Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 14:55, реферат
Бірнеше ғасырлар бұрын адамдар ру-тайпаға бөлініп қоғамдасып өмір сүргендігі және олардың өз тәртіптері яғни сол кездегі өздерінің жазылмаған заңдары болғандығы тарихтан мәлім. Сол кездегі ру ішіндегі тәртіп өмірдің ағымына сәйкес, арадан сан ғасырлар өтіп адам сан-сезімінің өркендеуі салдарынан тәртіпке деген талаптар күшейіп қоғамда жазбаша түрдегі қағидалар пайда бола бастады. Өткен ғасырлардың данышпандары өз заманында өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орын қалдыра білді.
Ата заңымыз «Конституция» туралы
Бірнеше
ғасырлар бұрын адамдар ру-
Уақыт өте келе, он сегізінші ғасырда буржуазиялық революциялар жеңіске жеткен сәттен бастап конституциялар халық атынан қабылдана бастады.
«Елу жылда – Ел жаңарады» дегендей, арадан қаншама жыл-ғасырлар өтіп, Кеңес одағы таратылғаннан кейін, екі жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң он екiншi сайланған тоғызыншы сессиясында тұңғыш Конституция қабылданды. Алайда бұған дейін Кеңестік Социялистік Республика Конституциясы күшінде болып келді. Заман өзген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізіліп келуде, бұл мемлекеттің өркендеуі, яғни дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу болып табылады деп ойлаймын.
Біздің Конституциямыздың бастамасы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, ... » деген сөзбен басталады. Бұл Қазақстанда тұратын барлық ұлт азаматтарының орныққан саяси келісімінің негізі болып табылады. Конституцияның халық атынан қабылдануы, тек қана біздің мемлекетімізде емес, басқа да көптеген мемлекеттердің конституциясында сондай сөзбен басталады. Мысалы; АҚШ Конституциясында «Біз, ... Америка Құрама Штаттарының халқы ...» деген сөздермен басталады.
1995 жылдың 30 тамызы біздің респуликамыз үшін Конституцияның жарыққа шығуы тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында елеулі жаңалық әкелді. Конституция кеңес үкметі кезінде өкілді органдарымен қабылданбаған болса, біздің басты заңымыз азаматтардың қалауымен барлық халықтық жалпы дауысымен референдумда қабылданған болатын. Сондықтан Конституция күні мемлектіміздің басты мерекесі ретінде танылады.
Нормативтік
құқықтық актілер сатысындағы
өзiнiң заң күшiне қарай,
Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады.
Конституцияда
адамның жеке бас бостандығы,
жеке өміріндегі құндылығы,
Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында, басқа мемлекеттік органдармен қатар Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының қосатын үлесі зор. Атап айтқанда, 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» заңына сәйкес, әділет органдары жергілікті өкілді және атқарушы және басқа да органдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және олардың заңды мүдделеріне қатысты ұсынған нормативтік құқықтық актілеріне заң сараптамасын жүргізіп мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, зияткерлік меншік құқықтары жөнінде, яғни авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында қызмет атқарады, діни бірлестіктермен байланыс жасайды, оларды тіркеуден өткізеді, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын жүзеге асырады сонымен қатар азаматтарды төл құжат және жеке куәлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге алып тіркеуден шығарады, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүргізеді. Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларға сүйене отырып өз құзыреті шегінде басқа да қызметтер атқарады.
Дүние
жүзілік тәжірбиеде
Сондықтан да Конституцияға сәйкес мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық болып табылады.
Мемлекетіміздің
қоғамдық жұмысына белсене
Қазақстан
мемлекетінде адам құқығы және
бостандығының жоғары
Адам құқығы туралы жалпы декларацияның мазмұнына сәйкес адам құқығын қорғау, біздің конституциямызда дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетіндігі бәрімізге мәлім. Конституция барлық азаматтардың теңдігіне кепілдік беріп қана қоймай, сондай-ақ барлық билік тармақтарының қызметіне бағыт беріп отырады.
Елбасының
белгілегеніндей конституция
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейн мемлекетіміздің саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қайта реттелді. Конституция халықтың еркіндігін жоғары қойып, жаңа мыңжылдықта құқықтық нигилизім бағытында тоторитарлық жүйені артта қалдырды.
Еліміздің
жаңа тарихында құқықтық ой-
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында Конституциямыздың тарихы негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткендігімізді байқаймыз.
Елбасымыздың
да ең басты заңымыз
Конституция
біздің саяси, мәдени, рухани және
эканомикалық дамуымыздың
2007 жылғы
21 мамырда "Қазақстан
Астана,
Республиканың әкімшілік-саяси
Сонымен қатар басқа да көкейтесті өзгерістер енгізілді.
Қазақстан
Республикасы жалпы барлық
Сөз соңында, барлық Қазақстандықтарға, Астана қаласының Әділет депртаменті атынан еліміздің азматтарын «30 тамыздағы» атаулы мерекелермен яғни Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, таусылмас бақыт, бейбітшілік, аспандарыңыздың ашықтығын, жанұяларыңыздың татулығын, табыстарыңыздың берекелді мол болуын, сонымен қатар өз құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіздің бұзылмауын тілеймін.