Реагенттерді сумен араластыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 19:42, реферат

Краткое описание

Сілтілі реагенттерден сарқынды суларды зарарсыздандыру үшін әк шектеулі қолданылып келеді. Сарқынды сулардан аммонилі азотты желдетіп кептірумен бірге әдетте әктеу қолданылады. Сарқынды суларды өңдеу кезінде қажетті гигиеналық нәтижеге реагенттердің көптеген мөлшерін пайдаланған кезде қол жеткізіледі, оның салдарынан тұнбаның көптеген мөлшері пайда болады. Осы факт микрофлораға салыстырмалы түрде баяу әсер ету сияқты әктеудің қолданылуын елеулі шектейді және оны орташа, ірі станцияларда пайдалану үшін қолайсыз қылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Reagentterdi_sumen_aralastyru.docx

— 964.68 Кб (Скачать документ)

РЕАГЕНТТЕРДІ  СУМЕН АРАЛАСТЫРУ

 

Сілтілі реагенттерден сарқынды суларды зарарсыздандыру үшін әк шектеулі қолданылып келеді. Сарқынды сулардан аммонилі азотты желдетіп кептірумен бірге әдетте әктеу қолданылады. Сарқынды суларды өңдеу кезінде қажетті гигиеналық нәтижеге реагенттердің көптеген мөлшерін пайдаланған кезде қол жеткізіледі, оның салдарынан тұнбаның көптеген мөлшері пайда болады. Осы факт микрофлораға салыстырмалы түрде баяу әсер ету сияқты әктеудің қолданылуын елеулі шектейді және оны орташа, ірі станцияларда пайдалану үшін қолайсыз қылады.

Аз таралған реагент сірке (пероксисірке, перусірке) қышқылы болып табылады. Англияда жүргізілген тәжірибелі-өндірістік сынақтар оның тиімділігі төмен екенін көрсетті, аталған әдіс осы уақытқа дейін өндіріске енгізілген жоқ.

Су тазарту станция бір-бірімен байланысты ғимараттардың жүйесі деп саналады. Су тазарту ғимараттардың технологиялық схемалары 5.1 - суретте келтірілген.

 

5.1 - сурет. Судың сапасын жақсарту технологиялық схемалар: а - екі сатылы: тұндырғыш пен сүзгі; ә - екі сатылы: қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіш пен сүзгі; ,

6 - бір сатылы: түйіскен мөлдіреткіш;

1 - бастапқы су; 2 - түйіскен резервүар; 3 - суды көмірлендіру қондырғы; 4 - хлорландыру қондырғы; 5 - коагулянттің бактері; 6 - тік араластырғыш;

7 - жапалақ пайда болатын камера; 8 - келденең түндыргыш; 9 - 
фторландыру қондырғы; 10 - жедел сүзгі; 11 - таза су резервуары; 12 - 
тазаланган су; 13 - қалқыма тұнбасы бар мөлдірлеткіш; 14 -микросүзгі; 
15 - түйіскен мөлдіреткіш

Реагенттік шаруашылық дегеніміз реагенттерді сақтауға, оны дайындауға және мөлшерлеуге арналған қондырғылардың жиынтығы.

Реагенттер, әсіресе коагулянттар станцияға кебінесе құрғақ, турінде вагондармен жеткізіледі. 15-30 тәулекке жететіндей реагенттің қорын сақтау үшін қойма жобалайды.

Ал, кейде реагенттер жартылай фабрикат түрінде келсе оны сақтау үшін арнайы бактер қолданады.

Құрғақ қалдык, судағы еріген тұздардың жалпы мөлшерін көрсетеді. Ауыз суының құрғақ калдығы 1000 мг/л-ден аспау керек.

Саңылау араластырғыштарда судың жылжу бағытына перпендикуляр тесігі бар қалқалар орнатылған (5.2 - сурет).

5.2 - сурет. Науа түрлі араластырғыштар: а - қалқалы араластырғыш; е - саңылау араластырғыш; 1 - бастапқы суды енгізу; 2 : артық суды ағызу; .3 - суағар; 4 - реагентті енгізу; 5 - қалқалар; 6 - суды әкететін қүбыр

Тік құйынды араластырғыш су ағынның турбулент қозғалысына тіректелген (5.3 - сурет). Турбулент қозғалыстың пайда болу себебі қондырғының көлденең қимасының өзгеруі мен оған байланысты судың жылдамдығының да езгеруінің әсер етуі.

 

.3 - сурет. Тік құйынды араластырғыш: 1 - бастапқы суды енгізу; 2 - суағар тесіктер; айналма жиынтық науа; 4 - суды әкететін құбыр реагентті енгізу; 6 - түнбаны ағызу

Тағы бір реагент «Дезавид-СТОК» болып табылады, қалалық, өнеркәсіптік, сарқынды және айналма сулары мен жабдықты салқындату жүйелерін тазартуға және зарарсыздандыруға арналған зат. Оның негізін органикалық полимерлер құрайды, олар грамдұрыс және грамбұрыс бактерияларды жояды, сондай-ақ вирулицидті және фунгицидті әсері бар гуанидиновті қосылыстар негізінде суда жақсы еритін полиэлектролиттер. Полимерлерде оң зарядтың болуы оларға катионды үлгідегі флокулянттің қасиетін береді, бұл өңделетін судың органолептикалық қасиетін жақсартуға ықпал етеді.

Өзеннің суын зарарсыздандыру үшін «Дезавид-СТОК» сынау кезінде хлормен және натрий гипохлоритімен салыстырғанда зарарсыздандыру нәтижесі («СанЕжН» сәйкес) 0,4 мг/л мөлшерінде байқалды. Сарқынды сулар мен нөсер ағымының суларын дезинфекциялау кезінде заттың 100 % бактерицидті нәтижесіне 10 минут өңдегеннен кейін қол жеткізуге болады. Бұл ретте сарқынды сулардың құрамы елеулі өзгереді: иістердің кетуімен және түстің жақсаруымен қатар, тез тотығатын органикалық қосылыстардың құрамы 90 % дейін, фенолдар мен СПАВ - 55 % дейін азаяды, бұл сарқынды суларды сапасы бойынша жер үстіндегі су айдындарының суына жақындатады. Қатты уыттылығының параметрлері бойынша зат қауіптілігі төмен заттардың 4 санатына жатады. Аз ұшатындықтан ингаляциялық қауіптілігі төмен. Пайдаланылатын мөлшерлерде сенсибилизді әсер жоқ, гонадоуытты, иммуноуытты, эмбриоуытты, мутагенді және канцерогенді нәтижесі болмайды.

Соңғы жылдары биоцидті жоғары молекулярлық полимерлі қосылыстар негізінде қышқылданбайтын зарарсыздандыру реагенттерін пайдалана отырып, суды дайындаудың жаңа тәсілі әзірленді. Осы заттардың қасиеттеріне синтез жасау, зерделеу бойынша жүргізілген көп жылдық зерттеулер «Акватон» реагенттері атауымен патенттелген гуанидті топтар негізінде биоцидті полимерлерді алудың тиімді технологиясын әзірлеуге мүмкіндік берді. Оларға жоғары бактерияға қарсы, вирулицидті, альгицидті әрекет тән. «Акватон» реагенттерінің биоцидті әрекеттерінің тетігі мынадан тұрады. Микроорганизмдерде теріс жиынтық электрлік заряд болғандықтан, биоцидті реагенттің оң зарядталған иондарын өзіне тартады, олар микроорганизмдермен жанасады, клеткалы мембрананың бетіне сіңеді, оның бұзылуына алып келеді және клетканың ішіне кіреді. Микробты клетканың ішінде полимер ферменттердің биологиялық белсенділігіне шектейді, нуклеинді қышқылдар мен ақуыздар өндіру қабілетіне кедергі келтіреді, сондай-ақ микробты клетканың тыныс алу жүйесін қысым көрсетеді. Нәтижесінде препараттың осы әсері микроорганизмді жояды. «Акватон» реагенттерінің маңызды ерекше қасиеті болып судың микрофлорасын инактивтеу кезінде тотығудың суда еритін өнімдерінің пайда болмайтыны табылады. Олар судағы органикалық қосындылармен бірге жапалақ құрылып, тұнбаға түседі.

  Реагенттердің аз қоспалары (қатты фазаның массасынан мыңдық немесе миллиондаған мөлшері) судан қатты металдарды, нитраттарды, пестицидтерді, ішінара карбонаттар мен сульфаттарды жояды. Ерімейтін нысанға ауысқан ластануларды алшақтау үшін тұндырғыштардағы тұнбаларды, қалқып тұрған қабаттағы ағартуды немесе құмды жүктемелер арқылы сүзгілеу қолданылады. Сулы ортада «Акватон» полимері судағы бактерияларға, вирустарға қарсы, сондай-ақ қаптап өсетін биоценоздың - микромицеттер, ашытқылар, споралар түзгіш зеңдер және балдырлар құрамдас бөліктеріне қарсы тиімділігі бірдей. Суды асептерлеу үшін судың химиялық құрамына және оның микробты тұқымдануына байланысты мөлшерлейтін құрылғылардың көмегімен полимерді енгізген кезде оның 1-3 мг/л мөлшері ұсынылады.

Жабдықтың айналу жүйелеріндегі балдырлар клеткаларының тіршілік етуі 0,2-1,0 мг/л шоғырлануында «Акватон» ерітіндісімен толтыру кезінде тоқтатылады. Биоқаптап өскен кезде (кілегей, балдырлар) жабдық 1 тәулікке арналған мерзімге 10-15 мг/л ерітіндімен толтырылған кезде толық тазартылады.

Беттерді зарарсыздандыру құрамында реагенті бар су ерітінділерімен байланысқан кезде әртүрлі объектілерде биоцидті полимерді адсорбциялау арқылы жүргізіледі. Бұл заттарды батыру немесе ыдыстарды толтыру әдісімен олардың беттерін ұзақ мерзімге дезинфекциялауға мүмкіндік береді, ол ауыз суды ұзақ сақтау, оны тасымалдау кезінде микробті тазалықты қамтамасыз ету үшін қажет.

Флокуляция процесінде сонымен қатар дайындалған судан органика ғана емес, одан да басқа қосылыстар – ауыр металдардың тұздары жойылады, құрамында гидрокарбонаттардың, сульфаттардың болуы азаяды, бұл судың бұлдырлығын, ауыз судағы алюминий, темір, марганецтің шоғырлануын стандарттардың талаптарына дейін азайтуға мүмкіндік береді.

«Акватон» зарарсыздандыру реагентін қолдану аясы қазіргі заманғы дезинфекциялайтын заттарға қойылатын барлық талаптарға жауап береді, атап айтқанда суда қалмай ериді, оның ерітінділері түссіз, иісі жоқ, өңделетін материалдарды бұзбайды, оның ішінде металдардың коррозиясы, теріні және шырышты қабықшаларды ашытпайды.Препарат өзінің биоцидті қасиеттерін жоймай ұзақ мерзім сақталады, бұл ретте тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын талап етпейді.

Адам үшін «Акватон» уыттылығының төменділігі жылуқандылардың организмінде полимердің деградациялануын тудыра алатын ферменттік жүйелер бар, сондықтан реагент адам мен жануарлардың организмінде жиналмайды. Биоцидті полимер – табиғи түрде биоіритін зат, тірі организмде және табиғатта ыдыраудың өнімі туынды несепнәр болып табылады.

Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне ең бастысы күміс және мыс иондарының олигодинамикалық әсері бар металдарды пайдалану да жатады.

Мыстың бірқатар қосылыстарында бактерицидтілік бар, олар сарқынды суды зарарсыздандыру, айналмалы сумен жабдықтау жүйелерінде биологиялық қаптап өсумен күресу, шоғырланудың кең диапазонында (> 3-500 мг/дм3) судың түстенуін болдырмау үшін қолданылады. Әр түрлі дезинфектанттарды қоса отырып, шоғырлануды бір мезгілде азайту кезінде олардың әрекетін күшейтуге де, қосымша әсерлер алуға да болады. Суды өңдеудің құны бұл ретте төмендейді. Хлордың зарарсыздандыру әрекетін интенсификациялау үшін оны металдың иондарымен бірге қолданады, бұл ретте синергетикалық әсер байқалады, ол суды өңдеу ұзақтылығын 5-10 есе қысқартады. Сутек тотығын іріту катализаторы ретінде Cu (II)  иондарымен Н2О2 кешенді пайдалану суды өңдеген кезде реагенттердің қажетті мөлшерін азайтқан кезде суды зарарсыздандыру процесін жандандыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 


Информация о работе Реагенттерді сумен араластыру