Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2015 в 15:39, реферат
Атыс дайындығы атыс міндеттерін нөтижелі орындауда атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке кұрамды түрлі жағдайларында өз каруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.
Алғашңы өскери дайындықты өтіп жатқан жастар үшін атыс дайындығы мынадай бөлімдерді камтиды: атыс негіздері; қарудың материалдык бөлігі; атыстың төсілдері мен ережелері; қол гранаттарын лақтыру; ұрыстағы бақылау жөне аракашьщтықты аньщтау.
Дарынды балаларға арналған
Жамбыл атындағы облыстық-мамандырылған–мектеп-
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Атыс негіздері,қарудың материалдық бөлігі
Орындаған: Дарханова Айдана
Атыс дайындығы атыс міндеттерін нөтижелі орындауда атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке кұрамды түрлі жағдайларында өз каруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.
Алғашңы өскери дайындықты өтіп жатқан жастар үшін атыс дайындығы мынадай бөлімдерді камтиды: атыс негіздері; қарудың материалдык бөлігі; атыстың төсілдері мен ережелері; қол гранаттарын лақтыру; ұрыстағы бақылау жөне аракашьщтықты аньщтау.
Атыс негіздерінде атыс құбылыстары, сондай-ак октың ауада ұшу заңдылығы зерделеніледі. Бұл ату ережелерін меңгеру жөне карсыласты ұрыста жеңіліске ұшырату мақсатында қаруды сауатты қолдана білу үшін кажет.
Қарудың материалдық бөлігінде карудьщ құрылысы мен тағайындалуы, үрыстық касиеті оқытылып-үйретіледі. Ңаруды колдану, түрлі жағдайлардағы атыс кезінде қарудың кідіріссіз жұмыс істеуін камтамасыз ету үшін тараудың маңызы зор.
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрену жергілікті жерде, ауа райы, жыл мезгілі мен төуліктщ кез келген жағдайында жылжып келе жатқан, я болмаса кез адцында пайда болған немесе козғалмайтын нысаналарды дөл ата алуға дағдыланып үйрену үшін қажет.
Қол гранаттарын лақтыруға үйрету үрыс барысында туындаган кез келген жағдайда жақын қашыктықтағы қарулы қақтығыс кезінде түрлі орындардан қол гранат-тарын лақтыра білу максатына арналған.
Үрыстағы бақылау мен арақашықтықты анықтауға үйрету карсыласты бақылау, нысаналарды табу, оларға дейінгі қашықтықты дәл анықтай алу, көздеу мен көздеу нүктелерін дұрыс таңдау, сондай-ак қыска уақыт ішінде атыс тапсырмаларын орындай білу дағдыларын қалып-тастыру үшін өткізіледі.
Атыс құбылыстары. Ату — дөрілі зарядтың жануы негізінде пайда болған газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың (снарядтардың, гранаттардың) шығуы.
Ату өте аз уакыт ішінде жүзеге асады (0,001—0,06 с). Патрон капсюлінің күш түсетін кұрамына сокқыдан дөрілі зарядты тұтандыратын жалын пайда болады. Дөрілі заряд жанған кезде ұңғы арнасында жоғары қысым тудыратын қатты қызған газдың көп көлемі пайда болады. Газдың қысымымен оқ орнынан қозғалады да, кертікке соғылады, бірте-бірте үздіксіз артқан жылдамдьщпен ұңғы арнасынан қозғалады да, ұңғы арнасының осі бойымен сыртқа шығарылады. Ок соңынан ұңғы арнасынан қызған газ шығады, ауаға кезіккенде ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын жөне күшті толқын жасайды.
Үңғы ішіндегі кертік бұранда сиякты орындала-тындықтан, оқ ұңғымен келе жатқанда айналмалы қозғалыста болады.
Атыс кезіндегі 4 кезеңді төмендегідей графикалық түрде көрсетуге болады.
Бастапқы кезең дөрілі зарядтың жана бастауынан оқ кабыньщ ұнғы кертігіне толық енуіне дейін созылады. Осы кезеңде үщы арнасында оқты орнынан қозғайтындай және оны ұңғы кертігінде оның қабығының кедергі жасауын болдырмашъшдай 2500—5000 Н/см2 (250—500 кг-с/см2) кысым пайда болады. Бірінші немесе негізгі кезең оқтьщ қозғала бастауынан дөріш. зарядтьщ толық жануына дейін созылады.
Бұл кезеңнің басында, оқтың 4—6 см жолдан өткен кезінде оның артындағы кеңістік (ок түбі мен оқсауыт түбінің аралығы) көлеміне қарағанда, газдар саны жылдамырақ өседі, газ қысымы тез ұлғайып, едөуір мөлшерге көтеріледі (ең жоғарғы қысым), атап айтқанда, 1943 жылы үлгідегі атыс қаруының оғының артына түсіретін салмағы — 27450 Н/см2 (2800 кг-с/см2). Сосын оқ қозғалысының үлкен жылдамдығы өсерінен оқ артындағы кеңістік көлемі жаңа газдар ағынына қарағанда тез еседі, ал қысымы төмендейді.
Ату кезеңдері: р0 — соғыста өтудің кысымы; ра — газдьщ ең жоғарғы (максимал) қысымы; рь жөне ик — дөрінің толык жануы кезіндегі газ кысымы мен октың козғалыс жылдамдығы; р жөне v — октың ұңғы арнасынан шыккан кезіндегі газ қысымы мен оқтың козғалыс жылдамдығы; УМ — оқ козғалысының ең жоғарғы (максималды) жылдамдығы; ратм — атмосфералык кысымға тең кысым.
Екінші кезең — дөрілі зарядтың толык жануы сәтінен ұңғы арнасынан шығу сәтіне дейін созылады. Газдың келуі токтаса да, қатты қысылған жөне қызған газ кеңейіп, оқты қысып, оның жылдамдығын тездетеді. Қысым тез төмендеп, әр түрлі үлгідегі карудьщ үщы аузында ол 3000—9000 Н/см2 (300—900 кг-с/см2-ге) жетеді.
Үшінші кезең немесе газ әсерінен кейінгі кезең — ұңғы арнасына оқтың шығуы сөтінен оқ жылдамдығы өсуінің тоқтау сөтіне дейін созылады. Үңғы арнасынан шығатын дөрілі газ ұңғының аузынан бірнеше ондык сантиметр бойына оққа өсер етуін жалғастыра береді де, оның жылдамдығы оқ түбіндегі дөрітгі газ қысымы ауа кедергісімен теңеспейінше өсе береді. Одан өрі оқтың ауада ұшуы инерцияға байланысты жалғаса береді жөне ол белгілі дөрежеде оның бастапқы жылдамдығына байланысты болады.
Оқтың бастапқы жылдамдығы — оқ ұңғы арнасынан шыкканнан кейінгі оқтың ұшу нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы больш табылады. Ол УО таңбасымен белгіленіп, м/с-мен өлшенеді.
Оқтың бастапқы жылдамдығы қарудың маңызды үрыстык касиетінің бірі болып табылады. Бастапқы жылдамдығының артуы оқтьщ алысқа үшу кашьщтығын арттырады, сыртқы жағдайлардың оның ұшуына кедергі жасауын төмендетеді.
Октың бастапқы жылдамдығының шамасы үңғының ұзындығына, оқтың салмағьша, дәрілі зарядтың салмағы мен баска факторларына байланысты. Үңғы ұзын болған сайын (белгіленген шамада) дәрілі газ оққа ұзағырақ өсер етеді және оның бастапқы жылдамдығы да тезірек болады. Үңғының түрақты ұзындығы мен дөрілі зарядтың тұрақты салмағына байланысты ок салмағы аз болған сайын, бастаіщы жылдамдьщ тезірек артады.
Қарудың серпуі (кері соғуы). Үңғы арнасында газ кысымы барлық жақка бірдей әсер ететін болғандьщтан, ату кезінде ол окты алға жылжытьш кана қоймай, қаруды артқа жібереді. Ату кезінде карудьщ артқа қозғалуы — серпу (кері серпу) деп аталады. Атыс қаруының серпуі иьщқа, қолға немесе жерге ұрғанда сезіледі. Қолмен ату каруы серпуінің күші, әдетте, 2 кг-нан артпайды да, ол атушыға ауырт-палықсыз өсер етеді.
Ок серпуді тудыратын дөрілі газдың қысым күші мен серпу кедергісінің күші бір тік осьте орналаспаған жөне қарама-карсы жақтарға бағытталған. Олар карудың ауыз бөлігшщ жоғары жаққа ауытқуының өсер ететін күштер жүбын түзеді (29-сурет). Ауытқу көбірек болған сайын күштер жұбының иьщка тебуі де үлкен болады. Оның нөтижесінде, ок ұңғы арнасынан атуға дейін берілгені бойынша үңғы арнасының осі бағытымен емес, одан атылған сәттегі ұңғының арнасының осі орналаскан бағытпен үшады. Атуға дейінгі үңғы арнасы осі бағытында жөне ұңғы арнасынан оқтың үшу сәтіндегі бағыты бойынша түзілген бүрыш — ушу бурышы деп аталады. Бүл бұрыштың көлемі нақты мәнге ие және аткыштың даярлығына байланысты болады. Үшу бұрышын тұракты көлемде сактау үшін, атқыш даярланудың барлык элементтерін түгел орындау керек.
Оқтың ауада ұшуы. Бұрандалы кертігі бар ұңғы арнасынан аткан кезде дөрілі газдар оққа тек қана үшу қозғалысын емес, айналдыру қозғалысын да береді. Мұнда оған екі күш өсер етеді: ауырлық күші және ауаның қарсылык, күші. Ауырлык күші оқты лактыру сызығынан бірте-бірте көбірек ауытқыта береді. Ауаның карсылык, күші оқ козғалысын бәсеңдете береді, бағытынан оны тайдыруға тырысып, оқты айналу жағына қарай ауытқы-тады. Осы екі күштің әсерінен ок ауада ұңғы арнасынан лақтырған кездегі тік бағыт бойынша емес (лактыру бұрышы) лактыру сызығынан төмен орналасқан кисык сызық бойымен ұшады.
Ауада үшу кезіндегі оқ ауырлығының орталығын сипат-тайтын көлбеу сызык — траектория деп аталады.
Үшу кезінде оқтың лактыру сызығы арқылы өтіп, оның айналуы жағына қарай ауытқуы — деривация деп аталады.
Оқтың ұшу траекториясы
Траектория элементтері
Атудың теориялық негіздері
Пневматикалық мылтықпен ату. Пневматикалық мылтықты ату үшін сығылған ауа энергиясы пайдаланылады. Ол алдын-ала сығылған ұрыстық серіппенің әсерімен поршеннің жылдам қозғалуы нәтижесінде ұңғы қорабындағы ауа камерасында пайда болады. Ұрыстық серіппе ұңғының ұшын рычаг секілді қайырғанда сығылады. Ауа қысымы ауа өткізгіш арқылы ұңғы арнасындағы оққа әсер етеді. Оқ ұңғы арнасымен 200 м/с2 үдеумен қозғалады. Оқ ұңғы арнасынан шыққан кезде ұңғы арнасындағы ауа қысымы шұғыл төмендейді және ауа толқыны – атыс дыбысы пайда болады. Оқтың ұңғы арнасын шығу сәтіндегі жылдамдығы оқтың бастапқы жылдамдығы деп аталады. Оқтың бастапқы жылдамдығы неғұрлым үлкен болса соғұрлым оқ ұзақ әрі дәл ұшады. Қысым әсері алға және артқа бірдей, сондықтан оқ алға, мылтық артқа орын ауыстырады. Бірақ, оқ пен мылтықтың массалары әртүрлі болғандықтан олар әртүрлі жылдамдық алады. Қозғалыс жылдамдықтары массаларға кері пропорционал: мылтықтың қозғалыс жылдамдығы / оқтың жылдамдығы = оқтың массасы / мылтықтың массасы. Оқтың массасы 0,5 г, ал ИЖ-38 мылтығының массасы 2800 г, сәйкесінше олардың салмақтарының қарым-қатынасы мынаған тең: 2800 : 0,5 = 5600. Демек, мылтықтың артқа қозғалу жылдамдығы оқтың жылдамдығынан 5600 есе кіші, яғни өте елеусіз (0,01 м/с). Мылтықтың кері тебуі – ату кезіндегі ұрыстық серіппенің қысымының, содан соң ұңғы қорабының ауа камерасындағы сығылған ауаның әсерімен мылтықтың артқа қозғалуы. Мылтың кері тебу күші оқ ұңғы арнасынан шыққанша әсер етеді. Атқыш кері тебу күшін мылтықтың дүмбісі тақалған иықпен қабылдайды. Кері тебу бағыты мен иықтың итеру күші бірдей емес. Сондықтан, қаруды тік жазықта айналмалы қозғалысқа келтіретін жұптасқан күш пайда болады. Ату кезінде ұңғы жоғары көтеріледі. Кері тебу кезіндегі мылтықтың бұрылу бұрышы оның конструкциясына, массасына, ұстау тәсіліне, оқтың бастапқы жылдамдығына және басқа да факторларға байланысты.
Оқтың ұшу траекториясы
Сыртқы баллистика дегеніміз оққа оқ-дәрі газы немесе сығылған ауа әсері тоқтағаннан кейінгі оқтың қозғалысын зерттейтін ғылым. Ұңғы арнасынан ұшып шыққаннан кейін оқ инерциямен қозғалады. Траектория дегеніміз ұшу кезіндегі оқтың ауырлық орталығын сипаттайтын қисық сызық. Ұшу кезінде оқ ауырлық күші мен ауа кедергісі күшіне тап болады. Ауырлық күші оқтың төмендеуіна, ал ауа кедергісінің күші оның жылдамдығының азаюына әкеліп соғады. Ұшу нүктесі дегеніміз ұңғының ауыз бөлігінің ортасы. Ол траекторияның бастамасы болып табылады. Көтерілу нүктесі дегеніміз бағытталған қарудың ұңғы арнасы осінің жалғасы болып табылатынтүзу сызық. Көздеу нүктесі дегеніміз көздеу сызығы бағытталған нүкте. Ауаның кедергі күші орасан зор. Ауа кедергісінің күштілігі ауаның тығыздығына, оқтың ұшу жылдамдығына, оның түрі мен калибріне, сондай-ақ оның сыртының жай-күйіне байланысты. Ауа кедергісінің күші оқтың ұшу кезіндегі жылдамдығын азайтып қана қоймай, оны аударуға күш салады. Бұндай жағдайда оқтың ұшу жылдамдығы едәуір азаяды. Оқтың ұшу кезіндегі ауа кедергісі күшінің әсерін азайту үшін ұңғы арнасындағы тіліктер күшімен оқтың өз осімен тез айналуын қамтамасыз ету арқылы оқтың ұшуын тұрақтандырады.
Оқтың шашырауы
Атудың дәлдігі мен біркелкілігін мұқият сақтай отырып, бір ғана мылтықпен ату кезінде де түрлі себептерге байланысты оқ басқа оқ іздерімен сәйкес келмейтін басқалардан бөлек өз траекториясымен ұшады. Бұл құбылыс оқтың табиғи шашырауы деп аталады. Оқтың шашырауының негізгі себептері мыналар: дәл жасалмағандықтан олардың массасы мен формасының бірдей болмауы; тасымалдау кезіндегі деформация; ұңғы арнасы күйінің өзгеруі (тозу, қорғасындану, ылғалдылық) ; ұңғыдағы ауа қысымының әр түрлілігі; мылтықты көздеу кезіндегі әр түрлілік; барлық ату кезіндегі мылтықты ұстау күшінің әр түрлілігі; ағытқыш ілмекті басу кезіндегі әр түрлілік. Оқтың шашырауы – бұл бір ғана мылтықпен іс жүзінде бірдей жағдайда ату кезінде нысанадағы ойықтардың шашырауы. Шашырау аумағы шеңбер түрінде болады да, оның ортасы шашырау ортасы деп аталады. Оқ ұшуының орта траекториясы ретінде барлық траекториялардың ортасынан өтетін траектория қабылданады. Орта тию нүктесі немесе шашырау ортасы – бұл оқтың орта траекториясының нысанамен қиылысуы. Шашырау осі – бұл оқтың шашырау ортасы арқылы жүргізілген өзара перпендикуляр сызықтар – көлденең және тік осьтер. Ойық ортасынан шашырау осіне дейінгі ең қысқа қашықтықты ойықтардың өзгеруі деп деп атайды. Оқтың орта тию нүктесін анықтау Ойықтар санының аз жағдайында (5-ке дейін) оқтың орта тию нүктесі кесіндіні ретімен бөлу тәсілімен анықталады. Бұл тәсіл төмендегіше орындалады: кез-келген жақын екі ойықты түзу сызықпен қосамыз; алынған нүктені үшінші жақын жатқан ойықпен қосамыз да жаңа кесіндіні тең үш бөлікке бөлеміз; үш ойықтың орта тию нүктесі алғашқы екі ойыққа жақын бөлу нүктесінде болады; табылған үш оқтың орта тию нүктесін жақын жатқан төртінші ойықпен түзу сызықпен қосамыз да бұлардың арасындағы ара қашықтықты төрт тең бөліктерге бөлеміз; алдыңғы үш ойыққа жақын орналасқан бөлу нүктесі төрт ойықтың орта тию нүктесі деп аталады. Бірақ, мынаны қаперге алу қажет: кейде кездейсоқ атыс нәтижесінде басқа барлық ойықтардан алыс орналасқан ойық пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол ойық орта тию нүктесі есебіне алынбайды. Үш оқтың орта нүктесінен үш ойық арқылы өтетін шеңбер диаметрі ұзындығынан асатын қашықтықта орналасқан мұндай ойық орта тию нүктесі есебіне қабылданбайды.
Қарудың материалдық бөлігі.
ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасының жалпы құрылымы, ұрыстық қасиеті, тағайындалуы.
Тула қару-жарақ зауытының ТОЗ-
Винтовканвң ұрыстық қасиеттері: калибрі – 5,6мм; салмағы – 3,12кг; оқтың бастапқы жылдамдығы – 310м/сек; ату жылдамдығы минутына – 10-12рет; көздеу қашықтығы – 250м; оқтың алысқа ұшу қашықтығы – 1200-1600м; оқтың қиратқыш күші – 800м-ге дейін.
ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасы
Винтовканы бөлшектеу және жинастыру.
Винтовканы бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін. Винтовканы толық бөлшектеу жөндеу немесе реттеу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Басқа кездердің барлығында толық емес бөлшектеу жүргізіледі
Винтовканы атысқа даярлау оның атыс кезінде тоқтаусыз әрекетін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Оған винтовканы бөлшектенген күйде қарау, тазалау және майлау жатады.
Винтовканы жиналған түрде қарау кезінде бекітпе нөмірі ұңғы қорапшасының нөмірімен сәйкес келуіне, қарауылдың майыспауына, қарауыл негізіне қарауыл тысының мықтап ұсталынып тұруына, қамыттың қадамға жылжымалы түрде орналасуына және берілген тәртіпте ілмекпен нық ұсталуына, көздеуіш ойығында шалыстар мен қабыршақтардың жоқтығына және т.б. басты назарды аудару қажет. Винтовкадан табылған ақаулар дереу жөнделуі тиіс. Ату алдында оқтық пен ұңғы арнасын құрғатып тазалау қажет.
Информация о работе Атыс негіздері,қарудың материалдық бөлігі