Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 10:42, реферат
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда жеке адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр.
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың жіктелуі
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда жеке адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің маңызды міндеттерінің бірі ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол-сұғушылықтан қорғау танылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады. Жеке адамға карсы қылмыстарға:
1) Өмірге қарсы қылмыстар: адам өлтірудің барлық түрі; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
2) Денсаулыққа қарсы
қылмыстар: денсаулыққа
3) Адамның өмірі мен денсаулығын қауіпті жағдайғы қалдыратын қылмыстар: заңсыз аборт жасау; науқасқа көмек көрсетпеу; қауіпті жағдайда қалдыру.
4) Жыныстық қылмыстар: зорлау; кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына және қалыпты дамуына қарсы жасалған қылмыстар.
5) Жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмысының адамды бас бостандығынан заңсыз айыру; адам ұрлау, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруы адамдарды саудаға салу.
6) Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысына қарсы қылмыстар: жала жабу және қорлау.
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
Адам өміріне қарсы қылмыстар. Адам өміріне қарсы қылмыстардың ішінде кісі өлтіру ерекше ауыр қылмыс деп есептеледі. Адам өлтірудің ауырлық дәрежесі мән-жайларға тәуелді болады. Қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай белгіленеді: 6 жылға бас бостандығынан айырудан бастап өлім жазасына дейін. Адам өлтірудің объектісі — адам өмірі болып табылады. Адамның өмірі туу процесі басталған сәттен басталған 9 мерзім кезеңінде өмірге қол сұғуды адам өлтірудеп бағалау керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» — деп айқын көрсеткен.
Орталық нерв жүйесінің жасушаларының жойылуы салдарынан жүрек жұмысының және ми қызметінің толықтай тоқтауы адамның өлу сәтінің басталуы деп есептеледі. Мұндай өлім биологиялық өлім деп аталады. Оған қарағанда клиникалық өлім жүрек жұмысының тоқтап қалуымен сипатталады. Бірақ адамның тірі қалу мүмкіндігі бар. Науқас адамға осындай сәтте қылмыстық ықпал етуді адам өлтіру деп есептеу керек.
Адам өлтіруде кез келген адам жәбірленуші болуы мүмкін, мұндайда жәбірленушінің жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, діни сенімі, денсаулық жағдайы және басқда жеке мінездемелерінің ешқандай маңызы жоқ. Объективтік жағынан адам өлтіру белсенді әрекетпен де әрекетсіздіктен де жасалуы мүмкін. Белсенді әрекетке дене жарақаттары жатқызылады: улы заттар беру, тұншықтыру және т.б.
Немесе психикалық корқыту, инфаркт болуға себепші ойдан шығарылған мәліметтерді хабарлау және т.б. Барлық адам өлтіру қылмыстарын үш топқа бөлуге болады: жай адам өлтіру; жазаны ауырлататын мән-жайда адам өлтіру; жазаны жеңілдететін мән-жайда адам өлтіру. Осындай қылмыстарды жасаған кезде калпына келтіруге немесе өтеуге болмайтын салдарлар туындайды, өйткені өмір адамға екі рет берілмейді.
Денсаулыққа қарсы қылмыстар. Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа әр түрлі ауырлықта зиян келтіру, ұрып соғу, сондай-ақ соз ауруларын жұқтыру және адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы жатқызылады. Мұндай қылмыстардың объектісі адамның денсаулығы болып табылады.
Адамның денсаулығы — бұл адам денесінің анатомиялың, тұтастығы және оның тәндері мен органдарының дұрыс қызмет етуі.
Мұндай қылмыстар әрекетпен немесе әрекетсіздікпен жасалуы мүмкін және басқа адамның денсаулығына зиян келтіруден тұрады. Өз денсаулығына зиян келтіру қылмыс деп есептелінбейді. Тек бір ғана жағдайда, дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтаруда ғана дене мүшесіне зақым келтіру қылмыс деп қарастырылады.
Адамның денсаулығына зиян келтіру дене жарақаттарын салудан және адам организмінің физиологиялық қызметін басқа жолмен бұзудан (жүктілікті тоқтату психикалық ауру, есірткі немесе уытқұмарлықпен ауыру көрінуі мүмкін.
Денсаулыққа зиян келтіру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: механикалық ықпал ету, химиялық немесе термиялық құралдар қолдану. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл деп бөлінеді.
Қылмыстық кодексте адамға қаза келтіру мен денсаулыққа зиян келтіруге ғана емес, сонымен бірге осы объектілерді зиян келтіру қаупінде қалдыратын әрекеттерге жауапкершілік бекітілген. Ондай қылмыстарға мыналар жатқызылады: қорқыту, өміріне қауіп төндіру, ауыстырып салу не басқаша пайдалану үшін адамның органдарың немесе тінін алуға мәжбүр ету, медидина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы, заңсыз аборт науқасқа көмек көрсетпеу, қауіпті жағдайда қалдыру.
Жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстарға заңда мыналар жатқызылған: зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану, он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу секілді нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттер, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету, жас балаларды азғындау.
Жыныстық қатынастар адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Олар адамгершілік нормалары, отбасы заңдарының нормалары арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда жыныстық еркіндікке қолсуғушылық пен қылмыстық қолсуғушылық қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Соған орай, мұндай қолсұғушылықтар ашық жыныстық зорлаудан немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық адамгершілік нормаларын өрескел бұзудан көрінеді.
Жыныстық қылмыстардың ішінде ең қауіптісі және ең көп таралғаны — зорлау. Әйелдің жыныстық еркіндігі, жыныстық еркіндікке қолсұғылмаушылығы, жас балалар мен кәмелеттік жасқа толмағандардың қалыпты дене дамуы мен адамгершілік тәрбиесіне қарсы әрекеттер зорлау объектісі болып табылады. Әйел адам жыныстық әріптесін таңдауды өзі. Осы қылмысты жасағанда тек әйел адам ғана, адамгершілік сипатына, зорлаудың алдындағы жүріс-тұрысына, әлеуметтік мәртебесіне және т.б. қарамастан жәбірленуші болып есептеледі.
Зорлау табиғи түрдегі жыныстық қатынасты зорлықпен жасау көздейді. Жыныстық нәпсіқұмарлығын басқадай зорлықпен қанағаттандыру зорлау деп танылмайлы, бірақ нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану жауапкершілікке әкеп соғады. Әйелді еркінен тыс күштеп не психикалық мәжбүрлеу арқылы жасалған жыныстық қатынас қана зорлау деп саналады. Жыныстық қатынас жасауға әйелдің келісімін алдау немосе сенімге қиянат жасау аркылы алуға әрекеттенген адамның әрекеті зорлау деп қарастырылмайды. Мысалы, (әйлмен некеге тұрамын деп жалған уәде беру.) Айыптының еркінен тыс себептерге байланысты зорлау тоқтатылған жағдайда, оның әрекеттері зорлауға дайындалу не оқталу деп қарастырылады. Зорлауға дайындалу деп — киімдерін шешу, күштеу не психикалық мәжбүрлеу шараларын қолдануды және т.б. айтады. Физиологиялық жыныстық қатынас жасауға бағытталған зорлаушының әрекеттері оқталу деп есептеледі.
Бостандық пен жеке бастың қосұғылмаушылыгына қарсы қылмыстар.
Жеке адамның бас бостандығына және қолсұғылмаушылығына қарсы әрекет, бас бостандығынан заңсыз айыру, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру және адамдарды саудаға салу сияқты әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Бұл қылмыстар азаматтардың жеке бас бостандығына қарсы бағытталған. Жеке адамның бас бостандығы — орналасу орнын, жүріп тұруды, өмір сүруді таңдау құқығын білдіреді. Объективтік жағы басқа адамның бостандығын қандай да бір нысанда бейнеленетін құқыққа қайшы әрекеттерден тұрады.
Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол суғатын қылмыстар.
Әрбір адамның ар-намысымен қадір-қасиетінің құрметтелуіне және қорғалуына құқығы бар. Осыған байланысты жеке адамның қадір-қасиетін мемлекет қорғайды. Ештеңе де оны кемсітуге негіз бола алмайды. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын қылмыстарға жала жабу және қорлау жатқызылады.
Отбасына және кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ана мен бала, отбасы мемлекеттің корғауында болады. Балаларға қамқорлық, оларды тәрбиелеу — ата-аналардың тең құқығы және міндеті. 18 жасқа толған, еңбекке қабілетсіз балалар еңбекке қабілетсіз ата-аналарын қамқорлыққа алулары тиіс.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 16-бабына сәйкес, отбасы қоғамның негізгі және табиғи мүшесі, отбасы мемлекет пен қоғамның қорғауында болуға толық құқы бар. Сондықтан кәмелеттік жасқа толмағандардың қалыпты адамгершілік дамуы мен тәрбиесін реттейтін қоғамдық қатынастарға қауіпті қоғамдық қолсұғушылық қылмыстық заңмен жазаланады.
Отбасы мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қылмыстарға: кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық, қоғамға карсы әрекеттер жасауға тарту, саудаға салу, баланы ауыстыру, бала асырап алу құпиясын ашу, 1 балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарды бағуға ақша төлеуден жалтару, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамау, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамау, қорганшылық немесе қамқоршылық құқықтарын асыра пайдалану, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) бағудан жалтару жатады.
Адам мен азаматтың
конституциялық және өзге құқықтары
мен бостандықтарына қарсы
Қазастан Республикасының Конституциясында адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жария етілген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті болып табылады. Тиісінше, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Адам мен азаматтың конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарға: адам мен бостандықтарына саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар; адам мен азаматтың әлеуметтік құқығы мен бостандығына қарсы қылмыстар; адам мен азаматтың жеке құқығы мен бостандығына қарсы қылмыстар жатады. Бұл қылмыстар адамның негізгі консититуциялық құқығы мен бостандығына қол сұғады
Информация о работе Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың жіктелуі