Трихофития (Trichophytae)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 20:11, лекция

Краткое описание

Шұғыл шектелетін дөңгелектеу дақтардың теріде құралуымен, терінің тақырлануымен немесе жүн қалдықтарының сақталуымен, терінің және фолликулдардың сірілік-іріңді экссудат бөлінуімен және қабыршақ құралуымен сипатталатын малдар мен адамның жұқпалы ауруы. Халық аузында бұл ауруды жануарларда кездескен болса, оны бұзаутаз немесе қотыр деп атайды. Ал, адамдарда кездессе оны «Теміреткі» деп атаған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Трихофития.docx

— 17.35 Кб (Скачать документ)

                                   Трихофития (Trichophytae)

            Шұғыл шектелетін дөңгелектеу дақтардың теріде құралуымен, терінің тақырлануымен немесе жүн қалдықтарының сақталуымен, терінің және фолликулдардың сірілік-іріңді экссудат бөлінуімен және қабыршақ құралуымен сипатталатын малдар мен адамның жұқпалы ауруы. Халық аузында бұл ауруды жануарларда кездескен болса, оны бұзаутаз немесе қотыр деп атайды. Ал, адамдарда кездессе оны «Теміреткі» деп атаған. Ауру барлық жерде кездеседі. Кейінгі кезде малдың күтім жағдайының жақсарғанына және спецификалық профилактика жабдықтарының практикаға кеңінен енгізілуіне байланысты трихофитиямен ауру әжептәуір бәсеңдеді.

Қоздырушы. Frichophyton түрінің  грибтері  көбінесе Fr. faviforme, Fr.gypseum, Fr. equorum. Көп жағдайда айыр тұяқтыларда трихофитий қоздырушысы - Fr. faviforme ( verrbcosum), жылқыда - Fr. equorum, шошқаларда, иттерде, мысықтарда, жылқыда, бағалы терілі аңдарда, кеміргіштерде - Fr. grepseum болып есептеледі. Бұл грибтер жетілмеген грибтер тобынан. Олар тері мен жүнде ғана емес, пішенде де, сабанда да, ағашта да, тұяқ мүйізінде де, көңде де және бірталай қоректік орталарда  да өседі. Тері мен жүнде әр қылшықтың түбірінде оның ұзын бойына дұрыс қатарларымен орналасқан мицелийлер түрінде паразиттік өмір сүреді. Грибтердің споралары жалғыз клеткалы, сопақша, мицелийлердің ішіне орналасқан, олардың мөлшері 3-8мкм.

Грибтер өте төзімді. Патологиялық материалда (жүн, тері қабыршағы) 7 жылға дейін, топырақта 142 күнге дейін, көңле 8 айға дейін сақталады. Споралары 1 сағат бойы 100°С қызуға (құрғақ бу ) төтеп береді.Ультрафиолеттік сәулелердің де жоюшы әрекеті бар. Дезинфекциялық дәрулерден ең нәтижелілері -50°С дейін қыздырылған 1% күйдіргіш натры бар 5%С формалин ертіндісі, 10% күйдіргіш натр ертіндісі, 10%  жалғыз хлорлы йод ертіндісі.

Індеттік деректер. Трихофития көбірек ірі қара малын, жылқыны иттерді, мысықтарды зақымдайды. Шошқалар, қойлар мен ешкілер сирек ауырады. Жабайы хайуандар да, әсіресе кеміргіштер ауырады. Екі айлықтан бір жасқа  дейінгі бұзаулар ауруға аса бейімді.

Инфекция қоздырушысының көзі - ауру малдар. Қоздырушыны енгізу малды күтіп - бағыушылар, азықтар, төсеніштер, қоздырушыны тасымалдаушы эктопаразиттер де бола алады. Аурудың шығыуы жыл бойы бола береді,бірақ жиірек бұған дымқыл ауарайы  - күз бен қыс және мал терісінің күтімсіз болуы қолайлы жағдай туғызады.

Патогенезі. Қоздырушының организмге енетін жері - әсіресе зақымданған тері. Теріге түскен соң гриптің споралары немесе мицелиі жүн фоликулаларының  ішіне кіріге еніп, тікелей мүйізденіп кеткен клетка қабыршағының астындағы эпидермисте өсіп - өнеді. Гриптердің  элементтері лимфа мен қанға, ал олармен бірге жаңа зақымданулар  тудырып терінің басқа жерлеріне түседі. Гриптің тері мен жүнде өсіп - өнуіне қарамастан, трихофитияда дене температурасы көтеріледі жіне лейкоцитоз байқалады, өйткені гриб токсиндері бүкіл организмге де әсер етеді.  Көптеген малдарда  зат алмасуының бұзылуынан шегіне жеткен арықтық дамыйды.

Клиникалық белгілері. Аурудың бірнеше клиникалық формаларын ажыратады: сыртқы, тереңдегі (фолликулярлық), көрнексіз (атиптік) Жасырын кезеңі - 8 30 күн. Ірі қара малының ең алдымен басының, мойнының, сирегірек арқасының, тік ішек тұсының және басқа жерлердің терісі, ал сүт ішетін және еміп жүрген бұзауларда- ауыздың айналасындағы, көз, маңдай маңы және құлақтар түбінің терілері зақымданады. Трихофитияның сыртқы формасында әуелі тек терінің сау жерлерінің үстінде көтеріңкі келген жүні ұйпалақтанған жұғыл шектелген дақтар білінеді. Дақтар біртіндеп үлкейеді және асбестке  ұқсас жұқа қабыршақтармен жабынады; 1 - 2 айдан кейін қабыршақтар түсіп, терісі түлеген тақыр жерлері қалады. Одан кейін жүннің өсуі басталады. Аурудың бұндай формасы ересек ірі қара малында байқалады. Жылқыда сауырының, бүйірлерінің, басының, мойнының, кеудесінің, арқасының терілері жиірек зақымданады; Қойлар мен ешкілерде трихофития сирек кездеседі, Зақымдану құлақтарының түбінде, маңдайда, мұрын, қабақ, желке, аш бүйірі маңында қомақталады. Аурудың формалары ірі қара малыныкіне  сәйкес келеді. Шошқаларда  басының, кеудесінің, арқасының терілері зақымданады, ауру зарарсыз өтеді.

Ауруды анықтау - клиникалық және індеттік деректердің негізінде қойылады. Лабораторияға терінің зақымданған жерінің қырындысын  жібереді (жүн, қабыршақтар,).

Жіктеп анықтау. Уақ және  ірі қара малдарының трихофитиясын микроспориядан айыра білу керек.

Емі . ЛТФ - 130 вакцинасы және көптеген дәрулер қолданылады. Препаратты таңдағанда  бірнеше рет қолданылуы қажеттігін ескеру керек. Егер препарат майлық негізде дайындалмаған болса (вазелин, өсімдік және минеральдік майлар),онда терінің зақымданған жерлерін әуелі вазелинмен майлайды және жұмсарғаннан кейін жүнін қырқады, қатты қабыршақтарын алып тастайды. Фунгицитік дәрулер - жалғыз йод, трихоцетин, РОСК, СК - д, ЯМ, майы сияқтылар нәтижелі. Азықпен  қосып қолданылатын гризеофульвин антиобиотигі жағымды нәтиже береді. Көптеген басқада дәрулерді пайдалануға болады - 150-160°С дейін қыздырылған өсімдік  және минералдік, майлары,күкіртті - әк ертіндісі, 10% салицилдік спирт, 5-10% салицилдік май, креолиндік линимент және т.б. Ауру малдар тықырланған жерге жүн өсіп шыққан соң сауықты деп саналады. Сауыққан соң малдардың терісін  жылытылмаған 1,5% күйдіргіш натр ертіндісімен немесе 2%  креолин ертіндісімен сүрту керек.

Иммунитет. Трихофитиядан айыққан малдарда иммунитет құралады және олар тәртіп бойынша ауырмайды. (трихофитион-130 штаммасының құрғақ вакцинасы ), СП-1 жылқы үшін және " Ментавик" бағалы аңдар мен үй қояндары үшін пайдаланылады. Вакциналар зиянсыз.

Сақтық пен күресу шаралары. Малдардың күтім ережесін сақтау, қораларды, инвентарь мен малдың күтім заттарын профилактикалық дезинфекциялау, дератизация, барлық жастағы малды толық құнды жем-шөппен азықтандырудың үлкен маңызы бар. Қортынды дезинфекция жасалған жағдайда клиникалық ауру малдардың ақырғы шығуынан 2 ай өткен соң шаруашылық трихофитиядан  сәтті деп хабарланады.

 


Информация о работе Трихофития (Trichophytae)