты балық шаруашылықтары мен балық өсiретiн зауыттар салу; 
       4) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн, iргелес жатқан жер алқаптарының жағдайын нашарлатпайтын объектiлер салу; 
        5) тозған алқаптарға, химиялық және радиоактивтi заттармен ластанған жерге орман мелиорациясы үшiн берiлгенде олар шығасыны өтеуден босатылады. 

      Жер учаскелерiн қорықтарға, ұлттық, зоологиялық және дендрологиялық парктерге, ботаникалық бақтарға, тарихи-мәдени мақсаттағы объектiлерге беру кезiнде  де, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде  көзделген өзге де жағдайларда шығасы өтелмейдi.

 

    •            1. Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған кезде, шығасының мөлшерi жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы шешiм қабылдауы үшiн негiз болып табылатын жерге орналастыру жобасының (жерге орналастыру iсiнiң) құрамында белгiленедi. 
            2. Өтелуге тиiстi шығасының мөлшерi жаңа жердi игерудi немесе алқаптарды ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру деңгейiне дейiн жақсартуды қамтамасыз ететiн нормативтердi негiзге ала отырып, алып қойылатын алқаптардан алынатын өнiмнен немесе олардың сапасы төмендегенге дейiн бұрын алынған өнiмнен кем түспейтiн көлемiнде анықталады. 
            3. Ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

      4. Ауыл шаруашылығына арналмаған және ормансыз алқаптардағы бүлiнген жердi жаңғырту шартымен ауыл шаруашылығы алқаптарын уақытша пайдалануға алып қойған кезде шығасы толық көлемiнде өтеледi.  
      Жер учаскесi берiлген заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебiнен өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабаты салынған жағдайда алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, шығасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өтеледi. 
      5. Шығасының мөлшерi жер учаскесiнiң берiлуiне мүдделi тұлғамен келiсiледi және жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн жер учаскесiне құқық беру туралы актiмен ресiмделедi. 
      6. Жер сапасының нашарлауынан туындаған шығасының мөлшерi алқаптарды бiр түрден екiншiсiне ауыстыруға байланыссыз жағдайларда олардың сапасының төмендеуiне сәйкес нормативтердiң (жердi кадастрлық бағалау бойынша) процентiмен анықталады.  
      Алқаптар сапасының төмендеуiне байланысты оларды бiр түрден басқа түрге ауыстырған жағдайда шығасы мөлшерi алқаптардың тиiстi түрлерiне арналған нормативтердiң айырмасы бойынша анықталады.  
      7. Ұйымдар мен азаматтардың қызметi әсерiнiң нәтижесiнде жер сапасының нашарлауынан келген шығасыны өтеу жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органның талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 105,106 баптар  

Информация о работе Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі